kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ЖАСТАР ЖӘНЕ ПАТРИОТИЗМ»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазіргі таңдағы жастар және патриотизмнің негізгі мәселелері қарастырылған.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ЖАСТАР ЖӘНЕ ПАТРИОТИЗМ»»

«ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ЖАСТАР ЖӘНЕ ПАТРИОТИЗМ»

Майлыбаева Ләззат Сахиқызы- «Каспий» педагогика және салалық технологиялар колледжінің 3-курс студенті

Болтаева Ұлшат Ерболатқызы - арнайы пәндер оқытушысы


Қазіргі заман ғылым мен технологияның қарыштап дамып, өте жоғары деңгейге жеткен шағы десек болады. Соған сай сана өркениеті өрістеп биіктеп барады. Бір анығы,  адамның санасы, дүниетанымы жоғарылаған сайын қоғам да өзгереді. Мысалы, интернет жүйесі 1969 жылы  2 қыркүйекте пайда болып, қоғамға енгенде оны ең жас пайдаланушылар жасы  20-25 жастан асқан, ересек адамдар болса, қазіргі таңда интернетке 5-6 жастағы бала да әуес. Әрине, бәрін бірдей пайдалы деу артықтау шығар, сананы улапта  жататыны бар. Бұл ақпараттық технологияның тым кеңінен қанат жаюының да салдары болар. Алайда осындай құбылыстар орын алған  қоғамымызда  ұстанатын тек екі қағида бар: бірі – жан-дүниенің  рухани тазалығы болса, бірі – сананың  сергектігі. Біріншісіне жүрек, екіншісіне ақыл керек. Осыларды ұғып, білуге қайрат керек. Бұл – сонау ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында өмір сүрген Абай Құнанбайұлының жазып кеткен қағидасы арқылы шыққан тұжырым. Әйгілі жазушы Мұхтар Әуезовтің «Ел болам десең – бе­сі­гіңді түзе» деген сөзінде сан-алуан астар бар. Кемеңгеріміздің бұл жерде «бесігіңді түзе» деген сөз­ді «ұрпағыңды түзе» деген сөз­дің баламасы ретінде қол­да­нып отыр­. Демек, ұрпақтың дүние танымы мен рухани байлығы үлкен жауапкершіліктің жүгі екені айқын.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің халыққа жолдауында: «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз» деп атап өткен болатын. Жалпы, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі қазақстандық патриотизмге, төзушілікке, биік мәдениетке, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу болып табылады. Бұл жастарға этнопедагогикалық негізде білім беріп, патриоттыққа тәрбиелеу ісіне нұсқау әрі оның қажеттілігін айқындайтын бағдарлама деуге болады.

Қазіргі күндегі Қазақстанның дербестікке жетуі халықтардың ұлттық дүние танымының өсуіне жағдай жасады. Елімізде соңғы жылы жоғары оқу орындарында тәрбие беру мәселесіне жаңаша көзқарас тұрғысынан қарауды және студенттердің патриоттық сана-сезімін, сапаларын, мінез-құлқын қалыптастыруды көздейтін тәрбиенің формалары мен әдістерін жетілдіруді талап етеді. Бұл бүгінде байсалдылық, табандылық, батылдылық, батырлық, қайсарлық туралы білім ғана емес, өнегелік, тәрбиелік көрсету қажет болып отырған уақытта аса маңызды. Бұл Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында студенттерге қазақ халқының этностық ерекшеліктерін, тарихы мен мәдениетін, сондай-ақ халықтың батыр ұл-қыздарының ерлік істерін дәріптеу жастарға патриоттық тәрбие берудің және оны қазіргі жағдайда зерттеудің қажеттілігін арттыра түседі. Жасыратыны жоқ, жастардың дүние танымы әрқалай. Бақсақ, тез баюға, жылдам қызметтік өсуге, жайлы пәтерге қол жеткізуге деген қызығушылығы басым. Қатарлас, деңгейлес буынның арасында болған әңгіме желісі көбіне-көп осындай көзқарасқа теліп, өрбитіні ақиқат. Ал, енді жастардың рухани байлығы жөнінен келсек, қазіргі олардың ойлау деңгейі, көрсем-білсем деген ұмтылысы жоғары. Шығармашылық қабілеті, талабы да баршылық.

Қарапайым ғана мысал: бүгінгі ақындар айтысында топ жарып жүрген жастардың шоғыры бір төбе. Оның ішінде Мұхтар Ниязов, Нұрмат Мансұров, Мейірбек Сұлтанхан, Айдос Рахметов, Серікхан Жүзеев, Әбілқайыр Сыздықов, Еркін Садықұлы секілді Сыр бойының жастары рухани жағынан бай деуге тұрарлық. Мұның қасында ғылыми ізденістері мол, дизайн, баспа, тігіншілік  тағы басқа да кәсіптік өсу деңгейінде құндылық қаншама. Рухани құндылықтың астарында кең ұғым жатыр. Оның тәрбиелік мәні де терең. Меніңше, ол — отан, туған жер, отбасы секілді баға жетпес құндылықты сүюге жетелейтін төте жолды мегзейді. Қандай да ел, азамат өз тарихын білу - ұлттық сана-сезімнің ажырамас бөлігі, ол этникалық тұтастықтың сақталуы мен оның келесі буындарда жалғасын табуда маңызды.  Қазіргі ұрпақтың өз халқымен бірлігін сезінушілігі және өзін оның күллі тарихи жетістіктерінің тікелей мирасқоры  мен  нақты сақтаушысы әрі жалғастырушысы  ретінде  сезінуінің мәні өте зор. Осы тұрғыдан келгенде, кеудесі алтын сандық, яғни рухани бай жастардың өмірге, дүниеге көзқарасы да кең, қырағы келеді.

Бүгінде Қазақстанда жастардың отанға деген сүйіспеншілігі — қоғамдық қатынастарды демократияландыру және гуманизмдендіру негізінде патриотизмге жуықтайтын секілді. Бұндай жаңарған қазақстандық патриотизм мазмұнын қазіргі озық мәдениет құндылықтары ғана емес, сондай-ақ, қазақ мәдениетінің дәстүрлі құндылықтары, оның айрықша руханилық, азаматтық пен өнегелілікке ұдайы ұмтылушылық құндылықтары да құрайды. Орта ғысырдан берi Батыстың империалистiк елдерi қарудың күшiмен Шығыс елдерiн жаулап алып өздерiне отар жасаған болса, жиырмасыншы ғасырдың соңына таман бұрынғы бодандықта болған мемлекеттердiң  бәрi дерлiк саяси тәуелсiздiгiне қол жеткiзiп, өздерiнiң ұлттық мемлекетiн құрды. Соның бiрi – Қазақстан.  Қазір әлемде бір айла-шара бар, оны негізінен рухани бодандық дер едім.  Сол үшiн де Батыс елдерi қазiргi техника мен технологияның дамуының арқасында бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланып, өздерiнiң тiлiн, дiнiн, саяси дәстүрiн әртүрлi айла-тәсiлдермен Шығыс елдерiнiң өмiр салтына енгiзiп, олардың ұлттық төл мәдениетiнiң дамуына қалайда жол бермеуге тырысуда. Жай ғана мысал дейік. Қыздардың қысқа етек киімі сәнге айналды. Шын мәнінде, ондай сән батыстан келді. Киім кию мәдениетіне қайшы келетін осындай үлгі нәзік жандыларды теріс ниетке бұрып тұрғандай әсер етеді. Сол сияқты облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жастармен кездесуде айтқандай, интернет, әлеуметтік желілердің бәрі жастарға өнегелік тәрбие бермейді, адам өзіне қажетін ғана алу керек.

Еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдарының 60-70 пайызы орыс тiлiнде. Кiтап дүкенiне кiрсең сiрескен орыс тiлiндегi әдебиеттер мен газет-журнал. Жастардың орысша ойлау мен жаңашыл идеяның арасында адасып қалатыны тағы бар. Бұл орайда Сыр бойында шүкіршілік ететін жәйт көп. Біріншіден, қазақы облыс, екіншіден, ұлттық салт-сана мен дәстүр берік қалыптасқан. Алайда, бір мәселе туындайды. Интеллигенцияның басым бөлігі орналасқан облыс орталығында жастардың белсенділігі жоғары да, ауылдағы азаматтар қоғамдық мәселелерден алшақ қалып жүр. Осы екі арадағы байланыс әлі де тығыз емес.  Егер де қазiргi жастар ертеңгi елiмiздiң иесi екенiн ескерсек, болашақ қоғамымыздың тағдырын табыстауға сенім қаншалықты берік? Осы жағына барынша мән беру қажет секілді. Кейбір данышпандар «Негiзiнен мәдениет дүниеге дiни көзқарас арқылы қалыптасады» дейді. Бәлкім дұрыс шығар, алайда оған дөп басып жауап беруге ерте. Себебі уақыт көрсетеді. Дегенмен жастардың қазіргі дінге бетбұрысы жақсы. Дiн қандай қағиданы дәрiптесе, олардың дүниетанымы да сол бағытта дамиды. Шығыс мәдениетi негiзiнен рухани құндылықтарды бағаласа, Батыс мәдениетi керiсiнше материалдық құндылықтарды жоғары қояды. Бұл туралы Құран Кәрiмнiң Та-һа сүресiнiң 131 аятында: «Кәпiрлердiң әртүрлi қауымын сынау үшiн, сән салтанаттарын арттырып, оларды мол игiлiкке бөледiк, оған сен көз сүзбе. Тәңiрдiң берген ризық (сауап) бәрiнен артық әрi бәрiнен тұрақты» делінген. Бiрақта, бұл қағидадан материалдық құндылықтарға ешқандай көңiл бөлмеу керек деген түсiнiк тумауы тиiс. Адам жаны үшін барлық құндылық қажет. Жалпы, қазақстандық жастардың дүние танымдық және рухани байлығы жөнінен айтар ой аз емес. Әрине, бес саусақ бірдей емес, жастардың да ой-қабілеті әрқалай. Бір анығы, дүние танымдық қасиет рухани байлықпен теңелмейді. Рухани бай адамның жаны таза, кіршіксіз деп жатамыз, ал, дүниеге танымы зор жастардың кемел келешекке ұмтылысы биік болуы да мүмкін. Демек, біз үлкен мемлекеттік ұлы мақсаттарды бағындыру барысында жастардың бойындағы асыл қасиеттерді әлі де бағалай береміз.



Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. – Алматы: Атамұра, 1999. – 29

2. Недзвецский В.Е. Узунагачское дело.– Верный: Тип. Семиреченского обл. правления, 1910. – 95 с


Қатысушының аты-жөні (толық)

Майлыбаева Ләззат Сахиқызы

Жетекшісінің аты-жөні (толық)

Болтаева Ұлшат Ерболатовна

Оқу орны, мекен-жайы

«Каспий» педагогика және салалық технологиялар колледжі,«Көктем» шағын ауданы, 2А ғимараты

Мамандығы, тобы

Бастауыш білім беру, 3БББ-14б/б

Секция

«Қазіргі жастардың психологиялық-педагогикалық мәселелері»

Мақала тақырыбы

«Қазіргі таңдағы жастар және патриотизм»

E-mail

-

Телефоны

87085624232




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
«ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ЖАСТАР ЖӘНЕ ПАТРИОТИЗМ»

Автор: Болтаева Ұлшат Ерболатқызы

Дата: 23.11.2016

Номер свидетельства: 361738

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) "Сындарлы о?ыту - заманауи білім талабы. Баяндама"
    ["seo_title"] => string(41) "syndarlyokytuzamanauibilimtalabybaiandama"
    ["file_id"] => string(6) "300261"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1456680849"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(78) "Мен ?з елімні? ?ркендеуі ?шін не істер едім ? "
    ["seo_title"] => string(51) "mien-oz-ielimnin-orkiendieui-ushin-nie-istier-iedim"
    ["file_id"] => string(6) "182637"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425565710"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(137) "Баяндама "Ал?аш?ы ?скери дайынды? саба?тары ар?ылы Отанс?йгіштікке т?рбиелеу""
    ["seo_title"] => string(86) "baiandama-alg-ashk-y-skieri-daiyndyk-sabak-tary-ark-yly-otansuighishtikkie-t-rbiielieu"
    ["file_id"] => string(6) "289647"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1454848912"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "Мен өз Отанымның патриотымын"
    ["seo_title"] => string(31) "mien_oz_otanymnyn_patriotymyn_4"
    ["file_id"] => string(6) "351662"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1477247018"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(93) "А?Д саба?тарында патриотизмді ?алыптастыру жолдары"
    ["seo_title"] => string(53) "a-d-sabak-tarynda-patriotizmdi-k-alyptastyru-zholdary"
    ["file_id"] => string(6) "312951"
    ["category_seo"] => string(4) "obzh"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459419824"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства