kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Табиғат айнасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Табиғат! Осы бір жүрекке жылы, көңілге көтеріңкі сезім сыйлайтын салиқалы да салмақты сөзде қаншама терең тұжырым, ұлағаты мол ұғым, мағыналы да мазмұны ауқымды ой жатыр десеңізші!

        Табиғат – барлық тіршілік атаулының құтты қоныс-мекені, алтын ұя- бесігі, бар байлықтың ырыс, қазынасы. Ал, адам үшін табиғат ең қасиетті де, қастерлі ұғым!  Өйткені адамның өзін дүниеге алып келген аяулы да ардақты Анасы, сондықтан да адамның табиғатты «Ана» деп құрметтеуінде де өте терең танымдық та, тағылымдық және тәрбиелік мәні зор ұғым жатыр.

Туған жерді Анам демей не дейін,

Туған жерді панам демей не дейін.

Туған жермен асқақ менің ән-жырым,

Туған жермен асқақ менің мерейім.         Жұбан Молдағалиев

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Табиғат айнасы»

Тақырыбы:«Алтын күз»
Мақсаты:1) табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы балалардың білімдерін кеңейту;
2) күз мезгілінің берекелі екенін айтып, түсінік беру, ойлау қабілетін дамыту.
3) балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Алтын күз» жазуы бар қағаз, әр түрлі суреттер,, үнтаспа.

Барысы: Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата - аналар, кішкентай бүлдіршіндер! Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Күз мезгілі барлық үйге молшылық алып келсін.
Жүргізуші: Балалардың орындауында «Күз келгенде»әнін тамашалаңыздар
Жүргізуші: Бүгінгі мерекеге балалар анасымен бірлесіп, сән көрсетілімін дайындап келген екен,ана мен баланың сән көрсетілімін бағалайтын әділқазы алқасымен таныстыру.
Жүргізуші: Қанекей, балалар енді күзге арнаған тақпақтарымызды айтайық.

Алтын күз, әсем айналам,
Қараймын көзім талғанша.
Жақын қалды желтоқсан,
Жабырқайды жапырақ.

Жел тынымсыз гуілдеп,
Болып кетті тым бұзық.
Шуылдайды тал - терек,
Жапырағын жұлғызып.

Көк майсалы көрікті,
Алқаптағы көп егін.
Бұл күндері киіпті,
Сары жібек көйлегін.


Алтын, сары, қызыл, көк...
Алуан алуан жапырақ,
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады жапырақ.

Алқаптан бидайды
Қоймаға ел жинайды.
Тырнасы тізілген,
Ұнатам күзді мен.


Жайдарлы күз, жомарт күз,
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толы кең далам
Дариядай шалқып жүр.

Жүргізуші: Балалардың орындауында «Күзгі бақ»әнін тамашалаңыздар.
Жүргізуші: Балалар, адамдар күзде қандай киімдер киеді?
Балаларр: Күзгі жылы киімдерін киеді.
Жүргізуші: Ендігі кезекте, балалардың анасымен бірлесіп дайындаған күзгі сән үлгісін тамашалайық.
Әдемі әуен ойналып, балалар анасымен күзгі сән үлгісіне шығып, өздерінің және аналарының киімдерін неден қалай дайындағанын бірлесіп сипаттап, таныстырады.
(Осы кезде ішке сары киім киген түрлі - түсті жапырақтар тағынған алтын күз келеді)
Күз: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендердің шақыру хаттарыңды алдым, сендерге көп рахмет.
Балалар, мен сендерге көкөністерімді, жемістерімді ала келдім. Көкөніс пен жемісті қалай жақсы көретіндеріңді тексереміз. Бізге екі бала қажет, олардың көздерін орамалмен байлап, мына тұрған ыдыстағы жеміс пен көкөністі қолдарымен ұстап, дәмін татып анықтаулары қажет.
Күз: Жарайсыңдар балалар, өте дәм сезгіш екенсіңдер.
Жүргізуші: Алтын күз, енді балалардың өзіңе арнаған «Жапырақтар» биін тамашалыңыз
Жүргізуші: Балалардың орындауында «Жапырақтар» биі
Күз: Балалар билерің қандай тамаша, ендігі кезекте ата - аналарды сынап көрейік, күзде қалай шапшаң еңбектенеді екен. Екі ата - ана ортаға шығып, мына тұрған 2 картопты жылдамдыққа және қабығын үзбей тазалау қажет.
Жүргізуші: Балалар, күздің алып келген көкөніс, жемісі дәмді ме екен?
Балалар: Иә, өте дәмді.
Жүргізуші: Сол көкөніс пен жемістерді ортаға шақырайық.
(Осы кезде көкөніс пен жемістер ортаны бір айналып, қатарласып шығады)
Сәбіз: Өсіретін бойыңды,
Дамытатын ойыңды.
Қоянға да азықпыз,
Сәбіздерміз жазықсыз.

Алма: Мен алмамын, алмамын,
Таңдай жұлар бар дәмім.

Қызылша: Ақ түсім бар қант алар,
Қызыл түсім қанға нәр.
Зияным жоқ біліп қой,
Қызылшамын пайдам бар.

Өрік: Мен өрікпін, өрікпін,
Табиғатқа көрікпін.

Қарбыз: Көрсең егер бақшада,
Доп екен деп қалма.
Шөл қандырар қарбызбын,
Ерте үзіп алма.

Алмұрт: Мен алмұртпын, алмұртпын,
Аузындамын бар жұрттың.

Қауын: Иісім жұпар аңқыған,
Бақшадағы шырынмын.
Жеп көргенде тамсанған,
Балдай тәтті қауынмын.
Күз: Балалар, ойын ойнап, көкөніс жемісті тани білдіңдер, мен сендерге ризашылығымды білдіріп, сыйымды табыс етемін.
(Күз, балаларға алма таратады)
Күз: Мен туралы жаттаған әсем тақпақтарыңды, айтқан әндеріңді көріп, билеріңді тамашалап көңілімді көтердім. Рахмет сендерге, келесі кездескенше.
Жүргізуші: Балалар, барлығымыз күздің сыйына алғысымызды білдіріп, шығарып салайық.
Балалар: Рахмет сізге күз, сау болыңыз!
Күз: Сау болыңдар балалар!
Жүргізуші: Ендігі кезекті әділ қазыларға береміз.
Жүргізуші: Балалардың орындауында «Жеміс тердім»әнін тамашалаңыздар.
Жүргізуші: Алтын күз атты ертеңгілігімізді тамашалағандарыңызға рахмет.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Табиғат айнасы

Автор: Сайдуганиева Назакат Хасановна

Дата: 02.09.2017

Номер свидетельства: 427094

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(108) "внеклассная работа по теме "Домбыра -халы? ж?регіні? айнасы" "
    ["seo_title"] => string(65) "vnieklassnaia-rabota-po-tiemie-dombyra-khalyk-zhurieghinin-ainasy"
    ["file_id"] => string(6) "194758"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1427809784"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "Ашы? саба?  "Таби?атты аяла да, ба?ала""
    ["seo_title"] => string(32) "ashyksabaktabigattyaialadabagala"
    ["file_id"] => string(6) "305400"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457939769"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) ".Ата-ана - баланың бас тәрбиешісі"
    ["seo_title"] => string(32) "ata_ana_balanyn_bas_t_rbiieshisi"
    ["file_id"] => string(6) "452677"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1516960628"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "Таби?атты адам   ?алай зерделейді? "
    ["seo_title"] => string(36) "tabig-atty-adam-k-alai-zierdielieidi"
    ["file_id"] => string(6) "207215"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1430375995"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(83) "Таби?атты адам ?алай зерделейді? саба? жоспары"
    ["seo_title"] => string(51) "tabig-atty-adam-k-alai-zierdielieidi-sabak-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "251837"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447307002"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства