kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ата салты? - асыл ?азына? !

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы:  Ата салты? – асыл ?азына?! 
Ма?саты: 
1.?аза? хал?ыны? салт д?ст?рі мен ?дет-??рпын о?ушыларды? бойына сі?іру, ?лтты? ма?таныш сезімдерін ояту; 
2.?лтымызды? д?ст?рлерінен ?лгі алу; 
3.О?ушылырды? ?з отбасына, хал?ына, ?лтына, Отанына деген с?йіспеншіліктерін арттыру. С?здік ?орларын дамытып, ?ртістік ?абілеттерін арттыру. 
К?рнекілігі: ТСО, салт д?ст?рге, та?ырып?а сай на?ыл с?здер, суреттер, «Ата м?ра? – асыл ?азына?», «Салт-д?ст?рін ел б?збас, У?де сертін ер б?збас», «Халтын с?йген – салтын да с?йеді». 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ата салты? - асыл ?азына? !»

Тақырыбы: Ата салтың – асыл қазынаң! 
Мақсаты: 
1.Қазақ халқының салт дәстүрі мен әдет-ғұрпын оқушылардың бойына сіңіру, ұлттық мақтаныш сезімдерін ояту; 
2.Ұлтымыздың дәстүрлерінен үлгі алу; 
3.Оқушылырдың өз отбасына, халқына, ұлтына, Отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Сөздік қорларын дамытып, әртістік қабілеттерін арттыру. 
Көрнекілігі: ТСО, салт дәстүрге, тақырыпқа сай нақыл сөздер, суреттер, «Ата мұраң – асыл қазынаң», «Салт-дәстүрін ел бұзбас, Уәде сертін ер бұзбас», «Халтын сүйген – салтын да сүйеді». 
Өту барысы: 1 жүргізуші:

Қайырлы күн қадірменді қонақтар, оқушылар! Оқушылар өздерің көріп отырғандай, біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз ерекше, өйткені біз «Сәлем -сөздің анасы, сөз - сарасы» - қазақ халқының ұғымы бойынша сәлем беру- тәрбиелік пен адамгершілік белгісі. 
2 жүргізуші:

Күннің көзі ашылып, 
Көкке шуақ шашылып, 
Құтты қонақ келіпті. 
Төріме су үлкенге, 
Тәрбиенің басы ғой! 

Ал, қанекей бәріміз,

«Сәлем» дейік үлкенге.
Ой-шақыру: Балалар, атадан балаға мұра болып қалатын үйді не деп атайды? 
Оқушы:Ернұр

Қарашаңырақ (дәстүр, ұғым) атадан балаға мұра болып қалған үй «киелі үй» деп саналады. Оны ел, ағайын-туыстары « қарашаңырақ» деп құрмет тұтады.

1 жүргізуші:

Міне, алтын орда, білім мекені біздің қасиетті қарашаңырағымызда ұлттық салт-дәстүрге байланысты өтетін «Ата салтың – асыл қазынаң» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер! 
2 жүргізуші:

Қай заман болсын, адамзат алдында тұратын басты міндет - адал, білімді, еңбек сүйгіш ұрпақ тәрбиелеп өсіру. Бұл міндетті әр халық салт-дәстүріне орай іске асырады. Яғни, әр халық ғасырлар бойы сыннан өтіп, сұрыпталған озық салт-дәстүрлерін жас ұрпақты тәрбиелеуде пайдаланып келген. 
1 жүргізуші:

Бала тәрбиесі тек мектеп қабырғасында ғана берілмейтіні анық. Біздің тәрбиеміз ананың ақ сүтінен, ана әлдиінен, атаның қасиетті сөздерінен бастау алады. Біздің халқымыздың тәрбие тәсілдері мен тәжірибелері өте көп. 
2 жүргізуші:

Салт-дәстүр, әдет-ғұрып атадан балаға қалып отыратын мол мұра. Әр ұлттың өзіне тән салт-дәстүрі бар. Салт-дәстүрдің пайда болып, қалыптасу тарихына көз жіберсек, олар халықтың әл-ауқат, тұрмыс-тіршілік болмысынан туып қалыптасатынын көреміз.Халқымыздың әдет-ғұрпын, дәстүрін, тарихын білу, оны қастерлеу – әрқайсысымыздың борышымыз! 
Оқушы:Ерсін

Қазағымның салт - дәстүрі жаңғырған, 
Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған. 
Салт - дәстүрді ардақтайық ағайын 
Қазақ атты үлкен, кіші балдырған. 
Ән: «Қазақтың дәстүрлері». 
1 жүргізуші:

Халық педагокикасының тұрмыстық ережесі болып, халықтың салтына айналған әдет – ғұрыптардың тәрбиелік мәні ерекше.

