Оқыту әдістері | Тренердің әрекеті | Қатысушылардың әрекеті | Ресурстар |
Сергіту сәті «Капитан» 5 минут | Тренер мұғалімдерді шеңберге тұрғызып, тапсырма береді. Тренерден «капитан» деген нұсқау келгенде тыңдаушылар бір бірлеп қозғалысқа түсе бастайды , еден жуушы дегенде екеуден бірігеді, қайық дегенде ушеуден бірігеді, түскі үзіліс дегенде төртеуден бірігеді, құтқарушылар дегенде бестен бірігіп топ құрайды. | Бірлесіп жұмыс жасап, топқа бөлінеді. | |
Тұжырымдамалық карта 20 минут | "Мәдениет дегеніміз не?" тұжырымдамалық карта жасау (постер) тапсырылады. "Өкіл" әдісі бойынша әр топтан бір адам басқа топқа "Елші" болып барады. | "Мәдениет дегеніміз не?" тақырыбы бойынша тұжырымдамалық карта жасайды. Өкіл" әдісі бойынша әр топтан бір адам басқа топқа барады.Сол топ мүшелері өздерінің қағаздарында не бар екенін түсіндіреді. Өз тобына қайта оралып, өзге топтардан көргенін өз карталарына қосады. | А-3 форматты қағаз, желім, маркер, стикер, қайшы. |
Мектептегі және сыныптағы ахуал жайлы 20 минут | Мәтінді оқи отырып, мектептегі және сыныптағы ахуалды жазуға тапсырады. | 5 минут оқып болған соң өз мектебі мен сыныптағы ахуалды жазады. | |
"Ұжымдық әңгіме" әдісі 25 минут | 1. Еңбек қатынастары құндылығын түсіну 2. Мәдениеттің бес дәрежесі. 3. Түйінді сәттер. 4. Мұны өмірде қолдану жолдары | Қатысушылар өзара оқып, логикалық байланысты үзбей бірін- бірі толықтырады. | Үлестірме материалдар |
Сергіту сәті 5 минут | Б сергіту. Зейінді басқа затқа аудару, сілку, ұйқыдан ояту, шашыраңқы назардан әлденеге шоғырланған назарға өтуге көмектесу; | Әріптестер өздері тағайындап келген сергітуін өткізеді. | АКТ , стикер, фломастер... |
Сұхбат әдісі 10 синут | 1- сұрақ қоюшы, 2- жауап беруші 3- сыни сараптамашы рөлдерін бөліп береді. | Тапсырманы орындайды. | |
Кері байланыс 5 минут | «Бес саусақ» тәсілі. Тыңдаушылар параққа алақандарын қойып, салады. Салынған саусақтарына сұрақтарға жауап жазады. Бас бармақ – Басты мәселе.Бүгін сабақта ең құнды мәселе қандай болды? Балалы үйрек – Бірлесу. Мен топта/жұпта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім? Ортан терек –ойлану. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым? Шылдыр шүмек –шынайылық. Сабақ маған ұнады ма?Неліктен? Кішкентай бөбек-көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім? | Кері байланыс жазып болған соң сағат тілімен алмасады. Көршісі 2 жұлдық бір тілек арқылы бағалайды. | Түрлі түсті қағаз, стикер, фломастер. |