kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Астана бас ?ала

Нажмите, чтобы узнать подробности

Астана — б?л ке? далада?ы жай ?ала ?ана емес, саяси ерік-жігер к?рінісіні? нышаны. Б?л саяси батыл ?адам. Астана ша?ыра?ы ?лі де болса биіктей т?спек. Жа?а астананы? келешегі б?тіндей XXI ?асырды? еншісінде жатыр. Ал оны? ерте?гі е?сесін к?теретін б?гінгі жас жеткіншектеріміз.

Сарыар?аны? сары белінде ?анжы?алы ?арт Б?генбай елінде ?лан-байта? ?аза? жеріні? ?асиетті орталы?ында мемлекетімізді? жа?а астанасыны? бой к?теруі, жа?а бір м?дени-?ылыми ??м саяси-экономикалы? алып ортаны?, Отанымызды? к?ретамырына ?ан ж?гіртетін, жан бітіретін с?улетті, ?уатты орданы? д?ниеге келуі, ?лбетте, барша жа?сылы?тарды? игіліктерді? шо?ырлануы.Тарих?а ??ілсек, 1830 жылды? маусым айында Есіл ?зені бойында?ы ?ара?ткел т?сында Астана ?аласыны? ал?аш?ы іргетасы ?аланды. 1832 жылы А?мола ішкі округі ресми т?рде жарияланып, оны? округтік а?а с?лтаны болып ?о?ыр??лжа ??дайменді?лы та?айындалды. Ал 1838 жылы Ресей империясыны? отаршылды? саясатына ?арсылы? білдірген жергілікті халы?ты? к?теріліс де?гейін іле-шала Кенесары ?асым?лы А?мола бекінісін алу 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Астана бас ?ала »

Астана бас қала

Астана-болашақтың қаласы

Мақсаты:

білімдері мен түсініктерін кеңейту, көмекші есімдерді 
практикалық жолмен меңгерту. 
Ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру; оқушылардың 
дүниетанымын кеңейту; ауызша ойлау мен сөйлеу 
қабілетін дамыту; сөз тіркестерін және сөйлем құрау 
дағдысын қалыптастыру; 
туған жеріне деген сүйіспеншілігін, туған қаламызға 
патриоттық мақтаныш сезімін туғызу, бір-біріне 
көмек беруге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. 

































ЖОСПАР


  1. Кіріспе


  1. Негізгі бөлім



    1. Астана қаласының Бас жоспары

    2. Халқы

    3. Тарихы

    4. Экономикасы

    5. Қаланың назар аударарлық орындары

    6. Бауырлас қалалары

    7. Қызықты деректер

    8. Қосымша деректер

    9. Орынбордан Ақмешітке көшіру

    10. Елорданы Алматыдан Астанаға көшіру

    11. Заң Қазақстан Республикасы астанасының құқықтық мәртебесін, жұмыс істеуінің ұйымдық – саясатың және экономикалық негіздерін айқындайды

    12. Қаланың дамытудың басымдықтары мынадай

  1. Қорытынды

  2. Пайдаланған әдебиеттер

















КІРІСПЕ

Астана — бұл кең даладағы жай қала ғана емес, саяси ерік-жігер көрінісінің нышаны . Бұл саяси батыл қадам. Астана шаңырағы әлі де болса биіктей түспек. Жаңа астананың келешегі бүтіндей XXI ғасырдың еншісінде жатыр. Ал оның ертеңгі еңсесін көтеретін бүгінгі жас жеткіншектеріміз.

Сарыарқаның сары белінде Қанжығалы қарт Бөгенбай елінде ұлан-байтақ қазақ жерінің қасиетті орталығында мемлекетіміздің жаңа астанасының бой көтеруі, жаңа бір мәдени-ғылыми һәм саяси-экономикалық алып ортаның, Отанымыздың күретамырына қан жүгіртетін, жан бітіретін сәулетті, қуатты орданың дүниеге келуі, әлбетте, барша жақсылықтардың игіліктердің шоғырлануы.Тарихқа үңілсек, 1830 жылдың маусым айында Есіл өзені бойындағы Қараөткел тұсында Астана қаласының алғашқы іргетасы қаланды. 1832 жылы Ақмола ішкі округі ресми түрде жарияланып, оның округтік аға сұлтаны болып Қоңырқұлжа Құдаймендіұлы тағайындалды. Ал 1838 жылы Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсылық білдірген жергілікті халықтың көтеріліс деңгейін іле-шала Кенесары Қасымұлы Ақмола бекінісін алу үшін патша әскерлеріне қарсы алғаш шабуыл жасады.Сөздікке жүгініп, парсы түбірінен қазақша түсінігін іздейтін болсақ, астана — табалдырық, босаға, кіре беріс, сарайдың қақпасы, салтанатты орда есігі деген ұғымдарды білдірнді. Парсыша үндестігі астан (асетан) деп келеді. Келе-келе қазақта жұрт бас қосар орын, халық жиналып ақылдасар жер, ел ағалары байлам-бәтуа айтар орталық мәніне ие болғанға ұқсайды

            Өйткені Махамбет ақынның:

            Астана жұртын айналған

            Атына тұрман болсам деп

            Жұртына құрбан босам деп,

келетін Исатайды арқаландырар жырында астана деп ауыл-аймақ, ел-жұртын айтқан.Шығыс халықтарының өмірінде бір кезде араб, парсы тілдерінің ықпалы Еуропа үшін латын, француз тілдері атқарған қызметпен барабар болды. Сондықтан қазақ тілінің бірқатар ғылыми, саяси, тұрмыстық ұғымдары әу баста осы тілдерден еншіленуі заңдылық. Алтын Орда тұсында билеушілер тағы орналасқан орталықтарыңыз парсының сарай сөзімен аталды. Сол кездегі Сарай-Батый, Сарай-Берке қалалары Еділ жағалауындағы осы есімдес хандар басқарған астаналарымыз еді. Яғни Батый мен берке мемлекетінің орталығы екені тарихтан белгілі. Жайық бойындағы Сарайшық (яғни, кіші Сарай), Қырымдағы Бақшасарай, Балқандағы сарай (еуропалықтар Сараево дейді) — осының бәрі «сән-салтанаты асқан мекен» деген парсы сөзі.



НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Республикалық маңызы бар қала

Астана

Ту

Таңбасы


Ел

Қазақстан

Статусы

Астана

Облыс

Ақмола облысы



Құрылған уақыты

1830

Алғашқы дерек

1830

Бұрынғы атауы

АқмолаЦелиноград,Ақмола

Жер аумағы

722 км²

Ресми тілі

қазақ тілі

Тұрғыны

 828 759[1] адам (2014)

Тығыздығы

958 адам/км²

Ұлттық құрамы

қазақтар 65,2 %
орыстар 23,8 %
татарлар 1,7 %
украиндар 2,9 %
немістер 1,5 %
басқалары 4,9 %[2]

Этнохороним

астаналық

Телефон коды

7172

Пошта индексі

010000

Автомобиль коды

Z, 01

Ресми сайты

http://www.astana.kz
 (қаз.)  (орыс.)  (ағыл.)


Ортаққордағы санаты: Астана









Астана — Қазақстан Республикасының елордасы. Астанада 808 429 адам тұрады (1 қараша 2013)[3]. Қазір қаланың аумағы 200 км2алып жатыр. Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігіндеАқмола облысындаЕсіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан.

Атауы 

Қаланың атауы қазақ тілінен алынған. Қазақша ол сөз елдің бас қаласы дегенді білдіреді. Астана сөзі қазақ тіліне парсы тілінен ауысқан. Онда ол "киелі орын", "босаға" деген мағыналарға ие.

Астана қаласының Бас жоспары  

Астана қаласының Бас жоспары — Астана қаласының тіршілік-тынысының қолайлы ортасын құру және оны орнықты дамыту, экологиялық қауіпсіздікті, табиғат пен мәдени мұраларды сақтау мақсатында жасалған қала құрылысының жоспары. Бұл жобаҚазақстанның президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен іске асып жатыр.

Әкімшілік бөлінісуі 

Астанада Сарыарқа ауданыАлматы ауданы және Есіл ауданыбар.

Халқы

Астана қаласы халқының саны 2000 жылмен салыстырғанда 169,2 мың адамға көбейіп, 2006 жылдың басында 550,2 мың адам болды. Халық саны бойынша Қазақстандағы Алматы қаласынын кейінгі 2-орында.

Астана қаласы халқының табиғи қозғалысының оң факторы бала туу мен неке қию деңгейінің артуы болып табылады. 2005 жылы қалада 8,8 мың бала өмірге келді, ол 2000 жылы туылғандармен салыстырғанда 4,3 мыңға көп. 2005 жылы бала туудың коэффициенті 1 мың тұрғынға шаққанда 6,3, өлім — 6,7 құрады.

Қала халқының өсуі негізінен көші-қон ағыны есебінен қамтамасыз етілуде. Көші-қон сальдосының елеулі түрде өсуі (50 мыңнан асатын шекте) 2000—2001 жылдары байқалды.

Келгендердің санының кеткендерден асып түсуі негізінен азаматтардың республиканың ішіндегі көші-қон есебінен қамтамасыз етілді. Алайда соңғы жылдары оның салыстырмалы түрде тұрақтануы байқалады (2002 ж. — 6,8 мың, 2003 ж.- 5,4 мың, 2004 ж. — 14,2 мың, 2005 ж. — 15,7 мың адам). Халықтың табиғи өсімі осы кезеңде 2000 жылғы 1513 адамнан 2005 жылы 5,2 адамға дейін көбейді.

Астана халық санының өсуі 

Статистикалар

Осы тенденция сақталса қала халқының саны бірнеше жылда миллионға жетеді. Қазақстанның Алматы қаласынан кейінгі тағы бір миллионер қаласы тіркеледі. 2009-жылдың көрсеткіштерінде Астана қаласының миграциялықсальдосы 31 908 адамды құрады – бұл республикадағы ең жоғарғы көрсеткіш. [5]


ҚОРЫТЫНДЫ

Жаңа Астананың жарқын келбеті қалыптаса бастады. Бұрын Астананы тыңгерлердің астанасы ретінде біліп келсек, енді тәуелсіз Қазақстанның бас қаласына айналды. Бұл—үлкен мәртебе.Бүгінде халқы 500 мың адамға жеткен Астана Орталық Азия өңіріндегі күрт дамып келе жатқан қала.Президент әкімшілігі, парлемент, министрліктредің орталық ақпараттары қоныстанған тамаша сарай-резиденциялар пайда болды. Келісті қонақ үйлер мен жаңа тұрғын үй кварталдары салынуда. Шетелдің дипломатиялық өкілдіктері үшін резиденциялар тұрғызылуда. Грузия, Қырғызстан, Түрікменстан, Украина және Куба өздерінің елшіліктерін ашты. Елордада Ресей елшілігінің бөлімшесі, ҚХР мен АҚШ-тың өкілдіктері бар.«Астана мен Вашингтон біздің мемлекеттеріміздің жүрегі — биліктің атқарушы, заң шығарушы және сот тармақтары шоғырланған жер болып табылады» деді Вашингтон мэрі Энтони А. Вильямс 2002 жылғы 2 маусымда Астана тұсаукесерінің кезекті жылдығына орай жіберген құттықтау сөзінде3.Үкіметтің басқару құрылымдары, министрліктер мен ведомстволар, қоғамдық ұйымдар алаңсыз жұмыс істеп жатыр. Ерекше айтатын бір жәйт: бұлардың бәрінде де мемлекеттік тілді қолдану аясы кеңейіп, мамандар, тіпті көшедегі қарапайым адамдар өз ана тілімізде қазақшасөйлей бастады. Мұны да жаңа Астанадағы жақсы жетістіктердің бірі.Жаңа, тәуелсіз Қазақстанды бейнелейтін жаңа елордамен қазақстандықтардың барлық ұрпақтарының арманы мен үміті астасып жатыр.Астана, бір жағынан, жаңа Қазақстанның мақтанышына, екінші жағынан —ұлттық идеяны орнықтырудың және елді біріктірудің  нышанына айналды. Ол елдің орталығында, тарихи кезеңдерде Еуропа мен Азияның транзиттік күретамырын байланыстырған, дамыған индустриялық өңірде орналасқан.



















ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР



1. Астана туралы » Білімділер сайты

bilimsite.kz/tarbie-sagaty/

2. Астана қаласы — Уикипедия

kk.wikipedia.org/wiki/Астана_қаласы

































5



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Астана бас ?ала

Автор: Искендирова Шынар

Дата: 24.02.2015

Номер свидетельства: 177904

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "саба? жоспары: Астана - бас ?ала "
    ["seo_title"] => string(31) "sabak-zhospary-astana-bas-k-ala"
    ["file_id"] => string(6) "171322"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423664472"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(28) "Астана-бас қала"
    ["seo_title"] => string(18) "astana_bas_k_ala_6"
    ["file_id"] => string(6) "464936"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1522820916"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) ""Астана - бас ?ала" "
    ["seo_title"] => string(16) "astana-bas-k-ala"
    ["file_id"] => string(6) "140898"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1418036854"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(29) "Астана - бас ?ала"
    ["seo_title"] => string(18) "astana-bas-k-ala-5"
    ["file_id"] => string(6) "327809"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1463498584"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(30) "Астана - бас ?ала!"
    ["seo_title"] => string(13) "astanabaskala"
    ["file_id"] => string(6) "330772"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1464368070"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства