Ұсақ моториканы дамыту жұмыстарын ерте сәбилік шақтан бастаған дұрыс. Омыраудағы баланың өзіне саусақтағы бас миымен байланысқан активті нүктелеріне әсер ете отырып массаж жасау керек. Ерте жаста және мектепке дейінгі кіші жаста қарапайым жаттығуларды жасауда өлеңмен, тақпақпен ұйқастырылған жаттығуларды пайдалану ұсынылады. Сонымен қатар өзіне -өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру: тиегін өзі салып, өзі ағыту, бауын байлау, т.б. Ал ересек топтағы балалар үшін ұсақ моториканы дамыту және қолдың икемділігін арттыруға арналған жаттығулар мектепке дайындықтың яғни, жазу, сызуға үйренудің маңыздысы болып саналады.
Ұсақ моториканы дамытудың маңыздылығы неде? Адамның бас миында саусақ қимылына және сөйлеуге жауап беретін орталықтар өте жақын орналасқан. Ұсақ моторикаға әсер ете және оны белсендіре отырып, көрші орналасқан сөйлеуге жауап беретін орталықты да дамыта аламыз.
Педагогтар мен балалар психологының мақсаты- ата – аналарға ұсақ моториканы дамыту ойындарының маңыздылығын ұғындыру. Баланы қызықтыруда және жаңа хабарларды игеруіне көмектесуде үйретуді ойынмен алмастыру, алға қойған мақсатына жетуін, тапсырманы орындауда қиындыққа кездессе мойымауына үйрете отырып, аз мөлшердегі жетістіктерін де бағалап, мадақтап қоюды да ұмытпауы керек.
Ұсақ моториканың қимылдары мен қолдың икемдігі бас миының құрылымының даму деңгейін көрсетеді. Осыдан келіп қол қимылдарын басқара білу туады. Сондықтан ешқашан да баланы мәжбүрлеуге болмайды.
Кішкентай ғана сәбидің қалайтыны қозғалу, қозғалыс- әлемді танудың мүмкіндігі. Яғни, бала қозғалысының дәл және нақты болса, оның әлемді ақылмен тануы да терең бола түспек.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Саусақ жаттығулар жиынтығы»
1. Қолға, алып шарды, Үрлеймін мен былай. Уф-ф-ф, Үрлеймін деп қатты, Жарып алдым шарды. Пах.
2. Бойды сергек тік ұста, Емін-еркін тыныста. Оң қолыңды соз алға, Қол ұшына қара да, Үшбұрыш сыз ауада, Сол қол босқа тұрмасын, Шеңбер жасап тынбасын.
3. Бір саусағым тіпті де, Ұстай алмас жіпті де. Екі саусақ бірікті, Ине қолға ілікті. Үш саусағым орайды, Жүгіртеді қаламды. Өнерлі екен он саусақ, Қала салсақ, жол салсақ.
4. 1 дегенде тұрайық, 2, 3, 4 – алақанды соғайық, Оң жаққа бұрылып, Сол жаққа бұрылып, Бір отырып, бір тұрып, Біз жүгіріп алайық. 5 дегенде асықпай, Орнымызды табайық.
5. Ормандағы аюдың, Құлпынайы көп екен. Теріп-теріп аламыз, Қалтамызға саламыз.
6. Дөңгеленіп тұрайық, Керегені құрайық. Уықтар боп иіліп, Киіз үйді құрайық.
8. Қоюланып қара бұлт, Жаңбыр жауды себелеп, Жапырақты жамылып, Жата қалды көбелек.
9. Бармақ болып жұмысқа, Қырға шықты құмырсқа, Тоңып кетіп аяғы, Қырға қайтып шығады. Ой– ой– ой, Әне аю келеді. Құмырсқаны көреді. Енді қайтып құтылар, Илеуіне тығылар.
10. Апам үшін күнде мен, (әндете) Отынға ағаш жарамын. (ағаш жарғандай) Су құямын гүлге де, (гүлге су құйғандай) Дүкенге де барамын. (қолдарына сөмке ұстап жүру) Сыпырамын үй үшін, (сыпырғандай) Жуам ыдыс-табақты. (ыдыс жуғандай) Жылай қалса бөпемді, (бөпені ұстағандай) Жұбатамын ойнатып. (қолдарын шапалақтайды)
11. «Қуырмаш» Қуыр-қуыр қуырмаш, Балаларға бидай шаш. Бас бармақ, Балан үйрек, Ортан терек, Шылдыр шүмек, Кішкене бөбек. Сен тұр– қойыңа бар! 12. Сен тұр– жылқыңа бар! Сен тұр– ешкіңе бар! Сен тұр– сиырыңа бар! Сен тұр– түйеңе бар! Ал сен алаңдамай, Қазан түбін жалап, үйде жат. Мына жерде құрт бар, Мына жерде май бар. Мына жерде қатық бар, Қытық, қытық!
13. Қане, қайсы алақан, Біз– кішкентай. (балапан) Аралардың нәрі, Бау-бақшаның сәні. (гүл) Тік, тік, тік пісте, Қысы-жазы бір түсте. (шырша) Менің тұрақты мекенім, Сәнді етіп жүремін. (үй)
15. Оң қолымда бес саусақ, Сол қолымда бес саусақ. Оларды атап шақырар, Әрқайсысының аты бар. Бас бармақ, Балаң үйрек, Ортан терек, Шылдыр шүмек, Кішкене бөбек.
16. Біз гүлдерше өсеміз, Жапырағы жайқалған Сабақтары салалы, Желмен бірге ырғалған.
17. Тепе-теңдік жолменен, Арасында мен келем. Бір, екі, үш, төрт, Келе жатқан жете алмай, Мынау бздің мекен-жай.
Еріншектер:
Тық-тық, тық-тық,
Тұр орыннан бас бармақ,
Балаң үйрек сен де тұр,
Ортан терек, сен де тұр,
Шылдыр шүмек сен де тұр,
Титтей бөбек қане тұр,
Саусақтарым, ал жүгір.
Үстел үстінде жасалатын жаттығу . Саусақтар үстел үстінде жатады. Айтылатын сөзге байланысты, саусақтарды кезек-кезек көтеріп, үстел үстіне «жүгіртеміз.»
Туған күн.
Туған күнге, туған күнге
Қонақтарды шақырдым,
Мерекенің құрметіне ,
Бас май шам мен жақтым.
Күшті салып, үрлеп едім.
Біреуің әрен сөндірдім,
Дем шығарып үрлеп қалдым,
Екіншіс ін сөндірдім,
Дем шығарып үрлеп қалдым,
Екіншісін сөндірдім,
Дем шығараып үрлеп қалдым,
Екіншісін сөндірдім мен
Кішісін де сөндірдім,
Кезек-кезек,кезек-кезек, Шамдарды мен өшірдім.
Шамның шамның бәрі сөніп қалды.
Міне, мен беске келдім.
Тасбақа.
Тасбақаға қарандаршы
Тас жидесін киіп ап,
Тауға мінді, суға жүзді ,
Балықтарды ұстады.
Дәмді тамақ ішіп алып,
Қарнын ол тойдырды.
Енді қайда барады.
Жата қалып демлады.
Саусақтарын жұдырыққа түйіп алып, тасбақаға еліктеу. Саусақтарды үстел үстіне жүргізу. Басбармақпен ортаңғы саусақтарды ұштастыру. Саусақтарды қайтадан жұдырыққа түю.
Орманда.
Саусақтар-ау , саусақтар!
Сендер қайда бардындар?
Орманға бардық!
Кімді онда кезіктірдіңдер?
-Аюды, қасқырды,қоянды,түлкіні,тиынды!
Бәріне сәлем бердік!
Бәріне сыйлық бердік!
Бәрі де алғыс айтты.
Алақанды еркін ашып-жұму. Басбармақты басқа саусақтармен түйістіру.
Секіргіштер.
Күні бойы, күні бойы,
Күні бойы, күні бойы,
Біздің қыздар секірді,
Оң аяқпен секірді,
Сол аяқпен секірді,
Алға қарай секірді,
Артқа қарай секірді,
Айналдыра секірді,
Айналдыра секіргішті
Биікке де секірді.
Екі саусақпен кезек-кезек алға-артқа, солға-оңға секіріп, үстел үстінде орындалатын жаттығу.
Мысық пен тышқан.
Мына қолым тышқан болсын,
Мына қолым мысық болсын,
Саусақтарды жаттықтырып,
Мысық-тышқан ойыны болсын.
Тышқан жерді тырнайды.
Мысықты алдайды,
Құйрығымен мысықты.
Тышқан түртіп, зып етті,
Мысық оны күтіп отыр,
Тышқан інде күліп отыр.
Балалар саусақтарын біріктіріп, қарама қарсы ұстайды, оң қолы тышқан, сол қолы мысық. Саусақтармен мысық пен тышқанның бейнесін жасайды. Сөзіне сәйкес қимыл жасау.
Кіші шармен жаттығу.
Мынау менің оң қолым,
Мынау менің сол қолым,
Кіші шарды аламын,
Жаттығу жасаймын,
Оң қолым мықты болсын!
Сол қолым мықты болсын,
Қолдырым менің күшті болсын!
Екі шарды алақанға салып, уысқа қысу, оң, сол қолды көрсетіп , жаттығу жасау.
Қаз.
Қаз қанатын жиып алды,
Қауырсының жуып алды,
Оңға қарап, солға қарап,
Жерден дәнді тауып алып,
Дәннің бәрін шоқып алып,
Қанаттарын жайып алып,
Су мен жемге тойып алды.
Саусақтармен сөздерді бейнелеу.
«ҚЫЗЫҚ-АЙ»
Күлкілі, әрі қызық-ай (екі қолды жая иықтарын көтереді, бастарын шайқайды)
Қой қағып тұр қақпаны (сөз ырғағына сәйкес жұдырықпен аяқтарын соғады)
Теуіп және сүзіп-ай (аяқтарын топылдатады, «мүйіз» жасайды)
Қой қағып тұр қақпаны (сөз ырғағына сәйкес жұдырықпен аяқтарын соғады)
Күлкілі, әрі қызық-ай екі қолды жая иықтарын көтереді, бастарын шайқайды)
Аша алмады бұзып-ай (сөз ырғағына сәйкес жұдырықпен аяқтарын соғады)
Басын ауыртты, тапқаны (жұдырықпен аяқтарын қатты нығарлайды)
Күлкілі, әрі қызық-ай (екі қолмен бастарын сипайды, иықтарын көтереді)
Қой қағып тұр қақпаны (сөз ырғағына сәйкес жұдырықпен аяқтарын соғады)
Қолтырауын қонақ күтуде (екі қолдың саусақтарын түйіп қайта ашып қалады)
Тістері тура шегедей (саусақтарын ашқан күйі оң алақанды сәл дөңгелетң үстіне беттестіре саусақтарды сәл дөңгелете «қолтырауынның аузын ашқан сияқты» ашып-жабады)
Бұл жерден қой өтпеді ме? (қолды төмен бос тастап, иықты жоғары көтереді)
Деп сұрадым ойын білмекке (алақандарын бір-біріне ысқылайды)
Ал ол болса тымпиып жатыр (көздерін қысады)
Көзін қысып қылқиып жатыр
«КІМ КЕЛДІ?»
Қане, қане кім келді? (екі қолдың бас бармақтарының ұштарын созады)
Біз, біз, біз! (екі қолдағы бас бармақтарды қосып ұстап, қалған саусақ үштарын бір мезгілде соғады)
Апа, апа, бұл сіз бе? (екі қолының бас бармақтарының ұштарын созады)
Иә, иә, иә! (сұқ саусақтарының ұштарын соғады)
Әке, әке, бұл сіз бе? (екі қолдарының бас бармақтарының ұштарын соғады)
Иә, иә, иә! (ортаңғы саусақтардың ұштарын соғады)
Ағатайым, бұл сіз бе? (екі қолдың бас бармақтарының ұштарын соғады)
Иә, иә, иә! (аты жоқ саусақтардың (шылдыр шүмек) ұштарын соғады)
Қарындасым, бұл сіз бе? (екі қолдың бас бармақтарының ұштарын соғады)
Иә, иә, иә! (кішкене саусақтардың ұштарын соғады)
Біздер тату жанұя (барлық саусақтардың ұшымен бірге соғады)
Иә, иә, иә! (алақандарымен шапалақтайды)
«ТОРҒАЙ»
Саусақтары бас
Алақан қанат (алақандар өзіне қарайды, үлкен бармақтар өріледі. Саусақтарды қозғау)
1-2 деп санаймыз (саусақтарды біріктіріп бүгіп санаймыз, кері ашып санайды)
Әріптен сөз құрамыз (барлық саусақтардың арасын ашып, бір қолдың алақанына екінші қолдың алақан сыртын беттестіреді («күн» жасайды)
Күн – шуақты сөз екен (бас бармақ, ортаңғы терек, аты жоқ саусақтарды біріктіре ұстайды, сұқ саусақ пен кішкентай саусақты сәл бүге «құлақ» жасайды)
Мысық-құлақты сөз екен (сұқ саусақ пен кішкентай саусақты тік ұстайды «мұйіз» жасайды. Бас бармақ, ортаңғы саусақ, аты жоқ саусақтар біріктіріле бүгіледі)
Сиыр-мүйізді сөз екен (екі қолдың барлық саусақтарының ұштарын біріктіріп үлкен «қарбыз» жасайды)
Қарбыз-жолақты сөз екен
«ШАЯН МЕН МЫСЫҚ»
Тасасында көпірдің (сол қолды шынтақтан бүге, алақандарды төмен қарата алдына ұстап «көпір жасайды». «көпірдің астына оң қол саусақтарын төмен қарата ұстай «көп аяқты шаян сияқты» жыбырлатады)
Кәрі шаян тұрыпты (алға созылған оң қолдың үстімен иықтан төмен қарай сол қолдың 2-ші және 3-ші саусақтарын жүгіртеді)
Көпірден өткен мысықтың (иықтан төмен «жүгірген» саусақтар қолдың басына келгенде саусақты оң қолдың жұдырығында қысып ұстап қалады)
Құйрығынан жұлыпты (сол қолдың кішкентай саусағы оң қолдың жұдырығында қысылған күйі 2-ші, 3-ші, 4-ші саусақтарды бас бармақпен біресе біріктіре, біресе қайта ашып мияулаған мысықтың аузын бейнелейді)
«Құтқарыңдар, (сол қолдың кішкентай саусағын қыса ұстаған оң қолдың саусақтарын біртіндеп ашады)
Мяу-мяу-мяу! (екі қолды бірінің үстіне бірін қоя екі қолдағы барлық саусақтарды тез-тез «жүгіртеді)
Босатыңдар шаяннан!» (сөздің айтылу ырғағына сәйкес алақандарын шапалақтайды, соңғы сөзге аяқтарын топылдатады)
Тіпті «сәлем» - деймін мен («қанаттарын» екі қолдарын сәл көтеріп, қайта түсіріп қағып тұрады)
Тауыққа көрші үйдегі (бір қолдың сыртын екінші қолдың алақанына беттестіре саусақтарды жан-жаққа аша «күн» жасайды)
Сәлемет пе, (екі қолды жоғары соза аспанды көрсетеді)
Шуақты күн көкте! (екі қолды жоғары көтере екі жанына кезек теңселеді)
Сәлемет пе, (екі қолды төмен түсіре, қол бастарын бір-бірінің үстіне қойып алдына ұстайды)
Нұрлы аспан көкпеңбек! (оң жаққа оң қолын жаяды)
Сәлемет пе, (сол жаққа сол қолын жаяды)
Самал жел желпіген» (оң қолдың сұқ саусағын алдына тік ұстай оңға, солға кезектестіре шайқайды)
Сәлемет пе, (бастарын шайқайды)
Кішкентай түбіртек!
Сәлем, таң жаңа атқан!
Сәлем, күн арайлы!
Сәлемге еріну!
Бізде әсте болмайды
«ӨРМЕКШІ»
Күні бойы еңбекпен (оң қолдың бас бармағы мен сол қолдың сұқ саусағының ұштарын түйістіреді, керісінше қайталайды (сол қолдың бас бармағы мен оң қолдың сұқ саусағы)
Өрмекші өрмек тоқиды (саусақтарын сыртылдатады)
Нөсер тек кенет селдеткен (оң алақанмен сол қол алақаның үстінен тез «сырғанап түседі)
Еңбегін оның жоқ қылды (барлық саусақтардың арасын ашып, бір қолдың алақандарына екінші қолдың алақан сыртын беттестіреді «күн» жасайды)
Күн шықты қайта жарқырап (екі қол алақандарын беттестіре жоғары көтеріп біресе оңға, біресе солға иіледі)