«Отбасы дегеніміз - әкесі, анасы, олардың балалары мен ата, әжесі» деген бала ұғымына сай анықтамаға түсінік береді.
Отбасы мүшелерін бір-біріне деген сыйластық, бауырмалдық біріктіретіндігін, олардың бір үйде тұратындығы, бірге үй шар.уасымен айналысатындығын, бос уакыттарын бірге өткізетіндігін әңгімелейді.
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық
Қарлығаш болып ұшайык.
Бір отырып, бір тұрып
Жақсы сергіп калайык.
4.Әліппе-дәптермен жүмыс.
Тапсырмалар: 1. Өзің туралы айтып бер. 2. Суретте бейнеленген отбасы мүшелерін ата.
Отбасы мүшелерінің іс-әрекеті туралы әңгіме құрастыр.
Балалар тыңдап жаттап алады.
Балалар қимыл қозғалыспен қайталайды
Рефлексивті түзетушілік
Сұрақ-жауап әдісі арқылы
сабақта алған білімдерін қорытындылайды. Сұрақтар:
1.Өз отбасыңда кімдермен түрасың?
2.Атай, әжеймен қалай дұрыс амандасуға болады?
Балалар берілген сұрақтарға жаппай жауап береді.
Білуі тиіс: Отбасы мүшелерін: ата-эжесі, ата-анасын, бауырларын кұрметтеу керектігін, есейгеннен кейін ата-анасына қамқорлықжасап, көмек көрсету өзінің парызы екенін білу.
Түсінігі: Бірлескен еңбек іс-әрекеті ата-ана мен балаларды жақындастыратынын түсіну.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:23.12.2016ж
Тобы: «Құралай»
Тәрбиеші:Сейлханова С Б
Білім беру саласы: Таным
Бөлімдері: Құрастыру
Тақырыбы: Қар және аққала
Мақсаты: а) Қыс мезгілі туралы түсінік беру, тіл байлығын дамыту,табиғатқа жанашырлықпен қарауға, қамқорлыққа тәрбиелеу.Балалардың танымдық қабілетін дамыту.
Билингвальді компонент: Қыс-зимаАққала-
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс әрекеті
Балалардың іс әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
Шаттық шеңбері
Аққала, аққала,
Сені жасап мақтанам,
Аққаламыз жүрмейді,
Ойнап бізбен күлмейді.
- Бәрекелді, тамаша енді бәріміз
орнымызға барып жайғасып
отырайық.
Балалар шеңберге тұрып қайталайды
Іздену ұйым-дастырушы
Қыс мезгілі несімен қызықты?
Н. Аманжолованың «Қыс» өлеңін мәнерлеп оқу.
Қыс
Аппақ күміс бар әлем,
Зымыраймыз шанамен,
Тоғайлар тон киеді,
Аяз беттен сүйеді.
Жиналып ап бар бала
Тұргызамыз аққала.
Сергіту сәті
«Аққала»әні
Аула сырты баққа да
Тұрғызамыз аққала!
Аққаланы айналып
Ойнаймыз біз шаттана.
Аққала, аққала,
Сені жасап мақтана,
Қорғауменен жүреміз
Бұздырмастан басқаға.
Аққаламыз жүрмейді,
Бізбен ойнап күлмейді
Қалжыңдап қар атсаң да,
Сөз қайтару білмейді.
Ақ мақта диск мен жұмыс.
Аққала бейнесін жасау.
Қыс көрінісін бейнелеу. Сурет бойынша әңгімелеу
Желтоқсан, қаңтар, ақпан Суық, қар жауады
Шанамен ойнаймыз, аққала жасаймыз.
Өлеңді жаттайды.
Өленді айта отырып, қимыл жасайды.
Тапсырманы орындайды.
Рефлексивті түзетушілік
Қыс мезгілінің суретін салу арқылы оқу іс-әрекетін аяқтау.
Әңгімелейді.
Біледі: Қыс мезгілі аппақ қармен көрікті екенін білді.
Игереді: Қыс мезгілінің басқа жыл мезгілдерінен айырады.
Меңгереді: Қыс туралы түсінігін кеңейтеді.
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы
Күні:21.12.16
Тобы: «Құралай»
Тәрбиеші: Сейлханова С Б
Білім беру саласы: Таным
Бөлімдері: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы: Цифрды заттың санымен сәйкестендіру. Шаршы, тік-төртбұрыш. Жыл мезгілдері (қыс, көктем, жаз, күз).
Мақсаты: Цифрды заттын санымен сәйкестендіруге үйрету. Кеңістіктік қарым-қатынастары туралы түсініктерін қалыптастыру (сол жақта, оң жақта, үстінде, алдында, ортасында), Геометриялық фигуралар туралы білімін бекіту; жыл мезгілдері (қыс, көктем, жаз, күз) туралы өткенді пысықтау.
Билингвальді компонент: Жыл- лет
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс әрекеті
Балалардың іс әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
Шаттық шеңбері
Кел, балалар күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек?
Көңілді боп жүрейік.
Жұмбақ
Туысқан бес кісі, Бірінен-бірі кіші Бәрінің аты бір Ең кішісі шеткісі Тосын сәт: «Хат »
Балалар бізге қонаққа хат келді.Ол хатта бізге арналған тапсырмалар бар.Сол тапсырмаларды орындалық.
Шеңберге тұрып тәрбиешімен өлең жолдарын қайталайды.
Бес саусақ
Хат ашылып оқылды.
Іздену ұйым-дастырушы
Есеп орталығы
Бір апта Дүйсенбіде доп ойнадық қорада, Сейсенбіде серуен құрдық далада. Сәрсенбіде сурет салдық сәнді етіп, Бейсенбіде би биледік әндетіп. Жұма күні жидек тердік қыратта, Сенбі күні кино көрдік клубта. Жексенбіде үйде болып дем алдық, Осылайша өте шықты бір апта. -Дәптерде оң жақтағы цифр нешені көрсетсе, сонша қар қиыршығының суретін салыңдар.
Фланелеграфта жұмыс
Үшбұрышты жоғары оң жақ бұрышқа, шеңберді ортаға, шаршыны төменгі сол жақ бұрышқа орналастыру
2 Суретте Аязата қай жерде тұр?
-Ақшақар ше?
Шыршаның төменгі жағындағы ойыншықтарды сары, ортасындағыны қызыл, төмендегісін көкпен бояту
3-тапсырма:
Суреттер ішінен төртбұрыштарды тауып бояту неше төртбұрыш бар екенін анықтату
4-тапсырма:
Тақтаға жыл мезгілдері бейнеленген суреттерді іліп жыл мезгілдерін ажыратып айтқызу
-Жауаптарына қарап мадақтап , бағалау
Санамақты қайталап айтып шығады.
Тапсырманы орындайды
Пішіндерді өз орнына қояды
2 тапсырманы орындап шықты.
3 тапсырманы орындап шықты.
4 тапсырманы орындап шықты.
Рефлексивті түзетушілік
Бүгінгі оқу іс-әрекетінде не туралы әңгімеледік?
Қай досың белсенді болды?
Сен өзіңді қалай бағалар едің?
Балалардың жауаптары тыңдалады
Білу керек: Жұмбақтарды шеше біледі, Болу керек: Сүйіспеншіліктері Үйрену керек: Заттарды кеңестікке орналасыра білуді үйрену керек.
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы
Күні:21.12.16
Тобы: «Құралай»
Тәрбиеші: Сейлханова С Б
Білім беру саласы: Таным
Бөлімдері: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы: Цифрды заттың санымен сәйкестендіру. Шаршы, тік-төртбұрыш. Жыл мезгілдері (қыс, көктем, жаз, күз).
Мақсаты: Цифрды заттын санымен сәйкестендіруге үйрету. Кеңістіктік қарым-қатынастары туралы түсініктерін қалыптастыру (сол жақта, оң жақта, үстінде, алдында, ортасында), Геометриялық фигуралар туралы білімін бекіту; жыл мезгілдері (қыс, көктем, жаз, күз) туралы өткенді пысықтау.
Билингвальді компонент: Жыл- лет
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс әрекеті
Балалардың іс әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
Шаттық шеңбері
Кел, балалар күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек?
Көңілді боп жүрейік.
Жұмбақ
Туысқан бес кісі, Бірінен-бірі кіші Бәрінің аты бір Ең кішісі шеткісі Тосын сәт: «Хат »
Балалар бізге қонаққа хат келді.Ол хатта бізге арналған тапсырмалар бар.Сол тапсырмаларды орындалық.
Шеңберге тұрып тәрбиешімен өлең жолдарын қайталайды.
Бес саусақ
Хат ашылып оқылды.
Іздену ұйым-дастырушы
Есеп орталығы
Бір апта Дүйсенбіде доп ойнадық қорада, Сейсенбіде серуен құрдық далада. Сәрсенбіде сурет салдық сәнді етіп, Бейсенбіде би биледік әндетіп. Жұма күні жидек тердік қыратта, Сенбі күні кино көрдік клубта. Жексенбіде үйде болып дем алдық, Осылайша өте шықты бір апта. -Дәптерде оң жақтағы цифр нешені көрсетсе, сонша қар қиыршығының суретін салыңдар.
Фланелеграфта жұмыс
Үшбұрышты жоғары оң жақ бұрышқа, шеңберді ортаға, шаршыны төменгі сол жақ бұрышқа орналастыру
2 Суретте Аязата қай жерде тұр?
-Ақшақар ше?
Шыршаның төменгі жағындағы ойыншықтарды сары, ортасындағыны қызыл, төмендегісін көкпен бояту
3-тапсырма:
Суреттер ішінен төртбұрыштарды тауып бояту неше төртбұрыш бар екенін анықтату
4-тапсырма:
Тақтаға жыл мезгілдері бейнеленген суреттерді іліп жыл мезгілдерін ажыратып айтқызу
-Жауаптарына қарап мадақтап , бағалау
Санамақты қайталап айтып шығады.
Тапсырманы орындайды
Пішіндерді өз орнына қояды
2 тапсырманы орындап шықты.
3 тапсырманы орындап шықты.
4 тапсырманы орындап шықты.
Рефлексивті түзетушілік
Бүгінгі оқу іс-әрекетінде не туралы әңгімеледік?
Қай досың белсенді болды?
Сен өзіңді қалай бағалар едің?
Балалардың жауаптары тыңдалады
Білу керек: Жұмбақтарды шеше біледі, Болу керек: Сүйіспеншіліктері Үйрену керек: Заттарды кеңестікке орналасыра білуді үйрену керек.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:29.12.16
Білім беру саласы: Таным
Бөлімдері: Жаратылыстану
Тақырыбы: «Қош келдің, Жаңа жыл!»
Мақсаты: а) Жаңа жыл мерекесі туралы әңгімелеуді үйрету, оны өткізуге дайындыққа қатысу ниетін тәрбиелеу. Жаңа жыл қонақтары мен ертегі кейіпкерлері туралы түсініктерін бекіту.Жаңа жыл туралы ән, тақпақтарын айту арқылы балалардың тілін дамыту.
Жаңа жылды не себепті отбасылық мереке деп айтады?
Жаңа жылға қалай дайындалады?
Ал сендер үйде Жаңа жылды қалай қарсы аласыңдар?
Балабақшада қалай қарсы аламыз?
Сендер Жаңа жылда шыршаны қандай ойыншықтармен безендіресіңдер?
Балалар аққала неден жасалған?
Сергіту сәті:
Аққала, аққала,
Сені жасап мақтанам,
Аққала жүрмейді,
Бізбен ойнап күлмейді.
Қыс мезгілінде
Өйткені адамдар өз үйлерінде отбасымен тойлайды.
Түрлі салаттар, дәмді тамақтар пісіреді.
Біз Жаңа жылға көп дайындаламыз.
Рефлексивті түзетушілік
Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын,не үйренгендерін сұрайды.
Сабаққа жақсы қатысқандарды атап айту.
Алған әсерлерін айта отырып, көңіл күйлерін белгілейді.
Күтілетін нітиже:
Нені білу керек: отбасылық мерекелер туралы әңгімелеуді, оны өткізуге дайындық жасау керектігін;
Қандай түсініктерді игереді: жаңа жыл мерекесі туралы әңгімелеуді;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: аққала туралы, оны әртүрлі материалдан жасауға болатындығы
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні: 30.12.16
Тәрбиеші: Сейлханова С Б
Тобы: «Құралай»
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімдері: Сурет салу
Тақырыбы:«Біздің әсем шыршамыз» (шырша ойын-шықтары)
Мақсаты: Жаңа-жылдық шыршаның бейнесін сала білуге үйрету.
Шыршаның бұтақтарымен және оның ойыншықтарын салдыру.
