kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза? ханды?ына-550 жыл

Нажмите, чтобы узнать подробности

 ?аза? ханды?ыны? 550-жылды?ына арнал?ан «Бабалар арманы-?рпа??а аманат» та?ырыбында?ы тарихи-танымды? т?рбие са?ат

б?лімдері

 

Танымды?  са?атты?  ма?саты: ?аза? ханды?ыны? ?ткен тарихына шолу жасай отырып, о?ушыларды Отанды с?юге, ту?ан жерді ата-бабаны ??рметтеуге, ?ор?ау?а т?рбиелеу. Елімізге т?уелсіздікті? о?ай жолмен келмегендігін ??ындыру. ?ткен тарихтан та?ылым ала отырып бабалар аманатын б?лжытпай орындауда,  «М??гілік ел» идеясы аясында жа?а ?аза?станды? ?лтжандылы??а т?рбиелеу.

Т?рбие са?атында?ы негізгі б?лімдерде:

 1.М.Х. Дулати  - «Тарих-и Рашиди»

 2.Ал?аш?ы ?аза? Хандары-Керей мен Ж?нібек

3.?асым хан кезіндегі ?аза? Ханды?ы – «?асым ханны? ?ас?а жолы»

4.Сал?ам Ж??гірді? саясаты ж?не Орб?ла? шай?асы

5.Т?уке хан кезіндегі ?аза? Ханды?ы-«Жеті Жар?ы»

6.Абылай хан кезіндегі ?аза? ханды?ы

7.Хан Кенені? билігі

Саба?ты? к?рнекілігі: презентация, ?аза? Ханды?ы мен ?аза?стан Республикасыны? картасы, суреттер, ?аза? ханды?ыны? туы, «М??гілік ел» эмблемасы, ?аза?стан Республикасыны? туы.

«Егер бізді? ?ш да??ты биіміз-Т?лені?, ?азыбекті?, ?йтекені? ?з заманында?ы е? ас?а? м?раты барлы? ?аза?тарды? бірлігі бол?ан болса, сол м?рат бізді? заманымызда да е? басты ма?сат болып ?ала береді». 

?Р Президенті Н.?.Назарбаев

?аза? ханды?ыны? ал?аш?ы тарихшысы жайлы м?лімет

М.Хайдар Дулати «Тарихи-и Рашиди» кітабы. ?аза? ханды?ыны? ал?аш ??рылуы жайлы на?ты ?збек ?білхайыр ханды?ынан Керей мен Ж?нібек хандарды? б?лініп шы?уы жайлы т???ыш рет айтылады. М.Хайдар Дулати 1541-1546 ж е?бегін Кашмирде парсы тілінде жаз?ан. ??ндылы?ына ?ызы??ан а?ылшындар б?л е?бекті 1895 жылы тауып алып, а?ылшын тіліне аударады.

М.Хайдар Дулати ??ламаны? шынайы, шыншыл тарихында ?аза? ханды?ыны? ??рылу тарихы, Ж?нібек пен Керей, ?асым хандар туралы те?дессіз тарихи деректер айтылады.

Ал М.Хайдар Дулати е?бектерін ал?аш рет Ресей ?ылымында зерттеп, ?ылыми айналым?а енгізген ?аза?ты? т???ыш демократ ?алымы Шо?ан Уалиханов еді. Шо?ан Уалиханов «Тарих-и Рашиди» деген 22-беттік ма?ала жарияла?ан болатын.

Б?л е?бекте ?білхайыр ханды?ынан б?лініп Мо?олстан жеріне Батыс Жетісу?а ?оныс аудар?ан ?аза? ханды?ыны? ??рыл?ан жылы 1465 жыл деп к?рсетілген, я?ни хижраны? 870 жылы деп аталады. Міне осы тарихи дерек бойынша 2015 жыл ?аза? Ханды?ыны? 550 жылды?ын ел к?лемінде атап ?тілуде.

Болат?лы Керей мен Бара??лы Ж?нібек хандар

Болат?лы Керей – ?аза? ханды?ыны? негізін ?алаушы, А? Орданы? ханы ?рысты? ш?бересі.

Бара??лы Ж?нібек –?аза? ханды?ыны? ша?ыра?ын к?терушілерді? бірі. Ж?нібек ханы? ла?ап аты, оны? азан ша?ырып ?ой?ан есімі-?бусаид (кей деректе Бусаид).

Керей мен Ж?нібек хандар ?білхайыр ханнан б?лініп, Жетісу?а ?арай бет алуы тек сылтау ?ана.

Б?лініп кетуді? негізі ?лде?айда тере?де. Біріншіден, ол ханды?ты? ішінде ?леуметтік-экономикалы? ?айшылы?тарды? к?шеюінен бол?ан.Біра? оны? барлы?ы ?аза? Ханды?ындай ханды? ?кімет ??ра алма?ан.К?ш Жетісуды? батысында?ы ?озыбасы мен Шу деген жерге келіп ?оныстанды.                                                                                                                                                    →?оныс аударушылар саны басында 200 мы? адам?а жеткен. 1465-1666 жылы жасы ?лкен Керейді а? киізге отыр?ызып хан сайлады.

?аза? Ханды?ы ?зіні? «?аза?» деген атымен д?ниеж?зіне таныла бастады. Керей мен Ж?нібек ханды?ты? саяси жа?ынан жа?сарту?а ?рекет жасады. 1470 жылдан бастап ?здеріні? ата ?онысы Т?ркістан айма?ын ?ол астына ?арату?а кірісті. ?аза? Ханды?ы Сы?ана?, Сауран ?алаларын ?з ?арама?ына алды.

Ханны? 5 т?рлі ???ы?ы мен міндеті бол?ан:

  • Мемлекетті? жеріне билік ж?ргізу ???ы?ы
  • Хан со?ыс жариялау?а, билік жасау?а ???ылы, ?скер бас?ару?а міндетті
  • Хан шет елдермен келісс?з ж?ргізуге ???ылы
  • Хан ?зіне ба?ынышты адамдарды ?лім жазасына кесуге, оны тірі ?алдыру?а ???ылы.
  • Хан за? шы?ару?а, б?йры? беруге ???ылы.
  •  

Ж?нібек?лы ?асым хан 1511-1518 ж аралы?ында ханды? ??рды

?асым ханны? кезе?інде:

  • Халы?ты? саны 1 млн-?а жетті
  • ?скеріні? саны 300 мы? болды
  • Жер к?лемі артты
  • «?асым сал?ан ?ас?а жол» за?дар жина?ы. Б?л за??а мына ережелер енген:
  1. м?лік за?ы (жер дауы, мал-м?лік дауы);
  2. ?ылмыс за?ы (кісі ?лтіру, талау, шап?ыншылы? жасау, ?рлы? істеу);
  3. ?скери за? (аламан міндеті, ?осын жаса?тау, ?ара ?азан, ерді? ??ны, т?лпар ат);
  4. елшілік жорал?ылары (майталман шешендік, халы?аралы? ?атынаста?ы сыпайылы?, ?дептілік, ибалылы?);
  5. ж?ртшылы? за?ы (ш?лен тарту, ас, той, мереке, думан ?стіндегі ережелер, ат жарыс, б?йге ережелері, жасауыл).

 

Шы?ай?лы Есім хан 1598-1628 ж аралы?ында ханды? ??рды

  • Есім хан ?аза? тарихында «Е?сегей бойлы ер Есім» деген атпен ?йгілі болды, о?ан б?л ата? 1598 жылы а?асы Т?уекел ханмен бірге Мауреннахр?а жаса?ан жоры?та ерекше к?зге т?скені ?шін берілген екен.
  • Ел аузында «Есім ханны? ескі жолы» деген а?ыз са?тал?ан. ?оныс-т?ра??а, мал-м?лікке, адамдар арасында?ы ?арым-?атынас?а ?атысты туындайтын дау-шарды? шешімдері осы кезде сараланды.
  • ?асым ханны? за? ережелерін Есім хан ел билеуде ?тымды пайдалана білді.
  • Елді? ?ор?аныс ?абілетін ны?айту?а ба?ыттал?ан за?дары Есім ханны? шын м?нінде мемлекет т?р?ысында?ы ірі ?айраткер екенін к?рсетті.

 

Есім?лы  Ж??гір 1628-1652 ж аралы?ында ханды? ??рды

  • Есім ханны? баласы
  • ??мыры Жо??арлар?а ?арсы к?ресте ?тті
  • ?ажайып ерліктері ?шін Сал?ам Ж??гір деп атады
  • Ханды? кезе?і Жо??ар шап?ыншылы?ына тура келді. ?лем тарихшылары мойында?ан е? ауыр те?десі жо? шай?ас тіркелді. Ол Орб?ла? шай?асы деп аталды.

 

 

 

 

 

Ж??гір?лы Т?уке хан 1680-1718 ж аралы?ында ханды? ??рды

  • Сал?ам Ж??гір ханны? баласы. Шешесі – ?алма?ты? хошоуыт тайпасыны? билеушісі К?нделен-тайшыны? ?ызы. 
  • Т?уке ханны? елі ?шін сі?ірген ерен е?бегі екі ?ырымен айры?ша назар аударады. Бірі – елді? іргесін аман са?тауда сырт?ы саясатты білгірлікпен ж?ргізіп, антала?ан к?п д?шпан?а бел аудырма?аны. Екіншісі – елді? ішкі жа?дайын реттеудегі саяси-???ы?ты? т?ртіпті орнатуы.
  • Т?уке ханны? аты тарихта «Жеті жар?ы» за?дарымен де ты?ыз байланысты. Ол ?аза?ты? ата?ты билерімен а?ылдаса отырып, ?аза?ты? ?дет-??рып за?дарын, билер сотыны? т?жірибелерін, аса дарындылы?пен айтыл?ан т?йінді биліктерді жина?тап, ?зінен б?рын?ы «?асым ханны? ?ас?а жолы», «Есім ханны? ескі жолы» сия?ты ?аза? за?дарын жа?а жа?дай?а сай ?згертіп, толы?тырып, дамыту негізінде «Жеті жар?ы» атты за?дар жина?ын ??растырды.

У?ли?лы Абылай Хан 1771-1781 ж аралы?ында ханды? ??рды

  • 1713 жылы туыл?ан.
  • Оны? азан айтып ?ой?ан аты ?білманс?р
  • Абылай жиырма жасында ?ан майданда ерлігімен таныл?ан. Б??арды? Абылай?а «Сен жиырма жас?а жеткен со?, Алтын т??ыр ?стінде А? с???ар ??стай т?леді?» деуі осыны? д?лелі.

Сырт?ы саяси ?ызметіні? ба?ыты:

1.Оны? бір орталы?тан бас?арылатын мемлекет ??руыны? с?ті т?сті.

1.Ресеймен ?зара ?арым-?атынасында тату-т?тті к?ршілік саясатын ?стану?а тырысты.

2.Ол сот билігін к?шейте т?сті не??рлым к?шті, ы?палды саяси т?л?а Абылайды? ке?есшісі Б?хар жырау болды.

2.Ресей мемлекетімен дипломатиялы? ж?не сауда байланыстарын орнатты.

3.?аза? рулары мен тайпалары арасында?ы ?а?ты?ыстар мен барымта алуды то?татты.

3.?з ?оластында?ы халы?ты Ресей ?скери ?ызметкерлеріні? орынсыз талаптары мен ?рекеттерінен батыл ?ор?ай білді.

4.Іс ж?зінде Ресейге м?лде т?уелсіз ішкі ж?не сырт?ы саясат ж?ргізді.

 

?асым?лы Кенесары хан 1841-1847 аралы?ында ханды? ??рды

  • 1802 жылы туыл?ан
  • ?аза?ты? со??ы ханы
  • Абылай ханны? немересі
  • Кенесары бала кезінен-а? ат ??ла?ында ойнайтын, ??ралайды к?зге ат?ан мерген болды. ?анжы?асы ?анды ?ажайып а?шылы?ымен, ?ара ?ылды ?а? жар?ан ?ділдігімен, ерік-жігері, ?ажымас ?айратымен ж?не ж?рек ж?т?ан батылды?ымен, ?айтпас ?айсар ?а?арманды?ымен тaнылды. Оны? бойында ?йымдастырушылы? ж?не ?скери?олбасшылы? таланты мол болатын.
  • 1837-1847 ж аралы?ында б?кіл ?аза?станды ?амты?ан ?лт-азатты? ?оз?алысты бас?арды
  • Кенесары ханны? ерлігі мен батырлы?ы жайлы к?лемді зерттеу ж?мыстары мен ?деби шы?армалар жазылды.

 

 

 

 

?орытынды:

Ата – бабаларымыз а?са?ан азатты? пен т?уелсіздікті алды?. Дана хал?ымызды? «Білегі мы?ты бірді жы?ады, білімі мы?ты мы?ды жы?ады» деп ата?андай, ?иялынан ?анат біткен, ойы ?ш?ыр, білімді жастар сендерсі?дер. ?р?айсысы?ны? ж?регі? елім деп со?ады, олай болса, елге, жерге деген с?йіспеншілігімізді арттырып, ел ?шін, халы? ?шін ?ызмет етуге, бабаларымыз ?алдыр?ан аманат?а ?иянат жасамау?а барлы?ымыз міндеттіміз.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?аза? ханды?ына-550 жыл»

Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған «Бабалар арманы-ұрпаққа аманат» тақырыбындағы тарихи-танымдық тәрбие сағат

бөлімдері



Танымдық сағаттың мақсаты: Қазақ хандығының өткен тарихына шолу жасай отырып, оқушыларды Отанды сүюге, туған жерді ата-бабаны құрметтеуге, қорғауға тәрбиелеу. Елімізге тәуелсіздіктің оңай жолмен келмегендігін ұғындыру. Өткен тарихтан тағылым ала отырып бабалар аманатын бұлжытпай орындауда, «Мәңгілік ел» идеясы аясында жаңа Қазақстандық ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Тәрбие сағатындағы негізгі бөлімдерде:

1.М.Х. Дулати - «Тарих-и Рашиди»

2.Алғашқы Қазақ Хандары-Керей мен Жәнібек

3.Қасым хан кезіндегі Қазақ Хандығы – «Қасым ханның қасқа жолы»

4.Салқам Жәңгірдің саясаты және Орбұлақ шайқасы

5.Тәуке хан кезіндегі Қазақ Хандығы-«Жеті Жарғы»

6.Абылай хан кезіндегі Қазақ хандығы

7.Хан Кененің билігі

8.Ілияс Есенберлин-Даланың дауылпаз тарихшысы –биыл 100 жаста

9.Ермұхан Бекмахановтың туғанына 100 жыл



Сабақтың көрнекілігі: презентация, Қазақ Хандығы мен Қазақстан Республикасының картасы, суреттер, Қазақ хандығының туы, «Мәңгілік ел» эмблемасы, Қазақстан Республикасының туы.



«Егер біздің үш даңқты биіміз-Төленің, Қазыбектің, Әйтекенің өз заманындағы ең асқақ мұраты барлық қазақтардың бірлігі болған болса, сол мұрат біздің заманымызда да ең басты мақсат болып қала береді».

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев

Қазақ хандығының алғашқы тарихшысы жайлы мәлімет


М.Хайдар Дулати «Тарихи-и Рашиди» кітабы. Қазақ хандығының алғаш құрылуы жайлы нақты Өзбек Әбілхайыр хандығынан Керей мен Жәнібек хандардың бөлініп шығуы жайлы тұңғыш рет айтылады. М.Хайдар Дулати 1541-1546 ж еңбегін Кашмирде парсы тілінде жазған. Құндылығына қызыққан ағылшындар бұл еңбекті 1895 жылы тауып алып, ағылшын тіліне аударады.

М.Хайдар Дулати ғұламаның шынайы, шыншыл тарихында Қазақ хандығының құрылу тарихы, Жәнібек пен Керей, Қасым хандар туралы теңдессіз тарихи деректер айтылады.

Ал М.Хайдар Дулати еңбектерін алғаш рет Ресей ғылымында зерттеп, ғылыми айналымға енгізген қазақтың тұңғыш демократ ғалымы Шоқан Уалиханов еді. Шоқан Уалиханов «Тарих-и Рашиди» деген 22-беттік мақала жариялаған болатын.

Бұл еңбекте Әбілхайыр хандығынан бөлініп Моғолстан жеріне Батыс Жетісуға қоныс аударған Қазақ хандығының құрылған жылы 1465 жыл деп көрсетілген, яғни хижраның 870 жылы деп аталады. Міне осы тарихи дерек бойынша 2015 жыл Қазақ Хандығының 550 жылдығын ел көлемінде атап өтілуде.



Болатұлы Керей мен Барақұлы Жәнібек хандар

Болатұлы Керей – Қазақ хандығының негізін қалаушы, Ақ Орданың ханы Ұрыстың шөбересі.

Барақұлы Жәнібек –Қазақ хандығының шаңырағын көтерушілердің бірі. Жәнібек ханың лақап аты, оның азан шақырып қойған есімі-Әбусаид (кей деректе Бусаид).

Керей мен Жәнібек хандар Әбілхайыр ханнан бөлініп, Жетісуға қарай бет алуы тек сылтау ғана.

Бөлініп кетудің негізі әлдеқайда тереңде. Біріншіден, ол хандықтың ішінде әлеуметтік-экономикалық қайшылықтардың күшеюінен болған.Бірақ оның барлығы Қазақ Хандығындай хандық өкімет құра алмаған.Көш Жетісудың батысындағы Қозыбасы мен Шу деген жерге келіп қоныстанды. →Қоныс аударушылар саны басында 200 мың адамға жеткен. 1465-1666 жылы жасы үлкен Керейді ақ киізге отырғызып хан сайлады.

Қазақ Хандығы өзінің «Қазақ» деген атымен дүниежүзіне таныла бастады. Керей мен Жәнібек хандықтың саяси жағынан жақсартуға әрекет жасады. 1470 жылдан бастап өздерінің ата қонысы Түркістан аймағын қол астына қаратуға кірісті. Қазақ Хандығы Сығанақ, Сауран қалаларын өз қарамағына алды.


Хан сайлау рәсімі

Хан сайлайтын адамды ақ киізге отырғызып, оны ең беделді сұлтан, билер үш рет көтеріп, «хан, хан, хан» деп айқалаған. Одан кейін сол ақ киізді тәбәрік деп бір жапырақтан бөлісіп алған.


Ханның 5 түрлі құқығы мен міндеті болған:

  • Мемлекеттің жеріне билік жүргізу құқығы

  • Хан соғыс жариялауға, билік жасауға құқылы, әскер басқаруға міндетті

  • Хан шет елдермен келіссөз жүргізуге құқылы

  • Хан өзіне бағынышты адамдарды өлім жазасына кесуге, оны тірі қалдыруға құқылы.

  • Хан заң шығаруға, бұйрық беруге құқылы.



Жәнібекұлы Қасым хан 1511-1518 ж аралығында хандық құрды

Қасым ханның кезеңінде:

  • Халықтың саны 1 млн-ға жетті

  • Әскерінің саны 300 мың болды

  • Жер көлемі артты

  • «Қасым салған қасқа жол» заңдар жинағы. Бұл заңға мына ережелер енген:

  1. мүлік заңы (жер дауы, мал-мүлік дауы);

  2. қылмыс заңы (кісі өлтіру, талау, шапқыншылық жасау, ұрлық істеу);

  3. әскери заң (аламан міндеті, қосын жасақтау, қара қазан, ердің құны, тұлпар ат);

  4. елшілік жоралғылары (майталман шешендік, халықаралық қатынастағы сыпайылық, әдептілік, ибалылық);

  5. жұртшылық заңы (шүлен тарту, ас, той, мереке, думан үстіндегі ережелер, ат жарыс, бәйге ережелері, жасауыл).


Шығайұлы Есім хан 1598-1628 ж аралығында хандық құрды

  • Есім хан қазақ тарихында «Еңсегей бойлы ер Есім» деген атпен әйгілі болды, оған бұл атақ 1598 жылы ағасы Тәуекел ханмен бірге Мауреннахрға жасаған жорықта ерекше көзге түскені үшін берілген екен.

  • Ел аузында «Есім ханның ескі жолы» деген аңыз сақталған. Қоныс-тұраққа, мал-мүлікке, адамдар арасындағы қарым-қатынасқа қатысты туындайтын дау-шардың шешімдері осы кезде сараланды.

  • Қасым ханның заң ережелерін Есім хан ел билеуде ұтымды пайдалана білді.

  • Елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға бағытталған заңдары Есім ханның шын мәнінде мемлекет тұрғысындағы ірі қайраткер екенін көрсетті.


Есімұлы Жәңгір 1628-1652 ж аралығында хандық құрды

  • Есім ханның баласы

  • Ғұмыры Жоңғарларға қарсы күресте өтті

  • Ғажайып ерліктері үшін Салқам Жәңгір деп атады

  • Хандық кезеңі Жоңғар шапқыншылығына тура келді. Әлем тарихшылары мойындаған ең ауыр теңдесі жоқ шайқас тіркелді. Ол Орбұлақ шайқасы деп аталды.


1643 жылы басталды



Орбұлақ шайқасы





600 жауынгермен 50 мың жоңғарға қарсы





жер жағдайын шебер пайдаланып,

Қосқолаңдағы Орбұлақ деген жерге орналасты

Аз қолды таптап өтпек болған дұшпан әскері алғашқыда 10 мың адамынан айрылды. Самарқан қаласынан Жалаңтөс Баһадүр 20 мың әскерімен көмекке келеді.


Жергілікті композитор Рамазан Таймановтың Қорқыт әні орындалады:



Жәңгірұлы Тәуке хан 1680-1718 ж аралығында хандық құрды


  • Салқам Жәңгір ханның баласы. Шешесі – қалмақтың хошоуыт тайпасының билеушісі Күнделен-тайшының қызы. 

  • Тәуке ханның елі үшін сіңірген ерен еңбегі екі қырымен айрықша назар аударады. Бірі – елдің іргесін аман сақтауда сыртқы саясатты білгірлікпен жүргізіп, анталаған көп дұшпанға бел аудырмағаны. Екіншісі – елдің ішкі жағдайын реттеудегі саяси-құқықтық тәртіпті орнатуы.

  • Тәуке ханның аты тарихта «Жеті жарғы» заңдарымен де тығыз байланысты. Ол қазақтың атақты билерімен ақылдаса отырып, қазақтың әдет-ғұрып заңдарын, билер сотының тәжірибелерін, аса дарындылықпен айтылған түйінді биліктерді жинақтап, өзінен бұрынғы «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» сияқты қазақ заңдарын жаңа жағдайға сай өзгертіп, толықтырып, дамыту негізінде «Жеті жарғы» атты заңдар жинағын құрастырды.


Күлтөбе басындағы жиыннан көрініс


Рөлдерде:

-Автор

-Тәуке хан

-Төле би

-Қазбек би

-Әйтеке би

1.Автор: ХҮІІ ғасырдың ІІ жартысы еді. Күлтөбенің үстінде жиналған халық. Тақ үстінде-Тәуке хан. Жан-жағында қазақтың билері мен батырлары отыр.

2.Тәуке хан: - Уа, жұртым, алты алашқа аты шыққан қазақтың жақсылары!

Бүгінде Күлтөбенің басына жайдан-жай жиналып отырған жоқпыз. Бабаларымыз Қасым ханның «Қасқа жолын», Есім ханның «Ескі жолын» жалғастыра отырып, ел тыныштығын сақтайтын, тентекті түзейтін Жарғы қабылдап, «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманға» жетуіміз керек.

Бабадан мирасқа қалған жерді сақтау, нығайту үшін ең алдымен дау-жанжалдың негізі болған көшпелі елдің мал жаятын жайылымын дұрыс жолға қою қажет. Олай болса бірінші жарғы-Жер дауы болсын.

-Ал енді Ұлы жүздің бас биі, Төле би сен не айтасың?

3.Төле би:

-Жыртық уйде жел гулесе сол жаман.

Өлім-бесік әлдилеген сол жаман.

Ұрлық, қарлық барымталап мал тауып,

Берекесін елдің алған сол жаман.

Олай болса, екінші жарғымыз ұрлық, қарлық, барымтаның жолын қиып,ел тыныштығынқорғайтын заңымыз болсын.

4.Тәуке хан:

Ал енді Орта жүздің бас биі Қаз дауысты Қазыбек биге сөз берейік.

5.Қазыбек би:

-Біз қазақ деген мал баққан елміз,

Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.

Елімізден құт береке қашпасын деп,

Найзаға үкі таққан елміз,

Ешбір дұшпан басынбаған елміз,

Басымыздан сөз асырмаған елміз.

Келесі жарғымыз ұлт қауіпсіздігін қамтамасыз ету болсын!

6.Тәуке хан:

-Келесі сөзді Кіші жүздің бас биі Әйтекеге берейік.

7.Әйтеке би:

-Қазақ Ордасын нығайту үшін, ең алдымен ру-руға бөлініп, бір-бірімен қырқысып, ел берекесін рулар арасындағы дауын шешіп, елдің ұлттық бірлігін сақтауымыз керек. Алты алаштың баласы бір –біріне жау болса, елдің ертеңі не болмақ, келесі жарғымыз ру арасындағы дауды шешуге арналған заңымыз болсын.

8.Тәуке хан:

-Уа жұртым, алты алаштың игі жақсылары! Ел тәуелсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етер «Жеті жарғымызды» қабылдадық. Айымыз-оңымыздан туып, «Жеті жарғымыз» темірқазығымыз болсын! Әумин!

9.Автор:

Жер дауы, баяндайтын, біріншісі,

Ру, қоныс болыпты меншікті ісі

Иеленген жеріне жанжал болса,

Біреуге басымдылық қып озбыр кісі

Үй іші мен баланы тәрбиелеу-

Болған екен заңының екіншісі.

Ұрлық, қарлық барымта-үшінші заң,

Баян етер бәрінде білген кісі.

Төртінші болып саналғанмынау заңы,

Бір халықпен басқа ру болса дауы.

Ұлтын жаудан қорғамақ бесіншісі,

Алтыншы-құн, жетіншісі – жесір дауы.

Батыр да, хан да, қара да-өз заманының перзенті. Тәуке хан өз дәуірінде қазақ, орыс, қытай, жоңғар және басқа шығыс халықтары тарихнамасында ірі тұлға. Тәуке хан бірде қолбасшысына мынадай сұрақ қойған екен:

- Мен мынаны білсем деймін. Жоңғар шапқыншылығын тоқтатып, олардың Ордасын күл-талқан ету үшін қазақтарға не қажет?

Әркім әртүрлі пікір айтады:

Тәуке хан: - Бәрі дұрыс-ау, тоқ етерін айтар болсақ, қазақ халқына құдайдың құтты күні және болашақта ауызбірлік қажет. Ол-еліміздің мәңгілік қаруы, күш-қуаты, жеңістеріміздің күретамыры деген екен.

Уәлиұлы Абылай Хан 1771-1781 ж аралығында хандық құрды


  • 1713 жылы туылған.

  • Оның азан айтып қойған аты Әбілмансұр

  • Абылай жиырма жасында қан майданда ерлігімен танылған. Бұқардың Абылайға «Сен жиырма жасқа жеткен соң, Алтын тұғыр үстінде Ақ сұңқар құстай түледің» деуі осының дәлелі.

Қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері

Абылай көреген саяси қайраткер бола отырып, Ресей империясымен Қытаймен дипломатиялық қарым-қатынас жасады.

  • Абылай қаһарлы хан болуымен қатар, қазақ халқының рухани қасиетінен еркін сусындаған дарынды күйші ретінде де белгілі, оның күйлері «Ақ толқын», «Ала байрақ», «Бұлан жігіт» т.б



Домбыраны жақсы тарта білген

Шығыстың жеті тілін білген

Батыл, ержүрек, әбжіл

Сөзге шебер әрі тапқыр

Керемет шешен

Барынша адал әрі әділ



Ішкі саяси қызметінің бағыты:

Сыртқы саяси қызметінің бағыты:

1.Оның бір орталықтан басқарылатын мемлекет құруының сәті түсті.

1.Ресеймен өзара қарым-қатынасында тату-тәтті көршілік саясатын ұстануға тырысты.

2.Ол сот билігін күшейте түсті неғұрлым күшті, ықпалды саяси тұлға Абылайдың кеңесшісі Бұхар жырау болды.

2.Ресей мемлекетімен дипломатиялық және сауда байланыстарын орнатты.

3.Қазақ рулары мен тайпалары арасындағы қақтығыстар мен барымта алуды тоқтатты.

3.Өз қоластындағы халықты Ресей әскери қызметкерлерінің орынсыз талаптары мен әрекеттерінен батыл қорғай білді.


4.Іс жүзінде Ресейге мүлде тәуелсіз ішкі және сыртқы саясат жүргізді.


5.Қытай үкіметіменде дипломатиялық қатынас орнатты.


6.Қытайлықтармен келіссөз жүргізу нәтижесінде Тарбағатай аймағындағы және Іле өзені бойындағы жайылымдарды қазақтардың пайдалануына рұқсат етуге мәжбүр етті.


7.Абылай өзінің негізгі күш – жігерін Жоңғар шапқыншылығын әлсіретуге бағыттады.


8.Қазақ-қырғыз шекарасында тыныштық орнатты.



Құрманғазының «Адай» күйі орындалады:



Қасымұлы Кенесары хан 1841-1847 аралығында хандық құрды


  • 1802 жылы туылған

  • Қазақтың соңғы ханы

  • Абылай ханның немересі

  • Кенесары бала кезінен-ақ ат құлағында ойнайтын, құралайды көзге атқан мерген болды. Қанжығасы қанды ғажайып аңшылығымен, қара қылды қақ жарған әділдігімен, ерік-жігері, қажымас қайратымен және жүрек жұтқан батылдығымен, қайтпас қайсар қаһармандығымен тaнылды. Оның бойында ұйымдастырушылық және әскериқолбасшылық таланты мол болатын.

  • 1837-1847 ж аралығында бүкіл Қазақстанды қамтыған ұлт-азаттық қозғалысты басқарды

  • Кенесары ханның ерлігі мен батырлығы жайлы көлемді зерттеу жұмыстары мен әдеби шығармалар жазылды.






Тарихшы ғалым Е.Бекмахановты

«Қазақстан ХІХ ғасырдың 20–40 жылдарында» атты

еңбегінде Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің тарихын ақтады деген айыппен оның кітабын да, өзін де қызыл империя аямай жазалады.






Ілияс Есенберлин (1915-1983) -қазақ жазушысы."Қаһар" атты кітабында I. Есенберлин XIX ғ. 30-40 жылдарындағы Кенесары Қасымов бастаған Ресей отаршылдығына қарсы қозғалыстың жай-күйін әңгімелейді. Мұнда жазушы жұртқа бұрыннан белгілі тарихи оқиғаларды тізе отырып, ондағы адамдардың күйініш-сүйінішімен, арман-өкінішімен, мұратымен, кейіпкерлер тағдырымен байытып көрсетеді.












Бұл біздің Қазақ елі

  • Әлем тарихында өзіндік орны бар

  • Жер көлемінен 9-шы орын алатын Қазақ елі

  • Ата дәстүрін сыйлаған Қазақ елі

  • Тарихын құрмет тұтқан бұл Қазақ елі

  • Тарихын тасқа қашап жазып, ұрпағына аманат еткен бұл Қазақ елі

  • Бүгін әлем мойындаған Қазақ елі

  • Қазыбек бабамыз жырлаған

  • Біз Қазақ мал баққан елміз

  • Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз


Танымдық сабақты бекіту мақсатында қатысушыларға сұрақтар

  1. Абылай ханның туының түсі?

  2. Тәбәрік дегеніміз не?

  3. Ханталапай дегеніміз не?

  4. Қазақ хандығының алғашқы ту тіккен жері?

  5. Тұңғыш Қазақ хандығының тарихын жазған?

  6. Абылай ханның суретін алғашқы болып салған?

  7. Елім-ай жырының авторы?

  8. Есім, Кенесары хандардың туының түсі?

  9. Қожа Ахмет Йасауи кесенесіне жерленген әйгілі тұлғалар?

  10. Әйтеке бидің шын есімі?

  11. Төле би мен Әйтеке бидің жерленген жері?



Қорытынды:

Ата – бабаларымыз аңсаған азаттық пен тәуелсіздікті алдық. Дана халқымыздың «Білегі мықты бірді жығады, білімі мықты мыңды жығады» деп атағандай, қиялынан қанат біткен, ойы ұшқыр, білімді жастар сендерсіңдер. Әрқайсысыңның жүрегің елім деп соғады, олай болса, елге, жерге деген сүйіспеншілігімізді арттырып, ел үшін, халық үшін қызмет етуге, бабаларымыз қалдырған аманатқа қиянат жасамауға барлығымыз міндеттіміз.



Елім менің әнімен аяқтау




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?аза? ханды?ына-550 жыл

Автор: Махатай Мадина Батырбек?ызы

Дата: 29.01.2016

Номер свидетельства: 284973

Похожие файлы

object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) "$12. Қазақ халқы мен Қазақ хандыының қалыптасуы"
    ["seo_title"] => string(52) "12_k_azak_khalk_y_mien_k_azak_khandyynyn_k_alyptasuy"
    ["file_id"] => string(6) "365295"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1480765908"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства