Просмотр содержимого документа
«"Функциональная грамотность"»
Баяндама
«Қазақ тілі сабағында оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын дамыту».
Қазақ тілі сабағында оқушылардың фунционалдық оқу сауаттылығын дамыту.
Қазақстан Республикасының Елбасы Н.Ә. Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауында білім беру ұйымдары жастарға жалаң білім беріп қана қоймай алған білімдерін өмірдің түрлі жағдайларында пайдалана алуды үйретуі керек екендігін айтып, үкіметке оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың бес жылға арналған Ұлттық шаралар жоспарын дайындау жөнінде тапсырма берген болатын.
Осы тапсырманың негізінде Үкіметтің қаулысымен бекітілген «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары» қабылданды. Ұлттық жоспардың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау болып белгіленген.
Оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуда оқу бағдарламасындағы әрбір пәннің рөлі зор. Соның ішінде қазақ тілі мен әдебиетінің алатын орны ерекше. Осы ретте, оқушыға халықтың қоғамдық өмірін, арман-мүддесін танытуда, оларға идеялық-саяси, рухани-адамгершілік, этикалық-эстетикалық тәрбие беруде, дүниеге көзқарасын, мінезін, жалпы мәдениетін қалыптастыруда көркем әдебиетті қуатты құралдардың бірі ретінде пайдалану – әдебиет пәнінің басты мақсаты болып есептелсе, тіліміздің өзіндікқалыптасқан нормаларын, жалпы айтқанда грамматикасын үйрету – қазақ тілінің басты міндеті болып танылады.
Жалпы білім беретін орта мектепте қазақ әдебиеті пәнін жүргізудің өзіндік түрі сан қилы.
Әдебиет – оқушыға беймәлім өмірді танытатын үлкен құрал. Әдебиет арқылы біз оқушыларға ұлттық болмысымызды, асыл қасиеттерімізді танытамыз. Адамға тәрбие беруші әуелі, ата-ана, сонан соң ұстаз, мектеп, қоршаған орта екені бәрімізге белгілі. Әдебиет адамға өмірді танытып қана қоймайды, ол адамды тәрбиелейді. Адамның өмірге көзқарасын танытады, мінез-құлқына ықпал етеді, бүкіл өміріне әсер етеді. Қазақ әдебиетіндегі көркем шығармаларды оқыған сайын өмір сырын, Отан, ерлік, елдік, жақсылық, жамандық секілді ұғымдардың мәнін оқушы терең аңғарады.Олар өнерді сүйетін, одан рухани ләззат ала білетін, көркемдік талғамы бар, адамгершілікті, нәзік сезімді болып өседі. Түрлі көрнекілік құралдарын қолдану, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, ажырату, тақтаға жазу, айтқан ойды мысалдармен дәлелдеу, сөздікпен жұмыс, проблемалық мәселелерге жауап беру, нақтылы және жалпы тапсырмалар беріп, шағын шығармашылық жұмыстарды орындату, оқушының бірін-бірі сынауы, өзіндік пікір білдіруі, баяндама жасауы, ғылыми зерттеу жазып қорғауы т.б. алуан түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануы керек. Орта буын оқушылары мақал-мәтелдерді, афоризмдерді, шешендік сөздерді де жазып алуы керек.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту – бүгінгі заманның талабы. Болашақ азамат өз ұлтының асыл мұрасын білу арқылы туған халқының тарихымен, мәдениетімен танысып,білімін кеңейтеді.Қазақ тілінің грамматикасын терең меңгерген оқушы, қоғамның кез-келген саласында қиналмай жұмыс істеп,өзінің функционалды сауаттылығын көрсете алады. Біздің өзекті мәселеміз: жаңа оқыту әдіс-тәсілдері арқылы қазақ тілін меңгерту. Біздің ұстанымымыз: «Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында,ал жас ұрпақ тағдыры ұстаздың қолында» деп елбасымыз атап айтқандай,оқушылардың талантын ашу – біздің күн тәртібіміздегі өзекті мәселелердің бірі. Функционалдық сауаттылық біліммен, іскерлікпен және дағдылармен ғана шектелмей, солардың негізінде әр елдің өзіндік ерекшеліктері ескеріле отырып, қалыптасатын құзіреттіліктермен анықталады. Тәуелсіз Қазақстанда орта білімнің дамуына функционалдық сауаттылықты арттырудың маңызы аса зор. Функционалдық сауаттылық – оқу және жазу дағдыларын әлеуметтік ортада қолдану (түрлі құжаттармен жұмыс, банкте сауалнама толтыру, түрлі ақпараттармен танысу), сыртқы ортамен тығыз байланысты орнату және оқушыларды тез әлеуметтенуіне бейімдеу. Оқушылар сыртқы ортада адамдармен, құрбыларымен, жанұясымен қарым-қатынас жасағанда оқу дағдысын қолданады, яғни ақпарат алмасу үшін, ақпарат беру үшін мәтінмен жұмыс жасайды. Оқу сауаттылығы- оқушылардың жазба мәтіндерді түсінуі және қолдануы, мәтін барысында ой- толғауы, жаңа білім игерудегі әдіс-тәсілдерді қолдануы, әлеуметтік ортаға бейімделуі.
PISA және PIRLS зерттеулерінде оқу сауаттылығы жазба мәтіндерді түсіну мен рефлексиялау болып ұйғарылады. Мәтін мазмұнын белгілі бір мақсатта қолдануды игеруін және де оны әлеуметтік ортада белсенді пайдалана алу қабілетін бақылайды. «Сауаттылық» сөзі оқушылардың алдарына қойған мақсаттарын жүзеге асырумен байланысты: құрдастарымен қарым-қатынас жасау, туыстарымен жүздесу, білім алу, қызметке орналасу, ортаға бейімделу. PISA зерттеулерін оқу сауаттылығы мәтіннен қажет ақпаратты табумен бағаланады: 1. Мәтіннен қажет болатын көп ақпарат алу; 2. Мәтіннен ең қажетті ақпаратты табу; 3. Мәтіндегі ақпараттарды жіктеу; 4. Терең мазмұнды ақпаратты табу; 5. Күрделі мәтінді қорытындылау; 6. Мәтіннен ой түю. Орыс мектептерінде өтілетін қазақ тілі сабақтарының мақсаты – оқушылардың сөздік қорын дамыту, оқу техникасын қалыптастыру, дұрыс сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету, сөйлем құрылысын меңгерту, қазақ тіліне тән дыбыстарын айтып, сөз ішінен ажырата білуге үйрету. Біз үшін ең басты мәселе- оқыту әдісін дұрыс таңдау. Себебі, жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді,өзін-өзі дамытып,оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Біздің іс-тәжірибемізде қолданып жүрген тиімді жаңа технологиялардың бірі- «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы. Біз өз тәжірибемізде оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге, ауызекі сөйлеуге үйрету үшін әр түрлі әдістерді жүйелі түрде қолданып жүрміз:
- Сұрақ-жауап - Өз ойын айту
- Сөйлесу - Әңгімелесу - Аударма жұмысы
Қазақ тілі сабағында мәтінмен жұмыс үлкен рөл атқарады, сондықтан біз сабағымызда оқушыларға мынадай тапсырмалар ұсынамыз: 1. Мәтіннен тіректі сөздерді тауып алу
2. Мәтінмен жұмыс істеп болған соң, оқушыларға қайта сол мәтін таратылады , бірақ ол мәтінде грамматикалық және басқа да қателер болады. Оқушылар сол мәтіннен қателерді табу керек. ( осындай жұмыс арқылы біз оқушылардың қаншалықты мәтінді мұхият оқиды екенін байқаймыз) . 3. Мәтінмен арқылы постер жасайды. Біз оқушыларға постерлердің бірнеше түрлерін дайындауға үйреттік. ( кесте, сызбалар, ағаш т.б.) Оқушылар кейін постерді қорғау үшін жоспар құрады ( жоспар арқылы біз оқушылардың мәтінді қаншалықты түсінгенін, ойдың, тақырыптың ашылуын байқаймыз) . Қазақ тілі сабақтарында ActivStudio мүмкіндіктерін қолдану өз нәтижесін береді. Тақтаны қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын, интеллектуалдық танымын, білім сапасын арттыруға болады. Оқушылар Интернет жүйесінен керекті суреттерді, видео-бейнелерді түсіріп әкеліп, флипчарт кітапханасын толықтырады. Оқушылардың флипчарт кітапханасын толықтыру барысында қызығушылықтары артып, білім сапасы жоғарлайды. Интерактивті тақтаны пайдалану арқылы оқушылардың мәтінді қаншалықты меңгергенін білу үшін «сұрақ-жауапты» қолдануға болады. Барлық оқушылардан бір уақытта жауап алуға мүмкіндік береді. Ол үшін интерактивті тақтаның арнайы activote құралдары қолданылады. Power Point бағдарламасын және электрондық оқулықтарды қолданамыз. Мәтінді оқығаннан кейін сөйлемдер құрастырып, өздерін тексере алады. Мәтінді қаншалықты мұхият оқығандарын тексеру үшін мынадай «дұрыс-бұрыс», «артықты тап» деген тапсырмалар беруге болады.
Қазақ тілі сабағында оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту үшін тест әдісін қолдану Қазіргі тәжірибеде қазақ тілі сабағында тестілеу әдісін қолдану тиімді, пайдалы, әрі нақты педагогикалық өлшемнің бірі болып тұр. Тест әдісін қолдану білім сапасын бақылауға, дамытуға, ұйымдастыруға, болжауға, тәрбиелеуге көп көмегін тигізуде. Бұл әдіс арқылы мұғалім артық уақытсыз оқушылардың білім дәрежесін тез тексеруге мүмкіндік алады. Тест әдісін қолдану оқушының білім деңгейін көрсете отырып, мұғалімнің жұмысының нәтижесін де көрсетеді. Оқушылар да өз білім деңгейлерін көре алады, өздеріне - өзі бақылау жасай алады. Ата - аналар да өз балаларының білімін бақылау мүмкіндігіне қол жеткізеді. Тестілеудің ерекшеліктері: 1. Оқушы өзін - өзі бақылайды, бағалайды. 2. Сапалық көрсеткіштерде жақсы нәтижеге жеткізеді. 3. Нәтижесі тікелей белгілі болады. 4. Барлық оқушыға бірдей талап қойылады. 5. Оқушылардың білім дәрежесі әділ бағаланады, әрі оқытушының өз пікірінше ғана бағалауына жол берілмейді. 6. Оқушылардың білім деңгейін білу үшін оқылған материал тегіс қамтылады. Бұл тест түрлерін әр сабақта үнемі ауыстырып қолданып отырса, жоғары нәтижеге қол жеткізуге болады. Белсенді оқытуда қысқа әңгіме,ойын түрлері,сөздік ойыны т.б атауға болады.Өзім беретін 2,5,7-сыныптарда мән беріп оқыту технологиясы бойынша оқушылардың оқылым,тыңдалым,айтылым,жазылым дағдыларын дамытудамын. Көбінесе топтық жұмыс жасап, достық қарым-қатынасты нығайта отырып, ұлттық бірліктің жарасымына жол ашамын.
Өмірлік қолданыста маңызды рөл атқаратын Блум жүйесін қолданып келемін.Блумның анализ,синтез,бағалау тараулары арқылы кез-келген тақырыпта сұрыптау жасап,пайдалы-пайдасыз жақтарын анықтап,баға бере алатын,жеке көзқарастарын еркін айта алатын жеке тұлғаны дайындау үстіндемін.
Блум жүйесі арқылы оқушылардың алға қойған мақсатына жету жолдарын,өз ойың еркін жеткізе алатын жеткіншек дайындау үстіндемін.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін дұрыс жүргізе білудің маңызы зор. Педагогтың шеберлігі, яғни шығармашылық пен жауапкершілікті ұштастырып сабақ өтуі, бұл заман талабынан туындап отырған мәселе. Жоғары деңгейде сабақ беретін оқытушының алдынан шыққан оқушы – өмір айдынындағы өз жолын адаспай табады, азамат болып қалыптасады. Бұл ұстаз үшін үлкен абырой, әрбір мұғалім осыған ұмтылса ұрпақ алдындағы қарыздың өтелгені. Қазіргі жастарға тек білім беріп қана қоймай, сонымен бірге әлеуметтік бейімделу үдерісінде алған білімдерін пайдалана білуге үйретіп келеміз.
Оқушы әріпті, сөзді қоя отырып, оның бір ғана жауабы болмайтынын, көп екенін, тағы ізденуге болатынын түсінеді.
4. Өлең жаза білуді үйренейік.
Кіп-кішкентай Жанат
Бүгін қандай ....
Көбелектей ....
Аулада жүр ....
Жүремін бе мен текке?
Барам биыл ......
Қолға қалам .....
Суретті де .........
Көктемде бақ ...
Құстар онда ....
Құстарды біз ....
Олар бақты ....
Мұндай өлең жолдарында мағынасы болуын, сонымен бірге ұйқасының үйлесіп келу керектігін түсінеді, ізденеді.
5. Түрлі ұйқастар арқылы сөз мағынасына түсінік жүргізу, өздеріне мысал келтіртіп, дәлелдету.
Арқамнан түс,
Түскі тамақ іш.
Бар-жоғыңды сана,
Болса сенде сана.
Төгіп кел де күл,
Күлем десең күл.
6. Сондай-ақ жұмбақтар шештіру, жаңылтпаш мағынасын түсіндіріп жаттату, метаграммалар, ребустар, шарадалар, сөзтізбектер шештіру, өздеріне құрастырту
Мұндай жұмыстарды оқушыға шамасына қарай үйге де беруге болады Әрине, онда жоғарғы дәрежеде, нашар, мүлдем орындай алмайтындары да бар. Барлығы өз деңгейінде ізденіс жасайды. Шығармашылық дамуда бұл жұмыстың да берер пайдасы мол. Нәтижесін бағаларда бірін-бірі тыңдайды, ойына ой қосылады, ізденіссіз жұмыстан гөрі ойланып таба алмай немесе әрең тапқан жауабын өзінен басқалар қалай тапты екен деп тыңдауға құлықты болады.
7. Мәтін бойынша мақал құрастыру.
8. Табиғат құбылыстарына, заттарға жұмбақтар құрастыру.
Мысалы, Дидардың құраған жұмбағы:
Өзі жас, мұртты
Сүтті ұрлап ішті (Мысық).
Әр үйде белін буған бір пысық бар (Сыпыртқы).
9. Сюжетті суреттер бойынша әңгіме құрату, жаздыру.
- Оқушыларға: «Тек оқиғаны ғана жазбай суретке мән беріп қараңдар, табиғат көрінісіне, жыл мезгіліне, көңіл-күйіне баса мән беріп, ойыңды жүйелеп алып жазыңдар», - деген тапсырма беріледі.
- Әңгімені оқып соңынан немесе тақырып хабарланған соң-ақ оқушыларға проблемалық сұрақ қою арқылы өз көзқарасын нақтылап, ойын шыңдап түрлі ізденістерге түсіруге болады. Мысалы: "Қол не үшін керек?" деген тақырыпта балалардың өз білімбіліктерін тыңдап, саралал алып сабақ бастау.
- Әңгімені жалғастыр. Мысалы мектепте талдап түсінілген әңгімені жалғастыруға болады. Әркім өз нұсқасын жазады. Мысалы: Мұхтар Әуезовтің "Жетім" әңгімесі бойынша жалғастыру тапсырылғанда, біреулері Қасымды қайта тірілтіп бақытқа жеткізсе, кейбірі өкінішпен аяқтап өлтірген. Енді бірі оны тауып алған салт атты үйіне апарып, мейірім көрсетсе, енді бірі түрлі шарт қойдырып, қайтадан туысының үйіне апарып берген.
Мысалы Зере деген оқушы былай жазды: «Ол - өлік. Бірақ, денесі әлі мұздап та үлгерген жоқ. Салт атты кісінің бірі өте ақылды адам еді. Көре сала Қасымның денесін ұқалап, жылытып, бойына жан кіргізіп атқа өңгеріп алып үйіне апарды. Салт атты кісінің отбасы өте-мейірімді еді. Балалары да әдепті. Ол оны өз баласындай асырап адам қатарына қосты. Қасым бақыттылықты сезінді. Ол өзін баққан салт атты кісіге "Мен сізге қарыздармын" деді. Бірақ оған өз ата-анасындай, әжесіндей болмайды. Оларға деген сағынышы басылмады», - деп баяндайды.
Данияр:«Салт аттылар келгенде Қасым ақырғы рет апасын, анасын көз алдына елестетіп жатқан. Өмірді қимаса да, туған-туысқанына қайта баратынын ойлағанда жүрегі шым-шым етті. Ол қош-қош сұрықсыз өмір дегендей болды».
10. Ертегіні, әңгімені өз ойларымен аяқтау.
Мысалы: Қайсар атасымен қыдырып жүр еді. Кенет қой қора жақтан түтін иісі келді. Қараса, қой қора өртеніп жатыр екен...
- Қайсар не істеді?
Бұл мәтінді бір-екі бала былай деп аяқтапты:
«Қайсар жүгіріп барып, өрт сөндіргіш машинасын шақырды. Жан-жақтан көмекке адамдар келді. Өрт сөндірушілер мен көршілердің көмегімен өртті шығынсыз өшіріп алды. Қайсардың елгезектігіне атасы риза болды».
«Қайсар ойланбастан қораға жүгіріп келді де, қойларды айдап шықты. Сол кезде қораның үсті құлап түсті. Қайсар қойларды аман алып қалды. Шопан қайсарға ризашылығын білдіріп, қошақан сыйлады».
11. Ақын-жазушылардың дайын мәтіндерін басқаша аяқтау.
Мысалы: Шона Смаханұлының «Тәкаппар» мысалын Әлібек былай аяқтады:
Балықты жағада ойнап жүрген Асқар тауып алды. Оның жағдайын көріп аяп кетті.Оны жүгіріп барып теңізге салып жіберді. Содан бері балық өзінің туған теңізін ешқешен жамандамайтын болыпты.
- Қандай да тақырыпты хабарлап, "Не жайында әңгімелейді деп ойлайсың?" – деп, өздеріне болжау айтқызу. Мұнда да әркім түрлі ой айтады. Тақырыпқа немесе бір ұғымға "кластер" құрғызу. Сол ұғым туралы ойлары кеңейіп, сөздік қорлары молаяды. Мұны сабақта да, сабақтан тыс жұмысқа да пайдалануға болады.
- Оқыған әңгімелеріне сурет салдыру. Санасында бейнеленген оқиғаиы сурет арқылы бейнелей білуге үйренеді Кей бала сөзбен жеткізе алмағанын сурет арқылы жеткізуі мүмкін. Мұнда біз суретшілік қабілеті ерекше баланы айқындай түсеміз.
12. Әңгімені салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу.
Қай пәнде болсын оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілетін дамыта оқыту олардың сабаққа деген қызығушылығын оятып, өз ойын ашық, қысылмай жеткізе білуін, ынтасын дамыта түседі.
13. Шығарма, мәтін құрастыру.
- Тақырып бойынша.
- Жоспар бойынша.
- Тірексөздер арқылы.
14. Шығармадағы әңгімеге ұқсас оқиғалар айтқызу.
15. Көлемді ұзақ шығармаларды жоспар құру арқылы қысқартып әңгімелеу.
16. Кейіпкерлерге мінездеме беру.
17. Шығарма бойынша сурет салғызу, ауызша суреттеу, қиялдау арқылы суреттеу.
18. Рөлге бөліп оқу.
19. Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешкізу (анаграмма, сөзжұмбақ, ребус, құрастырмалыойындар т.б.)
20. Қайталау сабақтарында, оқыған мәтіндерд і бойынша өз беттерінше тест тапсырмаларын құрастыру.
21. Белгілі ақын, жазушы шығармасына еліктеп өлең, әңгіме, ертегілер жазғызу т.б.
22. Эссе жаздыру.
Түрлі тақырыпқа жаздыра беруге болады.
Мысалы:
- Кітапты не үшін құрметтейсің ?
- Мен бақыттымын, себебі ...
- Президентке хат
- Мұғалімге хат
- Достарыма хат
- Мен ата болғанда
- Мен әже болғанда
- Салақ оқушы
- Егер мен директор болсам, т.б.
«Шыншыл Ораз»
Ораз бен Асқар есік алдында ойнап жүр. Екеуі допты әрі тепті, бері тепті. Біраздан кейін ашық тұрған қораның есігін қақпа етіп алды. Енді допты соған дәлдеп ұрды. Бір кезде қатты тебілген доп қораның ішіне кіріп кетті. Ораз добын іздей бастады. Қараңғыда допты әрең тауып алды. Сыртқа беттеген. Сол кезде шыға берісте тұрған шелекті қағып кетті. Ішіндегі сүт ақтарылды да қалды. Ораз не істерін білмей аңтарылып тұр. - Қорықпа. Сүтті мысық төгіп кетіпті дейміз,- деді Асқар. - Мен өтірік айтпаймын. Байқаусызда төгіп алдым деймін,- деді Ораз
1-тапсырма. Стратегия “Теннис шаригі” Тест сауалдарына жауап беріңдер.
А) мектеп алдында
В) есік алдында
С) аулада
Д) далада
2. Тиісті жалғауды қой
Бір кезде қатты тебілген доп қора….. ішіне кіріп кетті.
А) -ның,
В) -дан
С) -ға
Д) -мен
3. Ораз не істерін білмей ………………. тұр.
А) ұялып
В) қысылып
С) таң қалып
Д) аңтарылып
4. Өтірік қандай қасиет?
А) Жақсы
В) Адал
С) Жаман
Д) Шыншыл
2 – тапсырма. Венн диаграммасын толтыр
Ораз ұқсастығы Асқар
3- тапсырма
“ Ой қозғау" Егер сен Ораздың орнында болғанда не істер едің? ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші - сол нәрсені көргенде, я естігенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұщынып, ынтамен ұғу керек; үшінші – сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші – ой кеселді нәрселерден қашық болу керек. Егер ой кеселдері кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыздық, салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе – күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.
1-тапсырма. Стратегия “Теннис шаригі” Тест сауалдарына жауап беріңдер.
А) төрт түрлі
В) екі түрлі
С) бес түрлі
Д) үш түрлі
2. Тиісті жалғауды қой
Күллі ақыл мен ғылым ….. тоздыратұғын нәрселер.
А) -ның,
В) -ды
С) -ға
Д) -мен
3. Ой кеселдері кез болып қалса ……. керек.
А) қызығу
В) қысылмау
С) салынбау
Д) қуану
4. “Ғибрәтлану” қандай мағынаны білдіреді?
А) ойыншы-күлкішілдік.
2 – тапсырма. Венн диаграммасын толтыр
көкірегі байлаулы ой кеселді нәрселерден
берік болу / ұқсастығы/ қашық болу
3- тапсырма. Рефлексия. «Ыстық орындық»
Абайдың қара сөзі бізді қандай болуға үйретеді?
«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
№3 мектеп-гимназиясы» ММ
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі:
Қабдырашова Айкүміс Қабимоллинқызы
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын
арттыруда қолданылаын тиімді әдістер
Білім алу - батылдық, оны толықтыру – даналық, ал шебер қолдана білу – өнер!
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында: «Балаларымыздың жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болу үшін бұл аса маңызды» деп атап көрсетті. Қазіргі заманның осындай ерекше талабын орындау да өзінің өткір ой – өрісімен, шабытты шығармашылығы мен ордалы білім мекемесінің мақтауға да, мақтануға да лайық ұстаздар қауымы талмай еңбек ете бермек.
Қазақ тілінің түсіндерме сөздігінде: «фукционалды ұғымы бір нәрсенің құрылысы, құрамынан емес, қызметінен болатын, соның әрекетіне байланысты болады» – деп сипаттама беріледі. Бұдан «функция» категориясы белгілі бір заттың атқаратын қызметіне немесе іс-әрекетіне қатысты айтылатыны танылады. Мысалы: ақпарат құралдарының функциясы – халыққа ақпарат тарату. Ал «функция» ұғымы адамға қатысты айтылғанда, оның іс-әрекетіне байланысты қарастырылады. Жоғарыда сауаттылық адамның білімділігіне қатысты ұғым екені нақтыланды. Яғни, «функционалдық сауаттылық» белгілі бір кезеңге сай субьектінің алған білімі мен білігі негізінде сауатты іс-әрекет ете алуы деген мағынаны білдіреді.
«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау міндеті қойылды.
Осы міндетті жүзеге асыру барысында Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспардың мақсат, міндеті нақтыланып жасалды. Ұлттық жоспарда мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін төмендегідей кешенді жоспар жасалды. Олар: мазмұндық, оқу-әдістемелік, материалдық-техникалық іс-шаралар кешені. Бұл кешен Қазақстан Республикасындағы білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары ретінде мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту барысында жасалатын іс-шаралардың мақсаттылығын, біртұтастығын және жүйелілігін негізге ала отырып дайындалған.
Аталған Ұлттық жоспардың мақсаты - Қазақстан Республикасындағы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау. Ол үшін төмендегідей міндеттер қойылды: † Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытудың отандық және халықаралық практикасын зерделеу.
† Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша шаралар жүйесін іске асырудың тетіктерін анықтау. † Білім мазмұнын жаңғыртуды қамтамасыз ету: стандарттар, оқу жоспарлары мен бағдарламалар.
† Білім беру процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу. † Мектеп оқушыларының білім сапасын бағалау және мониторинг жүргізу жүйесін дамыту.
† Мектептің және қосымша білім беру жүйесі ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту.
Осы Ұлттық жоспардың мақсатын орындау – ең алғаш мектептегі бастауыш сатыдан басталады.
Бастауыш саты –
Бұл оқушы тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан бастауыш мектеп – оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы.
Президенттің жолдауында: «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады» - деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз.
Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ.
Қазіргі бастауыш мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді. Осындай білікі мұғалімдер бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылықтарын арттыруда тиімді әдіс-тәсілдерді қолданады.
Жалпы функциональдық сауаттылық деген ұғымды таратып айтар болсақ, адамдардың (жеке тұлғаның) әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы және өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторы. Яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына қарай ілесіп отыруы. Бұл жаңа ғана өмірге бейімделіп келе жатқан жас бүлдіршіндердің қалыптасуы, өмірге, мектеп өміріне бейімделіп кетуі. Мұндағы басшылыққа алынатын функциональдық сапалар: оқушының белсенділігі, шығармашылығы, ойлауы, шешім қабылдай алуы, қабілеттілігі т.б. Яғни, жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.
Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Олай болса, функционалдық сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім, білік, дағдылардың жиынтығынан құралады. Ал кең мағынасында ол тек білік пен білімділік әлеміне барудың жолы ғана емес, ол – ұлттың, елдің немесе жеке адамдар тобының мәдени және әлеуметтік дамуының өлшемі. Осындай сапалық сипаты тұрғысынан қарағанда функционалдық сауаттылық жеке адамды дамытудың тетігі ретінде қолданылады. Функционалдық сауаттылық оқушылардың сыртқы ортамен қарым-қатынас жасау қабілеті, оқушылардың өзгермелі өмірге бейімделуінің шарты, оқушылардың жеке бас қабілеттерін дамытудың тетігі, оқушылардың әлеуметтік дағдыларын дамытудың негізі, әлеуметтік-мәдени дамуының өлшемі, білім, білік, дағдыларының құзіреттілікке ұласу жолы. Ол оқушылардың қатысымдық, ақпараттық, проблемалардың шешімін табу құзіреттіліктерінің бірлігінен құралады. Мемлекеттік білім стандарты деңгейіне оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Сондықтан оқу-тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салу.
Оқу тәрбиесі үрдісінде педагогикалық жаңалықтарды енгізу IV кезеңнен тұрады:
І. Жаңа идеяны іздеу
ІІ. Жаңалықтарды ұйымдастыру
ІІІ. Жаңалықтарды енгізу
Оқу – тәрбие үрдісінде жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану
IV. Жаңалықтарды бекіту
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген, білім мекемелерінің педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны тиімділігіне қарай пайдалану мұғалімнен үлкен шеберлікті талап етеді.
Бастауыш мектеп оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы.
Инновациялық технологиялардың бастауыш мектептігі білім сапасын арттыру:
• Әр сабақта интерактивті әдістерін қолдану;
• Әр оқушының психологиялық ерекшеліктерін ескеру;
• Міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейлерін ашу;
• Инновациялық технологияларды сынау арқылы тиімділігін арттыру, мектеп жағдайына бейімдеу;
Бастауыш сынып мұғалімдері өз сабақтарында оқушылардың тілін дамытуда, өздік жұмыс жасау, өз дағдыларын қалыптастыруда өз ойларын еркін жеткізе алуға баулуда.
Сабақта қолданылатын әдістер көмегімен жеке тұлға ретінде жан-жақты дамыған, шығармашылық ойлау білімі меңгеріледі.
Педагогикалық технологияларды талдау барысында мына факторлар ескерілуі керек:
• Алынып отырған технология сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай болуы;
• Тиімділігі, жүйелілігі және басқа жақтары.
ХХІ ғасырда барлық елдер бірінші орынға білім беру сапасын қояды. Оның өлшемі тек сауаттылық деңгейімен (жазу, оқу, есептеу) өлшенбейді, оның критерийі - функционалдық сауаттылық.
Бұл проблемаларды шешуде жаңа технологиялардың атқаратын орны бөлек. Болашақта өркениетті елдердің жоғары технологиясын меңгерту, дүниежүзілік білім кеңістігіне шығу-бүгінгі күннің мақсаты
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылықтарын арттыру барысында қалалық шығармашылық тобы 2012-2013 оқу жылында Орыс тілде оқытылатын мектептерде бастауыш сынып оқушыларына арнап «Оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын арттыруға арналған тапсырмалар жинағын (1-4 сынып)» жазып, республикалық ISBN лицензиясын алды.
УДК 373,167,1
ББК 74,26
О – 52
ISBN 978-601-7384-02-9
Функционалдық сауаттылыққа арналған тапсырмалар:
Сөздерді құрап айт
Тез сөз құрап, оқы
Сымнан сүрінбей өт.
Суретшінің қатесін тап.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Н.А.Назарбаев. Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты. // Ана тілі газеті. № 5, 2-8 ақпан, 2012 ж.
2. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары.
3. Ж.Аймауытов. Бес томдық шығармалар жинағы. ІҮ том. Алматы, Ғылым, 1998ж – 437 бет.
4. Ж.Аймауытов. Бес томдық шығармалар жинағы. Ү том. Алматы, Ғылым, 1999ж – 301 бет.
Қазақ тілі сабағында мәтінмен жұмыс түрлері Орыс мектебінде оқытылатын қазақ тілі пәнінің түпкі мақсаты - оқушыларға қазақ тілін меңгерту, ойлау қабілеті мен сауаттылығын арттыру, қазақ тілінде сөйлеп, жаза білетін дәрежеге жеткізу, қазақ халқының әдет - ғұрпын, тарихын танып білуге талаптандыру, тілін құрметтеуге тәрбиелеу. Сонымен қатар Отанды, табиғатты, айналадағы құбылысты, тыныс – тіршілігімен жан – жақты терең таныстыру.
Сабақ өткізу, оқыту барысында өткізілетін ең күрделі жұмыс түрлерінің бірі – сабақта мәтінмен жұмысты ұтымды ұйымдастыру. Мәтінмен жұмыс дегеніміз – сабақта өтілетін әр түрлі жұмыстардың жиынтығынан құралады. Олар:
Мәтінмен жұмыс жоғарыда айтылған сабақ кезеңдерін бір жүйеге келтіреді. Мәтінмен жұмыс істегенде әр түрлі әдіс - тәсілдер қолданылады. Бірақ сол қолданылатын әдіс - тәсілдердің мақсаты оқушыларға айқын болуы керек. Қазақ тілі сабағында жүргізілетін басты жұмыстар - балаларды қазақша сөйлетіп үйрету, сұраққа жауап бергізу, өздерін бір - бірімен сөйлестіру, оқығандарын ауызша айтқызу, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру. Осыған орай оқулықтағы мәтіндер, жаттығулар, өлең, жұмбақтар оқу, ауызша әңгімелеу, тіл дамыту және грамматикалық тұлғаларды меңгертіп, қазақ тілінде дұрыс сөйлеу үшін пайдаланылады және соған лайықтап беріледі. Кітаптағы мәтіндердің күрделігі сол мәтіндермен жұмыс істейтін оқушылардың білім деңгейіне сай болу керек. Осыған байланысты мәтінмен жұмыс істеуді түрлі әдістермен жүргізуге болады. Мәтінмен жұмыс істеудің алғашқы түрі - мәтінді дұрыс оқи білуге дағдыландыру. Ол үшін қазақ тілінде оқудың төмендегідей ерекшелігін меңгерткен дұрыс.
- Қазақ тіліне тән дыбыстардың айтылуы, жазылуы. - Ол дыбыстарды айтылу, жазылу жағынан бір - бірінен ажырата білу. -«О» дыбысының қазақ тілінде ешқандай өзгеріссіз болатынын орысша айтылуымен салыстыра түсіндіру.
Мұғалім мәтінді оқудың мынандай түрлерін пайдаланады: а) Дауыстап оқу. Оқушының мәнерлеп оқуын қадағалайды. Оқушылар бірінің қатесін бірі естіп және оны түзетеді. ә) Іштей оқу. Оқушылардың шапшаң оқу дәрежесін анықтайды. Мысалы, мұғалім оқушыларға іштей оқу үшін мәтін береді, қай жерге дейін оқу керектігін айтады, әркім белгіленген жерге келгенде кітаптарын жауып, мұғалімге бітіргенін айтады. Осыған қарап мұғалім олардың оқу шапшаңдығын анықтайды. б) Араласып, кезекпен оқу. в) Буынға бөліп оқу. г) Мәнерлеп оқу.
Оқушының мәтінді түсіну қабілетін әр түрлі әдіс – тәсілдер қолдана отырып анықтауға болады. Бұл жерде күнделікті сабақ сайын мәтіннің бір сөзін қалдырмай аударып, тек осындай аударма жұмысымен шектеліп қалмау керек. Ол балаларды зеріктіріп, ынтасын кемітіп, ойлану қабілетін тежейді. Сол себепті әр түрлі әдістерді қолдануға болады:
1. Мәтінді қазақ тілінен орыс тіліне аудару; 2. Оқыған мәтіннің мазмұнын айтқызу, қазақ тілінде жеткізуге қиналса, орыс тілінде айтқызу; 3. Мұғалімнің сұрағына дайын жауап беру; 4. Берілген мәтіндегі ойды бірнеше сөйлемдер арқылы айтып беру; 5. Оқыған мәтінге немесе бөлімге тақырып қою; 6. Үлестірмелі кәртішкелерге мәтінді түсінгенін айтуға көмектесетін тірек сөздер жазылады. Сол бойынша мәтіндегі ойды әңгімелейді; 7. Мәтіннің мазмұнына сай келетін суреттерді таңдап алып, соларды пайдалана отырып, әңгіме құрауға болады; 8. Жоспар құрғызып, мәтіннің мазмұнын түсінгендерін тыңдау;
Мәтінмен жұмыс істеу мұғалімнің жан - жақты ізденуін, дайындалуын қажет етеді. Мұғалім барлық жұмыс түрлерін қадағалап отыруы тиіс. Мәтінді толық түсіну үшін арнайы тапсырмалар беріледі, олар оқылады.
Мәтін бойынша төмендегідей тапсырмалар беруге болады: 1. Сөздікпен жұмыс; 2. Жай сөйлемнен сұраулы сөйлем жасау жұмысы; 3. Сөйлемдерге жауап беру; 4. Синоним, омоним, антоним сөздерін табу; 5. Сөздерді септеу, жіктеу жұмысы және т. б.
Осындай тапсырмалар арқылы оқушылар мәтінді меңгереді. Бұл тапсырмаларды орындау барысында мұғалім бақылау жүргізеді, жіберген қателерін үнемі дер кезінде түзетіп отыруы тиіс.
Осындай жұмыс түрлерін өткізе отырып, мәтінмен жұмыс жүргізу кезінде оқушылардың ой – өрісін дамытуға, терең білім алуларына мүмкіндік туады. Мәтін - адамдар арасындағы тілдік қатынас, яғни, адам ойын мәтін арқылы жеткізеді, баяндайды. Мәтін - ойлау, хабарлау, қабылдау, баяндау құбылыстармен тығыз байланысты, адамдар арасындағы тілдік қатынасатын іске асуына негіз болатын жүйелі тұлға.
Қазақ тілі сабағын оқытуда жаңа технологияның өзіне тиімдісін қолдана отырып оқушының мүмкіншіліктеріне қарай деңгейлік тапсырмалар, шығармашылық жұмыстар, тіл байлығын, сөздік қорын байытуға арналған мәтінмен жұмыс түрлерін ұйымдастыру. Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана, оқушылардың білім сапасын жоғары көтере алады. Білім сапасын көтеру дегеніміз – оқушыны жоғары деңгейге көтеру. Осы мақсатты алға қоя отырып, тіл үйретуде мәтінмен жұмыс түрлерін тиімді пайдалансақ, оқушылардың қазақша сөйлеу дағдысы қалыптасады.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Оралбаева Н., Жақсылықова К. Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы: Ана тілі, 1996. 2. Республикалық ғылыми - педагогикалық басылым. Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде № 9 2004ж., № 12 2004ж. 3. Оралбаева Ф. Ш. Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі., Алматы, 2000 ж.
Нүрилә Хасенқызы Хамзина Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі «№40 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Семей қаласы
Тәуелсіз Қaзaқстaндa ортa білім мaзмұнының жaңaруындa оқушының функционaлдық сaуaттылығын aрттырудың мaңызы aсa зор. Тәуелсіз елді өркениетті әлемге тaнытaтын, дaмығaн елдер қaтaрындa терезесін тең ететін күш – білім және білімді ұрпaқ. Сондықтaн дa Елбaсымыз Н.Нaзaрбaев өзінің Жолдaулaрындa білім сaлaсынa aйрықшa көңіл бөліп, еліміздің жaрқын болaшaғы білікті де пaрaсaтты жaстaрдың қолындa екенін нaзaрдaн тыс қaлдырғaн емес. Президенттің бaстaмaсымен өмірге келген функционaлдық сaуaттылықтың мaқсaты – бaлaлaрдың білімдерін өмірде тиімді қолдaнуғa үйрету.
Функционaлдық сaуaттылық – оқу және жaзу дaғдылaрын әлеуметтік ортaдa қолдaну (түрлі құжaттaрмен жұмыс, бaнкте сaуaлнaмa толтыру, түрлі aқпaрaттaрмен тaнысу), сыртқы ортaмен тығыз бaйлaнысты орнaту және оқушылaрды тез әлеуметтенуіне бейімдеу. Оқушылaр сыртқы ортaдa aдaмдaрмен, құрбылaрымен, жaнұясымен қaрым-қaтынaс жaсaғaндa оқу дaғдысын қолдaнaды, яғни aқпaрaт aлмaсу үшін, aқпaрaт беру үшін мәтінмен жұмыс жaсaйды. Оқу сaуaттылығы – оқушылaрдың жaзбa мәтіндерді түсінуі және қолдaнуы, мәтін бaрысындa ой-толғaуы, жaңa білім игерудегі әдіс-тәсілдерді қолдaнуы, әлеуметтік ортaғa бейімделуі.
Өзге ұлт мектептеріндегі, атап айтқанда орыс, ұйғыр, украин, неміс мектептерінде қазақ тілі пәнін жүргізу пән мұғалімдерінен өте үлкен дайындықты талап ететіні белгілі. Мұғалімнің еңбегінің жемісті болуының қайнар көзі оқушының ана тілі мен қазақ тілінің арасындағы әртүрлі ұқсастықтарын, айырмашылықтарын ескере отырып, соны негізге алып оқытқан кезде ғана сабақ тиімді, жемісті, табысты болады. Балаларды оқыту – тәрбиелеу жұмысының негізі де сабақ болып табылады.
Сабақ үстінде білім алушының жүйелі түрде жұмыс жасауына мүмкіндік жасау, өтілетін сабақ тақырыбына сай нақты SMART мақсат қоя білу – ол әрбір мұғалімнің шеберлігіне, ізденімпаздығына тікелей байланысты. Өйткені оқушыларды терең әрі жинақы, түсінікті біліммен сусындату, олардың шығармашылық қабілетін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын ояту, өз бетінше білімін жетілдіріп, толықтыруға дағдыландыру сияқты жұмыстар сабақ барысында қалыптасады. Бұл дегеніміз әр педагогті ойландырып, жаңаша жұмыс істеуге, жаңа ізденістерге, әрдайым жаңалықтың жаршысы болып жүруге жетелейді.
Өзге ұлт балаларына қазақ тілін оқытып-үйретудің сапасын арттыру түрлі жағдайларға байланысты болып келеді. Мәселен, өзім жұмыс жасайтын орыс мектебінде оқытылатын қазақ тілі пәнінің түпкі мақсаты – оқушыларға қазақ тілін меңгерту, ойлау қабілеті мен сауаттылығын арттыру, қазақ тілінде сөйлеп, жауап бере алатын, жаза білетін дәрежеге жеткізу, қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, тарихын танытып талаптандыру, мемлекеттік тілді құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушылардың сөйлеу тілін мәтіндер арқылы дамытуды жүзеге асыру нәтижесінде олардың қазақ тілінен білімдері толықтырылып, мәтінмен жұмыс істеу дағдылары жетілдіріледі.
Жалпы мен өз тәжірибемнен тоқталар болсам, сабақ өткізу, яғни оқыту барысында өткізілетін, кейде күрделілік тудыратын жұмыс түрлерінің бірі – сабақта мәтінмен жұмысты ұтымды ұйымдастыру. Мәтінмен жұмыс жасату – тіл үйретудегі негізгі элементтердің бірі. Тіл дамытуда мәтіннің рөлі өте үлкен, мәтін балаға білім береді, тілін, ой-өрісін дамытады, тәрбиелейді. Мәтінді талдаған кезде оған қойылатын талаптарға да назар аудару керек. Мәтіннің тәрбиелік мәні бар болуы тиіс; мәтінде оқушылардың дүниетанымын кеңейтетін мәліметтер нақты, түсінікті, қабылдауға қиын болмайтындай болуы керек; жеңілден – қиынға қағидасы сақталу қажет. Мысалы, біз өз ойымызды сөз арқылы емес, негізінен мәтін арқылы жеткіземіз. Мәтінмен жұмыс жасау мынадай кезеңдерге бөлінеді:
Мәтінді оқығанға дейінгі жұмыс;
Мәтінмен жұмыс кезеңі;
Мәтінді оқығаннан кейінгі кезең.
Мәтін алдындағы жаттығулар мен тапсырмалар және соларға сәйкес жұмыс түрлері мынадай бағытта жүргізіледі: тілдік тұлға мен сөйлем үлгілерін мәтінде танып, айыра білу және әртүрлі құрылымдық материалды (сөзжасам элементтері, етістіктің жақ, шақ түрлері, сөйлем түрлері, сөздердің бір-бірімен байланысу тәсілдері және т.б.) меңгерту.
Мәтінмен жұмыс кезеңі. Бұл кезеңде мәтіннің тілдік материалы мен құрылымы орындалады. Мәтін ішінен қажет мәліметті бөліп алу, айыра білуге машықтандыру жаттығуларын әр түрлі тәсілмен орындау. Мәтінмен жұмыс кезеңі былайша ұйымдастырылады: оқығанның мазмұнын айту, мәтін бойынша сұраққа жауап беру, жоспар жасату, бірнеше бөлімге бөліп оқыту, негізгі, жанама ойды таптыру, қорытынды жасату. Мәтін мағынасын толық түсіну дегеніміз- мәтіннің мазмұнын түсіну үшін оның ішіндегі жеке сөздерді түсінуі керек. Бұл жеке сөздер түсінікті болса, тұтас мәтін де түсініқті болады деген ой туады.
Шартты түрде алып отырған үшінші кезеңде мәтінді оқып, түсініп, мәтіндегі негізгі ойды казақ тілінде жеткізе білу.
Мәтінді оқып, танысқаннан кейінгі орындалатын жұмыстар: логикалық сұрақтар құрастыру, сөздік жұмыстарын жүргізу, фонетикалық жаттығулар, мәтіндегі пнегатив тұстарды позитивке айналдыру, сөйлем кұрау, мәтінге мәтін мазмұны негізін сақтай отырып, жоспар құру, аударма жасау, мәтінге мазмұнына сай ат қою, диалог, жағдаят құру, мәтіннің мазмұнын құрылған жоспар бойынша айтып беру.
Мәтінмен жұмыс істеу кезеңінде саралау тәсілі қолданылса, жұмыс жүргізу жеңілірек болады. Оқушыларды жұмыс істеу қабілеттеріне және білім деңгейлеріне қарай топтастырып, әр топқа сараланған тапсырма берген дұрыс.
Мысалы, мен өз тәжірибемнен бөлісер болсам, мәтіннен бірнеше сөйлем оқимын, сол сөйлемдердің ішінде мәтіннің мазмұнын білдіретін сөйлемдердің ретін балалар белгілеп шығады, мәтіннің мазмұнына келетін суреттер таңдап алып, соларды пайдалана отырып, мәтін құратамын. Таспаға жазылған мәтінді оқушыларға мұқият бірнеше рет тыңдатып, мазмұнын орыс тілінде айтқызамын, бұл олардың мәтін мазмұнын қаншалықты түсініп отырғандарын аңғартады. Сөздіктерді қолдана отырып топпен мәтінге аударма жасату жұмыстарын жүргіземін.
Мәтін мазмұнымен толық таныспай тұрып, мәтіннің ішіндегі сөйлемдерге сұрақ қою дұрыс емес. Оқушылардың алдында сабаққа қатысты мәтін жатуы қажет. Мәтіннің ішінен таныс емес сөздерді теріп жазып алғаннан кейін, оқытушының көмегімен тілдерін дамыту мақсатында актив сөздер, сөз тіркестері бөлек сөздікке жазылады. Бұлай жазып алу сөздің дұрыс жазылуын, айтылуын тексеруге, өзін-өзі тексеруге, бірін-бірі тексеруге көп көмегі тиеді. Мәтінде берілетін сөздердің ішінде таныс емес сөздер мейлінше аз болғаны дұрыс. Сондықтан мәтін таңдап аларда сыныптың деңгейі ескерілу қажет. Алдыңғы біліммен байланыстырып отыру керек. Бұл жерде алдыңғы білім дегеніміз – үй тапсырмасы емес, жалпы оқушылар алдыңғы сыныптарда өткен білімдеріне сүйене алулары керек. Бұл жерде байланыстылық қағидасы сақталады.
Мәтінмен жұмыс жүргізуде жаңартылған білім беру бағдарламасын негізге алсақ, оқушылар мәтіндегі ойды, оқиғаны өз өмірімен ұштастыруы керек; оқылған мәтінге өз көзқарасын білдіре алуы тиіс; мәтінге әлеуметтік, тарихи, адамгершілік маңыздылығы жөнінен баға бере алуға бағыттауымыз қажет.
Сонымен қатар әр оқуышының психологиялық жағынан жас ерекшелігіне, тәжірибелеріне қарай өз бетімен жұмыс жасау дағдысын қалыптастырудың танымдық мәні зор.
Әдіскер-ғалымдардың еңбектеріне сүйенсек, профессор Ф.Оразбаева өзінің «Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі» атты зерттеу еңбегінде: «Мәтін – адамдар арасындағы тілдесімдік қатынастың жемісі. Адам өз ойын екінші біреуге жеткізген кезде қалай болса солай айтылған сөйлемдер тізбегін құрамайды. Керісінше, жинақталған пікірін, көзқарасын бір-брімен ой жағынан да, қалпы тарапынан да бірлескен сөйлемдер жүйесімен, яғни мәтін арқылы жеткізеді, баяндайды. Адам тілдік қатынаста үлкенді-кішілі, ірілі-ұсақты мәтіндерді сөйлесім әрекетінің кез-келген кезеңінде ойдан құрап, қолдана береді» – деп тұжырымдайды.
Зaмaнaуи оқу сaуaттылығы ұғымы түрлі мәтінді түсінумен aнықтaлaды. Сондықтaн жaңa жүйеде жұмыс жaсaйтын мектеп оқушылaрды түрлі мәтіндермен жұмыс жaсaуғa дaғдылaндыру керек: жaзбa мәтін, электронды мәтін, aудиомәтін. Шығaрмaшыл, құзіретті мұғaлімдер сaбaқты оқушылaрдың тaлaбынa сaй әзірлеуі шaрт. Мәтіндерді топтaстыруғa немесе белгілі бір тaқырыптaр бойыншa жіктеу өте күрделі. Оқушылaрдың сaуaттылығын aрттырудa оқыту үрдісіне жaңa технологияны пaйдaлaнудың нaқты белгілері көрсетіліп отыр. Зaмaнaуи оқыту үдерісіне сaй мұғaлім сaбaқтa тек бaғыт беруші, aл көрсетіліп отырғaн жұмыс жүйесінің әр компоненті оқушы aрқылы іске aсырылaтын және оқушының сaуaттылығын aрттыру мен дaмытуғa тікелей бaғыттaлғaн нaқты, нәтижесін берер жүйедеп сaнaймын.