. Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілу керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат алып келеді. Әл-Фараби
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Қайырымдылық-асыл қасиет" тәрбие сағаты»
Тәрбие сағатының тақырыбы: Қайырымдылық – асыл қасиет!
Тәрбие сағатының мақсаты: Қайырымдылық, жақсылық жасау дәстүрлері жайында түсінік беру, қазақ тіршілігінде түрліше іске асырылып отырғандығы жайында мәліметтер беру, халқымыздың қайырымдылық дәстүрін жалғастыруға бағыт беру, үнемі жадында ұстауға тәрбиелеу. Көрнекіліктері: Қайырымдылық жайында жазылған ұлағатты сөздер: «Жасаған жақсылығың сатулы болмасын», «Адамға қылған жақсылық өмірінде тозбайды», «Бір-бірімізге қайырымдылық, мейірімділік жоқ жерде бірлік пен ынтымақтастықтың ауылы да алыстай береді», т.б. І. Ұйымдастыру кезеңі.
... Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілу керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат алып келеді. Әл-Фараби Мұғалім: Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі біздің «Қайырымдылық ең ізгі қасиет» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.Қайырымдылық мейірімділіктің іс жүзіндегі бір көрінісі.Олай болса осы «мейірімділік» деген ұғымды қалай түсінесіңдер.Оқушылар топтастырады.
Мейірімділік
Осы асыл қасиеттерді бойына сіңіріп, мейірімді, қайырымды, сезімтал адам жақсылық жасауға дайын тұрады екен. Ақ ниетпен жақсылық жасау адамның ішкі дүниесінің байлығын, жан сұлулығын, парасаттылығын көрсетеді. 1-оқушы. Жазира: Ата-бабаларымыз ұрпағына мұра етіп қалдырған тілі, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы бар. Олар бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүрген. Ұрпағының білімді болғанын армандаған. Адамға жақсылық жасау, қайырымдылық көрсету – халқымыздың мақтан етерлік дәстүрлерінің бірі. Бұл дәстүр қазақ тіршілігінде түрліше іске асып отырған. 2-оқушы. Есдәулет: Көрші-қолаңның, ағайын туыстың жалғыз аты өлсе, оның етін көпшілік болып бөлісіп, орнына бірігіп ат сатып берген.
3-оқушы.Нұрсұлтан :Алыс сапарға аттанғанда, кедейлерге ет-май деп майда малын уақытша болса да қарасып, мініске деп жылқы берген. Көлік-жай деп көшуге, малға жем-шөп даярлауға түйе беріп көмектескен. 4-оқушы. Оңалбек: Сауын деп кедей-кепшіктерге жаз кезінде сауынға мал берген . Мұғалім: Ата-бабаларымыз қайырымдылық дегенді осылайша түсінісіп, осылай жүзеге асырып отырған. 5-оқушы.Еламан: «Адам баласына қолыңнан келсе, жақсылық қыл, жасаған жақсылығың алдынан шығады,» деген екен. Бір-бірімізге жақсылық жасаудан жалықпайық, достар! Атаны ардақтау, ананы аялау, досты сүю, жолдасты құрметтеу – бізге бабаларымыздан қалған дәстүр. Бұл да – елдігіміздің нышаны. Мұғалім: Жақсы оқушылар қазір тақтаға қарап мына бейнебаянды тамашалайық. ( Оқушылар мен ұстаздар қайырымдылық туралы бейнебаянды тамашалайды)
Енді осы бейнебаяннан көрген де не ұқтыңдар, қандай сезімде болдыңдар пікірлерімізді ортаға салайық. (оқушылар пікірлері тыңдалады)
Мұғалім: Өзі жақсы адамның айналасы барлық уақытта да жақсылыққа толы болады. Ол жақсылыққа толы ортада өзін ерекше бақытты сезінеді. Өйткені оны адамдар , айналасы жақсы көреді, сыйлайды, онымен достасқысы келеді. Сол себепті де қолынан келгенінше айналадағы адамдарға жақсылық жасап жүрген, оқушылардың ауыл тұрғындарының ризашылығына бөленіп жүрген, мектебіміздің әлеуметтік педагогі Нұржамал апай ортамызда қол шапалақтап қошаметтейік оқушылар. (Нұржамал апай сөз сөйлейді.) Нұртас: Даладай кең жүрегі, Күндей ыстық құшағы Ет жүрегі елжіреп «Құлыным» деп құшады. Ай жүзіне теңедім Мейірімі таусылмас Күн нұрына теңедім Қайырымды ісіне Нұржамал апай сізді мен Жүзі жарқын жаны ізгі Үлгі аламыз біз сізден – деп апай шағын сыйлығымызды қабыл алыңыз. ( «Жақсылық пен Жамандық» көрініс) Қортындылау. Мұғалім :Жақсылық жасау үшін адам бойында адамгершілік, жанашырлық, мейірімділік сезімдері мен жылы жүрегі болу керек.Олай болса оқушылар слайдқа назар аударайық осы қасиеттерімізді әрқашан жадымызда ұстап, адамгершілігі мол, қайырымды болып өсейік.
Әр күнді жақсы ойлармен бастап, бос өткізбе.
Күні бойы өзіңді қоршаған адамдардың бәрі туралы тек сүйіспеншілікпен және ізгідікпен ойлай жүр.
Тыныштық сақтай білуге, нәзік үнмен биязы ,мәдениетті сөйлеуге үйрен.Ұйықтар алдында бүгін қанша адамды қуантып, жұбатқаныңды ,қайырым жасағаныңды есіңе түсір.