Билингвальді компонент: Шырша- елка
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
Педагог “Табиғи өскен шырша” тақырыбында әңгіме жүргізеді, балалардың естеріне шырша туралы мәліметтерді түсіріп, толық жауап алады, анық сөйлеуін қадағалайды.
Шыршаны ұстап көреді, сезінеді, ерекшеліктеріне көңіл аударады.
Іздену ұйым-дастырушы
Жұмбақ жасыру:
Жасыл тонның бояуы.
Жыл он екі ай тозбайды.
Дің ,бүршіктер, сояуы,
Қысқы аязға тоңбайды.
- Осы шыршаға ұқсас тағы қандай ағаш бар? Оның ұқсастығын хош иісі арқылы анықтаймыз.
– Балалар, біз шыршаны жақсы білеміз. Жаңа жыл мерекесінде үйде. балабақшада шыршаны ойыншықтар іліп, әдемілеп безендіріп қоямыз.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық.
Әдемі шырша болайық. Балдырғандар билесе.
Шыр көбелек айналып.
Бой сергітіп алайық.
Шыршаның суретін салу жолдарын көрсетеді. Алдымен діңін салуды, төменгі жағы жуандау, жоғарғы бөлігі жіңішке болып келетінін, бұтақтарын жоғарыдан төмен қарай көлбеу сызықтармен сызу арқылы салуға болатынын түсіндіреді, Шырша бұтақтарына оның тікендерін салғанда жоғарыдан төменге қарай көлбеу сызықты үзбей салу керектігін айтады. Шырша салып болған соң балаларға оны ойыншықтармен әшекейлеп ,кішкентай домалақ, сопақша шарлар жасап, бояуды ұсынады. Тек сонда ғана ол мерекелік шыршаға айналатынын айтады.
- Шырша
-Қарағай да шыршаға ұқсайды.
- Жаңа жыл мерекесін тойлағанда көреміз. Сол шыршаның қасында ән салып, би билеп Жаңа жыл мерекесін қарсы аламыз.
Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды. Қылқаламмен ойыншық ілінген әдемі шыршаның суретін түсті бояулармен салуға кіріседі, көлбеу сызықпен үзіліссіз сызып салады. Ойыншықтары сопақ және домалақ болып келетінін, өлшемі жағынан сәйкес келетініне көңіл бөліп жасайды.
Рефлексивті түзетушілік
Балалар бәрің де жақсы сурет салдыңдар. Шыршаларыңды Аязата көріп, қуанып қалатын болды. Балалардың жұмысына талдау жасайды, жақсы жұмыс істеген балаларды мақтап, мадақтайды.
Шырша туралы әндерін қайталап айтады.
Біледі: Жаңа жылдық шыршаның бейнесін салуды.
Игереді: тікендерді көлбеу сызықпен үзіліссіз сызып салуды.
Меңгереді: түстер мен ырғақты сезіне білуді.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы
Күні: 27.12.16
Тобы:«Құралай»
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімдері: Аппликация
Тақырыбы: «Біздің әсем шыршамыз»
Мақсаты: Әртүрлі өлшемдегі дөңгелектер қиып шыршаны шарлармен безендіруді үйрету,қолдарының икемділіктерін дамыту,түстерді дұрыс таңдай білуге тәрбиелеу.
Билингвальді компонент: Шырша- елка
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс әрекеті
Балалардың іс әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
«Қайырлы таң»
Армысың, шұғылалы алтын Күн!
Қайырлы таң, қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін!
бір-бірімен амандасады. Өлең шумағын қайталайды.
Іздену ұйым-дастырушы
Жүмбақ жасыру:
Қысы-жазы бір түсті,
Өзгермейді ол тіпті,
Тікенекті ол сондай,
Жаңғақтары қоңырқай.
(Шырша)
Иә, бұл шырша ағашы. Алдарында сол шыршанын суреті жапсырылған парақ бар. Осы шырша ренжіп жүр. Неге дейсіңдер ме? Себебі орманда барлық шыршалар безендірілген. Ал бұл шыршалар болса, әдемі болғысы келеді екен, сендер оларға көмектесесіңдер ме?
Ендеше бүгін біз шыршаны қалай безендіру керек, сол туралы білетін боласыңдар. Мен сендерге барлығын түсіндіріп беремін, мұқият тыңдайсыңдар ма?
Үлгіні көрсету:
Бірінші шыршаны безендіру үшін өзімізге ұнайтын алқаны аламыз да, қылқаламды қолымызға алып желімге батырып, шыршаға жапсырамыз. Осы алқалар дөңгелекшелер, ұшбұрыштар, төртбұрыштар, жалаушалар сияқты болады. Міне былай етіп, көп-көп жапсырамыз. Біз бұл геометриялық пішіндерді білеміз. Бірақ мұнда олар кішкентай және көп. Қараңдаршы біздің шырша қандай әдемі болып кетті. Ал қалған шыршаларды безендіреміз бе?
Дербес іс-әрекет, жеке көмек көрсету.
Сергіту сәті:
«Айналамыз шыршаны»
Ойыншықпен безендіріп,
Айналамыз шыршаны.
Бетпердені киіп алып,
Айналамыз шыршаны.
Қуантатын баршаны,
Бұл шырша
Иә, көмектесеміз.
Иә.
Көрсетілген үлгіге мұқият қарап, тыңдап отырады.
Әркім өз бетінше жапсырады.
Сергіту сәтін орындайды.
Рефлексивті түзетушілік
Бүгін біз не істедік?
Нені безендірдік?
Шыршаны қалайша безендірдік?
Қандай геометриялық пішіндермен безендірдік?
Өте тамаша! Бүгін сендер шыршаны әдемі, таза, ұқыпты безендірдіндер.
-Қарды домалатып, аққала жасауға болады. Қарды до- малатып ойнауға да болады.
-Шанамен сырғанау, коньки тебу, шаңғы тебу
Сергіту сәтін өлең шумағының ырғағымен қимыл- қозғалыс арқылы орындау
Дәптермен жұмыс жасайды
Рефлексивті түзетушілік
Балаларды соңынан оқу
іс-әрекетке белсенділік
танытқаны үшін мақтап,
мадактау.
Балалар қуанышты
сезімде болады.
Біледі: Бірінің сөзін бірі тыңдай білу
Игереді: Бояуды игерді
Меңгереді: Әңгімелей білуді
Ұйымдастырылған оқу іс -әрекетінің технологиялық картасы
Күні:28.12.16
Тобы: «Құралай»
Тәрбиеші:Сейлханова С Б
Білім беру саласы: Таным
Бөлімдері: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы: 5 санымен танысу. Сол жақта, ортасында, оң жақта.
Мақсаты: а) 5 саны және цифрымен таныстыру; нүктелерді қосу арқылы 5 цифрын салып үйрету, заттың орналасқан орнын сөзбен айтып үйрету (сол жақта, оң жақта, алдында, артында), жыл мезгілі туралы өткенді пысықтау (қыс)
Билингвальді компонент: Ортасында –в середине
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс әрекеті
Балалардың іс әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
Жылулық шеңбері:
1-тапсырма. Суретпен жұмыс.Ағашта бес қарға отыр, оған тағы біреуі ұшып келіп қосылды. Нешеу болды?
Бесеу.
Іздену ұйым-дастырушы
Тәрбиеші тапсырма бойынша сұрақтар қояды.
Шатырда неше қарға бар?
Олар қалайша бесеу болып кетті?
Суретте неше құс болса, жолаққа сонша дөңгелектің суретін сал.
«Алғыр Джек». Сергіту минуты.
Ағылшынның «Джек, алғыр бол» деген өлеңі 5-ке дейін санауға көмектеседі. Джектің рөлін балалар кезек-кезек орындайды. Джектің алғыр екенін,Білесің бе, досым, сен?
Секіреді ол қазір,
Алға қарай бес рет.
Ал біз қарап тұрмайық,Санайық сонша рет.
Балалар барлық сұрақтарға жауап береді.
Балалар жаттығуларды орындайды.
Рефлексивті түзетушілік
Сабақты қортындылау.Бүгін немен таныстыңдар.
Сандарды ретімен айтып қойып қайталау.
5 санына байланысты тақпақты естеріне түсіру. Жақсы жауап беріп, тапсырманы жақсы орындаған балаларды мадақтау.
Балалар өз жұмыстарын тәрбиешінің қолындағымен салыстыру.
Біледі: 5 цифрын, қыс мезгілінің ерекшеліктерін.
Игереді: Математикалық жұмбақтарды шешуді 5 цифрын нүкте бойымен бастырып салуды.
Меңгерді: 5 саны мен цифры туралы түсінікті.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:26.12.16
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімдері: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Аяз атаны біз қалай қарсы алдық?»
Мақсаты: Өз тәжірибесіне сүйене отырып, әңгімелеуге үйрету.
Балалардың сұраққа жауап беру білігін дамыту,бір–біріне жақсылық тілеуге тәрбиелеу.
Шарты: тіл дамыту дәптерімен орындалады. Дәптердегі «ІІІыршаны безендірейік» тапсырмасын орындату.
Сергіту жаттығуы.
Секірейік, жүгінейік, Қуанайық, күлейік.
Отырайық, демалайық. Демалып ап, жүрейік
Біз Жаңа жылды тойладық.
Балалар өз білген өлеңдерін әндетіп айтады.
-Жаңа жыл мерекесі қыс мезгілінде бо- лады.
-Бізге Аязата келеді. Аязатаның қасында Ақшақар болады.
«Р» дыбысына арналған жаттығуды орындау
Еркін өз ойларын білдіреді.Дәптермен жұмыс жасайды.
Балалар қызыға ойнайды
Сергіту сәтін өлең шумағының ырғағымен қнмыл- қозғалыс арқылы орындау
Рефлексивті түзетушілік
Бір-бірін жаңа жылмен құтгықтап, тілек айту. Ол тілектердің міндетті түрде орындалатынын айта отырып, оқу іс-әрекетті корытындылау
Балалар бір-біріне тілектер айтады
Біледі: Дыбысты дұрыс айта білу;
Игереді: Әдемі безендіруді;
Меңгереді: Толық сөйлемдер құруды біледі.
Ұйымдастырылған оқу іс әрекеттерінің технологиялық картасы
Күні:06.01.17
Тобы: «Құралай»
Тәрбиеші:Сейлханова С Б
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімдері: Сурет салу
Тақырыбы: Қар жауып тұр
Мақсаты:а) Қардың жауып тұрған бейнесін бере білу, бұлттардың суретін салу үшін суық түстерді таңдап алу.
ә) Аралас техникамен жұмыс істеу дағдыларын дамыту;
б) Табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.
Билингвальді компонент:Қыс-зима
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс әрекеті
Балалардың іс әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды қаламыз,
Жайнай түссін даламыз.
Қайырлы таң, достарым.
Балалар өлеңді мұқият тыңдайды.
Іздену ұйым-дастырушы
-Балалар, қыстың жылы күндері естеріңде ме?
Педагог әңгіме, сұрақ- жауап әдісімен балалардың қыс туралы түсініктерін кеңейтеді.
Бой сергіту:
Қайта-қайта қар жауады,
Қыс келгіннің белгісі.
Бойын түзеп, қар жамылды,
Биік, әсем шыршалар,
Куанады, жайнайды.
Үнтаспадан “Балалар, ағаштарды қыраумен көмкеруге көмектесіңдер. Ағаштар көп мен үлгере алатын емеспін” деген дауыс естіледі.
Сұрақ жауап әдісімен балалармен жұмыс жүргізіледі.
-Ағаштағы қар ериді. Бірақ, түнде аяз қарап, оларды қырау басады.
Ормандағы түрлі ағаштарды, шыршаларды кармен, қыраумен жабайық. Ол үшін жасыл шыршаларға ақ бояумен қарлардың суреті саламыз. Қар жамылғанда ағаштар қандай болады, естеріңе түсіріп көріңдер? (Мазмұнды сурет болғандықтан мынандай қосымшалар енгізуге болады: омбы қар, аңнын іздері, аспан, бұлт, күн).
Педагог жаңа техника қылқаламның ұшымен сурет салуды меңгерту жұмыстарын жүргізеді. Қырауды жартылай құрғақ қылқаламмен салу
-Далада қар жауып тұр. Шыршаларды қар басқан, балалар қар атысып ойнап жүр.
Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.
Қағаз бетіне орман ағаштарының әр түрін қылқаламмен бастыра салады. Ағаш бұтақтарын, шыршаның үстін басқан қырауды салады. Қылқаламның ұшымен ағаш бұтақтарындағы қырауларды жасайды. Жақын және алыста орналасқан шыршалардың салуны жолын естеріне түсіреді
Рефлексивті түзетушілік
Осы шағармашылық саласы бойынша сурет салу оқу іс-әрекетіне жақсы қатысқан балаларды мадақтау.
Балалар салған суреттерін талдап, шағын әңгіме
Құрайды.
Біледі: Омбы қар, қырау басқан ағаштардың суретін өз ойларынан салуды. Игереді: Сүйкей жағу тәсілімен дақтар салуды.
Меңгереді: Алыс және жақын орналасқан шыршалардың бейнесін салуды.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні: 06.01.17
Тобы: «Құралай»
Тәрбиеші: Сейлханова С Б
Білім беру саласы: Таным
Бөлімдері: Құрастыру
Тақырыбы:«Ағаштар»
Мақсаты:а) Ағаштар туралы білімдерін толықтыру. Балаларға шаршы қағаздарды қиғаш және тең екі бөлікке бөлуді үйрету;
ә) Саусақтардың икемділіктерін дамыту;
б) Ағаштарға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
Билингвальді компонент:Ағаш-дерево
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс әрекеті
Балалардың іс әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
Ойын. Балалар бізге орманнан кірпі қонаққа келді. Ол бізге әр түрлі қағаз бөлшектерін әкеліпті. Кірпі сендерге осы қағаздардан не жасауға болатынын, оны қалай жасау керектігін айтқысы келіп тұр.
Кірпінің әңгімесі:
Мен тұратын жерде әр түрлі ағаштың түрлері өседі: қарағай, қайын, терек, шырша, үйеңкі, жеміс ағаштары т.б. Сендер қағазды ағаштан жасайтынын білесіңдер ме? Бұрын адамдар қайынның қабығына, саздан жасалған тақтайшаларға жазу жазған. Ал қағаз ерте заманда болмаған. Оның есесіне қағаздың түрлері өте көп. Ал қағазды қалай жасайды? Оны ағаштан жасайды. Алдымен ағашты орманнан кесіп алады да оны ағаш фабрикасына апарады. Онда ағаштарды станоктарға салып тегістейді, кеседі, буып-түйеді. Оны баспаларға жібереді. Міне,қағаз біздің қолымызға жеткенше осындай ұзақ жолдардан өтеді.
Балалар кірпімен амандасады. Барлығы кірпінің әңгімесін қызыға тыңдайды.
Балаларға қағазды ұстап көруді, умаждауды, жыртуды, сытырлатуды ұсыну. Қандай қағаз қатты сытырлайтынын, қайсысы тез жыртылып қалатынын ажыратқызу.
Балалар, кірпі қайда мекендейді білесіңдер ме?
Ал, орман туралы сендер не білесіңдер?
Олай болса, алдымыздағы қағазданды алып, кірпі мен оның достарына өз қолымызбен орман жасап берейік.
Орманды жасау үшін бізге түрлі-түсті қағазбен қайшы, желім керек болады, егер бәрін алдында жұмысқа керек заттар болса - онда жұмысқа кірісейік.
Ағаштардың жасалу ретін түсіндіру.
Қос бүктеу әдісімен ағаштарды жасыл түсті қағаздан жәе діңдерін қоңыр түсті қағаздан бүктеу арқылы жасау жолдарын көрсету.
Үлкен жасыл шаршыны қиғаштап бүктейміз. Бұрыштарын ішке қарай бүктейміз. Бұл-ағаштың жоғарғы бөлігі. Кішкентай қоңыр шаршыны төртке бүктеп екі шетін желімдейміз. Бұл- ағаштын бұтағы.
Ағаштың жоғарғы бөлігі мен бұтағын бір-біріне желімдейміз. Жеміс ағаштарын, теректі бүктеп жасаймыз.
Орманда
Орманда көптеген ағаштар болады, сол ағаштардың арасында көптеген жан-жануарлар мекендейді.
Балалар қол соғып келіседі. Қағазды қос бүктеу, шеттерін бүктеу т.б.
Балалар тапсырманы тәрбиешінің көрсетуімен орындайды.
Рефлексивті түзетушілік
Балалардың жұмысына жұмбақ шешу арқылы қорытынды жасау. Балалардың жасалған жұмыстарынан кірпіге орман жасалынады.
Балалар жасаған ағаштардан орман құрастырады, оның ішіне аңдар,құстарды орналастырып мазмұн береді.
Біледі: Қағазды қиғашынан бүктей білуді үйренеді, бөліктерді бір-біріне ұқыпты жапыстыруды;
Игереді: Қағаздың қалай жасалатыны және адам өміріне керек қажеттіліктер туралы түсініктерді;
Меңгереді: Бүктеу әдіс-тәсілдер арқылы ағаштың жасалу ретін және оны қағаздан жасауды.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы
1.Балаларға ата-анасын, ересектерді тыңдап, кішкентайларға камқорлык жасау керектігін тусіндіреді.
«Отбасы дегеніміз - әкесі, анасы, олардың балалары мен ата, әжесі» деген бала ұғымына сай анықтамаға түсінік береді.
Отбасы мүшелерін бір-біріне деген сыйластық, бауырмалдық біріктіретіндігін, олардың бір үйде тұратындығы, бірге үй шар.уасымен айналысатындығын, бос уакыттарын бірге өткізетіндігін әңгімелейді.
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық
Қарлығаш болып ұшайык.
Бір отырып, бір тұрып
Жақсы сергіп калайык.
4.Әліппе-дәптермен жүмыс.
Тапсырмалар: 1. Өзің туралы айтып бер. 2. Суретте бейнеленген отбасы мүшелерін ата.
Отбасы мүшелерінің іс-әрекеті туралы әңгіме құрастыр.
Балалар тыңдап жаттап алады.
Балалар қимыл қозғалыспен қайталайды
Рефлексивті түзетушілік
Сұрақ-жауап әдісі арқылы
сабақта алған білімдерін қорытындылайды. Сұрақтар:
1.Өз отбасыңда кімдермен түрасың?
2.Атай, әжеймен қалай дұрыс амандасуға болады?
Балалар берілген сұрақтарға жаппай жауап береді.
Білуі тиіс: Отбасы мүшелерін: ата-әжесі, ата-анасын, бауырларын кұрметтеу керектігін, есейгеннен кейін ата-анасына қамқорлық жасап, көмек көрсету өзінің парызы екенін білу.
Түсінігі: Бірлескен еңбек іс-әрекеті ата-ана мен балаларды жақындастыратынын түсінеді.
Мотивациялық- қозғаушылық
Балалардың назарын терезедегі өрнектерге және ыдыстағы қарға аударады.
Аяз қысып, Өрнек сызып. Терезені торлайды. Қарға омбығып, Бет домбығып. Сырғанап жастар ойнайды. Кейде ұлып, Кейде ысқырып. Ұйтқып боран соғады. Бөбектерім айтыңдаршы, ,Бұл қай кезде болады?
Балалар терезедегі аяз салған өрнектерді тамашалайды.
Жұмбақ сырын ұғынады.
Ұйымдастыру-іздестіру
Балаларға тақтадағы сурет арқылы қыс мезгілі жайлы түсіндіреді.
-- -Балалар бір сәт өзімізді – сыртта, таза ауада тұрғандай елестетейік.
-Айнала қандай? -Қар қандай? -Ал мұз ше? -Ауа қандай? -Терезелерде не бар? Қыс қандай болады?
Балалар,мына ыдыстағы не?
Қимылды ойын: «Қар лақтыру»
Тірек –сызбаны пайдаланып қыс туралы тақпақ оқу. Бір топ бала далада Соқты қардан аққала, Мұрны сәбіз үп-үшкір. Көзі көмір қап-қара.
Сергіту сәті:
Қар жауады оң жақтан,
Қар жауды сол жақтан.
Қар лақтырып ойнасақ
Су болады қолғаптар
Балалар қызығушылық танытады.
-ақ
-ериді
-.суға
қар
Балалар ойынды қызыға ойнайды.
Балалар суреттерді рет-ретімен орналастыра отырып, тақпақты жаттайды.
Балалар сергіп алады
Рефлексивті-реттеушілік
. Тәрбиеші балалардың жұмыстарын бақылап, мақтап көңілдерін көтереді.
Жұмбақ сырын ұғынады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: қыста қар жауатынын, қардың түсін біледі, қысқы ойындардың барлығы қармен байланысты екенін, аққаланыі;
Игерді: Қыс мезгілінің ерекшеліктерін игерді;
Қолданды: Сурет арқылы тақпақ жаттауды, қардың қасиеттерін айтуды ;