kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Айдана ашық тәрбие сағаты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Айдана ашық тәрбие сағат. Дені сау ұрпақ-жарқын болашақ

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Айдана ашық тәрбие сағаты»



Тақырыбы: Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ




Сабақтың мақсаты:
1. оқушыларға салауатты өмір салтын сақтаудың қажеттілігі, жат әдеттерден аулақ болуға үйрену;
2. ой – өрістерін, сана, сезімдерін, шығармашылықтарын дамыту;
3. адамгершілік пен биік мәдениеттілік қасиеттерді бойына сіңірген жан – жақты, рухани дамыған тұлғаны тәрбиелеу.


Білімділік мақсаты: табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы –денсаулықты сақтаудың басты жолдары –зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін ұғындыру.


Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың бойына адами игі қасиеттерді қалыптастыруға, денсаулықтың қадірін түсіне, сақтай білуге тәрбиелеу. «Ауырып ем іздегенше, аурмаудың жолын іздегеннің» әлде қайда тиімдірек екендігін ұғындыру, дене тәрбиесіне, салауаттылыққа дағдыландыру


Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі өткелі отырған «Дені сау ұрпақ-жарқын болашақ» тақырыбындағы ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы –денсаулықты сақтаудың басты жолдары –зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін ұғындыру болып табылады.

Халықта мынадай дана сөз бар:

«Ақша жоғалтқаның – ештеңе жоғалтпағаның,

Уақыт жоғалтқаның – көп нәрсе жоғалтқаның,

Денсаулық жоғалтқаның – бәрін жоғалтқаның».

Қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселелердің бірі – адам денсаулығы. Адам өміріне қауіп төндірітін жағдайларға соғыс, ашаршылық, экологиялық жағдайлар және адам ағзасын азғындайтын зиянды әрекеттер жатады.

Осы жағдайлар ішінде бізге түсінбеушілік тудыратын соңғысы, яғни адам ағзасын азғындайтын зиянды әрекеттер.

Бұлар қандай әрекеттер?

Бұлар: шылымқорлық, ішімдік, нашақорлық т.б. Бүгінгі тәрбие сағатында біз осы зиянды әрекеттер туралы әңгіме қозғап, солардан сақтану жолдарын қарастырамыз.





Баяндама.

«Шылымқорлық»

1-оқушы: Темекінің шығу тарихы – темекі Еуропа мен Азияға 15 ғасырда келген. Алғашқы кезде темекі тіс ауруына қарсы қолданылатын дәрі ретінде пайдаланылып жүрген. Ресейде темекі тарту дағдыға айналып, кең етек жайған мезгіл – Петр І патшалық еткен кез.

Дүниежүзілік «Денсаулық сақтау» ұйымының мәліметі бойынша темекінің зардабынан қайтыс болатындар саны 10 миллионға жетеді деген болжам бар. Темекінің шоғы 300 градусқа жеткенде оны сорған адамның аузының температурасы 60 градусқа дейін барады. Бұл ауыз, өңеш, кеңірдек, тыныс жолдары мен асқазан қабығының нәзік жасушаларын күйдіреді.Денсаулығымызға өте зиян. Шылымға әуес болмайық жас достар!


Алкоголь ішімдіктеріне тым үйір адамның өмір ұзақтығы – халықтың орташа өмір ұзақтығымен салыстырғанда 15-20 жас кем. Баланың миының дамуының 40-60 пайыз артта қалу себебі ата-аналарының маскүнемдігі.

Қазақстанда халықтың басым көпшілігі алкоголь ішімдіктерін пайдаланады, оның ішінде балалар-7 %, жасөспірімдер-37 %, жастар-54,5 %. Бұл балалар мен жасөспірімдердің ата-аналарының біреуі не екеуі де маскүнемдікке салынған жандар екені анықталған.

Маскүнемдікті дер кезінде тоқтатпасаң, айықпас дертке ұшырап өз өміріңе балта шабасың.



Рахмет жігіттер. Ендігі кезекте 5 турдан тұратын сайысымызды таныстырып өтейін және Әділқазылар алқасы- _________________________________________________________________

Таныстыру;
“Тәрбие көзі – халықта”  мақал-мәтел сайысы;
“Сөз тапқанға қолқа жоқ”     сұрақтарға бір әріптен басталатын сөздермен жауап беру;
“Дені саудың – жаны сау”    қимыл-қозғалыс ойындары
“Дені сау ұрпақ-жарқын болашақ”   шығармашылық тапсырма. «Сурет көрмесі»
Қорытынды




                               I.            Таныстыру;
Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа.
Өмірде бақыттысың денің сауда.
«Денсаулық- терең бақыт» деген сөзді,
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да.-дей отырып 3топты таныстырып өтейін.

1ші топ-Біз мықтымыз

2-ші топ-Денсаулық-зор байлық

3-ші топ- Шымыр жігіттер






Денің сауда күштісің бұл әлемде,
Денің сауда сұлусың жер бетінде .
Сол мықты денсаулықтың арқасында,
Жетерсің әлі талай бақыттарға. – дей отырып алғашқы турымызды бастаймыз.

IІ. «Тәрбие көзі – халықта».
Денсаулықты сақта түзу өсесің
Күнәдан пәк жәннат өмір кешесің.
Көрген күнің қараңғы ғой дерт шалса,
Харамменен тәніңді улап не етерсің?
Жаман әдет көп шектірер қасірет,
Сақта өзіңді, жақсылыққа жетерсің.-дей келе мақал-мәтелдің бастапқы жағын оқимын, ал сіздер соңғы қатарын жалғастырасыздар.

1)  Денсаулық                             – зор байлық
2) Ауру батпандап кіріп,                      мысқылдап шығады.
3) Жан ауырса, тән азады.
4) Тәні саудың –                                         жаны сау.
5) Тәуіптің жақсылығы                   – ауруға ауру жамамағандығы
6) Бас аманда мал тәтті,                             бас ауырса жан тәтті.
7) Аңдамай сөйлеген,                             ауырмай  өледі.
8) Ауруын жасырған                        өледі
9)Денің сау болса   …                         жарлымын деме
10) Тазалық – саулық негізі,                                    саулық – байлық негізі.
11) Ауырып ем іздегенше,                                      ауырмайтын жол ізде.
12) Аурудың жақсысы жоқ,                                     дәрінің тәттісі жоқ.


ІІІ. “Сөз тапқанға қолқа жоқ”     сұрақтарға бір әріптен басталатын сөздермен жауап беру;
Денсаулықты сақта түзу өсесің
Күнәдан пәк жәннат өмір кешесің.
Көрген күнің қараңғы ғой дерт шалса,
Харамменен тәңірді улап не етерсің?
Жаман әдет көп шектірер қасірет,

Сақта өзіңді, жақсылыққа жетерсің.
Біз сайысымыздың кезекті туры “Сөз тапқанға қолқа жоқ”   -қа  береміз.
А                                       Б                                        Ж

 

Жасыңыз нешеде?
Денсаулығыңыз жақсы ма?
Сабақта басыңыз ауырса не істейсіз?
Денсаулық – зор байлық па?
Қан тобыңыз қанша
Адамда қанша саусақ бар?
Спортпен шұғылданасың ба?
Ден сау болу үшін не істеу керек?
Сүйікті тағамыңыз қандай?
Гигенаны қалай сақтаймыз?
Бөлмені қанша уақыт сайын желдету керек?
Іш ауырса не істейсің?
Дәрігерден қорқасың ба?
Мақалды жалғастырыңыз: “Денсаулықтың қадірін …..”
Денсаулық жайында тілек айтыңыз.


ІV. “Дені саудың – жаны сау”    қимыл-қозғалыс ойындары
Денсаулық- ол шынықан
Барлық дене мүшесі:
Ден саулық- ол тыныққан
Жүйке тамыр жүйесі.
Денсаулық – ол  күлуің,
Көңіл күйің жадырай.
Денсаулық- ол жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.
Болсаң да әлі қаршадай,
Ойнау үшін шаршамай,
Оқу үшін мектепте,
Ашу үшін тәбетті,
Құру үшін сен сауық
Керек мықты денсаулық.

1. Қасқырдан қорқып, қашып келе жатқан қоянның қимылын  көрсетіңіз. 1 минут
2. Балға тойып алған аюдың аралардан қашуын көрсетіңіз.  1 минут


3. Ит қуып келе жатқан мас адамның жүрісін көрсетіңіз. 1 минут



V. “Дені сау ұрпақ-жарқын болашақ”   шығармашылық тапсырма
Басты байлық – денсаулық.
Бабам айтқан даналық.
Сақта жолын сен тауып,
Осы шақтан балалық.
Дені саудың- жаны сау.
Денсаулық сенің байлығың.
Мықты болсаң досым ау
Жуымас саған қайғы мұң.

1- топ:
…………………………………………баламыз,
………………………………………….аламыз.
……………………………………………..
………………………………………….санамыз.


2- топ:
…………………………………………күлеміз,
………………………………………….жүреміз,
……………………………………………….
……………………………………………сүреміз.


3- топ:
…………………………………………жанымыз,
………………………………………….әніміз,
……………………………………………….
……………………………………………сәніміз.
Сергіту сәті. Флешмоб А-15о оқу тобы

Ендігі кезекте мен мықтымын деген жігіттер ортаға шықса, яғни әр топтан 2бала. Қол күрестіреміз.
Сайысты қорытындылау барысында оқушылар өнерін көрсетеді. 



Ән: Қараман Бекжанның орындауында________________________________ қабыл алыңыздар!

Келесі кезекте Совет Ұланның орындауында______________________________________әні.





VII Қорытынды:
Денің сау болсын десең,
Ұзақ өмір сүргің келсе
Жаңа достар тапқың келсе
Көңілің сергек болсын десең,
Зиянды әдеттен аулақ болғың келсе,
Салауатты ғұмыр кешем десең,
Арманыңа жетем десең,
Үлгілі болам десеең,
Таза болам десең,
Өнерлі болғың келсе,
Өз еркіңе тоқтау салып,
Спортпен шұғылдан!
 Ән:  
Әділқазылар үш топтың ұпайын есептеп, ынталандыру сыйлықтарымен марапаттады..














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Айдана ашық тәрбие сағаты

Автор: Айдана Сарбаева

Дата: 14.01.2017

Номер свидетельства: 379258

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "Айдана - ашық тәрбие сағаты"
    ["seo_title"] => string(28) "aidana_ashyk_t_rbiie_sag_aty"
    ["file_id"] => string(6) "378943"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1484307590"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) "Наурыз мейрамына арнал?ан ашы? т?рбие са?аты"
    ["seo_title"] => string(49) "nauryz-mieiramyna-arnalg-an-ashyk-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "279097"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1453195729"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "Ашы?  т?рбие    са?аты  "Т?уелсіздік""
    ["seo_title"] => string(34) "ashyk-t-rbiie-sag-aty-t-uielsizdik"
    ["file_id"] => string(6) "258200"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1448462528"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(94) "Ашы? т?рбие са?аты Та?ырыбы: «Абай болы?дар, балалар!»"
    ["seo_title"] => string(54) "ashyk-t-rbiie-sag-aty-tak-yryby-abai-bolyn-dar-balalar"
    ["file_id"] => string(6) "311955"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459268131"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(107) "«?лемні?  жары?ын  сыйлады?  сен  ма?ан ....» /ашы? т?рбие са?аты/ "
    ["seo_title"] => string(60) "liemnin-zharyg-yn-syiladyn-sien-mag-an-ashyk-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "195497"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1427910106"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства