Просмотр содержимого документа
«Бала ???ы?ы -асыл ?азына»
Тақырыбы: «Бала құқығы-асыл қазына»
Мақсаты:Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру
Түрі: Кездесу, пікірталас
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, қанатты сөздер
Жүру барысы:
І Психологиялық тренинг
ІІ Құқық туралы жалпы түсінік
ІІІ Сенің құқығым – менің құығым (Оқушы құқығы)
IV «Тығырықтан шығар жол қайсы» (ситуациялық жағдайды шешу)
V Көкейде жүрген сауал (сұрақ-жауап)
VI Ойды аяқта (мақал-мәтелдің жалғасын табу, түсінік беру)
VII Қорытынды
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру
«Жаттығу» – «Танысу», «Есімдер аллитерациясы»
Нұсқау: Шаттық шеңберіне тұрып , алдымен өз есімдеріңіздің алдына адамның бойында бар жақсы қасиеттің біреуін айтып, өзіңіз туралы қысқаша мәлімет беруіңіз керек.
Мысалы: Назым-н-намысты басты орынға қоямын.
4 топқа алдын ала бөлінген, сол бойынша өз орындарына отырады.
Қызығушылықты ояту: Психологиялық тренинг «Ой қозғау»
Мәтін оқылады (Жай әуен ойналып тұрады)
Көзімізді жұмған сәтте алыстан бір қараңғы үңгір көрінгендей болады. Осылайша жүріп барам, жүріп барам. Кенет сүрініп кетіп, сол үңгірге қалай түсіп кеткенімді байқамай қалыппын. Іші тас қараңғы. Аяғымның астынан сыз өтіп барады. Жан-жағыма қарайлаймын, үңгірден шыға алатындай жағдайларды қарастырып көргім келеді. Бірақ еш нәтиже жоқ. Анда-санда естілетін сылдыраған судың дыбысы құлағыма келеді. Қай жақтан шығатыны белгісіз? Тас қараңғыда жар сипалауға кірістім. Тынысым тарылып, қорқыныш сезімі билеп алғандай.Үңгірден шыққым келеді, шыққым келеді, айқайлайын десем дауысым да шықпай қалыпты. Қылмыс жасаған адам да осындай күй кешетінін сонда түсіндім. Бірақ мен ешкімге жамандық жасамаған сияқты едім. Неге тағдыр мені осыншалық сынап, мына үңгірге қамады екен. Осылайша енді маған жарық көрер күн жоқ шығар деп ойлап өмірден үмітімді үзіп келе жатқанымда кенет қолым бір домалақ тасқа тигендей болды. Итеріп келіп қалып едім үңгірдің ішінен тағы бір бөлме ашылды. Мен қуана жар сипалап жүріп сонда кірдім. Алыстан жарық көрінді. Алақай , жарық! Кіп-кішкентай жарық болса да, мен жар сипалап сол жарыққа қарай жанталаса жүгірдім. О, жарық дүние, неткен қымбат едің, ешкімге соқтықпай, ешкімге ұрынбай, ешкімге жамандық жасамай еркіндікте жүргенге не жетсін, шіркін!
-Не сездіңіз?
-Бүгінгі тәрбие сағатымызбен байланыстырып, қандай ой айтар едің?
-Дұрыс айтасыңдар! Құқық бұзушылыққа, қылмыстық іске, нашақорлық жолға түскен адамдар басынан дәл осы күйді кешеді. Тығырықтан шығатын жол іздейді. Бірақ бәрі де кеш болуы мүмкін. Өйткені бүлдірген істі бүтіндеу үшін көп уақыт қажет. Ал адамға өмір бір рет беріледі. Сол өмірдің әр жылын жарық күнде, бейбіт өмірде өткізу бәріміздің міндетіміз! Олай болса бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Бала құқығы-асыл қазына» деген тақырыпты қамтымақ.
2. Мағынаны тану
Алтын сандық тапсырмаларын орындау
1-топ.
«Құқық туралы жалпы түсінік». Қоғамда өмір сүретін адамдардың өздерін ұстау ережелерінің жиынтығын әлеуметтік нормалар дейміз. Әлеуметтік норма құқық пен мораль деген ұғымдар кіреді. Әлеуметтік нормалардың мемлекеттің пәрменімен заңдастырылған бөлігі құқықты, ал мемлекеттің пәрменімен заңдастырылмаған бөлігі моральды құрайды. Құқық дегеніміз – мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі. Құқықтың ерекшелігі – оның нормалары бұзылған жағдайда кінәлінің заңды жауапқа тартылатындығын да. Моральдық тәртіпті бұзғаны үшін адам заңды жауапкершілікке тартылмайды, бірақ көпшіліктің назарына ілігеді, айналасына жағымсыз пікір туғызады. Құқықтық нормалар тек қана заңдардан тұрмайды, басқа да нормативтік құқықтық актілерде де көрсетілген. Президент - нормативтік жарлықтар, Үкімет – нормативтік қаулылар, министрліктер – нормативтік бұйрықтар, жергілікті мемлекеттік органдар - нормативтік шешімдер қабылдайды. 1948 жылы 10 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын қабылдады. Ол бойынша адам құқығы 3 топқа бөлінеді: табиғи құқық, азаматтық құқық, экономикалық-әлеуметтік, мәдени құқық. Біздің елімізде адам құқықтары Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапқан. Ол 9 бөлім, 98 баптан тұрады. Оның екінші бөлімінің 30 бабы құқыққа арналған.
2-топ баптар
14-бап 1. Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең. 2. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай кемсітуге болмайды. 15-бап 1. Әркiмнiң өмір сүруге құқығы бар. 2. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ. Өлім жазасы адамдардың қаза болуымен байланысты террористік қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ соғыс уақытында ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамның кешірім жасау туралы өтініш ету хақы бар.
16-бап 1. Әркім өзiнiң жеке басының бостандығына құқығы бар. 2. Заңда көзделген реттерде ғана және тек қана соттың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады, тұтқындалған адамға шағымдану құқығы берiледi. Соттың санкциясынсыз адамды жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімге ұстауға болады. 3. Ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбір адам сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегін пайдалануға құқылы.
17-бап 1. Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды. 2. Ешкiмдi азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадiр-қасиетiн қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды.
19-бап 1. Әркім өзiнiң қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету - көрсетпеуге хақылы. 2. Әркiмнiң ана тiлi мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым - қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тiлiн еркін таңдап алуға құқығы бар.
3-топ Қылмыскер бала қайдан шығады»?Қазақтың ертедегі аңыз-әңгіме желісімен көрініс. Қатысатындар: би, жігіт, уәзір, анасы, сарбаздар. Баласы көршінің тауық ұясынан жұмыртқа ұрлап әкеледі де, шешесіне жұмыртқаны қуырып беруін сұрайды. Анасы жұмыртқаны қуырып береді. Арада біраз күндер өтеді. Бала көршінің тауығын ұрлап әкеліп, анасына береді. Қорадағы тауықтарға қосып кояды. Бірнеше жылдар өтеді, бала ұрлықты кәсіп қылған жігіт болып өседі. Бір күні жігіт бес баласы бар жесір әйелдің жалғыз ала сиырын ұрлап сойып жатқан жерінен ұсталады. Ашынған ел жігітті бидің алдына апарып, үкім шығарып жазалауын сұрайды. Би: Сен бес баласы бар, өзі сырқат, жұмысқа жарамсыз жесір әйелдің жанын бағып отырған жалғыз сиырын ұрлап, балаларының аузын ақтан қақтың. Сенің жазаң дарға асу. Жігіт: Дат тақсыр! Би: Датың болса айт. Жігіт: Маған анаммен соңғы рет тілдесуге рұқсат етіңіз (анасы келеді). Апа, маған тіліңізді көрсетіңізші (анасы тілін көрсетеді). Уәзір: Сені жарық дүниеге алып келген, ақ сүтін берген анаңның кінәсі не? Жігіт: Тақсыр мен ең бірінші көршінің жұмыртқасын ұрлап алып келген кезде анам осы тілмен маған жекіп ұрысқан жоқ. Ұрлықтың қылмыс екенін түсіндіріп, ақылмен айтпаған анамның тілі де кінәлі шығар деп тұрмын. Би: Әй, балам! Бұл сөзіңнің жаны бар екен, ұрлықшы болуыңа сенің анаңның да кінәсі бар екен. Бұл жігіт дарға асылмасын. Алланың кітабы құранда былай депті: ”Ұры әйел болсын, еркек болсын, қолын шауып тастау керек.” Бұл жігіттің оң қолының бес саусағын айбалтамен шауып тастаңдар. (Анасы есінен танып құлайды). Жігіт: Бауырларым,менің өкінішті ісімді қайталамаңдар.Мен қалған өмірімді ешкімнің ала жібін аттамауға ант етемін.
Жүргізуші: Бүгінгі күні қоғамды алаңдатып отырған жағдайлардың бірі ол-мектеп жасындағы балалардың қылмыс жасауы.
1. Жігіттің ұры болып өсуіне кінәлі өзі ме, әлде анасы ма? 2.Сен ұры жігіттің орнында болсаң не істер едің? 3.Бидің шығарған үкімі дұрыс па? Сен бидің орнында болсаң қандай жаза қолданар едің?
Жүргізуші .Қазіргі уақытта бұл қылмысқа Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі 175 бабында көзделген қылмысты жасағаны үшін белгілі бір мерзімге жазаланады.
4-топ.-Құқық бұзушылықтың себебі неде деп ойлайсыздар? ( Ата- ананың жауаптары тыңдалады)
Вен диаграммасына салып қорғау
Әдепті бала ұқсастығы Қылмыскер бала
«Мен заңды қаншалықты жақсы білемін»?
Тақтада бірнеше жағдайларды тұр. Бұның ішінен оқылған жағдайды қылмыс деп ойлайсыздар ма, әлде қылмыс емес деп ойлайсыздар ма? Студенттер әр жағдайға жеке тоқталып, түсініктеме береді. 1. Түнгі көшеде жастар айқайлап өлең айтып келе жатыр. 2. Бір студент групаласына: « Ертең телефоныңды маған әкеліп бересің, әкелмесең басқаша сөйлесеміз» деп күш көрсетті.. 3. Студенттер көшеде шемекі шағып келеді.
Жүргізуші:Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан – 2050» стратегиясы атты Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында «Мемлекет тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік ұстанымын ұстануы тиіс. Дамыған қоғамда тәртіп пен жинақылық ауладан, таза көшеден және жарқын жүзді адамдардан басталады. Біз ең ұсақ құқықбұзушылықпен, бұзақылықпен, мәдениетсіздікпен ымыраға келмеуіміз керек, өйткені осының өзі қоғам тыныштығын бұзады, өмірдің мәні мен сәніне селкеу түсіреді.
Тәртіпсіздік пен бетімен кетушілікті сезіну одан да үлкен қылмыстарға жол ашады. Ұсақ құқықбұзушылыққа төзбеу ахуалы – қоғамдық тәртіпті нығайтуға, қылмыспен күреске бастайтын маңызды қадам» деп атап көрсеткен болатын.
Расында да, жайлы және таза орта бізге өте қажет. Өркениетті әр адам қоғамдық орындарда өзін-өзі дұрыс ұстап, мәдениетсіздік пен ұсақ теріс қылықтарға бой алдырмауы қажет
Ой толғаныс
Балаларға екі сурет көрсетіледі: Біріншісі тіп- тік әдемі салынған үйдің суреті. Екіншісі- фундаментінен бастап кірпіші дұрыс қаланбаған, төбесі жарылып кеткен үйдің суреті. Және түзу ағаш пен қисық өскен ағаш Мұғалім: Бұл тек үйдің, ағаштың суреті ғана емес, көріп отырып бала тәрбиесі туралы не айтуға болады? Бұдан соң бірінші сурет тәрбиесі дұрыс бала екендігін, екінші сурет тәрбиесі дұрыс болмаған бала жайында екендігі айтылады. Бала тәрбиесі үйдің фундаменті сияқты жас күнінен басталатынына ата-ананың назарын аудару керек. «Отбасы – барлығының басы, жан-жақты негізі болатын тәрбие институты. Ата- анамен баланың қарым- қатынасы нәтижесінде адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесінің алғашқы үлгісі қалыптасады. Ал әке мен шеше, ата мен әже, апа мен ағалар баланың алғашқы тәрбиешілері»- деп В.А. Сухомлинский айтқандай , алғашқы тәрбиешілердің алғашқы тәрбиесі ерте бастан, яғни бесіктен басталуы тиіс. Яғни, екінші сурет бала тәрбиесінің о бастан дұрыс басталмағанын көрсетіп тұр. Бала бір күнде қылмыскер болмайды. Үйдің құлауына дейін қаншама процестер жүретіні сияқты бала қылмыскер болуы үшін де бірнеше жағдайлар әсер етеді. Оған ата- ананың баланы бақылауынсыз жіберуі, баланың топқа кіруі, жақсы жолдастарының болмауы, т.б. бірден-бір себеп. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған.
Барлық жасыл желектер күн көзіне қарап боп түзейді. Олар көлеңкені сүймейді. Артық бұтақтар мен арам шөптерді қырқып, отап отырсаңыздар еккендеріңіз түзу, алқабыңыз жайнап тұрары сөзсіз. Бала да сол. Оған ақыл - кеңес, өнегелі әңгіме, мейірімі керек. Олай болса, ағайын, бала тәрбиесі тек отбасында ата - аналық парызымыз ғана емес, Отан алдындағы борышымыз екенін естен шығармайық!
Мұның барлығын дер кезінде байқап, балаға көмекке ұмтылсақ, оны сақтап қалуға болады. Бұдан соң заң қызметкерлері сөйлейді.
Рефлексия «Сиқырлы жіп»
Мұғалім қолына жіп ұстап тұрып бірінші оқушыға жіптің ұшын береді . Жіпті барлық оқушылар үзбей ұстап тұруы керек. «Бұл – сиқырлы жіпше», Ол шұбатылып, бізді байланыстырады. Осы жіп - өмір. Жіп қолыңызға түскен кезде, сіз өмірді қандай болып көретініңізді бір – екі сөзбен айту керексіз. Мысалы: «Мен өмір сүруден еш қашан қорықпаймын қиыншылыққа төземін т.б» бүкіл сыныптың қолдарынан өтіп, мұғалімнің қолына оралады.
-Балалар өмір жібі үзілмеу керек екеніне көңіл аударыңдар!
-Сендер бұл кезде қандай күйде болдыңдар?
-Қорықтық жіп үзіліп кетпесін деп.
Өмірді қайта сүре алмаймыз! Сондықтан өмірде тек жақсылық,қызықты
болу үшін өмір сүреміз. Заң сендердің жан – жақты қамқорлықта болуларыңды қорғауды мақсат тұтады.