Отбасы - адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаулысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, коршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың, азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Отбасының басты қызметі - бала тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі - бұл жалпы тәрбиенің ең басты бір бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттілігі толық қанағаттандыру, оны дене және ой-еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге, салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйренуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Отбасы және мектеп»
Ащысай орта жалпы білім беретін мектеп- балабақшасы
Баяндама
Тақырыбы: « Отбасы және мектеп»
Отбасы - адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаулысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, коршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың, азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Отбасының басты қызметі - бала тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі - бұл жалпы тәрбиенің ең басты бір бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттілігі толық қанағаттандыру, оны дене және ой-еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге, салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйренуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады. • Отбасы - сапасы бірқатар параметрлермен анықталатын, бала өмірі мен дамуының ортасы. Отбасының әлеуметтік-мәдени параметрі ата-аналарының білімдік деңгейімен және олардың қоғам өміріне қатысуымен анықталады. Отбасының әлеуметтік-экономикалық параметрі дүние-мүліктік сипаттамасымен және ата-аналарының жұмыспен қамтылуымен анықталады. Техникалық-гигиеналық параметрі өмір сүру жағдайымен, баспананың жабдықталуымен, өмір салтының ерекшелігімен анықталады. Демографиялық параметрі отбасы құрылымымен анықталады. Баланың дамуының қандай қырын алмайық қай жас кезеңінде болмасын оның тиімді болуында отбасының рөлі ерекше. Қазіргі отбасының басты қызметтері мен міндеттеріне тоқталайық. Басты қызметтері: тәрбиелік; сауықтыру; рухани-адамгершілік; танымдық-білімдік; тұрмыстық; еңбек; мәдени-ағартушылық; демалыс-шығармашылық; тұлғаның өзіндік тәжірибені ынталандырушы; қорғау. Басты міндеттері: баланы үйлесімді дамыту; бала денсаулығына қамқорлық жасау; оқуына көмек көрсету; еңбек тәрбиесін жүзеге асыру және мамандық таңдауға көмектесу; тұлғаның әлеуметтенуіне көмектесу; ізгі, эмоционалды-адамгершіліктік қатынас тәжірибесін қалыптастыру; жалпы мәдени және интеллектуалдық дамуына қамқорлық жасау; қызығушылығы, қабілеті, бейімділігі мен шығармашылығын дамыту; өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі дамытуға дайындау; жыныстық тәрбие, болашақ отбасылық өмірге даярлау. Сонымен қатар отбасы тәрбиесінің мәңгілік басты құрауыштары бар. Олар: отбасы тәрбиесінің ахуалы (дәстүрі, қатынасы, жайлылығы); отбасы өмірінің күн тәртібі; әрекеттер мазмұны (әкенің, шешенің, әженің, атаның, балалардың). Баланың отбасындағы өмірін және іс-әрекетін ұйымдастыруда күн тәртібін жасау және талап қоя білудің мәні ерекше. Күн тәртібі баланың еңбегі мен демалысъның, парасаттылықпен, жас және дербес ерекшелігіне сәйкес өтуін қамтамасыз етуі тиіс. Отбасы мүшелері бала бойында жақсы әдеттерді қалыптастыруды және оның дүниетанымы мен өмірлік бағыт-бағдары мен көзқарастарын дұрыс қалыптастыруды мақсат тұтады. Отбасы бала тәй-тәй басып жүре бастаған кезден-ақ оны жинақылыққа, тілалғьштыққа, еңбекке, мұқияттылыққа, жауапкершілікке, әдептілікке үйретеді. Отбасы баланың күн тәртібін құруда өз отбасының үй жағдайын, баланың денсаулығын, дәрігер, тәрбиеші не мұғалімдер кеңесін, мектеп пен отбасы талаптарының бірлігін есепке алғаны дұрыс. Өйткені бала өмірінде еңбек, демалыс, ойын, үй тапсырмасын орындау ұйқы және т.б. дүрыс кезектесіп отыруы тиіс. Педагог-психолог ғалымдар пікірлері бойынша белгілі-бір реттелген күн тәртібін сақтау нәтижесінде бала миының үлкен жарты шарының қабында динамикалық стереотип пайда болады. Мысалы, баланың нақты бір мезгілде тамақтануы, ұйқыға кетуі берік қалыптасса, ағзасы сол уақытта оған даяр болып, денсаулығы нығая түспек. Белгілі дағды әдетке айналады. Баланың күн тәртібін ұйымдастырудағы отбасының іс-әрекеті: – сабақ үлгерімін бақылау. Сабақты себепсіз қалдырмауына атсалысу; – оқуда үлгеруіне, достарымен қарым-қатынасының дұрыс болуына көмектесу, жағдай туғызу; – сынып жетекшісімен, мектеппен тығыз байланыс орнату; – қызығушылығын дамыту, танымдық өрелерін кеңейту үшін үлгірмелер, факультативтерді таңдауына көмектесу; – ақыл-ой еңбетін ғылыми ұйымдастыруға үйрету, ұсыныстар беру, психологпен бірге әңгімелесу; – араласа білуге, қоғамдық орындарда өзін дұрыс ұстай білуге баулу; – қоғамдық пайдалы және өнімді еңбекке, имандылыққа, салауаттылыққа тәрбиелеу; – санитарлы-гигеналық дағдыларды сіңірту; – адамгершілік-жыныстық, эстетикалық мәдениетін қалыптастыру. Бала толыққанды отбасы мүшесі, сондықтан оның отбасындағы өзінің міндеттері мен борышын адал атқаруы оған да, отбасы мүшелеріне де қуаньш сезімін сыйлайды. Ол үшін отбасы мүшелері бала еңбегіне артық салмақ түсірмей не жеңіл-желпі қарамай, парасатты және әділетті болғандары абзал. Яғни, оқудан келген соң демалуын, оқуын пайдалы еңбекпен ұштастырып отыруын бақылап, дұрыс бағыт-бағдар беріп отырулары керек. Отбасы мүшелері баланы түрлі іс-әрекеттерге және өз бетімен еңбек етуге үйретулері қажет. Отбасында ата-аналар балалар іс-әрекетін ұйымдастыруда төмендегідей шарттарды есепке алуы тиіс: – баланың қызығушылығын, ішкі сезімдері мен көңіл-күйлерін түрақтандыру мақсатында міндеттерін бөлуді жоспарлау мен жүзеге асыруда онымен санасу жағын қарастыру; – балаға сенім білдіру және жас және дербес ерекішелігіне сәйкес болуын қадағалау; – әр баланың міндеттерін дәл, нақты анықтау; – әр істің балалардың өзара қатынасының дамуы мен нығаюына және рухының өсуіне қажетті тәрбиелік мәнінің болуы; – жалпы отбасы тәрбиесінің тұлға дамуының факторы болуын қамтамасыз ету; – баланың дербестігі мен ынтасын есепке алу; – балалардың өзара сыйласымдылық пен мейірімділікке, сенімге негізделетін іс-әрекеттерді тапсыру; – тапсырманы орындау барысында қолдау көрсету, түрткі қалыптастыру. Қазақ отбасы тәрбиесінің өзекті мәселелері педагог-ғалымдар С.Қалиев, М.Смайылова, М.Оразаев, Е.Ұзақбаева, К.Қожахметова Р.М.Қоянбаев, Ж.Б. Қоянбаевтардың еңбектерінде жан-жакты сөз болған. Ж.Б.Қоянбаев "Семья және балалар мен жеткіншіктер тәрбиесі" атты еңбегінде отбасының өзіне тән ерекше қызметтері деп: халықтың өсуін, адамзат ұрпағын әрі қарай жалғастыруын қажеттік-шаруашылық функциясын, отбасьның тәрбиелік функциясын, отбасы мүшелерінің өзара және туған-туысқандармен қарым-қатынас жасау функциясын есептейді. Аталған еңбекте отбасы тәрбиесінің бірқалыпты жағдайда іске асырылмайтындығы және отбасы тәрбиесінің сәтсіз болуьның басты себебі - ересек адамдардың педагогикалық көзқарастарының қауқарсыздығынан дей келе, отбасындағы бала тәрбиесіне игі ықпал етуде мәні бар төмендегі белгілерді атап көрсетеді. 1. Отбасының этикалық құрамы және құрылымы толық емес отбасы: бірбалалы, көпбалалы отбасы, бірұлттық, көпұлттық отбасы; 2. Тіршілік әрекетінің және ортаның жағдайлары: отбасы мүшелерінің білім дәрежесі, еңбектену, кәсіптік құрамы, бюджеті, жалпы материалдық әл-ауқаты, ауылдық және қалалық отбасы; 3. Отбасының мәдени потенциалы: күнделікті тұрмыстың жалпы мәдениеті, күн тәртібі, демалыс, оның формалары, кітапхананы, теледидарды, музыка аспаптарын пайдалана білуі, спортпен айналысу, үйелмендік дәстүрлік мерекелер. 4. Ішкі отбасылық қатынастар, отбасы микроклиматының сипаттамасы, отбасында көзқарастың бірлігі және айырмашылығы, отбасы мүшелерінің өз міндеттерінің көзқарасы; 5. Қоғамға көзқарасы: еңбек және қоғамдық міндеттерге, қоғамдық тәрбие институттарына қатысы; 6. Отбасының тәрбиелік потенциалы: отбасылық тәрбие, қолданылатын әдістер, ата-аналарының және мүшелердің педагогикалық мәдени дәрежесі. Бұл белгілерді отбасы тәрбиесінде есепке алудың маңызы зор. Бүгінгі қоғам алдындағы мақсат - өмірдің барлық саласында белсенді шығармашылық іс-әрекетке қабілетті, еркін тұлға тәрбиелеу. Ол үшін бала тәрбиесімен айналысатын отбасы балабақша, мектеп, қоғам және жүртшылықтың тәрбие кіріктіріліп жүзеге асуы тиіс. Өйткені, отбасына мектен тарапынан білікті көмек қажет. Педагогтар мен ата-аналардың өзара әрекетінің арқасында ғана оқушы тұлғасын дамыту мәселелерін табысты шешуте болады. Отбасы мен мектептің өзара әрекетінің басты қызметтері: ақпараттық; тәрбиелік-дамытушылық; қалыптастырушылық; қорғау-сауықтырушылық; бақылаушылық; тұрмыстық. Аталған өзара әрекеттің міндеттері ата-аналардың белсенді педагогикалық ұстанымын қалыптастыру; ата-аналарды педагогикалық-психологиялық білім, біліктермен қаруландыру; бала тәрбиесіне ата-аналарды белсенді қатыстыру. Отбасы мен мектептің өзара әрекетін ұйымдастыру жолдары отбасының тәрбиелік мүмкіндігі мен күш қуатын айқындау мақсатында зерттеу; отбасының адамгершілік бағыттылығына қарай оларды топтастыру; олардың бірлескен әрекеттерінің ағымдық және соңғы нәтижелерін талдау. Отбасын зерттеу педагогқа не береді? Оқушы отбасын зерттеу педатотқа отбасының тәрбиелік мүмкіндігі мен оның күш куатының деңгейін анықтауға, соның негізінде бірлескен әрекеттің оңтайлы әдісін, формасын таңдауға, нәтижесінде тәрбие мәселесін табысты шешуге мол мүмкіндік туғызады. Ол үшін мұғалім дәстүрлі педагогикалық- психологиялық диагностика әдістерінің кешенін пайдаланады. Отбасын зерттеу сынып жетекшіден кәсіби шеберлікті талап ететін өте күрделі мәселе. Сынып жетекшісі отбасын зерттеуде төмендегідей ережелерді сақтағаны дұрысс: – Ата-аналар мен балалар өздерін зерттеу нысаны ретінде сезінбеуі тиіс. – Зерттеу мақсатты бағытталған, жоспарлы және жүйелі болуы қажет. – Зерттеу әдістері тәрбие әдістерімен өзара байланысты болуы шарт. – Психодогиялық-педагогикалық әдістер түрленген және кешенді түрде қолдануы керек. – Отбасын зерттеуде педагог төмендегі мәліметтерге басты көңіл аударулары тиіс: 1. Отбасы мүшелері және отбасының әлеуметтік – материалдық, тұрмыстық жағдайлары мен мектеп ісіне деген қызығушылықтары туралы толық мәлімет. 2. Отбасындағы балалардың тәрбиелілік деңгейі. 3. Отбасының тәрбиелік мүмкіндіктері.