kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сайыс сабақ "Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар"

Нажмите, чтобы узнать подробности

урок соревнование по предмету казахский язык

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сайыс сабақ "Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар"»


Зеренді ауданы

Симферополь орта мектебі









Тақырыбы: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» 

интеллектуалдық сайысы (5-6 сынып)









Өткізген: Серикова Зайгуль Овцеводовна

















2017-2018 оқу жылы

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» 
интеллектуалдық сайысы (5-6 сынып)
Мақсаты: балалардың тіл туралы танымдық деңгейін көтеру, білімді, жан- жақты болуға үйрету, бірнеше тіл білуге, үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру, ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа, шапшандыққа баулу, балаларды озық ойлы оқушы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілік: интерактивті тақта, слайдтар.
Ашық сабақтың жүру барысы.







Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, сайыскерлер!

2016-2017 оқу жылының бірінші жарты жылдығы аясында қорытындылау мақсатында өткелі отырған «Тұлға бойындағы құндылықтардың тәрбие арқылы берілуі» тақырып шеңберінде ұйымдастырылып отырған «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
«Біз бәріміз бір атаның - қазақ халқының ұрпағымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу: ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар: ол тәуелсіз Қазақстан» - деген болатын елбасымыз Н.Ә.Назарбаев. Олай болатын болса тәуелсіз Қазақстанның жас ұрпақтарынан күтер үміті зор. Ол жас ұрпақ мына сіздерсіздер! Сіздер елбасымыздың, ата- аналарыңыздың, ұстаздарыныздың үмітін ақтайды деген сенім білдіре отырып сайысымызды бастайық. Бұл сайыста сіздер бойларыңызға, ойларыңызға қандай білім, ілім түйгендеріңізді байқатады.
Сайыста екі тап сынға түседі. Әр топтың аты, ұраны болу шарт. Ойын 7 бөлімнен тұрады.
І. Жедел жауап
ІІ.Тіл- өнер
ІІІ.Бәрін білгім келеді
ІV.Қызықты ұйқастар
V.Мықты болсаң, тауып көр
VІ. «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» (мәнерлеп оқу)
VІІ. «Жұлдызды сәт» (марапаттау)
І топ: «Бәйтерек»
Ұраны: «Бірлікті бірді жығады, білімді мыңды жығады.»
ІІ топ «Сұңқар»


Ұраны: «Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге»
Бұл ойында балалар өз білімін пайдаланып, санасының өскенін, сөз байлығының молдығын көрсетеді
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты,- демекші, қазылар алқасын таныстырып өтейін.
1. _________________________________________________________________
2. _________________________________________________________________
3. _________________________________________________________________

Ал, қанекей, келіңдер,
Біріңе-бірің еріңдер.
Біліміңізді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер,- дей келе ойынға қатысушыларға сәт сапар тілеймін.

Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер,- деп сайсымыздың алғашқы шарты «Жедел жауап» бөлімін бастаймыз.
І бөлім: Жедел жауап
Бұл бөлімде әр топқа 10 сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Оқушы жауап бере алмаған жағдайда келесі ойыншы жауап беруге мүмкіндігі болады.
І топқа:
1. Қазақстан астанасы қай қала? (Астана)
2. Ел басқару саласындағы ең жоғарғы лауазым? (Президент)
3. Кеңес Одағында алғаш ғарышқа ұшқан кім? (Юрий Гагарин)
4. Қазақтың атақты күрес шебері (Қажымұқан Мұңайтпасұлы)
5. 1- маусым қандай мереке? (Балаларды қорғау күні)
6. ССРО- Германия соғысына қатысқан шығыстың қос шынары ( Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова)
7. Қазақтың ұлттық аспабында орындалатын шығарма (Күй)
8. 2012 жылы Лондонда өткен олимпиаданың ауыр атлетикадан чемпиондары (Илья Ильин, Майя Манеза, Светлана Подобедова, Зулфия Чиншанло)
9. Қазақстан Әнұранының авторлары кімдер? (Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев)
10. Абайдың шын аты кім? (Ибраһим)
ІІ. топқа:
1. Қазақстан рәміздерін ата. (Ту, Елтаңба, Әнұран)
2. Қазақ халқы өзінің тұңғыш Президентін қашан сайлады? (1991 жылы 1- желтоқсан)
3. Қажыл қай жыл? (Жылан)
4. Алғаш ғарышқа ұшқан қазақ? (Тоқтар Әубәкіров, 1991 жылы)
5. Қазақтың үш биін ата. (Төле, Қазыбек, Әйтеке)
6. Қазақстан Тәуелсіздік күні ( 16- желтоқсан)
7. Қазақстанның атақты суретшісі (Әбілхан Қастеев)
8. 6-шілде қандай мереке? (Астана күні)
9. 2012 жылы Лондон олимпиадасының жеңіл атлетикадан чемпионы (Ольга Рыпакова)
10. Қазақ даласында мектеп ашқан ұлы ағартушы кім? (Ыбырай Алтынсарин)
ІІ бөлім: Тіл - өнер
Мақалдың жалғасын табу керек. Әрбір дұрыс жауап 5 ұпай беріледі.
І топқа:
1. Ең тәтті де тіл,… (ең ащы да тіл)
2. Оқу- білім бұлағы, … (білім- өмір шырағы)
3. Өнер алды… (қызыл тіл)
4. Ашу-дұшпан, … (ақыл-дос)
5. Тіл қылыштан … (да өткір)
6. Отан … (оттан да ыстық)
ІІ топқа:
1. Шебердің қолы ортақ,… (шешеннің тілі ортақ)
2. Отансыз адам- … (ормансыз бұлбұл)
3. Ер жігіт елі үшін туады, … ( елі үшін өледі)
4. Мектеп- кеме, … (білім-теңіз)
5. Жақсы жолдас жанға серңк, … (жаман жолдас малға серік)
6. Қыз елдің көркі,… (гүл жердің көркі)
ІІІ.Бәрін білгім келеді
Бұл бөлімде екі ұяшық берілген: пәндер және тақырыптар. Ұяшықты таңдау екі топтың өз еркінде. Ойынды ұпайы төмен топ бастайды.
4 пәннен 4 сұрақтан, барлығы 16 сұрақ әзірленген. Пәндерді таңдау оқушының өз еркінде.
Қазақ тілі
10. Мәтін дегеніміз не?
20. Тіл сөзінің ауыспалы мағынасы қандай?
30. Келбет сөзінің синонимін тап.
40. Көнерген сөздер дегеніміз не?
Әдебиет
10. Қазақ ауыз әдебиетінің түрлері.
20. «Өгіз бен бақа» мысалының авторы кім?
30. «Көл қорыған сен едің,
Сен де айрылдың көліңнен.
Ел қорыған мен едім,
Мен де айрылдым елімнен»
деген өлең жолдары қай ақынның шығармасынан алынған?
40. Зәм-зәм суы кімнің өкшесінің астынан шығып еді?
Математика
10.Төртті төртке қосып, төртке көбейткенде қанша шығады? 
20. 0-ден бастап 9-ға дейінгі сандардың қосындысы нешеге тең? 
30. Математикалық өрнектер дегеніміз не? Бұл қандай өрнек? B-7*5
40. Түлкі әрбір 6 секундта 4 рет секіреді. Ол 10 рет секіру үшін қанша секунд кетеді? 
Жаратылыстану
10. Қазақстанда неше облыс орталығы бар? 
20. Жердің нақты үлгісі 
30. Көкжиектің неше тұсы бар? 
40.Жер бетінің қағазға кішірейтіліп салынған бейнесі 
Тақырыптар ұяшығы. 
Төрт тақырып бойынша берілген ұяшықтағы сұрақтарға дұрыс жауап беру керек.
«Қазақстан»
10 ұпай. Қазақстан Елтаңбасының түсі қандай? 
20 ұпай. Қазақстанның ұлттық теңгесі қай жылы шықты? 
30 ұпай. Қазақстан халқының саны қанша? 
40 ұпай. Қазақстанның «Швейцариясы» қандай аймақ? 
«Грамматикалық ереже»
10 ұпай. Адамдардың есімдері қандай әріппен жазылады? 
20 ұпай. Көптік жалғауларын ата. 
30 ұпай. Заттың атын білдіретін сөз табы? 
40 ұпай. Қарама-қарсы мағынаны білдіретін сөздер 
«Ұлы адамдар»
10 ұпай. Ұлы жүздің биі 
20 ұпай. Қазақтың саяхатшысы, ғалымы. 
30 ұпай. «Қазақ» газетінің редакторы болған кім? 
40 ұпай. Абылай ханның шын аты 
«Телехабарлар»
10 ұпай. Тек қазақ тіліндегі телеарна 
20 ұпай. Балалар ән- би байқауы. 
30 ұпай. Жұлдыздар ән байқауы. 
40 ұпай. «Қазақфильм» киностудиясы кімнің атында? 
ІV бөлім: Қызықты ұйқастар
Екі топтың әр мүшесі жылдамдықпен сөздердің ұйқасын тауып айтады.
І топқа
1. Жизнь-өмір, уголь-(көмір)
2. Число-сан, кровь-(қан)
3. Молоко-сүт, жди-(күт)
4. Человек-адам, шаг-(қадам)
5. Таможня-кеден, пол-(еден)
6. Зуб-тіс, дело-(іс)

ІІ топқа
1. Возьми-ал, мед-(бал)
2. Рыба-балық, народ-(халық)
3. Дверь-есік, колыбель-(бесік)
4. Город-қала, ребенок-(бала)
5. Лето-жаз, гусь-(қаз)
6. Игра-ойын, шея-(мойын)

V бөлім: Мықты болсаң, тауып көр
Берілген жұмбақты шешіп, жауабын қазақ, орыс, ағылшын тіліне аудару керек.
І топқа
1.Үй үстінде алтын тас,
Алайын десе табылмас. (жұлдыз; звезда; star [ста]) 
2.Тұмсығымен қозғалар,
Артында аппақ із қалар. (бор; мел; chalk [чок])
3.Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама. (кітап; книга; book [бук])
4.Білімді мыңды жығады,
Білекті … жығады. (бір; один; one [уан])
5.Сырты тәтті, іші тәтті,
Ортасы сүйек қатты. (алма; яблоко; apple [эпл])
ІІ топқа
1.Бар ма, жоқ па, оны анық білмейсің,
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің (ауа; воздух; air [эйа])
2.Айдағаны … ешкі,
Ысқырығы жер жарады. (бес; пять; five [файф])
3.Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыз; линейка; ruler [руле])
4.Жылт-жылт етеді,
Жылғадан өтеді. (су; вода; water [уата])
5.Өзі сөйлей білмейді,
Салған ізі сөйлейді. (қалам; ручка; pen [пен])
VІ. «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы»
Әр топтың қатысушылары өлең оқиды әр өлең бір ұпай болып есептеледі. Олар өлеңді мәнерлеп оқып беруі тиіс. Бұл кезеңде тілдің машықтығы, оқудың тазалығы бағаланады.
VІІ. Жұлдызды сәт
І) Белсенді жауап берген оқушыларды марапаттау.
ІІ) Бірінші жарты жылдық аясында қорытындылау бойынша жеіңіске жеткен топ жетекшісін марапаттау.
Қорытынды.
Білімнің мініп алып тұлпарына,
Қиналмай шықты білім шыңдарына.
Бүгінгі сайысымыз аяқталды,
Сөз кезегі қазылар алқасында.
Бүгінгі сайысымызды қорытындылап, жеңімпаз топты анықтау үшін қазылар алқасына сөз берелік.
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Осымен бүгінгі «Тұлға бойындағы құндылықтардың тәрбие арқылы берілуі» тақырып шеңберінде ұйымдастырылып отырған «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты ашық тәрбие сағатымыз өз мәресіне келіп жетті. Жарыс болған соң жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді. Жарыста жеңілсек те, өмірде оқуда жеңіске жете берулеріңе тілектеспін.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Сайыс сабақ "Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар"

Автор: Серикова Зайгуль Овцеводовна

Дата: 06.12.2017

Номер свидетельства: 442485

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(72) ""Ж?зден ж?йрік, мы?нан т?лпар" сайыс саба? "
    ["seo_title"] => string(44) "zhuzdien-zhuirik-myn-nan-tu-lpar-saiys-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "176799"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1424494508"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "«Ж?зден–ж?йрік, мы?нан– т?лпар» "
    ["seo_title"] => string(34) "zhuzdien-zhuirik-myn-nan-tu-lpar-2"
    ["file_id"] => string(6) "183828"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425961540"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(73) ""Ж?зден ж?йрік, мы?нан т?лпар" презентации"
    ["seo_title"] => string(47) "zhuzdien-zhuirik-myn-nan-tu-lpar-priezientatsii"
    ["file_id"] => string(6) "265764"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1450021560"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) "«Ж?зден ж?йрік-мы?нан т?лпар»  эстафеталы?  сайыс."
    ["seo_title"] => string(51) "zhuzdien-zhuirik-myn-nan-tu-lpar-estafietalyk-saiys"
    ["file_id"] => string(6) "294714"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455715153"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "« Ж?зден ж?йрік, мы?нан т?лпар"
    ["seo_title"] => string(28) "zhuzdienzhuirikmynnantulpar1"
    ["file_id"] => string(6) "298752"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456399682"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства