Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі. 5Т ережесін қайталау.Тыныштық сәті. Сабағымызды бастамас бұрын сіздерге сөзжұмбақ жасырмақпын.Сіздер осы сөзжұмбақтын шешуші сөзін сұрақтарға жауап беру арқылы табыңыздар.Сұрақтарға назар аударыңыз. 1. Мұқағали Мақатаев 2. Абай 3. Хатпен. 4. Адалдық 5. Батылдық. 6. Бақыт,бақытты болу 7. Ана 8 Таңсықта Сөзжұмбақтың шешуші сөзі: Махаббат Оқушы:Гүлім Өзіңді де, өзгені де сыйласан Жете аларсың махаббаттың мәніне,-дей отырып «Бәріде махаббаттан басталады ...»атты сабағымызға қош келдіңіздер! Мұғ:Махаббат-достықтың,татулықтың шыңы,адам өмірінің ұлы жарастығы. Онсыз өмірдің мәні,қызығы,құны жоқ.Ақын Абай «Махаббатсыз дүние – бос» деп тегін айтпаған.Махаббатпен адамның бүкіл тіршілігі байланысты. Адам дүниеге келгеннен бастап махаббаттың жылуына бөленсе,одан кейін дос-жаран, жора-жолдастарының сүйіспеншілігін біледі. Адам жүрегі махаббатқа, сүйіспеншілікке толы болса ғана мейірімділік, адалдық сияқты асыл қасиеттер үнемі байқалып тұрады. Сендер шыр етіп дүниеге келгенде алғаш рет сәби жүректеріңмен ананың аялы алақаның, мейірленген махаббатың сезесіздер. Сондықтан да барлық жақсылықтың негізі осы махаббаттан басталып, адам жаның нұрға, көңілін қуанышқа бөлейді.Әрбір адам ата-анасына,Отанға,туған жерге сүйіспеншілікпен қарайды.Әлемдегі барлық жақсылық махаббат арқылы келеді. Ендеше бүгінгі сабағымызда анаға,әкеге,Отанға,табиғатқа,досқа,бір-біріне деген махаббат сезімдері туралы сыр шертеміз. Сұрақтар: -Махаббат деген ұғымды алай түсінесіздер? -Адамға махаббат қаншалықты қажет? -Адамда махаббат сезімі болмаса не болар еді? Оқушы: Қазина Мұғ:Олай болса барлығымыз Қуаныш пен Шаттыққа бөленіп «Махаббат» еліне саяхатқа шығайық. «Махаббат еліне саяхатқа шығу үшін бізге не қажет?қандай көңіл-күй?» (оқушылардың жауабы) -Әрине, жақсы көңіл-күй, әдемі күлкі,жүректің жылулығы қажет. Біздің бірінші аялдамамыз –«Ана-Әке» Мұғалім сөзі: «Бұл дүниеде ана махаббатынын қасиетті ешнәрсе жоқ.Себебі, бірншіден ол саған «өмір сыйлайды,саған жарық дүние көрсетті,сені өсірді,сенің ыстығына күйді,суығына тонды,түн ұйқысын төрт бөліп сені аялады,тәрбиелеп өсірді.Батыр да,бағлан да,көсем де,шешен де данышпан да бәрі – бәрі анадан туады. Сондықтан да болар,атам қазақ ана парызын әке парызынан әлдеқайда жоғары қояды. «Анаңды көтеріп Меккеге үш рет апарып,үш келсең де перзенттік парызыңды өтей алмайсын» деудің өзі «анаға мәңгі бақи қарызсың» дегенді білдірмей ме? Әкенің отбасындағы орны алтыннын да қымбат,оны ешқашан бағалы затпен өлшеуге келмейді. Әке отбасынын басшысы, асыраушысы, қамқоршысы.Ендеше,әке тілегін, әкенің үмітін ақтау - әрбір баланың қасиетті міндеті.Әкеміз асқар тауымыз,ендеше асқар тауымыздың еңсесі биік болсын дейміз.Лашын құсқа–ауа қадірлі, жүйрік атқа–дала қадірлі, ата-анаға – бала қадірлі» Иә,Алла көрдім бе,көрмедің бе? Иә,тәңірімбердің бе,бермедің бе? Шырылдаған үніңнен айналайын, Шыныменен өмірге келгенің бе?-деген өлен жолдары кімнің және кімге арналған? -Бұл өленнің авторы кім?(оқушылардың жауабы) - Ия, бұл Мұқағали Мақатаевтың өленнен зарығып күткен перзенті дүниеге келгенде әкенің баласына деген махаббатын көруге болады. Бейнероликке назар аударайық «Ата-ана» Талқылау сұрақтар: -Адам қай уақытта ата-ананың үмітін ақтай алады? -Өзің шеше алмаған мәселелерді ата-анаңмен еркін бөлісе аласын ба? -Анаң немесе әкең қай уақытта саған риза болады? Келесі кезекті ойынға береміз: Әр топтан 2 оқушыдан шығып,берілген мақал-мәтелдерді жалғастырады. 1.Туған жер – тұғырың,Туған ел қыдырың. 2.«Әке жүрегі таудан үлкен,Ана жүрегі теңізден терең. 3.Досыңмен дос болғанға шаттан,Дұшпанмен дос болғаннан сақтан. 4.Жақсы дос ашып айтар,Жаман дос қосып айтар. 5.Отан үшін отқа түс – күймейсін,Арың үшін алыссан өлмейсін. 6.Ананың көңілі балада,Баланың көңілі далада. 7.Отаның сатқан,оңбас. 8.Досы жоқпен сырлас,досы көппен сыйлас. 9.Ақылсыз достан,ақылды дұшпан артық. 10.Баланың жақсысы қызық,Жаманы күйік. - Достық аялдамасына да келіп жеттік. Мұғ:Достық.Достық...Достық-қандай қасиетті сөз,қастерлі сезім.Достық неткен керемет сөз десеңізші.Досқа деген ыстық сезімімізді,досқа деген шынайы махаббатымызды сөзбен жеткізу мүмкін емес.Адам бойындағы ең игі қасиеттердің бірі-достаса білу. Оқушы Разия Сұрақ: 1.Достық туралы не білеміз? 2.Шын досты қалай білуге болады? 3. «Досы көпті жау алмайды» деген сөзді қалай түсінесіндер? 4.Достары көп болу үшін адам қандай болуы қажет? «Жан досым» әні орындалады Келесі аялдамамыз: Туған өлке Мұғ:Отан –адамның ата-бабаларынан бері қарай кіндік қаны тамып,өсіп-өніп келе жатқан жері.Сондықтан қай елдің адамы болсын,өз Отнанын дүниедегі ең қымбатты,ең қасиетті,ең аяулысы-Анасына балайды. -Отан дегенді сіздер қалай түсінесіздер? Оқушы:Ардақ ...Бәрінен биік екен, Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем - деп Мұқағали ақын жырлағандай, Отан біздің кіндік қанымыз тамған жер, Ата-бабаларымыз тепкен жер.Отанын шексіз сүйген әр адам ерлікке де барады. Мұғ:Авар халқынын аңызын ұсынғым келеді. «Бір кісі бармақтай құсты ұстап алып торға қамап қояды.Тұтқын құс күні-түні дамыл көрмей,»Отан,отан,Отан»...деп,шырылдай береді.Құстың иесі: «Мұнда да отаны болғаны ма,ал Отаны болса қайда екен?Бәлкім ол жұмақ ағаштары өсіп, жұмақ құстары ұя салған өлке шығар.Құсты босатып жіберейін де ұшқан жағына қарап,әлгі ғажайып жерге апаратын жолды білім алайын»,-деп ойлайды.Сөйтіп торды ашып ,құсты ұшырып жібереді.Құс ұшып шығып,бар болғаны,он қадам жердегітастақты тақырдың арасында өскен жалғыз түп тікенге барып қонады.Сөйтсе,әлгі бұтада ұясы бар екен.Демек,Отаны –ұя салған жері ғой»,-деп ойлайды жанағы адам. Шынында, да адам түгіл төрт түлік мал,бағусыз-қағусыз аң,құс та,Жердегі,судағы неше түрлі жәндіктер де туып-өскен,ұя салып мекен еткен жерінеи өмір бойы бауыр басып өтпей ме? Оқушы Мұғ:Бұл өлең жолдарынан туған жердің ыстық,сүйікті,қасиетті екенің аңғаруға болады. «Атамекен» әні орындалады. |