kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тәуелсіз ел- мәңгілік!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың тақырыбы: Мәңгілік ел -тәуелсіз!

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды еліміздің  тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жетістіктерімен  таныстыру, әлем таныған  ел екенін дәлелдеу білімдерін кеңійту.

Болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарды дамыту.Отанын сүюге, ел тарихын білуге еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, қорғауға тәрбиелеу.

Тәрбие сағаттың барысы:

Жансая :

     Алтайдан Алатауға дейін ұлан – ғайыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Исатай, Махамбет батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар.
    Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ляззат Асанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана. Тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық.

Ақбота:
    Қазақстан Республикасы – біздің туып өскен жеріміз, біздің Отанымыз.Бұл жерде қазақ халқы ертеден тұрып келеді.Қазақтар мал өсіріп, жер игеріп, өз Отанын жаудан қорғаған, жерін болашақ ұрпағына мұра етіп қалдырған, яғни біз үшін:
    Қазақстан дейтін менің бар елім,
    Жатыр алып жарты дүние әлемін
    Бұл даланы анам жаспен суарған,
    Бұл далада атам қолға ту алған,
    Бұл далада өскен жанда жоқ арман.
Жансая:

Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан өз тәуелсіздігін алды. Ал 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады. Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды.
    Атыңнан айналайын егемен ел
    Тәуелсіз күнің туды, кеңеле бер
    Мерейің құтты болсын Қазақстан
    Ғасырлар тойы болшы келе берер!
     
   Ақбота: Бүгінгі ұрпақ өте бақытты деп ойлаймын өйткені, біз егеменді, тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп жатырмыз.

Ендеше М.Мақатаев атындағы «Үш бақытым» деген өлеңді қабыл алыңыздар.

Ән: «Ана тіл» Орындайтын кіші вокал.
   Жансая: Ата – бабаларымыз, әке – шешеміз, бауырларымыз және біз армандаған күнге де жеттік.Мемлекеттік егемендігімізді алып тәуелсіз ел болдық.
 Иә, Ақбота!Желтоқсан оқиғасы біздің тәуелсіздігімізді дүние жүзіне мойындатқан күн. Ендеше сөз кезегін өз сыныптас достарымызға берейік.
        Оқушылар өлең оқиды:
Еламан: Ел болдық егеменді, теңдік алып
               Бар әлем қазақ елін болды танып
               Қойнауы кенге толы Қазақ елі
               Жыл сайын келеді өсіп қанат жайып.
               Ел болдық ерік алдық астаналы
               Енді кімнен қазағым жасқанады?
               Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі
               Нұрсұлтанның атымен басталады.
Жансая: Қасиетті Қазақстаным, мекенім.
               Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
               Елім, Жерім, Отаным, бақ – дәулетім,
               Болашағым, өнер – білім, өркенім.
               Қазақстаным, қастерлі мәңгі дастаным,
               Парақтап сені киеңді түсіне бастадым.
               Сен менің арым, бағым, барымсың,
               Халқыма әр күн бейбіт болсын аспаның!
               Желтоқсаннан бастау алған теңдігі,
              Қазағымның өркендеді елдігі.
              Құрбан болған Тәуелсіздік жолында
              Ағалардың ұмытылмас ерлігі.
 

Темірбек: Тәуелсіздік.
                  Тәуелсізбін мен бүгін,
                  Келді, міне азаттығым, теңдігім.
                  Бостандықта байлығым мен ендігім,
                  Шешіл енді шемен болған шерлі үнім!
                  Өзіңдікі – Елің де,
                  Өзіңдікі – Жерің де
                  Өзіңдікі өзің еткен Бақ – Тәуелсіздік төріңде!
                  Қанатыңнан қайырылып,
                  Қыр – арқаңнан айрылып
                  Қонақ -
                  Тәуелсіздіктен,
                  Қала көрме айрылып!
Інжу; Мен қазақпын, бір биік белеспін мен,
          Еуропада, Азияда емеспін мен.
          Аралықпын жетінші материктей,
          Бірақ барша адаммен тең өстім мен.
          Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
          Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
          Мен мың да бір тірілдім қайта өлмеске
          Айта бергім келеді, айта бергім.
Қуат: Атыңнан айналайын егемен ел,
          Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.
          Мерейің құтты болсын Қазақстан!
          Ғасырлар тойы болшы келе берер!
          Мерекең құтты болсын егемен ел,
          Терезең барлық елмен тең ерен ел.
          Бабалар мәңгі бақи арман еткен,
          Теңдікті, бостандықты иеленгендер.
Ботакөз: Бостандық құтты болсын ерікті ел,
                Айдын көл, көк майсалы көрікті жер
                Бостандықты аңсаған батырлардың
               Әруағына бас ұрып, тәу еткен жер.

Жансая: Ежелгі заманнан әр тайпалармен руларды біріктіретін белгілер болған. Ал, рәміздер – белгілі топтар бейнесінің бірігуі.

Ақбота: Бүгін әрбір мемелекеттік ғасырлық тарихына байланысты  өз рәміздері бар. Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба, Гимн. Бұл халық бірлігінің белгілері. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – әрбір азаматтың міндеті.
    Елтаңба, туды қорғайды.
Жансая: Наш народ с любовью отмечает такой знаменитый праздник «День независимости в Казахстане».Ведь нам есть за что гордится.
    Да – да Ақбота! Ведь 25 лет срок немалый. За эти годы наш Казахстан достиг очень многое.
Я очень рада, что живем в сплошной череде счастливых дней.
Орыс тілінде тақпақтар:
Мирас: Я – сын своей страны,
             Хотя еще ребенок,
             Но твердо знаю – я горжусь
             Своей землей с пеленок!
             Я люблю свою страну
             И горжусь я ею!
             Казахстан – моя земля!
             Нет ее роднее!
Димаш :  Казахстан – это имя страны,
              Казахстан – это имя весны,
              Казахстан – это имя свободы,
              Казахстан – это солнечный свет,
              Казахстан – это крылья победы!

              Расцветай и будь прекрасной
              Наша древняя земля,
              Пусть живут твои народы,
              Как единая семья!

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тәуелсіз ел- мәңгілік!»



Күні

03.12.2016 жыл

Тақырыбы

Мәңгілік Елім-Тәуелсіз

Мақсаты

Тәуелсіз Отанымыздың тарихынан мағлұматтар беру.Тәуелсіз еліміздің 25 жылдық мерекесі туралы, тәуелсіздік жылдарының шежіресі туралы түсінік беру. Жарқын болашақ туралы айта отырып,Отансүйгіштікке,ұлтжандылыққа, патриотизмге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер

Әңгімелеу, тыңдалым, Сын тұрғысынан ойлау,топтық

Көрнекілігі

«Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл» видеоролигі, «Мәңгілік елім-тәуелсіз» слайды, кеспелер, постер, АКТ

Ынтымақтастық атмосферасы

Топқа бөліну

Шаттық шеңберін құрып, 25 жақсы тілек айту.

Астана ,Алматы,Тәуелсіздік

Ой қозғау

- Біздің Отанымыз қалай аталады?

-Елордасы қай қала?

-Елбасымыз кім?

-Тәуелсіздік күні қай күн?

-Биыл тәуелсіздігіміздің нешінші жылы атап өтілуде?

-Біз қай облыста, ауданда тұрамыз?

-Бұрынғы астана болған қала?

-Алматы қаласына қанша жыл толды?

Бейнеролик

АКТ қолдану арқылы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл» видеоролигін тамашалата отырып еліміздің тарихынан әңгімелейді.1991 жылы қол жеткен Тәуелсізідктен күні бүгінгі егемен Қазақстан туралы әңгімеленеді.

Топтық жұмыс




  1. Тапсырма Жыр арқауы-Тәуелсіздік

Әр топ оқушылары өздері дайындап келген өлең-тақпақтарын айтады.

  1. Топ

1-оқушы Нұрай

Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн

Ерекше боп мәңгілік

Ел жадында қалған күн

Жасай берсін ұлы күн

Үміті боп елінің

2-оқушы Жандос

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді

Асау аттай өз тізгінін бермеді

Қазағымның алтын басын иілтіп

Талай дұшпан төрімізге төрледі

3-оқушы Исатай Нұрай

Келді осылай аңсаған күніміз де

Көптен күткен тәуелсіздік келді бізге

Қайта оралды сан ғасырлық қиындықпен

Қасиетті тіліміз бен дініміз де

4-оқушы Ерасыл

Көп ұлтпыз бірлігі зор,бір туысқан

Шеңгелін сала алмас ар дұшпан

Жасай бер еркіндікке қолы жеткен

Тәуелсіз егеменді Қазақстан

5-оқушы Саламат

Көк аспанда тулардың

Желбіреген күні бұл

Елім деген ұлдардың

Елжіреген күні бұл

6-оқушы Мадина

Жұпар шашқан гүлімнің

Жаңа ашылған күні бұл

Менің ана тілімнің

Бағы ашылған күні бұл

7-оқущы Даниал

Дүбірлетсін өңірді

Дүбірлесін дүлділі

Қазақ деген елімнің

Құтты болсын бұл күні!

8-оқушы Нұрлан

Бақтың құсы әр адамға қонып бір

О тәңірім бізді баққа жолықтыр

Бүгін міне тәуелсіздік ағайын

Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр

9-оқушы Архат

Елім барда еңсем биік менің де

Өйткені мен жүрмін туған жерімде

Тілім,дінім досым,барлық бауырым

Бәрі менің жүрегімнің төрінде



2-топ Мақал-мәтел айту

3-топ «Тәуелсіздік шежіресі» 25 жыл ішіндегі айтулы оқиғалардан мағлұмат айту.

1991- Тәуелсіздік алған жыл.

1992 ҚР мемлекеттік рәміздері: Ту, Елтаңба, Әнұран қабылданған жыл.

1993 – ҚР Ұлттық валютасы-теңгенің шыққан жылы.

1995 жыл- ҚР Ата заңы қабылданды.

1997жыл- Тіл туралы Заң қабылданды.

1998 жыл – Астана қаласын ресми астана етіп белгіленді.

1999 жыл Ұлттық тұрғындар санағы өткізілді

2000 жыл- Мәдениет жылы

2002 жыл Денсаулық жылы

2003 жыл Ауылды дамыту жылы

2004 жыл Парламент мәжілісінің кезекті сайлауы

2005 жыл -Тұңғыш Президент сайлауы өтті

2006 жылы -Жаңа әнұран қабылданды

2008 жыл Астананың 10 жылдық мерей тойы

2011 жылы-Азиада қысқы спорттық ойындары өтті

2011 жыл 1-желтоқсан алғаш Президент күні болып жарияланды.

2017 жыл-ЭКСПО өтеді

Ән

«Өнерлі өрге жүзеді» патриоттық ән


2-тапсырма Кеспе әріптер мен суреттерден сөз, сурет құрастыру.

1-топ Әсем қала астананы суреттеу.Астанадағы ғимараттарды таныстыру. Ақорда Пирамида-ынтымақ және келісім сарайы.Бәйтерек .Когресс холл Еуразия университеті Ханшатыр.Нұр Астана мешіті Цирк Астана медуниверситеті Думан

2-топ Алматы туралы эссе жазу.

3-топ Тәуелсіздік туралы топтастыру жүргізу.

Қорытынды

Бір ата, бір ананың түлегіміз Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз« Бірлік барда  тірлік бар »  деген бабам

Бірлік деп бірге соқсын  жүрегіміз!       — дей отырып, ашық

тәрбие сабағымызды қорытындылаймыз!

Кері байланыс

Тәуелсіздікке тілектер жазу





«М.Мақатаев атындағы №13 орта мектебі» МКМ















Тақырыбы:

«Мәңгілік Елім- Тәуелсіз»

(25 жұлдызды тәрбие сағаты)









Сынып: 4 «г»

Сынып жетекшісі: Беркимбаева Гульнур Алпысбаевна





2016-2017 оқу жылы








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Тәуелсіз ел- мәңгілік!

Автор: Акчулакова Гульнара Батырхановна

Дата: 03.05.2017

Номер свидетельства: 413040

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "«?ркенде, ?рлей бер Т?уелсіз ?аза?стан»"
    ["seo_title"] => string(36) "orkiendieorlieibiertuielsizkazakstan"
    ["file_id"] => string(6) "330468"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1464266975"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "Т?уелсіз елді? ?ланымыз!"
    ["seo_title"] => string(28) "t-uielsiz-ieldin-u-lanymyz-1"
    ["file_id"] => string(6) "277223"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452859607"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "Елімізді? еркіндігі- Т?уелсіздік"
    ["seo_title"] => string(37) "ielimizdin-ierkindighi-t-uielsizdik-1"
    ["file_id"] => string(6) "287205"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454436418"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "Т?уелсіздік т?т?асы - бізге аманат !"
    ["seo_title"] => string(31) "tuielsizdiktutkasybizghieamanat"
    ["file_id"] => string(6) "268073"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1450537491"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) ""Т?уелсіздік-тілегім, елім деп со??ан ж?регім""
    ["seo_title"] => string(45) "tuielsizdiktilieghimielimdiepsokkanzhurieghim"
    ["file_id"] => string(6) "281433"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1453533366"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства