kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ерлік жыры - елдікті? ескерткіші

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: Ерлік жыры-елдікті? ескерткіші

Саба?ты? ма?саты:

1.О?ушылар?а ?лы Отан со?ысыны? шы?у себептерін т?сіндіре отырып шай?аста?ы ?аза?станты?тарды? ерліктері мен тыл е?беккерлеріні? ?ос?ан ?лестері туралы ма?л?мат беру; 

2. О?шыларды? тарихи о?и?аларды есте са?тау,зерттеу,іздену шы?армашылы? ж?мыс істеу ?абілетін дамыту;

3. ?лы же?істі? тарихи ма?ызын ??ындыра отырып ардагерлерімізді? ерлігін ?астерлей білуге,отан с?йгіштікке,батылды??а,елжандылы??а т?рбиелеу, шыншылды??а  баулу.

К?рнекіліктер:интерактивті та?та, бейнефильмнен ?зінді,батырларды?  суреттері,слайд.

?діс-т?сілі: ??гімелеу,с?ра?-жауап алу,талдау                                    

      Барысы:

І бет – «Отты жылдар шежіресі»

1-ж?ргізуші: (А?мерей)

Же?іс деген - жа?сылы?ты? сы?ары,

Жігер менен ??штарлы?ты? ??ралы.

К?рескерді? арманы мен ?раны,

?уанышпен мерекені? б?ла?ы.

??рметті ?стаздар мен о?ушылар ?лы Же?істі? 71 жылды?ына орай ?йымдастырыл?ан т?рбие са?атына ?ош келді?іздер!

  Же?іс.И?, оны сан миллионда?ан адамдар 4 жыл бой минуттап, са?аттап сарыла к?тті емес пе? А?ыры оларды? ?міті мен сенімі а?талды, тілектері орындалды.

2-ж?ргізуші: (Арман)

   Біра? сол же?іс о?айлы?пен келген жо?. Же?іс жолында Отан ?шін су кешіп талай миллионда?ан асыл азаматтар мерт болды. Жауымен жан аямай шай?асып, ерлікті? ерен ?лгісін к?рсетті. Ана – жарын жо?алт?ан жесір, бала – ?кесінен, анасынан айрыл?ан жетім атанды. Фашистерді? т?т?ын лагерінде ?аншама ана мен бала айуанды?пен азаптап ?лтірілді. Ал, тылда ?ал?ан ?арттар, аналар мен бесіктен белі шы?па?ан балалар со?ысты? ?ай?ы-?асіретін ар?алай ж?ріп, бірде аш, бірде то? тынбай ж?мыс істеді. Біра? ешкімні? са?ы сынбады. Оларды? бойында?ы отаншылды? сезім, ?олына ?ару алып сап?а т?р?ан к?птеген ?лт ?кілдеріні? тізе ?ос?ан бірлігі мен ерлігі Же?іс са?атын жа?ындата т?сті.

            Д?л осынау жадыра??ы ж?й к?ні,

            Болса да?ы ?ай ?асырды? ?ай жылы.

            ?лы Отаным басымды иіп бір минут,

            Есіме алам сол бір апат ?ай?ыны.

?ан майданда мерт бол?ан ерлерді? рухына 1 минут ?нсіздік.

1-ж?ргізуші: (А?мерей)  Адамзат тарихында д?ниені д?р сілкіндірген, ?лемді та? ?алдыр?ан талай о?и?алар ?тті. Біра? соларды? ішінде ?ай?ы мен ?уаныш жасын ?оса ж?т?ыз?ан ?лы Отан со?ысында?ы те?десі жо? же?істі? орны бір б?лек.
?лы Отан со?ысыны? шежіресі мы?да?ан ?лдар мен ?ыздарды? ?анымен жазыл?ан ?асиетті тарих. Б?л шежіре алас?р?ан фашизмні? ашк?з ?ор?аулы?ы, ?андыбала? ?иянаты, адамдарыны? ба?а жетпес ?ажыры мен ?айраты, ерлігі, елдік намысы жыр бол?ан ?шпес тарих.

1-о?ушы: (Рахат)  Фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда со?ыс жарияламастан, т?т?иылдан КСРО-?а шабуыл жасады. Суы? хабар сол к?ні-а? ?йгілі диктор Левитанны? ?уатты ?німен тарады. ?лы Отан со?ысы басталды. (Левитанны? дауысы)

2-о?ушы : (?уантай)Тарихта ?лы Отан со?ысындай ?асіретті со?ыс бол?ан емес. Со?ыста 27 миллионнан астам ке?ес адамы ?аза тапты. Соны? ішінде 410 мы?ы ?аза?станды?тар болатын.

3-о?ушы: (Ислам)

 41-жылды? июні,

К?ндерді? ?ауырт ?иыны.

Тары?ты елді? базары,

Со?ты да со?ыс ??йыны.

Орман да к?кпен талас?ан,

?ксіді ?мір, а? аспан.

?ан-жоса боп ?ара жер,

?а?ырап т?сті ?ара аспан.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ерлік жыры - елдікті? ескерткіші»


Сабақтың тақырыбы: Ерлік жыры-елдіктің ескерткіші

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларға Ұлы Отан соғысының шығу себептерін түсіндіре отырып шайқастағы Қазақстантықтардың ерліктері мен тыл еңбеккерлерінің қосқан үлестері туралы мағлұмат беру; 

2. Оқшылардың тарихи оқиғаларды есте сақтау,зерттеу,іздену шығармашылық жұмыс істеу қабілетін дамыту;

3. Ұлы жеңістің тарихи маңызын ұғындыра отырып ардагерлеріміздің ерлігін қастерлей білуге,отан сүйгіштікке,батылдыққа,елжандылыққа тәрбиелеу, шыншылдыққа  баулу.

Көрнекіліктер:интерактивті тақта, бейнефильмнен үзінді,батырлардың  суреттері,слайд.

Әдіс-тәсілі: әңгімелеу,сұрақ-жауап алу,талдау 

      Барысы:

І бет – «Отты жылдар шежіресі»

1-жүргізуші: (Ақмерей)

Жеңіс деген - жақсылықтың сыңары,

Жігер менен құштарлықтың құралы.

Күрескердің арманы мен ұраны,

Қуанышпен мерекенің бұлағы.

Құрметті ұстаздар мен оқушылар Ұлы Жеңістің 71 жылдығына орай ұйымдастырылған тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

Жеңіс...Иә, оны сан миллиондаған адамдар 4 жыл бой минуттап, сағаттап сарыла күтті емес пе? Ақыры олардың үміті мен сенімі ақталды, тілектері орындалды.

2-жүргізуші: (Арман)

Бірақ сол жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында Отан үшін су кешіп талай миллиондаған асыл азаматтар мерт болды. Жауымен жан аямай шайқасып, ерліктің ерен үлгісін көрсетті. Ана – жарын жоғалтқан жесір, бала – әкесінен, анасынан айрылған жетім атанды. Фашистердің тұтқын лагерінде қаншама ана мен бала айуандықпен азаптап өлтірілді. Ал, тылда қалған қарттар, аналар мен бесіктен белі шықпаған балалар соғыстың қайғы-қасіретін арқалай жүріп, бірде аш, бірде тоқ тынбай жұмыс істеді. Бірақ ешкімнің сағы сынбады. Олардың бойындағы отаншылдық сезім, қолына қару алып сапқа тұрған көптеген ұлт өкілдерінің тізе қосқан бірлігі мен ерлігі Жеңіс сағатын жақындата түсті.

Дәл осынау жадыраңқы жәй күні,

Болса дағы қай ғасырдың қай жылы.

Ұлы Отаным басымды иіп бір минут,

Есіме алам сол бір апат қайғыны.

Қан майданда мерт болған ерлердің рухына 1 минут үнсіздік.

1-жүргізуші: (Ақмерей) Адамзат тарихында дүниені дүр сілкіндірген, әлемді таң қалдырған талай оқиғалар өтті. Бірақ солардың ішінде қайғы мен қуаныш жасын қоса жұтқызған Ұлы Отан соғысындағы теңдесі жоқ жеңістің орны бір бөлек.
Ұлы Отан соғысының шежіресі мыңдаған ұлдар мен қыздардың қанымен жазылған қасиетті тарих. Бұл шежіре аласұрған фашизмнің ашкөз қорқаулығы, қандыбалақ қиянаты, адамдарының баға жетпес қажыры мен қайраты, ерлігі, елдік намысы жыр болған өшпес тарих.

1-оқушы: (Рахат) Фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан, тұтқиылдан КСРО-ға шабуыл жасады. Суық хабар сол күні-ақ әйгілі диктор Левитанның қуатты үнімен тарады. Ұлы Отан соғысы басталды. (Левитанның дауысы)

2-оқушы : (Қуантай)Тарихта Ұлы Отан соғысындай қасіретті соғыс болған емес. Соғыста 27 миллионнан астам кеңес адамы қаза тапты. Соның ішінде 410 мыңы қазақстандықтар болатын.

3-оқушы: (Ислам)

41-жылдың июні,

Күндердің қауырт қиыны.

Тарықты елдің базары,

Соқты да соғыс құйыны.

Орман да көкпен таласқан,

Өксіді өмір, ақ аспан.

Қан-жоса боп қара жер,

Қақырап түсті қара аспан.

4-оқушы : Жаныштап ажал ызғары,

Қайғыдан жүрек мұздады.

Қаусатып кетті қарттарды,

Қартайтып кетті қыздарды.

5-оқушы : Үй сайын қайғы, нала, зар,

Таусылып бітті жаны аздар.

Мұржаға қара қарғаша

Үйілді қара қағаздар.

2-жүргізуші: (Арман) Ұлы Отан соғысында 600 мыңнан астам отбасы қара қағаз алып, қайғының уын жұтты.

6-оқушы : Бұлт басты, ашық сәні, қашты аспанның,

Жоғалсын заты бұлай бас қосқанның.

Анаға ең ауыр күн тіршілікте

Боздап кеп боздағымен қоштасқан күн.

7-оқушы : Аналар уайымдаса, уайымдасын,

Сұм соғыс кімге бақыт дайындасын?

Қайғыдан кәрі таулар қап-қара боп,

Жеткізді жерге дейін қайың басын.

8-оқушы : Жабады, дала төсін, нала, қайғы,

Шын қайғы жас-кәріге қарамайды.

Қып қызыл көлдің бетін, сұңқылдаған

Аққулар қанатымен сабалайды.

9-оқушы: Күннің де жүзі қызыл күңіренген,

Иттердің ұлуы көп күндегіден.

Қан шапшып қауызынан райханның

Еменнің жас тамып тұр діңгегінен.

10-оқушы: Жас бала дір-дір етті мұны көріп,

Жіберді төгіп-төгіп мұңын берік.

Қоштасу, Тілеу, Қайрат беру...

Дүние кетті бір сәт күңіреніп.

1-жүргізуші: (Ақмерей)

Отан Ана жылағанда шерленіп,

Тапжылмастан шөгеді екен жерге бұлт.

«Қара бұлтты қақ жарайық» деді де,

Қолдарына қару алды ерленіп.

Аналар тілек айтты қол жайысты,

Қарлығаш ұясынан зарлай ұшты.

Ерлердің екпінінен дауыл тұрып,

Қалың қол табанында жер қайысты.

Ән: О, аналар, осындайсың бәрің де! (видеоролик)

2-жүргізуші: (Арман) Халық ерлігі өлмейді, ол жылдар өткен сайын қайта жаңғырып, адамзат зердесіне орала береді. Отан шежіресінде, біздің жүрегімізде батырлар есімі мәңгі жасай береді. Ұрыс даласында қан жұтып, қыршыны қиылған боздақтар да, жеңіс жалауын жер үстінде желбіреткен жауынгерлер де, бізге бірдей қымбат.
ІІ бет - «Жеңіс туын желбіреткен жерлестер»

Слайдтан Шалқар ауданынан Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлер туралы мәліметтер беріледі. Оқушылар қосымша мәліметтерін оқып шығады.

1-жүргізуші: (Ақмерей) Біздердің қазіргі бейбіт күлкіміз үшін, барлық халықтардың бақытты өмірі үшін отқа түсіп, жанын қиған батыр ағаларымыз бен апаларымызды біздер ешқашан естен шығармаймыз!

ІІІ бет - «Майдангер ақын, жазушылар»

1-жүргізуші: (Ақмерей)

Деректерге сүйенсек: Қазақстаннан Ұлы Отан соғысына 60-тай ақын, жазушы қатысқан екен. Соның 48-і қазақ ұлтының өкілдері.

2-жүргізуші: (Арман)

Жоқ, болмайды, мен өлмен,

Өшпес менде өмір бар.

Өлім мен өмір күресте,

Өлімді өмір жеңе алар.

Біз алмастай қамал жоқ,

Дүлей дауыл соқса да.

Жеңбестей еш күш жоқ,

Алысса да, атса да, - деп жырлаған батыр да ақын ағамыз Баубек Бұлқышев осы қанды соғыстың құрбаны болды.

1-жүргізуші: (Ақмерей)

Әдебиетте жарқ етіп көрініп, жұлдыздай тез сөнген Баубек Бұлқышев ағамыз небәрі 28 жыл ғана өмір сүрді. Ол Қарағанды облысы, Ұлытау ауданындағы "Аманкелді" аулында 1916 жылы дүниеге келді. Баубектің әкесі А. Иманов басқарған ұлт-азаттық қозғалысына белсенді қатысқан.

Ол Ұлы Отан соғысында ұрыстарға алғашқы күндерден бастап қатысады.

Шығармаларын қазақ, орыс тілдерінде жазған. “Балалық шақ” поэмасы, “Ауылдан Алматыға” атты әңгімесі, “Өмір мен өлім туралы” деген өршіл, отаншыл мақаласы, “Алматы — менің туған қалам” деген бітпей қалған романы және “Айсұлу” деген поэмасы бар. Көптеген өлеңдер жазған. Б.Бұлқышев соғыс жылдарында жауынгер -публицист ретінде жарқ етіп көзге түскен. Оның "Өмір мен өлім туралы", "Өмір сүргім келеді", "Заман біздікі", "Шығыс ұлына хат", "Тыңда, Кавказ", "Жауыздық пен махаббат" деген публицистикалық шығармалары майдан жауынгерлерін ерлікке, патриоттылыққа үндеді. 1944 жылдың бас кезінде майданда қаһармандықпен қаза тапты.

2-жүргізуші: (Арман) Елді қорғау – ер азаматқа берілген ұлы мәртебе. Соны абыроймен атқара білген ардагерлердің арқасында біз бүгін бейбіт өмір сүріп келеміз. Есімі елге жақсы таныс сондай жандардың бірі - Әзілхан Нұршайықов.

1-жүргізуші: (Ақмерей) Қасым Қайсеновтың «Ажал аузынан», «Жау тылындағы бала», «Днепрде», «Партизан соқпақтары» шығармалары, «Елімнің ертеңіне сенемін», «Естеліктер мен жазбалар» т.б. кітаптары бар.

2-жүргізуші: (Арман) Ат ауыздығымен су ішіп, ер етігімен су кешкен заманда жауға қарсы шығып, елін, жерін қорғаған айбарлы да айбынды, ержүрек, қаһарман батырларымыз қаншама десеңізші!...Осындай батыр болмысты, қайсар рухты, биік тұлғалардың бірі – Кеңес Одағының батыры, халық қаһарманы, аты аңызға айналған даңқты қолбасшы, жазушы Бауыржан Момышұлы.

Бауыржан Момышұлының жанды даусы

1-жүргізуші: (Ақмерей) Бауыржан ата 1910 жылы 24-желтоқсанда Жамбыл облысы Жуалы ауданында Көлбастау ауылында дүниеге келген.

2-жүргізуші: (Арман) Батыр ерлігі жайлы бірінші болып белгілі жазушы Александр Бек «Волоколамское шоссе» повесін жазды.

11-оқушы: Халқындай ол да бағлан, ол да батыр,

Халқындай ол да кеніш, ол да нақыл.

Қайыспас қара емендей қайран ерді

Халқына теңеу мәні сонда жатыр.

12-оқушы: Сүңгіген ақ боз мініп сезім отқа,

Сардардың жұта алмайды сөзін оқ та.

Қолпашты көтермейтін өмірінде,

Мақтауға болады енді өзі жоқта.

13-оқушы: Бауыржан Момышұлы - қара басы,

Халқының болған адам садағасы.

Бауыржан Момышұлы – Қазақ деген

Ғаламат ұлы сөздің садағасы.

1-жүргізуші: (Ақмерей)

Батыр ұл есімдері сақталады,

Жыр болып жүректерде жатталады.

Ғасырдан ғасырларға аңыз етіп,

Ұрпағы мәңгі бақи мақтанады.

ІІІ бет «Қазақтың қаһарман қыздары» (слайд)

2-жүргізуші: (Арман)

Сұрапыл соғыс жылдары ер азаматтарға бергісіз ерлікке барған қазақ қыздарының есімі ел есінде қала бермек.

1-жүргізуші: (Ақмерей) Отан үшін от кешкен,
Денелерін оқ тескен.
Ұмытпайық бұларды
Ұрпағы үшін жан кешкен...

2-жүргізуші: (Арман)

Хор: Соғыс өрті жанбасын,

Сәбилер жетім қалмасын!

Бесігінде сәбидің, есігінде әр үйдің

Болмасын соғыс, болмасын!

Бірге: Келешек ұрпақтың тілегі осы.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ерлік жыры - елдікті? ескерткіші

Автор: Ж?ма??лова Жанар Мырза?али?ызы

Дата: 13.06.2016

Номер свидетельства: 334295

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Ерлік жыры-елдікті? к?рсеткіші"
    ["seo_title"] => string(32) "ierlikzhyryieldiktinkorsietkishi"
    ["file_id"] => string(6) "330815"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1464401971"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(88) ""Ерлік жыры-елдің ескерткіші" ашық тәрбие сағаты"
    ["seo_title"] => string(55) "ierlik_zhyry_ieldin_ieskiertkishi_ashyk_t_rbiie_sag_aty"
    ["file_id"] => string(6) "439079"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1510810121"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(86) "Т?ркі тектес халы?тар?а орта? м?ра "К?лтегін" жыры"
    ["seo_title"] => string(57) "turki-tiekties-khalyk-targ-a-ortak-mu-ra-kultieghin-zhyry"
    ["file_id"] => string(6) "255470"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447939796"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(102) "Саба?ты? та?ырыбы: Батырлар жыры.  «?обыланды батыр» жыры "
    ["seo_title"] => string(57) "sabak-tyn-tak-yryby-batyrlar-zhyry-k-obylandy-batyr-zhyry"
    ["file_id"] => string(6) "110799"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1406626594"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(164) ""О?ушыларды? функционалды? сауаттылы?ын  ?алыптастыру – о?ушы ??зіреттілігін дамыту кепілі""
    ["seo_title"] => string(85) "okushylardynfunktsionaldyksauattylygynkalyptastyruokushykuziriettilighindamytukiepili"
    ["file_id"] => string(6) "311499"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459224162"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства