kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Монтессори әдісі арқылы баланың қол моторикасын дамыту

Нажмите, чтобы узнать подробности

Монтессори әдістемелері арқылы баланың қол моторикасын дамыту жолдарының бірі болып табылады.Баланың психологиясын дамытады

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Монтессори әдісі арқылы баланың қол моторикасын дамыту»

1 ЖАСТАН БАСТАП 3 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТІРШІЛІК

ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

 

Ерте жастағы топтарда ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті мен балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру:

- бала денсаулығына, эмоционалдық жай-күйіне, жан-жақты дамуына қамқорлық жасау;

- топта адамгершілік пен тілектестік қарым-қатынасын құру;

- осы жастағы балаларға тән әрекет түрлерін барынша көп қолдану, оларды кіріктіру;

- тәрбиелеу және оқыту процестерін шығармашылықпен ұйымдастыру;

- білімдік материалдарды қолданудың вариативтілігі;

- отбасы және мектепке дейінгі ұйым жағдайында балаларды тәрбиелеу мен дамыту жолдарын үйлестіруден тұрады.

Ересектер мен балалардың бірлескен әрекеттері «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта» білім беру салаларының кірігуі аясында ұйымдастырылады.

Педагогикалық процесс келесі компоненттерден тұрады:

1. ҚР МЖМБС 1.001-2009 базалық оқу жоспарына сәйкес ұйымдастырылған оқу әрекеті.

2. Мектеп жасына дейінгі балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру: балалардың дербес қимыл-қозғалыс әрекеттері - ойын, ересектермен бірге өткізілетін көркемсөз әрекеті.

Ерте жастағы балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыруда күн тәртібін тұтастай және оның әрбір элементін нақты орындау, топта жарыққа, ауаға, температуралық режимге, жиһаздар мен жабдықтарды іріктеу мен орналастыруға қойылатын физиологиялық-гигиеналық талаптар негізгі болып табылады.

Сергектік уақытында баланың жас ерекшелігіне сәйкес ақыл-ой, дене және эмоционалдық жүктемелерді, сонымен қатар толық демалуды қамтитын әрекет түрлерін орынды кезектестіру қажет.

Күн тәртібінде шынықтыру шараларына, сергіту жаттығуларына және музыкалық үзілістерді өткізуге уақыт бөлінуі тиіс.

Тәрбиеші қызметінің басты бағыттарының бірі - балалардың қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыру. Әртүрлі қимыл-қозғалыс балада жағымды көңіл күй туғызып, шаршаудың алдын алады, бұлшық етке түсетін күшті кезектестіруді қамтамасыз етеді. Күн бойында (мысалы, серуенде) тәрбиеші бақылау, қимылды немесе дидактикалық ойындар ұйымдастырады. Педагог балалардың жағымды эмоционалды жай-күйін қолдай отырып, дербес ойындар мен мазмұнды іс-әрекеттерге бағыттай келе, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде меңгерген білімдерді бекітіп, алған тәжірибесін қолдануға үйретеді.

Ерте жастағы балалар арасында дене және жүйке жүйесі мен психикасының дамуында ерекшеліктер байқалады, сондықтан тәрбиеленушілердің әрекеті мен демалысын ұйымдастыруды саралап қарау маңызды. Ол дәрігерлік-педагогикалық бақылау нәтижесіне, әр баланың денсаулығына және оның жүйке жүйесі мен даму деңгейінің ерекшелігіне байланысты іске асырылады.

Күн тәртібінде балалардың гигиеналық күтіміне маңызды орын беріледі. Сонымен қатар, күнделікті өз-өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастыру, бала дербестігін тәрбиелеу қажеттілігі артады, мақсатты түрде педагогикалық әсер ету белгілі орын алады. Балаларда өзіне-өзі қызмет ету дағдыларын қалыптастыра отырып, үнемі көмек көрсету қажет.

1 жас пен 1 жас 6 ай аралығындағы балалар күндіз екі рет, ал 1 жас 6 айдан асқан балалар 1 рет ұйықтайды, сөйтіп, балалар бір топта тәрбиеленгенімен, екі түрлі режимде болады

Таңертеңгі ас балалар оянғаннан кейін 1-1,5 сағаттан соң беріледі. Балаларды біртіндеп, шағын топтармен, балабақшаға келу уақытына байланысты немесе түнгі ұйқыдан кейінгі гигиеналық шаралардан соң тамақтандырады. Балалардың өздігінен әрекеттерді орындай алмайтындығын және қажетті дағдылар мен іскерліктерді біртіндеп меңгеретінін ескере отырып, бір мезгілде көп дегенде төрт балаға ғана тамақ беріп, жуындыру, киіндіру немесе шешіндіру жүзеге асырылған жөн. Серуенге жиналғанда топтағы балалардың бір жартысын тәрбиеші мен күтуші киіндіреді (балалардың екінші жартысы бұл уақытта ойнап жүреді), серуеннен кейін шешіндірген балалар басқаларын күтпей, топқа кіріп ойнай береді.

Әр шағын топта жасы кіші және әлсіз балаларды бірінші кезекте ұйықтауға жатқызып, ең соңында оятады.

1 жас 6 ай - 1 жас 7 айлық бала күндіз 1 рет ұйықтауға ауыстырылған кезде сылбыр, не мазасыз күйде болса, баланы біраз уақытқа бұрынғы режиміне көшіру қажет. Күндізгі ұйқыдан соң балаларды кезекпен оянуына қарай тамақтандырады.

Қыстыгүні бір жарым жастан асқан балалар таңғы және бесін астан соң күнделікті серуенге шығады. Жазда, қолайлы жағдай болғанда, балалар жақсы жабдықталған көгалдандырылған алаңда ойнайды.

1 жастан бастап 2 жасқа дейінгі ерте жастағы топтарда ұйымдастырылған оқу іс әрекеті шағын топпен күннің бірінші және екінші жартысында жүргізіледі. Ерте жастағы балалардың психофизиологиялық жас ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру салаларындағы барлық тақырыптар бір ай ішінде білім, білік, дағдыларды жалпылап, бекіту мақсатында 2-3 рет қайталануы мүмкін.

Балалардың дербес іс-әрекеттерін ұйымдастыруда жақсы көңіл күйге жағдай құру ерекше мәнге ие. Балалар ән айту, музыкалық аспаптарда ойнау, көңілді тақпақтар оқу, билеу кезінде жағымды көңіл күйде болады.

Балаларға арналған көңілді ойын-сауықтар ұйымдастырылады: билер, жақсы таныс немесе жаттап алуды қажет етпейтін қимылды ойындар (мысалы, айнамен шағылыстырған күн сәулесін, сабын көбіктерін ұстап алу), бұрамалы ойыншықтарды, таныс қуыршақ театрының кейіпкерлерін (доппен ойнайтын, сүт ішетін, киімге тырмысып өрмелейтін мысық) көрсету.

Тәрбиеші іс-әрекет үстінде балалардың барлығын көз алдында ұстағаны, педагог назарын, мейірімін, тілектестігін әр баланың сезгені маңызды.

Жақсы көңіл күй балалардың бір-біріне жағымды қарым-қатынасын тәрбиелеумен байланысты. Екі жаста балалардың арасында дау-жанжалдар пайда болуы мүмкін, өйткені тілдері нашар дамығандықтан бала толық түсіндіре алмайды, сұрай білмейді. Сондықтан, бірге ойнаған балалардың шаршамауын қадағалау қажет. Балалардың бір-бірімен өзара қарым-қатынасына кешкі уақыт қолайлы, себебі тәрбиеші барлық уақытын балалардың дербес әрекетін ұйымдастыруға арнайды, ересек балалардың өзін-өзі ұстауы мен ойын үлгілерін сәбилердің еліктеуі үшін қолданады.

Балалармен жұмыс істеуде тәрбиешіге бірқалыпты, байсалды дауыс ырғағын сақтап, еліктеуге лайықты жағдайға назар аударып, ескертуді бір балаға басқаларға сездіртпей жасау қажет. Белсенді сөйлеудің дамуымен байланысты баланы өзінің қажеттілігін қимылмен емес (тартып алды, ұрып жіберді), сөзбен (сұрау, тәрбиешіден көмек сұрау) білдіруге үйрету қажет.

Бала өзін-өзі ұстау ережелері мен ойыншықтарды сақтау орнын топқа келген күннен бастап білуі тиіс.

Үш жасқа қараған шағында балалар тұрмыста, ойында, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде дербес, ал қозғалыстары үйлесімдірек бола бастайды.

3 жастағы баланың күн тәртібін құру барысында, ең алдымен, сергектік уақытының сипаты мен ұзақтығында болатын өзгерістерді ескеру қажет. 2 жастағы балалармен салыстырғанда дербестігінің айтарлықтай артуымен байланысты түрлі гигиеналық шараларды жүргізу мен органикалық қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған уақыты едәуір кемиді. Бұл жастағы балалар тамақты жылдамырақ ішеді, киімін ауыстыруға да аз уақыт жұмсайды, сондықтан сергектік уақыты түрлі күрделірек істермен толықтырылады. Балалар ұзағырақ ойнайды, қоршаған ортаны бақылайды, ересектермен бірге болып, ұзақ серуендей алады. Әлбетте, сергектік сипаттамасы сергектік уақыты ұзағырақ болғандықтан өзгермейді, бұл өзгерістер жалпы дамумен анықталатын баланың мінез-құлқындағы өзгерістерге байланысты жүзеге асырылады.

Баланың жалпы дамуымен байланысты сергектігіндегі өзгерістерге қарамастан, бала 3 жаста жоғары жүйке жүйесі қызметінің ерекшеліктеріне сай ұзақ уақыт бір іспен шұғылдана алмайды: бірқалыпты іс-әрекеттер мен қимылдар оларды жалықтырады. Сонымен бірге, бала әрдайым өзінің жай-күйін бағалай білмейді, іс-әрекетінің сипатын, енжарлығын өзгерте алмайды. Ол үшін күн тәртібін құру барысында бөлмедегі және серуендегі іс-әрекеттердің түрлерін ауыстырып отыру қажет. Сергектік уақытында балалардың өздігінен ойыны тәрбиешімен бірлесіп әрекет жасауға, бөлмедегі ойын - серуенмен, қимылды ойындар - тыныш ойындармен ауыстырылуы қажет. Бала өмірін ұйымдастыруда әр баланың ұйқыдан оянғаннан кейін тамақ ішіп, басқа балаларды күтпей, тәрбиешінің бақылауымен өздігінен ойнауын ұйымдастырған жөн.

Режимдік процестерді ересектердің әңгімелеуімен, түсіндіруімен ұластырған дұрыс. 3 жаста сөз жетекші роль атқара бастайды, әсіресе, жаңа қимылдар мен іс-әрекеттерді үйретуде көрсету маңызды тәсілдердің бірі болып қала береді. Сөздің көмегімен ересек адам кейбір әрекет түрлерін баланың есіне салады («Арман, қолыңды жудың ба?»), есіне түсіреді («Әсел, қолыңды жуып болсаң, үстел басына отыр»), түсіндіреді («Бақыт, тәрелкедегі тамақты қолыңмен ұстама, екінші қолыңа нан ал»).

Ақыл-ойдың дамуы, бала тұлғасының дербестік, бастамашылық, шығармашылық жағынан қалыптасуы белсенді іс-әрекет процесінде іске асырылады. Сондықтан, ерте жастағы балалардың режимдік процестер мен ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінен бос уақыттарының барлығын дербес іс-әрекетпен толықтырылуы қажет. Осы кезеңдегі дербес әрекет әртүрлі болуы мүмкін. Олар: сюжетті-рөлдік, дидактикалық, құрылыс, ойындары, қимылдар, бағдарлық-танымдық әрекет, бақытаулар, кітаптар мен суреттер қарастыру, бейнелеу өнері, өзіне-өзі қызмет ету элементтері, ересектердің тапсырмаларын орындау.

Ересектер ерте жастағы балаларды заттар әлеміне енгізеді, олардың қызметімен және неге арналғандығымен таныстырады, қоршаған ортаны тануға бағытталған іс-әрекеттерін ынталандырады. Осыған байланысты, кез келген уақытта өз қалауынша заттармен әрекет етуге, ойнауға, қозғалу мүмкіндігіне ие болатын пәндік-дамыту ойын ортасымен:

- қозғалыс белсенділігін қажет ететін ойыншықтар және жабдықтармен қамтамасыз етіп, олардың орындарын жиі ауыстырып, санитарлық өңдеу тәртібін сақтаумен;

- баланың қолы жететін жерге автодидактикалық, ойын материалдарын орналастырумен;

- ойын бөлмелерінде өзгертуге жеңіл тақырыптық дамыту орталықтарын жабдықтау: «Өнер», «Сенсорлық-құрылыс», «Көңілді доп», «Табиғат бұрышы», «Құм және су», «Ертегі аралы», «Асүй», «Сәндену бұрышымен»;

- әрбір орталықта балалардың жеке қажеттіліктеріне, қызығушылықтарына, тәрбиелеу және дамыту міндеттеріне сүйене отырып, дидактикалық және ойын материалдарын іріктеумен;

- мектепке дейінгі ұйым мен отбасындағы жағдайларға қойылатын талаптардың бірыңғай болуымен қамтамасыз ету қажет.

 

 


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Презентации

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Монтессори әдісі арқылы баланың қол моторикасын дамыту

Автор: Кулумбетова Жангуль Аманбековна

Дата: 17.10.2017

Номер свидетельства: 432879

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(122) "Ұсақ және жалпы моториканы дамыту.баланың жан-жақты дамуына әсері."
    ["seo_title"] => string(72) "u_sak_zh_nie_zhalpy_motorikany_damytu_balanyn_zhan_zhak_ty_damuyna_sieri"
    ["file_id"] => string(6) "375462"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1483560545"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(117) "Конспект технологической карты"Қуыршақ Машаға қонаққа барамыз""
    ["seo_title"] => string(74) "konspiekt_tiekhnologhichieskoi_karty_k_uyrshak_mashag_a_k_onak_k_a_baramyz"
    ["file_id"] => string(6) "465579"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1523281955"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(88) "Конспект по теме ""Л" дыбысын айту?а машы?тандыру""
    ["seo_title"] => string(52) "konspiekt-po-tiemie-l-dybysyn-aitug-a-mashyk-tandyru"
    ["file_id"] => string(6) "262299"
    ["category_seo"] => string(10) "logopediya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1449311533"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "Мүсіндеу "Сылдырмақ""
    ["seo_title"] => string(18) "musindeu_syldyrmak"
    ["file_id"] => string(6) "530413"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1575554457"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства