| | Оқушыларға арналған шебер-сынып |
| Сабақтың тақырыбы: | «Отбасы» |
| Жалпы мақсаттар: | Бала тәрбиесіндегі отбасының алатын орны ерекше екенін түсіндіру; Отбасындағы әке мен ананың рөлін айқындау, ата-ананы сыйлауға, қадірлеуге, татулыққа тәрбиелеу. |
| Шебер-сыныптың ережелері: | Белсенді болу, сынды көтере білу, өзгені сыйлау, шығармашыл болу, уақытты ұтымды пайдалану, ұйымшыл болу, тәртіпті сақтау |
| Күтілетін нәтиже: | Әр бала өз отбасын қадірлеуді, сыйлауды, үлкенді үлгі тұтуды, кішіге мақтан етуді, отбасының бірлігін сақтауды үйренеді. Ата-ананы, отбасын, өмір құндылықтарын құрметтейтін тұлға қалыптастыру. |
| Негізгі идеялар: | Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі. Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Өйткені ата-ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар емес. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» – деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындатып тұр емес пе? Отбасы мүшелерінің жас шамасы әр түрлі болса да, олардың арасында бір-бірімен рухани жақындығы, мақсат ынтымақтастығы бар. |
| Ресурстар: | Интернеттен қосымша материалдар |
| Сабақта қолданылатын материалдар: | Интерактивті тақта, флипчарт, маркерлер, стикер, А-4 қағаз, түрлі-түсті қағаздар, қыстырғыштар |
| Оқыту әдістері: | Интерактивті оқыту әдістері, СТО, диалогтік оқыту, топтық жұмыс, шығармашылық жұмыс, сұрақ-жауап, жеке жұмыс |
| Дерек көздері: | |
| Тапсырмалар: | Сұрақ-жауап, салыстыру, ассоциация |
| Шебер-сыныптың барысы |
| Мұғалім әрекеті | Оқушылардың іс-әрекеті | Уақыты |
| Жағымды психологиялық азуал туғызу. | | 3 мин |
| Ой қозғау: «Отбасы» (мұғалім оқушыларға «отбасы» деген сөзге қандай ассоцияция туындайтынын сұрайды) | Оқушылар «отбасы» деген сөзге ассоциация құрайды, өз ойларын ортаға салады, бір-бірлерінің ойын тыңдайды | 2 мин |
| Топтастыру: «Әке», «Ана», «Бала» (мұғалім бүгінгі сабақтың тақырыбы бойынша сыныпты үш топқа бөледі) | Оқушылар тәттілер арқылы үш топқа бөлінеді | 2 мин |
| Топтық таныстырылым (мұғалім топ мүшелерін өз топтарын таныстырып өтуін сұрайды) | Үш топ арнайы берілген уақытта топты таныстырып шығу керек | 5 мин |
| Мағынаны тану: «Отбасы» (мұғалім бүгінгі сабақтың мағынасын түсіндіріп өтеді) | Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту | 10 мин |
| Топ жұмысы: ”Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені” (мұғалім оқушыларға топ жұмысының барысын түсіндіріп өтеді) | Берілген тапсырманы оқушылар флипчартқа орындайды, өз ойларын ортаға салу, қорғау, баяндау | 5 мин |
| Сергіту сәті: «То не э проблема» (мұғалім оқушыларды сергіту сәтіне шақырады) | Оқушылар «То не э проблема» сергіту сәтіне билейді, бойларын сергітеді, көңіл-күйлері көтеріледі | 2 мин |
| Шығармашылық тапсырма: «Осындай біздің отбасы» (мұғалім оқушыларға тақырып бойынша өлең шығаруды ұсынады) | Оқушылар берілген тапсырма бойынша топпен бірлесіп өлең шығарады, бір-бірлерін тыңдайды, оқиды | 3 мин |
| Отбасылық коллаж (мұғалім оқушыларға «отбасылық коллаждың» жасалу жолы және маңызын түсіндіріп өтеді) | Топ берілген тапсырма бойынша өздерінің отбасылық суреттерін флипчартқа безендіреді, түсіндіреді, қорғайды | 5 мин |
| Кластер толтыру: 1-топ: “Отбасындағы қыз баланың міндеттері” 2-топ: “Отбасындағы ұл баланың міндеттері” 3-топ: “Отбасындағы ата-ананың міндеттері” (мұғалім топтарға тапсырмаларды бөліп береді) | Берілген тапсырма бойынша оқушылар топта бірлесе отырып флипчартқа берілген тапсырманы орындайды, қорғайды | 5 мин |
| Синквейн: «Отбасы» (мұғалім оқушыларға бес жолды өлеңді құрастыруды ұсынады) | Берілген тапсырма бойынша әр бір оқушы «отбасы» деген сөзге бес жолды өлең құрастырады, оқиды, іледі | 2 мин |
| Эссе хат: “Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя” (мұғалім оқушыларға эссе хат жазуын сұранады) | Оқушылар берілген тақырыпқа эссе хат жазады | 5 мин |
| Кері байланыс: | Бүгінгі сабақтан алған мағлұматтары туралы кері байланыс орнатады | 2 мин |
| Рефлексия | Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, кір қыстырғышпен іледі | 1 мин |