Просмотр содержимого документа
«"Кітап білім бұлағы" тақырыбында презентация»
Кітап-білім бұлағы
Сабақтың мақсаты: кітаптың, одан алатын білімнің адам өміріндегі маңызын ұғындыру, оқуға, білімге деген құштарлықтарын ояту, кітаптың шығу тарихымен таныстыру, неден, қалай жасалатынын ұғындыру, кітапты таза,ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.
Мұғалім:-Балалар, бүгін біз өзіміздің ең жақын досымыз кітап туралы сөз қозғамақпыз.
Оқусыз, білімсіз дүниенің қыр-сырын ұғып, түсіну мүмкін емес. Сондықтан да ерте кезден бастап-ақ адамзат баласы білімге, ғылымға аса мән берген. Өз білгенін, көргенін кейінгі ұрпаққа мұра ретінде жазбаша түрінде қалдырып отырған.
.
Мектеп табалдырығын аттаған өздеріңдей жас бүлдіршіндер өмірінің ең басты кезеңін, білім бастауын «Әліппенден» алады. Қолындағы су жаңа кітапқа қызыға да, тамсана да қарайды.
Ал осы оқулықтарды шығарып, кітаптарды жазып, ұрпағының сауатты, білімді болуы үшін маңдай терін төгетін ұлы ақын-жазушыларымыздың еңбегі аса зор, әрі жауапты екенін біз білуге тиіспіз.
Алғаш қазақ тілінде кітап құрастырып, оқулық жазған көрнекті ақын, ғалым, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлы. Алғаш әліппені жазған да осы кісі. Сондықтан да«Әліппенің атасы»атанған. Алғаш«Қазақ хрстоматиясы»атты оқулықты да осы кісі жазған.
Ал, ең алғаш қазақ балаларына мектеп ашып, оқулық жазған, балаларды оқуға, білімге шақырған Ы.Алтынсарин атамыз.
Сонымен қатар, қазақ балаларының білімді, сауатты, өнерлі болуына еңбегі сіңген ұлы ақын Абай Құнанбаев атамыз. Ол балаларға арнап әңгімелер, өлеңдер жазды.
ІІІ. Кітаптың шығу тарихы туралы не білеміз?
1-оқушы:Ежелгі заманда Мысырда, Греция мен Римде балшықтан арнайы тақтайшалар құйылды. Оның бетіне үшкір қаламшалармен жазулар жазылды. Онан соң олар кептіріліп, арнайы пештерде күйдірілді. Міне, осылайша қыш кітаптар дүниеге келді.
2-оқушы. Ерте кезде кітап тас бетіне де қашалып жазылды. Адамдар өздерінің көргендерін, білгендерін тастардың бетінеқашап жазып, суреттерде салып отырған.
3-оқушы:Ежелгі Мысырда«папирус»деп аталатын су өсімдігінен дайындалған материалға аралып жасалды. Міне, осылайша«Орама кітаптар»шықты. (Кіші Азиядағы Пергам патшалығының шеберлері жасаған)
4-оқушы: Ертеде адамдар жазуды әр түрлі аңдардың терісіне жазған. Ол үшін теріні жуып тазалап,илеп, кептіріп содан соң жазулар жазған. Осылайша пергемент кітатар дүниеге келді.
5-оқушы: Қағаздан жасалған кітапта тұңғыш рет Қытайдан шықты.
Кітаптың іші әдемі суреттермен көркемделіп, мұқабалары алтынмен, күміспен және басқа бағалы заттармен әшекейленіп жасалды.
6-оқушы: Кітап басудың үлгісін ХІ ғасырда Қытай өнерпазы Би шэн, ХV ғасырда неміс шебері Иоганн Гутенберг ойлап тапты.
7-оқушы: Кітап шығару оңай шаруа емес. Ол үшін қаншама адамның маңдай тері төгіледі. Оған жұмысшының да, ақынның, жазушының да, суретшінің де еңбегі сіңеді.
IV.Кітап бізді неге үйретеді?
1-оқушы:Кітап сөзі арабтан шыққан.
Қазақшасы «жазу», «жазба» дегенді білдіреді.
2-оқушы: Кітап-адамзат жасалған ең ұлы кереметтердің бірі.
3-оқушы: Кітап-адам баласы тек жақсы қасиеттерге баулиды.