Білімсізден жаман жоқ,

Туған соң адам боп.

Жұрт айтады надан деп – дегендей қазақтың салт дәстүрлерін бірнеше топқа бөліп қарауға болады.

Оқушы: Тәрбие дәстүрі


Отау көтеру Отбасы, тұрмыс дәстүрлері


Қазақтың салт-дәстүрлері



Еңбек дәстүрі Наурыз дәстүрі Ислам тағылымы


Қаза ғұрыптары


Отау көтеру дәстүріне: Қыз көші, Бет ашар, Шаңырақ көтеру.... 
Тәрбие дәстүрі: Шілдехана, бесікке салу, қырқынан шығару, тілашар.... 
Отбасы, тұрмыс дәстүрі: Дастарханға бата, бәйге, отпен аластау 
Еңбек дәстүрі: Егіншілік, аңшылық... 

Наурыз дәстүрі: Наурыз күні, Қыдыр ата, Наурыз төл.....
Ислам тағылымы: Құрбан шалу 
Қаза ғұрыптары: Дұға оқу 
2 жүргізуші:

Міне бүгін, салт-дәстүрлерінің ішіндегі отбасы тәрбиесіне байланысты Отбасы, тұрмыс дәстүріне тоқталсақ. 
Күні бүгінге дейін тәрбиелік мәнін жоймаған халқымыздың кейбір тәрбиесін, тыйым мен ырым сөздерін алып қарасақ, көтерген мәселесі бала жанына, зердесіне ізгілік, инабаттылық дәнін себу. «Бала – біздің болашағымыз» дейді еліміз. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана мақал бар. Сондықтанда отбасы тәрбиесіне, бала тәрбиесіне ерекше мән берген. 
1 жүргізуші:

Салт – әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс – тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптар тұғырының негізі.

2 жүргізуші:

«Әдепті елдің баласы, Алыстан сәлем береді» дегендей сәлем беру қалыптасқан ұлттық дәстүріміз.

Сырттан келген мейманға,

Салем беріп қол алсаң-

Бірінші еткен құрметің.

Оқушы: Айжан

Салем беру, салем ету(дәстүр). Мұның бірнеше түрлері бар.

  1. «Төле би тоқсан жасқа келгенде Қаз дауысты Қазыбек салем бере барыпты». Алыс жолдан келген жолаушы, немесе сол елдің адамы ауыл ақсақалдарына немесе белгілі адамдарға әдейі іздеп келіп салем беру қалыптасқан ұлттық дәстүріміз. Кейде «алыстан алты жасар бала келсе, алпыс жастағы шал келіп салем береді» дегендей жөн білетін үлкендердің өзі барып салемдесетін де жолы бар. Егер салем ер адамға қатысты болса «салем береді» деп айтылады.

Оқушы: Жаннұр

  1. Салемнің басқа да түрі бар. Мысалы, сыйлы ата, ене, қайны ағаларына кездескенде, көргенде келіні оларға иіліп сәлем қылады. Үлкен кісілерден табақ қайтқанда да келін сәлем ету керек. Ондайда біреу «келіндеріңіз сәлем етіп жатыр» деп хабарлайды. Үлкендер оған риза болып, батасын береді. Келіннің сәлем етуі әдептілік пен сыйлаудың белгісі ретінде қабылданады. Сәлем, әйел адамға қатысыты болса оны «сәлем етті» дейді.


Оқушы: Вагиф

  1. Сәлем етудің тағы бір өзгеше түрі бар. Егер бір адамның мойыны құйяң болып, басын бұра алмай қалса, онда ол кербез адамның сыртынан сәлем қылуы керек. Халық ұғымы бойынша құйяң сонда жазылып кетеді деген сенім болған. Мұндай сәлем қылудың аяғы көңілді күлкіге жалғасып жатады.

1 жүргізуші:

Көрініс: «Ата өсиеті»

2 жүргізуші: «Ұрпақ ұлағаты»

Екі жастың бас қосып, отау тіккеннен кейінге тілейтіні-балалы –шағалы болу, артына ұрпақ қалдыру. «Балалы үй-базар, баласыз үй-қу мазар» дегендей:

Оқушы: Ақтолқын

Отпен аластау

Бесікті, босағаны немесе үйді отпен аластау халықтың ертеден келе жатқан ырымдарының бірі. Баланы бесікке саларда отпен қару, жас отауды отпен аластау жын-шайтан иектемесін, пәле-жаледен сақтасын деген ізгі ниеттен туған.

Оқушы: Ақбөпе «Бесікті отпен аластау» көрініс

Алас,алас,баладан алас,

Иесі келді, пәлесі көш!

Көзі жаманның көзінен алас!

Тілі жаманның тілінен алас!

Қырық қабырғасынан алас,

Отыз омыртқасынан алас!

Алас,алас, аласы,

Келді міне баласы.

Көш, көш, пәлесі,

Келді міне егесі.

Аталарың ақырса, одан қорықпа,

Аналарың, ағаларың шақырса, одан қорықпа,

Ойнақтаған лақтан қорықпа,

Сылдыраған бұлақтан қорықпа.

Тулаған тайдан,

Қуалаған ботадан қорықпа!

Маң төбеттей ұйқылы бол,

Түлкінің баласындай күлкілі бол.

Алас,алас, аласы,

Келді міне баласы.

Ұйықтап демалсын,

Қуанып оянсын!

Оқушы: Альфия

Шашу

Шашу ата бабамыздан келе жатқан ғұрып. «Ханымдар ханшайымға келген жерден, шашуға құрт орнына ділда шашты». Шашу қуаныш айғағы ретінде жасалатын өте сұлу да салтанатты дәстүр. Келін түскенде , жақсылық күндерде, алыс сапардан жолаушы келгенде, құда келгенде тағы басқа зор қуанышты күндерде әйелдер құрт, кәмпиттен, күміс теңгеден шашу шашады. Шашалыған шашудан тойға қатысушылар теріп алып, ырым қылып балаларына апарып береді. Шашуды әйелдер ғана шашады.

Би : «Қалмажай»

1 жүргізуші:

Салт-дәстүр – халық педагогикасының бастауы. Елдігіміздің, егемендігіміздің арқасында қайтып оралған салт-дәстүрімізді тұрмыстық негізде қолданып жүрміз. Соның ішінде батаға түсінік бермекшіміз.

Оқушы: Абзал

Баталы құл – арымас,

Батасыз құл – жарымас.

Батаменен ел көгерер,

Жауынменен жер көгерер.

2 жүргізуші:

«Бата менен ер көгерер» дегендей. Ақ тілеудің белгісі – бата. Ол кез келген жерде айтыла бермейтін қасиетті рухани ұғым. Ең жақсысын халық «ақ бата» деп қастерлейді. Батаның бірнеше түрлері бар.

1жүргізуші:

Бата – халықтың рухани күш алатын құдіретті сенім күші. Ол – ел сенімін ақтайтын абзал азаматтарға, талантты жастарға, көптің жүгін көтерген адамдарға, жас сәбиге немесе үлкендер жақсы ісіне риза болған жағдайларға берілетін үлкен кісілер мен ақсақалдардың ақ тілегі әрі өмірлік жолдамасы.


Оқушы: Нұрсейіт

  1. Жас талапкерге бата.

Оқушы: Нұрсұлтан

  1. Дастарханға бата.

Оқушы:Ислам

  1. Алғыс батасы.

Оқушы: Досымхан

  1. Жаңа айдың батасы.

Оқушы: Нұртас

  1. Наурыз батасы.

Оқушы: Кемран

Кең даланың ежелгі

Қазақ деген халқымыз.

Өзге ұлттай біздің де

Бар дәстүр мен салтымыз.

Мұғалім:

Құрметті ұстаздар! Сіздер бүгін «Ата салтың - асыл қазынаң» атты тәрбие сағатымызды тамашаладыңыздар. Қазақ халқының әрбір тұжырымды ойы, мақал - мәтелі, тыйым сөздері - тәрбиенің мол мұрасы екендігін, оның күнделікті өмірде қажеттілігін көрдік. Халқымыздың әдет – ғұрып пен дәстүрін, тарихын біліп, оны қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміздің нәрлі қайнарына айналдыру, әрқайсымыздың азаматтық борышымыз деуге болады. «Тоқсан ауыз сөздің, тобықтай түйіні бар» демекші, салтын сүйген әрбір жас ұрпак болашақта халқын сүйетін, еліне адал қызмет ететін, тілінің, салт- дәстүрінің жанашыры болатындығына сенімдімін.Еліміздің жарқын болашағы сіздердің колдарыңызда, құрметті окушылар!

(Қадірлі қонақтар жайылған дастарханға келеді, қошамет көрсетіледі. Дастарханға бата беріледі )

Оқушы: Нұртас

Дастарқандарыңа береке берсін,

Бастарыңа мереке берсін.

Астарыңа адалдық берсін.

Бастарына амандық берсін.

Дендеріңе саулық берсін.

Дастарқандарың тоқ болсын,

Уайым қайғыларың жоқ болсын!

Әумин!

Ән: «ДАСТАРХАН»

Тамақ ішіп болғаннан кейін бір оқушы ас қайыруға бата сұрайды.
Бата: Әумин десең біздерге

Берейік бата сіздерге.

Бірінші Алла,

Екінші пайғамбар берекесін берсін.

Балалар бақытты болсын,

Заманы шаттықты болсын.

Аспандары ашық болсын,

Пәле – жаладан қашық болсын.

Халқына қалаулы болсын,

Еліне елеулі болсын,

Аңсаған армандарына жетсін.

Мұғалім мен ата- ананың еңбегін ақтасын,

Инабаттылық пен тәртіпті мәңгі сақтасын!

Әумин!

1 жүргізуші: Аталар сөзімен өсіп – өнген,

2 жүргізуші: Бабалар бұлағынан нәр алған,

1 жүргізуші: Даналар өсиетінен тәрбие алған,

2 жүргізуші: Ұлылар тәрбиесіне тағзым еткен,

1 жүргізуші: Ұрпағымыз халықтың ғибрат еткен.

2 жүргізуші: Бүгінгі тәрбие сағатын аяқтай келе, кешегі күнсіз, келешек жоқ. Бүгінгі жас ұрпақты сонау замандардан жинақталған ата – бабаларымыздың мол мұрасымен сусындату – біздің міндетіміз. Ұлдың батыр, қыздың әдепті болып қалыптасуы бабалар мұрасына байланысты. Демек, бабаларымыздың өнеге – өсиетін пайдалана отырып тәрбиелеу ұлттық тұлғаны қалыптастыру баршамызға міндет екен дей келе келген қадамдарыңызға гүл бітсін қош сау болыңыздар!







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Ата салты? - асыл ?азына? !

Автор: ?оштаева Алия Сатыл?ан?ызы

Дата: 24.01.2016

Номер свидетельства: 281942

Похожие файлы

object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Класс са?аты "Ата салтым- асыл ?азынам""
    ["seo_title"] => string(31) "klasssagatyatasaltymasylkazynam"
    ["file_id"] => string(6) "327041"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1463380513"
  }
}
object(ArrayObject)#886 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Класс са?аты "Ата салтым- асыл ?азынам""
    ["seo_title"] => string(32) "klasssagatyatasaltymasylkazynam1"
    ["file_id"] => string(6) "327042"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1463380521"
  }
}
object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) ""Ата-салты?-асыл ?азына?""
    ["seo_title"] => string(20) "atasaltynasylkazynan"
    ["file_id"] => string(6) "274001"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1452322546"
  }
}
object(ArrayObject)#886 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "Ата салтым-асыл ?азынам "
    ["seo_title"] => string(24) "ata-saltym-asyl-k-azynam"
    ["file_id"] => string(6) "167122"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1423052670"
  }
}
object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "Ата салты - асыл қазынам"
    ["seo_title"] => string(23) "ata_salty_asyl_k_azynam"
    ["file_id"] => string(6) "409858"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1492489075"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства