kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ата салты - асыл қазынам

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ұлттық салт-дәстүр басты байлығымыз! Ата салты- асыл қазынам!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ата салты - асыл қазынам»

Білім беру саласы: «Әлеумет», «Таным», «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қоршаған ортамен танысу

Тақырыбы: «Ата салты – асыл қазынам»

Мақсаты:

  1. Өткен оқу қызметтерінде алған білімдерін пысықтау, қайталау;

  2. Сайыс арқылы балалардың оқу қызметіне деген қызығушылығын арттыру;

  3. Балаларды ұлтшылдыққа, Отансүйгіштікке, ауызбіршілікке тәрбиелеу;

  4. Жаңа технологиялар арқылы балалардың ой-өрісін дамыту.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотиватциялық- қозғаушылық

Залға келеді.

Әуен ойналып тұрады. Балалар қанекей көздерімізді жұмып, мұқият тыңдаймыз.

(релаксация жүргізіледі)


Балалар залға келіп, шеңбер құрып тұрады. Көздерін жұмып, тәрбиешіні тыңдайды.

Іздену - ұйымдастырушы








- Көзімізді жұмып, жайлауға келдік деп елестетейік. «Жазық дала, таза ауа, жап-жасыл шөптердің иісі мұрынымызға келіп жатыр. Алыстан атқа мінген жас бала көрінеді. Киіз үй тұр. Сол киіз үйдің ішіне кірейік. Ортада үстел үстінде ұлттық ыдыстар бар.

-Көзімізді ашайық.

-Балалар, қалай ойлайсыңдар, бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметі не туралы болмақ?

-Жарайсыңдар, дұрыс айтасыңдар. Біздің бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіміз сайыс түсрінде өтетін болады. Жыл бойы алған білімдеріңді ортаға салып, сайысқа түсетін боламыз. Менің қолымда әртүрлі оюлар бар. Қазмойын, қошқармүйіз, тұмарша, т.б. Осылардың қайсысы ұнайды, таңдап алыңдар. Таңдап алынған ою - топтың аты болады. Әрбір дұрыс, нақты жауап берген топты оюлармен марапаттайтын боламын. Сонымен балалардың таудауы бойынша, I-топ «Қошқармүйіз», II-топ «Қазмойын».


I-тапсырма: Мнемотехника арқылы берілген мақалдарды балалар табуы керек, жалғастыруы керек және мақалдың не туралы айтылғанын ашып айтуы керек.

II-тапсырма: Күй ойнап тұрады.

-Балалар саусақтарымызды көтерейікші. Қазір құмның үстіне саусақтарымызбен оюдың суретін саламыз.

Қазақта бір ою бар – «Қошқармүйіз»,

Орын алар тұрағы, көрпе-киіз.

Шеберлер осы өрнекпен сәндегенде,

Көз тартып құбылады оюымыз.

-Мен қандай ою туралы өлең оқыдым.

Ендеше қошқармүйіз оюын құмға бейнелейік.


-Балалар айтыңдаршы, оюды көрпе, киіз, кілемнен басқа қай жерлерге қолданамыз?

-Дұрыс, ендеше мен сендерге бір ойын ойнатқым келіп тұр.


III-тапсырма:

Д/О: «Қай пішінге ұқсас?»

Мақсаты: Ұлттық киімдерді атай білуге үйрету. Қабылдау қабілетін дамыту.

Шарты: Ұлттық киімдердің қай пішінге ұқсайтынын тауып, тиісті орнына қою керек. Атау керек.


Сергіту сәті: «Хан талапай ойыны».

Шарты: көп асықты жерге шашып жіберіп, «Хан талапай» деп айтады. Асықтардың ішінен балалар ең үлкен асықты тез, шапшаң тауып алулары қажет.


IV-тапсырма:

1-ден 10-ға дейінгі сандарды ұяшықтарға орналасырамыз.

Шарты: берілген асықтарды цифрмен белгіленген ұяшықтарға санап сонша асық салу керек.

/М.Монтессори элементтері бойынша (таяқша орнына асық қолданылған)


V-тапсырма:

-Балалар, біздер өткен ұйымдастырылған оқу қызметімізде қазақша отыру, тұру, өлшем бірліктері түрлерінің қалай аталатынын өткен болатынбыз. Ендеше экрандағы суреттерге қарап, менің сұрағыма жауап беруге дайындаламыз. Суреттерден отыру, тұру түрлері және өлшем түрлері көрсетіледі.

Балалар атауларын атайды. /слайд/


VI-тапсырма: Жұмбақтар:

  1. Кіруге адам батпайды,

Затыңды аман сақтайды. /Сандық/


  1. Текшелеп төрге жиғаным не? /Көрпе, жастық/


  1. Кесе, шыны, пиала-

Оларсыз шай құяя ма?

Қасықсыз тамақ жемейді,

Бәрінің атын не дейді? /Ыдыс/


  1. Әжем уыстап сығып,

Далада кептірген.

Қатты әрі тәтті дәмін,

Кім бар жеп көрген? /Құрт/


-Балалар, жарайсыңдар, өте жақсы білімдеріңді көрсеттіңдер. Жинаған оюларыңды санайық.

-Сайыста жеңіске жеткен топ жеңістерің құтты болсын!

Әрине сайыс болғасын жеңіс те, жеңіліс те болады. Бірақ біз бір топтың балалары болған соң, ауызбіршілігіміз мықты болуы керек.

«Бірлік бар жерде – тірлік бар» -дейді қазағым. Енді мен сендерге мына кілемшені бүгінгі алған оюларыңызбен өрнектеуге шақырамын. Барлығымыз бірге орындасақ – әдемі кілем шығады деп ойлаймын.

-Жарайсыңдар, кілеміміз әдемі болып шықты. Енді мен сендермен бірге ойын ойнағым келіп тұр.

Ойын: «Достық көпірі»

Шарты: Балалар екі қатарға тұрып, қолдарын созып, бір-біріне айқастырып тұрады. Тәрбиеші үстінен допты домалатып жібереді.

-Көрдіңдер ме, балалар, доп домалап жерге түсті. Ол сіздердің достығыңыздың белгісі.



Тәрбиешіні тыңдап, көз алдарына елестетеді.






Көздерін ашады.

-Салт-дәстүр, әдет-ғұрып, т.б











Оюларды таңдап алады.

I-топ «Қошқармүйіз», II-топ «Қазмойын».



Қолдарын көтеріп жауап береді. Дұрыс жауапқа бір оюдан алып отырады.


Балалар саусақтарын көтереді, көрсетеді.







Қошқармүйіз оюы туралы.

Балалар құммен жұмыс жасайды.

Киімдерге, киіз үйге, сандықтарға, т.б.





Дидактикалық ойын ойнайды.


Бірінші болған топ марапатталады.



Балалар сергіту сәтін орындайды. Асықтардың ішінен «Хан» асықты тез табуға тырысады.



Балалар берілген тапсырманы орындайды.

Алдымен болған топ марапатталады.





Балалар экрандағы суреттерден отыру, тұру түрлерін және өлшем түрлерін танып атауын атайды.

Дұрыс жауабын айтқан топ марапатталады.






Жұмбақтардың жауабын ойланып шешеді.


Дұрыс жауабын айтқан топ марапатталады.












Жеіңске жеткен топ марапатталады.








Балалар ұжыммен кілемді безендіреді.






«Достық көпірі» ойынын ойнайды.

Рефлексті - Коррекцялаушы

-Жарайсыңдар, балалар. Біз бүгін қандай тақырыпта әңгіме қозғадық?

-Жарайсыңдар. Бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметі сендерге ұнады ма?

-Бүгін біз өткен оқу қызметтерімізді есімізге түсіріп, сұрақтарға жауап бердік. Сайысқа барлығыңыз жақсы қатыстыңдар. Салт-дәстүрімізді сақтауымыз керек. Ауызбіршілігіміз мықты болуы керек. Барлығыңызға рахмет.


Балалар сұрақтарға жауап береді.



Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Қазақ халқының салт-дәстүрін, мәдениетін білуі керек.

Болуы керек: Есте сақтау, қабылдау қабілеті және ұйымдастырылған оқу қызметіне қызығушылығы болуы керек.

Қолынан келуі керек: Тапсырманы мұқият тыңдап, орындап білуі керек, оюларды, қазақша отыру, тұру, өлшем бірліктері түрлерін түрлерін атап танып білуі керек.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Ата салты - асыл қазынам

Автор: Айладырова Қалампыр Аспенбетқызы

Дата: 18.04.2017

Номер свидетельства: 409858

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Класс са?аты "Ата салтым- асыл ?азынам""
    ["seo_title"] => string(31) "klasssagatyatasaltymasylkazynam"
    ["file_id"] => string(6) "327041"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1463380513"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Класс са?аты "Ата салтым- асыл ?азынам""
    ["seo_title"] => string(32) "klasssagatyatasaltymasylkazynam1"
    ["file_id"] => string(6) "327042"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1463380521"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) ""Ата-салты?-асыл ?азына?""
    ["seo_title"] => string(20) "atasaltynasylkazynan"
    ["file_id"] => string(6) "274001"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1452322546"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "Ата салты? - асыл ?азына? !"
    ["seo_title"] => string(21) "atasaltynasylkazynan1"
    ["file_id"] => string(6) "281942"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1453626260"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "Ата салтым-асыл ?азынам "
    ["seo_title"] => string(24) "ata-saltym-asyl-k-azynam"
    ["file_id"] => string(6) "167122"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1423052670"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства