Өзге тілді мектептердегі «Қазақ тілі» пәні – орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес «Филология» білім беру саласына енгізілген және мектептің жалпы орта білім беру деңгейінде міндетті түрде оқытылатын пән.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
ІІ. «Қазақстан қалаларын аралағым келеді» модулін оқыту ___ 6
2.1. Б.Блум таксономиясына құрылған сабақтар _________________ 7-15
ІІІ. Қорытынды __________________________________________________16
IV. Пайдаланылған әдебиеттер______________________________________17
Кіріспе бөлім
ЖОБАНЫҢ ҚЫСҚАША НЕГІЗДЕМЕСІ:
Өзге тілді мектептердегі «Қазақ тілі» пәні – орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес «Филология» білім беру саласына енгізілген және мектептің жалпы орта білім беру деңгейінде міндетті түрде оқытылатын пән. «Қазақ тілі» пәнінің маңыздылығы қазақ тілінің Мемлекеттік тіл мәртебесімен дәйектеледі. Сондықтан қазақ тілін оқыту барысында өзге тілде білім алатын орта буын оқушыларын қазақ тіліндегі сөйлесім әрекетін мәдениаралық қатысым құралы ретінде меңгерту көзделеді.
8-сыныпқа арналған «Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасы – өзге тілді мектептерде қазақ тілін коммуникативтік тұрғыдан меңгеруді қамтамасыз ететін; қазақша сөйлесім әрекетінің барлық түрлерін (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым, тілдесім) бастапқы деңгейде іс жүзіне асыратын, оқушының түсінікті сөйлеу дағдысы мен сауатты жазу дағдысын қалыптастыратын білім мазмұнын, көлемін, мөлшерін, оқу жүктемесін қамтитын; білім, білік дағды деңгейлеріне байланысты тақырыптық аяларды, дидактикалық ұстанымдарды, оқушылардың білімі мен білігіне қойылатын талаптарды анықтайтын нормативтік құжат.
Осы тұрғыдан оқушыларға мәдени қарым-қатынасты, еліміздің белгілі ғалымдарын және олардың ғылыми еңбектерімен таныстыру, жаңалықтарды өмірде қолдану әрекеті сабақ барысында насихаттаған. Тақырып аясында түсінікті сөйлеу дағдысы мен сауатты жазу дағдысы міндеттелген. Дидактикалық ұстанымдарды; оқушылардың білімі мен білігіне қойылатын талаптар анықталған.
Қазақстан Республикасының «Тіл туралы», «Білім беру туралы» Заңдары мен Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында белгіленген міндеттер еліміздің білім беру жүйесінде көптілді меңгерген дара тұлға қалыптастыру мақсатын жүзеге асырудың ұтымды жолдарын анықтауды талап етіп отырғандықтан әлеуметтік-мәдени аяға «Қазақстанның белгілі ғалымдары» тақырыбы енгізіліп отыр. Республикамыздың әдіскер-ғалымдарының қатысуымен тілді меңгерту бойынша өркениетті елдердің тәжірибесі мен отандық озық дәстүрлеріміз үйлестіріле отырып, тілдері оқытудың жаңа бағыттары белгіленген.
Негізгі бөлім
Жобаның идеясы:
Әлемдік білім кеңістігінде орныққан «Шетел тілдерін деңгейлеп меңгертудің еуропалық жүйесінде» белгіленген тілді игерудің деңгейі мен олардың сипаттарына негізделген. Қазақстан Республикасының техникалық және орта білім беру аясында орыс топтарында мемлекеттік тілді деңгейлеп оқыту құрылымы айқындалған. Оқушылардың білім, білік дағдылары В1 жүйесінде тақырыпты меңгертудің деңгейлеп оқыту ішкі құрылымдық ерекшеліктеріне сәйкестендіріліп, жіктелген.
Жобаның өзектілігі:
Әлеуметтік-мәдени аясына негізделген бұл модуль бойынша еліміздің қалалары Б.Блум таксономиясына құрылған тапсырмалар бойынша меңгертіледі. Соған сәйкес, біріншіден,оқушыларға еліміздің қалалары туралы ақпаратты жетік білуіне мүмкіндік жасай отырып, білім беру. Екіншіден, «ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар», - деген Елбасы Жолдауындағы саясатты қолдау.Үшіншіден, оқушылардың болашақта өз ісін жетік білетін маман болуына атсалысу, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
Оқушылар аталған модуль бойынша тақырыптарды меңгере отырып, өз бетінше қажетті ақпаратты табуға, түрлендіруге, талдауға, баға беруге, шығармашылыққа тәрбиеленеді, құзыреттілік қасиеттерді игереді.
Жобаның жаңалығы:
Тақырыпты меңгерту барысында тапсырмаларды жіктеу Б.Блум таксономиясына сай іске асады;
- оқу өзектілігі өміршындығына сәйкестенеді;
- білім алушы деңгейіне сай келуі; білім мазмұнының жеке тұлғаның өзін−өзі дамытуға, оның өзіндік және шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағыттау ұстанымдары басшылыққа алынды.
Болжамы:
Б.Блум таксономиясы бойынша мәліметтерді оқушының ой елегінен өткізе отырып, қойылған мақсатқа жетуі, оның тиімді жақтары мен оңтайлылығын, еуропалық стандарт талаптарына сәйкес келетіндігін көздеу, түйінді құзыреттіліктерді дамытуға мүмкіндік беру, тілдік портфолио арқылы оқушылардың деңгейлік жетістіктерін болжау, жаңа сөздерді күнделікті өмірлік қолданысқа енгізу.
Жобаның мақсаты:
8-сынып оқушыларына қалыптасқан толық В1 игерімі бойынша қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан меңгерту; сөйлесім әрекетінің түрлеріне сай оқушыны тілдік білім негізінде әдеби тілде сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету арқылы дара тұлғаның тілдік қабілетін дамыту, бір-бірімен сабақтас, жүйелі тақырыптарды коммуникативтік тұрғыдан ұсына отырып, оқушыларға қазақша тілдік қатынастарды игерту.
Жобаның міндеттері:
оқушылардың білімін тілдік, танымдық, мәдениеттанымдық, ұлттық-әлеуметтік, өркениеттік-әлемдік тұрғыдан тереңдетіп, тақырыпты ұтымды игерудің коммуникативтік бағытын жүзеге асыру;
оқушының өз ойын, пікірін, көзқарасын еркін, дұрыс, нақты (ауызша және жазбаша) жеткізе білуін іске асыру;
оқушылардың қазақша дұрыс, түсінікті сөйлеуі мен сауатты жазуын жүзеге асыру;
жеке, қоғамдық-әлеуметтік, бағдарлы бағыттағы жағдаяттарды жан-жақты ескере отырып, қазақша тілдік қатынасты бағдарлы түрде жүзеге асыру.
Жоба қорғау барысында қолданылатын әдістемелер:
Б.Блум таксономиясы
Проблемалық
Жобалау технологиясы
Сын тұрғысынан ойлау жобасы
Әлеуметтік-мәдени ая
І «Қазақстан қалаларын аралағым келеді» – 5 сағат.
1) тілдік бөлім: Келер шақ, мақсатты, болжалды келер шақ.
Лексика: ірі қалалар, өндірістік қалалар, халық саны, құрамы, орналасқан жері,тас көмір, облыс орталығы, көрікті жерлері, тарихи ғимараттар, сәулетті ескерткіштер, тыныш\шулы, жер асты қаласы, ашық мұражайлар;
2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
тыңдалым: тақырыпқа қатысты кішігірім әңгімелер тыңдап, түсіну;
оқылым: тақырыпқа қатысты мәтіндерді оқу;
айтылым: монологтік сөйлеу: қалалар туралы әңгіме айту, баяндау;
жазылым: әңгіме жазу, өз іс әрекеті туралы тақырыпқа байланысты жазу;
тілдесім: сұрақ-жауап, сұрақ-мәлімет диалогтары. Ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Қазақстан қалалары туралы достарымен полилог-ойкөкпар. Диалог-әңгіме, диалог-талқылау;
3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: басқа ұлт өкілдерімен Қазақстан қалалары туралы әңгімелесу.
1-сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның астаналары.
Мақсаты: оқушыларға Қазақстанның астаналары, ірі қалалары туралы ақпаратты молынан қабылдауға жағдай тудыра отырып, еліміздің көрікті жерлері, тарихи ғимараттары, сәулетті ескерткіштері жайында дерек көздерін бағыттау арқылы өздігінен іздендіруге бейімдей білім беру.
№
Тапсырмалар реті
Блум таксономиясының деңгейі
уақыты
Ұйымдастыру түрі
1
Суреттерді тамашалап, қалалар ассоциациясын құрастыру.
1
Білу
5 минут
Жеке жұмыс,
жұппен ұсыну
1-2 ұпай
2
2.1. Аудиожазбаны тыңдап, Қазақстанның астаналарына негізделген деректерді дұрыс тауып, олардың атауларын жазу.
Біздің тарихымыздағы Қазақ елінің астаналары
Қазақ Республикасының ең алғашқы астанасы - Орынбор. Орынбор - 1920–1925 жылдары Қазақ АКСР-інің астанасы болды.
1925 жылы наурыз айында Қазақстанның астанасы Орынбордан Қызылордаға көшті. Сөйтіп, Ақмешіт бекеті, қазіргі Қызылорда қаласы астана болды.
1929 жылы Қазақстан астанасы Қызылордадан Алматыға көшіп келді. Басын қар басқан Алатаудың етегіне орналасқан табиғатының сұлулығы жағынан сирек кездесетін Алматы қаласы Қазақстан Республикасының орталығы болуға лайық еді.
Алматыға «Верный» деген ат берілді. 1921 жылы қалаға ежелгі Алматы аты берілді.
Алматы – 1929-1997 жылдары астана болды.
1997 жылы қазанның 20- сында Н.Ә. Назарбаевтың жарлығымен Ақмола қаласы Қазақстан Республиканың астанасы болды.
Астана – 1998 жылы Ақмола қаласы Астана қаласы болып аталды.
Қызылорда-Ақмешіт,
Алматы-Верный,
Астана-Ақмола.
2
Түсіну
5 минут
Жұппен жұмыс
3-4 ұпай
3
3.1. Үш түрлі түсінік күнделігіне тарихи деректерді түсіру.
Астаналар
Көне атауы
жылдар
Алматы
Верный бекінісі
1929- 1997
3
Қолдану
10 минут
Топпен жұмыс
5-6 ұпай
4
4.1. Венн диаграмасының көмегімен астаналарды сипаттап, салыстыру.
4
Талдау
15 минут
Топпен жұмыс
7-8 ұпай
5
«Зәулім үйлер» макетін жасау. Баланың қиялындағы заманауи үйдің макетін ортаға салу.
5 Жинақтау
5 минут
Топпен жұмыс
9-10 ұпай
6
«Менің сүйікті астанам» тақырыбы бойынша өз ойыңды эссе жолдарымен жеткіз. 15 сөзден тұратын эссе жазу.
6
Бағалау
3 минут
Топпен,жекежұмыс
11-12 ұпай
Рефлексия «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі.
2 минут
2-сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Әсем қалалар.
№
Тапсырмалар реті
Блум таксономия сының деңгейі
уақыты
Ұйымдастыру түрі
1
1.1. Сынып оқушыларын қала атаулары бойынша топтастырып, сол қала туралы бес жолды өлеңмен білу деңгейінен түсіну деңгейіне өту.
Алматы
Арайлы, әдемі
Баурады, сағынтып, көктеді
Жұпарлы ақ апорт мекені
Шаһары
1
5 минут
2
Сызба негізінде сөйлемдерді сәйкестендіру.
2
5 минут
Жеке жұмыс,
жұппен ұсыну
1-2 ұпай
3
Қарағанды қаласындағы тарихи ескерткіштер жайында бейнероликті тамашалап, ескерткіштердің атауын екі тілде «Т» кестесіне жазу.
3
10 минут
Жұппен жұмыс
3-4 ұпай
4
Көкшетау, Бурабай өлкесінің аңыздарын бейнелейтін суретті қималарды құрастырып, келер шақ етістіктерін байланыстыра «Бес минуттық эссе» жазу, етістіктерді сөз құрамына талдау.
Үлгі: Арман жазда ата-анасымен Бурабайға қыдырып бармақ. /Түбірі: бар, -мақ- мақсатты келер шақ жұрнағы/
4
15 минут
Топпен жұмыс
5-6 ұпай
5
Түркістан қаласындағы ортағасырлық жәдігер «Шығыс моншасы» жайлы бейнероликті тамашалау. Тірек сөздерді ауада жазу.
5
5 минут
Топпен жұмыс
7-8 ұпай
6
«Ақ пен қара» стратегиясы бойынша Жезқазған қаласының экологиялық жағдайын сипаттау.
6
3 минут
Топпен жұмыс
9-10 ұпай
Рефлексия:
Сабақ ұнады ма?
Қай тапсырманы өзгерту керек ?
2 минут
3-сабақ.
Сабақтың тақырыбы:Еңселі елорда.
№
Тапсырмалар реті
Блум таксономия сының деңгейі
уақыты
Ұйымдастыру түрі
1
1.1. Сынып оқушыларын қала атаулары бойынша топтастырып, сол қала туралы бес жолды өлеңмен білу деңгейінен түсіну деңгейіне өту.
Астана
Жаңа, еңселі
Баурады, дамыды, көркейді
Ақ қырау аяздың мекені
Ақмола
1
5 минут
2
Сызбаға астана қаласындағы белгілі кешендер мен ойын-сауық орталықтарын түсіру.
2
5 минут
Жеке жұмыс,
жұппен ұсыну
1-2 ұпай
3
Астана қаласындағы тарихи ескерткіштер жайында бейнероликті тамашалап, ескерткіштердің атауын екі тілде «Т» кестесіне жазу.
3
10 минут
Жұппен жұмыс
3-4 ұпай
4
Елордамыздың қарқынды дамуын бейнелейтін суретті қималарды құрастырып, болжалды келер шақ етістіктерін байланыстыра «Бес минуттық эссе» жазу, етістіктерді сөз құрамына талдау.
Үлгі: Жазда еліміздің астанасына жол жүрерміз. /Түбірі: жүр, -ер- болжалды келер шақ жұрнағы, - міз – ж.ж. /
4
15 минут
Топпен жұмыс
5-6 ұпай
5
Ең биік Бәйтерек монументін болжалды келер шақ етістіктерінен түзілген мысалмен құрастыру. Қай топтың мысалдары көп болса, сол топтың монументі биік деп саналады.
Барар
Кездесерміз
Күлерміз
Жүгірер
Қыдырармыз
Тамашаларсың
5
5 минут
Топпен жұмыс
7-8 ұпай
6
Астанаға көшу мәселесі бойынша өз көқарасыңды білдіріп пайымдау жаса.
Қажетті сөздер: ықшамаудан, даңғыл, арзан, қымбат, алаң, суық, аялдамалар.
6
3 минут
Топпен жұмыс
9-10 ұпай
Жапондық бағалау- бармақпен бағалау әдісі
2 минут
4-сабақ.
Сабақтың тақырыбы:Арайлы Алматы.
№
Тапсырмалар реті
Блум таксономиясының деңгейі
уақыты
Ұйымдастыру түрі
1
Еліміздің рухани, мәдени астанасы Алматы қаласының басты көшелері туралы суреттерді тамашалап, ассоциация құрастыру.
1
5 минут
Жеке жұмыс,
жұппен ұсыну
1-2 ұпай
2
2.1. Аудиожазбаны тыңдап, Алматы қаласы халқының саны, құрамы туралы сөздік диктант жазу.
2
10 минут
Жұппен жұмыс
3-4 ұпай
3
3.1. Слайд тамашалап, екі түрлі түсінік күнделігіне Алматының «тыныш» және «шулы» көшелерін түсіру.
Екі түрлі түсінік күнделігі
тыныш
шулы
3
15 минут
Топпен жұмыс
5-6 ұпай
4
4.1. Венн диаграмасының көмегімен Алматы мен Астана қалаларын сипаттап, салыстыру.
Алматы
Ұқсас-тығы
Астана
4
5 минут
Топпен жұмыс
7-8 ұпай
5
5.1. «Терминдер арқылы болжау» сөйлемдерден тек келер шақ етістіктерінің астын сызу.
5
5 минут
Топпен жұмыс
9-10 ұпай
6
6.1. БББ кестесі.
Білемін
Білдім
Білгім келеді
?
6
3 минут
Топпен,жекежұмыс
11-12 ұпай
Рефлексия «Иә, жоқ» әдісі.
2 минут
5-сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Жезқазған қаласы.
№
Тапсырмалар реті
Блум таксономия сының деңгейі
уақыты
Ұйымдастыру түрі
1
1.1. Слайдта химиялық элементтер беріледі де оның ішінде «Мыс» ерекше көзге түсетіндей айрықшаланады. Сабақтың мақсатын оқушылар өздігінен пайымдайды.
1
5 минут
2
«INSERT» стратегиясымен жұмыс түсіну деңгейінен жинақтау деңгейіне дейін жалғасады.
а/ Мәтінді қабырғаға қарап оқу әдісі.
Қарағанды облысының тарихы сонау 1932 жылдан бастау алады. Сол жылы орталығы Петропавл қаласы болып белгіленген Қарағанды облысы құрылды. Арада төрт жыл өткенде ол екіге бөлінді. Біреуі Солтүстік Қазақстан аталып, екіншісі Қарағанды қаласы және 14 аудан қараған жаңа аймаққа айналды.1954 жылы қала мәртебесін иеленген Жезқазған қаласы да осы облысқа қарайды.
2
5 минут
Жеке жұмыс
1-2 ұпай
3
б/ Сабақ мазмұнына сай жекелей 10 сөздің астын сызу, жұппен 4 сөздің астын сызу, топта бір сөздің астын сызу шарт.
3
10 минут
Жұппен жұмыс
3-4 ұпай
4
в/ кестені толтыру.
«V»
«-»
«+»
«?»
Жезқазған-Қарағанды облысындағы қала, темір жол стансасы. Қазақстандағы түсті металлургияның ірі орталығы. Сарыарқаның батысында, Ұлытау тауларының оңтүстігіндегі Қарақеңгір өзенінің бойындағы Кеңгір бөгенінің оңтүстік-батыс жағалауында орналасқан. Тұрғыны 96 мың адам . Іргесі 1939 жылы 3 мың халқы бар Кеңгір ауданының орнында тұрғызылған. 1941-54 жылдары Үлкен Жезқазған кенті аталды. 1954 жылдан қала мәртебесін алды. 1973-97 жылдары Жезқазған облысының орталығы болды.
4
15 минут
Топпен жұмыс
5-6 ұпай
5
5.1. Ән айту. Нүрәсилә Бәрменбаеваның сөзі мен Жақсыкелді Сейіловтың әніне жазылған «Жезқазған маршын» шырқау. Сарыарқаның сағымымен бірге ұшқан,
Сәулетімен сәніменен нұр құшқан.
Салтанатты Жезқазғанның қаласы-ай,
Асты алтын, үсті күміс гүлстан.
5
5 минут
Топпен жұмыс
7-8 ұпай
6
«Жезқазған халқы» диаграммасын құрастыру.
6
3 минут
Топпен жұмыс
9-10 ұпай
Рефлексия
2 минут
Пайдаланған әдебиеттер:
«Қазақ тілі» оқу бағдарламасы Астана 2009 ж. (жаратылыстану-математикалық бағдар)
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты 2010 жыл
Т.Артыкова. Қазақ тілі. 8-сынып оқулығы
4. Бұзаубақова К.А. Жаңа педагогикалық технология.Қазақстан мектебі. Алматы-2004 ж.
Тілдік тұлға қалыптастыруда сын тұрғысынан ойлаудың маңызы. Білім-Образование, 2007 ж.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Даму бағдарламасы. – Астана, 2010ж.