а)Білімділік: Жалпы химиядан ал?ан білімдерін жина?тап, ж?йелеп,?з бетімен е?бектенуге,іскерліктерін арттыру?а да?дыландыру, одан ?рі п?нге деген ?ызы?ушылы?тарын арттыру
Просмотр содержимого документа
«« Ж?зден ж?йрік, мы?нан т?лпар»
Е.Ниетқалив атындағы ЖББОМ
(танымдық сайыс)
9 – 10 сыныптар
Қамысты 2013
Сабақтың тақырыбы: « Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» танымдық сайыс
Сабақтың мақсаты:
а)Білімділік: Жалпы химиядан алған білімдерін жинақтап, жүйелеп,өз бетімен еңбектенуге,іскерліктерін арттыруға дағдыландыру, одан әрі пәнге деген қызығушылықтарын арттыру
ә)Дамытушылық: сұрақ тапсырмаларын, есептер шығару,тәжірибе көрсету арқылы ой-өрісін кеңінен дамыту.
б)Тәрбиелік: білімділік пен дамытушылықты байланыстыра отырып, жылдамдыққа, ұқыптылыққа, тазалыққа, адамгершілікке,ізгілікке, үлкенді сыйлай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс, жарыс түрінде
Сабақтың әдісі: әңгіме,пікір айту
Сабақ көрнекілігі: слайд, карточкалар
Кіріспе сөз
Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Сайыс десе белсене араласатын көрермен қауым! «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар » атты 9 - 10 сыныптар арасында химия пәнінен өткізілетін танымдық сайысымызға қош келіпсіздер!
Біз қазір химия ғасырындамыз. Кәдімгі қасықтан бастап, ұшақ, жер серігіне деін химия өнімдері. Адам тамақсыз, киімсіз, қажетті бұйымдарынсыз өмір сүре алмайды. Мінеки, солардың бәрін жасауға химия қатысады. Сондықтан да «Қайда қарасақта, қайда көз жіберсек те көретініміз химия ғажайыптары » деп орынды айтылған.
2. Металдардың кернеу қатарын жасаған ғалым?(Бекетов Н.Н.).
3. Қоршаған орта факторларының әсерінен болатын металдың бүліну құбылысы? (жемірілу).
4. Ең қатты металл? (хром)
5. Әрі жеңіл, әрі жұмсақ металл? (Литий)
6. Нейтрон заряды (зарядсыз бөлшек)
7.Бір химиялық элементтің бірнеше жай зат түрінде болу құбылысы (аллотропия)
8. Электр шамының жіңішке сымдары неден жасалған (вольфрам)
9. Калий қандай металл (сілтілік)
10. Ізбестасты қыздырғанда бөлінетін газ ( көмірқышқыл газы)
II топ:« Электрон » тобына
1. Қалыпты жағдайда сұйық күйде болатын бейметалл (бром)
2. Атом-молекулалық теория негізін салушы (М.В. Ломоносов)
3. Бактерицидтік қасиеті бар металл( күміс)
4. Заттың химиялық жолмен бөлінбейтін ең ұсақ бөлшегі (атом)
5. Күкір неше валентті (2,4,6)
6. Менделеев құрметіне берілген элемент атауы (Менделеевий)
7. Фосфор қышқылының орта тұздар (фосфаттар)
8. Тотығу дәрежесі өзгере жүретін реакциялар (тотығу - тотықсыздану)
9. Периодтарда солдан оңға қарай металдардың қасиеттері ( кемиді)
10. Ядроның құрамы (Протон, нейтрон)
II топ:« Жас химиктер » тобына
1. Валенттілік қалай бөлінеді (тұрақты, айнымалы)
2. Көмір қышқыл тұзының атауы (карбонат)
3. Химиялық таңбаның алдына қойылатын сан (коэффициент)
4. Ядро заряды бірдей атом түрі ( Химиялық элемент)
5. Бор мен барийдің қайсысы металл (барий)
6. Лакмус қышқылдық ортада (қызыл)
7. Қышқыл мен негіз арасында өтетін реакция (бейтараптану)
8. Калий перманганаты (марганцовка)
9. Электролиттік диссоциация теориясын кім ашты (Аррениус)
10. Көлемнің өлшем бірлігі (л/моль)
II кезең «Мықты болсаң,тауып көр» кезеңінде әр топтағы ойыншыларға мақал – мәтелдер беріледі. Мақал – мәтелдерді химиялық тілден қазақ тіліне аудару.
III кезеңінде «Жүйрік болсаң, шауып көр» кезеңінде әрбір топ берілген әріптердің ішінен әріп таңдап алады. Берілген сұраққа дұрыс жауап берілмесе келесі топ жауап беруге мүмкіндік алады .
Ең қиын жарыстың түрі келді.
Мықтылары ортада, шықсын енді.
Тез жауап бер ,ойланып тұрып қалма,
Осы сайыстан көрейік ерен ерді.
«Менен сұрақ сіздерден жылдам жауап.
Алғашқы болып ____________________ топ таңдайды.
М
С
К
«С» әрпі
1.Химиялық эелемент(сутегі,скандий)
2.Күрделі зат (су,сіркеқышқылы)
3. Металл (сынап)
4. Қышқыл (сірке қышқылы)
5. Әмбебап еріткіш( су)
6.Сілті (суда еритін негіз)
7. І валентті элемент (сутек)
8. Физикалық құбылыс (судың қатуы)
9. Натрий гидроксиді (сілті)
10. Судың агрегаттық күйі (сұйық)
«К» әрпі
1.Жай зат (күкірт)
2. Оксиді (кальций оксиді, көміртек (ІІ) оксиді, күкірт (ІҮ) оксиді.
3.Тұз (карбонаттар,калий хлориді)
4.Бейметалл (көміртек,күкірт)
5.Сілтілік металл (калий)
6.Екі валентті элемент (кальций)
7.Химиялық құбылыс (көмірдің жануы)
8.Қышқыл (күкірт, кремний қышқылдары)
9.Лакмус сілтіде (көгереді)
10.Химиялық байланыс (ковалентті)
«М» әрпі
1.Периодтық кестенің авторы (Д.И.Менделеев)
2. ІІ валентті элемент (магний)
3.Физикалық құбылыс (мұздың еруі)
4.Атомдар нені құрайды (молекула)
5.Темір қандай затқа тартылады (магнитке)
6.Шалшық газы(метан)
7. Калий перманганаты (марганцовка)
8.Зат мөлшерінің өлшем бірлігі (моль)
9.Индикатор (метилоранж)
10.Темір (металл)
4 кезең « Ғажайып ұяшықтар » кезеңінде ұпай саны аз топ бірінші болып ұяшық таңдайды. Егерде жауап берілмесе, келесі топтар жауап беруге мүмкіндік алады.
5 кезең «Есепке кім жүйрік » кезеңінде әр топқа бір есептен беріледі.
1 топ: Массасы 17,2 г күкірт (VI) оксидін сумен әрекеттестіргенде түзілген қышқылдың массасын есептеңдер.
2 топ: 10 кг көмірді жаққанда қанша жылу мөлшері бөлінетінін есептеңдер:
С + О2 = СО2 + 393 кДж
3 топ: Көлемі 5,6 л азоттан алынған аммиактың көлемін есептеңдер.
Көрермендермен ойын: «Мен кіммін?»
Бірінші бөлігім көп емес, екінші бөлігім тілсіз жау деген мағынада, химиялық қай элементпін? (Азот)
Бірінші бөлігім «алда бол» деген бұйрық рай, екінші бөлігім сан есім, шипалы газ деп те есептейді. (Озон)
Бірінші бөлігім тасқын су, екінші бөлігім мал құлағына салынатын белгі. (Селен)
Бірінші бөлігім қабылда деген сөздің мағынасын береді, екінші буыным шараппен улану деген мағынада, ол қандай тұз? (Алмас)
Бірінші буыны жалқы есімге қойылатын сұрақтан тұрады, екінші буыны сан есім, қай элемент?( Неон)
Жазылуым бойынша оқысаңыз элементпін, керісінше оқысаңыз- өткізгішпін. (Мыс-сым)
Жұмбақ аралы.
1. Өзім газбын,менімен демаласың, жоқ болсам ауа жетпей қиналасың.
оттек, кислород, оксигениум
2. Шыдасаң да алты күн ассыз мүлде, шыдау қиын бұл затсыз екі күнге.
су, вода, аква - H2О
3.Ең жеңіл элемент саналады, периодтық жүйе осыдан басталады.
сутек, водород
4. Ол болмаса астың дәмі кірмес,кім бар екен ортада оны білмес.
ас тұзы, соль,- NaСl
6 кезең Марапаттау. Әділқазы алқасы ұпай сандарын есептеп болғанша, сайыскелер орындауында «Өркенде, шалқы химия » әнін қабыл алыңыздар.
Қорытынды: Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер.
Жастықтың оты қайдасың,
Жүректі түртіп қозғамай.
Ғылымның біліп пайдасын,
Дүниенің көркін болжамай,- деген ұлы Абай атамыздың өлең жолдары арқылы сайысымызды қорытындылап, білімді жастарымызды бағалау үшін сөз кезегін әділ қазылар алқасына беріледі. : Сонымен бүгінгі сайысымыздың жеңімпаз тобы анықталды. Осымен сайыс өз мәресіне жетті. Бізбен бірге болып, ойынды тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет. Сау болыңыздар!