kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ата салтым-асыл ?азынам

Нажмите, чтобы узнать подробности

Т?рбие са?аты: Ата салтым-асыл ?азынам

Ма?саты: О?ушылар?а ?з хал?ымызды? салт-д?ст?рлері, асыл

                    ?азыналары мен асыл м?ралары туралы т?сінік беру. Ата

                    салтын са?тау?а, д?ст?рін  жал?астыру?а, асыл ?асиетін

                    бойларына сі?іре білуге т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ата салтым-асыл ?азынам »

Батыс Қазақстан облысы

Тасқала ауданы

Тасқала ауылы

Қ.И.Сәтбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Темиралиева Алтынғаным Жасқайратовна


Ата салтым- асыл қазынам

Мақсаты: Оқушыларға өз халқымыздың салт-дәстүрлері, асыл

қазыналары мен асыл мұралары туралы түсінік беру. Ата

салтын сақтауға, дәстүрін жалғастыруға, асыл қасиетін

бойларына сіңіре білуге тәрбиелеу.

Барысы: -Құрметті ұстаздар, оқушылар! Сіздер «ата салтым-асыл қазынам» атты ашық тәрбие сағатына қатысып отырсыздар. Қай заман болсын адамзат алдында тұратын басты міндет адал, білімді, еңбексүйгіш ұрпақ тәрбиелеп өсіру. Бала тәрбиесі тек мектеп қабырғасында берілмейтіні анық .

Ананың бесік жырынан бастап көріп-білген салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар барлығы да адамның дүниетанымын қалыптастыратын өмір сабақтары.


Салт-дәстүр, әдет-ғұрып атадан балаға қалып отыратын мол мұра. Қазір сіздер осы айтылғандардың куәсі боласыздар.

1-оқушы:

Ассалаумағалейкүм, халқым менің,

Ардақтап дәстүріңді, салтыңды елім.

Мереке басы болсын берекенің,

Игі еңбектің жемісін бәрің жегін.

2-оқушы:

Туған соң адам боп,

Біілімсізден жаман жоқ.

Ел дәстүрін білмесең,

Жұрт айтады надан деп.

Өзге ұлттай біздің де,

Бар дәстүр мен салтымыз.

3-оқушы:

Ата-бабаң ардақты,

Жамандыққа бармапты.

Ардақ тұтып үлкенді,

Ата жолын жалғапты.

4-оқушы:

Біздер бұрын көрмеген,

Салт-дәстүрім өлмеген.

Үйренеміз дәріптеп,

Заманымда өлмеген.

-Балалар, халқымыздың ұлағатты ұлттық ұғымдары көп. Соған байланысты бірнеше сұрақтарға жауап беріп көрейік.

-Қазақтың балаға байланысты қандай әдет-ғұрыптарын білесіңдер?

-Шілдехана, бесікке салу, бөбекті қырқынан шығару, тұсау кесу, атқа мінгізу салты т.б


-Бұл баланың дүниеге келгеннен бастап, ержеткенге дейінгі жасалатын әдет-ғұрыптардың тәрбиелік мәні ерекше. Олай болса, осы әдет-ғұрыптар туралы қысқаша айтып өтейік.

Шілдехана- сәби дүниеге келгеннен соң бір жеті бойына ана мен баланы күтіп, оның көңілін көтеріп, оның қасына дастархан жаю әдеті.

Бесікке салу- бұл кішігірім той ретінде өтеді. Келушілер тарту, шашу, жоралғыларын алып келеді. Бесікке салу тәжірибелі әжеге немесе анаға жүктеледі. Бесіктің түбегінен кішкене бұршақ тәрізді тоқаштар өткізіп,

«тыштырма» деп атайды.

Қырқынан шығару-бөбек дүниеге келген соң 40 күннен кейін оның алғаш рет шашы мен тырнағы алынады. 40 қасық су құйылып, сол суға шомылдырады. Баланың ит көйлегіне тәтті дәм толтырып, оны иттің мойнына байлап жүгіртеді. Соңынан қуып жеткен бала дорбаға ие болады.

Тұсау кесер- бір жасқа толып еркін жүре бастаған бал бөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей жақсы жүріп кетуіне тілек білдіру салтанаты ретінде өтеді. Тұсауы кесілген баланы «Ақ жол болсын» деп ақ орамалдың үстімен немесе жұмсақ кілем үстімен жүргізеді.

Баланы атқа мінгізу салты-баланың буыны бекіп, 4-6 жасқа келгенде ат үстінде өзін-өзі ұстап отыра алатын жағдайға жеткенде, атқа мінгізу салтын жасап, ат құлағында ойнайтын денсаулығы зор, мықты, шымыр жауынгер, еңбекқор, қиыншылыққа төзімді ұрпақ тәрбиелеудің бір түрі.Балаға ер- тұрмандарын сыйлап, атқа мінгізіп той жасайды. Бұл әрекет ер баланың ендігі азамат болуға дайындалғанының белгісі болып саналады.

-Аталарымыз ер жігіттен ауылдың, рудың, елдің мүддесін қорғауға әрқашан дайын болуды талап еткен.

Ұлдарға көкпар тарту, бәйгеге шабу, аударыспақ, теңге алу, күрес, сайыс сияқты ойындарын үйреткен.

«Қыз өссе –елдің көркі» дегендей, қыз баланың сырт бейнесі, киіне білуі оның ішкі мәдениеттілігімен, тәрбиелік деңгейімен байланысты. Қыз баланы жасынан төзімділікке, әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеген. Қазақ халқының салт-дәстүрі болашақтың айқын көрінісіне үлесін тигізеді. Сендер ата салтын ұстанып, еліміздің мәртебесін, көк байрағын биікке көтерер ұрпақсыңдар!

Ән: «Көк тудың желбірегені»

Қорытынды: «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» дегендей, ата салтымыздың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін жоғалтпай, адамгершілігі мол, инабатты, иманды адам болып өсіңдер!





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ата салтым-асыл ?азынам

Автор: Темиралиева Алтынганым Жаскайратовна

Дата: 04.02.2015

Номер свидетельства: 167122


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства