kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Б?рі де махаббаттан басталады

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Б?рі  де  махаббаттан  басталады.» - деген  Сара  Алпыс?ызыны?  с?зінде  тіршілікті?  т?йіні  жат?андай  болып  к?рінеді. ?йткені, махаббат  - адам  ж?регін  н?рлы  ?уаныш?а  б?леп, рухына  ?анат  бітіретін  е?  к?шті, е?  т?ра?ты, е?  ас?а?  с?йіспеншілік  сезімі. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Б?рі де махаббаттан басталады »

«Бәрі де махаббаттан басталады...»


«Бәрі де махаббаттан басталады...» - деген Сара Алпысқызының сөзінде тіршіліктің түйіні жатқандай болып көрінеді. Өйткені, махаббат - адам жүрегін нұрлы қуанышқа бөлеп, рухына қанат бітіретін ең күшті, ең тұрақты, ең асқақ сүйіспеншілік сезімі.

«Өзін - өзі тану» пәні арқылы оқушы бойында мейірім мен махаббат, адамгершіліктің, әділдіктің дәнін себуге болады. Ең бастысы, бұл пән – қазіргі кезде өз мәнін жоғалта бастаған дербестікке, адамгершілік – рухани этикаға үйретеді.

Адам бойындағы нәзік сезімдерді оятып, жан – жағындағыларға ерекше сүйіспеншілікпен қарап, жақсының қадірін бағалауға қастерлеуге үйрететін «Өзін - өзі тану» пәні сынақ мерзімінде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізеді. Тікелей адамның адамгершілік қасиеттерін дамытуға бағытталған пән ата – аналардың қолдануына ие болады. Сонымен қатар, «Өзін - өзі тану» пәнінің оқулықтарында берілген мәтіндер талапқа сәйкес іріктелген. Олар өзіндік адамгершілік сананы қалыптастыруда маңызды роль атқарады. Мұнда өзіндік адамгершілік сана оқушының кейіпкерлер іс - әрекетін, мінез – құлқын, ой сезімдерін өз бетінше бағалау арқылы дамиды.

«Жақсы мен жаман» тақырыбындағы жақсы қасиеттер туралы сөз қозғалады, мысалдар келтіріледі (әр түрлі кинолар, комьютерлік ойындар, анимациялық мультфилимдер). Әр бала, мәселен, жылына теледидардан біраз оқиғаларды көреді екен, соны жасауға тырысады екен. Сондықтан біз қашанда махаббатқа толы, мейірімді киноларды көріп, айналадағы шуақты оқиғалардан жылу алуымыз керек. «Өзін - өзі тану» мектебі ұсынған «Махаббат сабағы» фильмін ұмыту мүмкін есем. Неге? Онда мұғалімдермен еркін сөйлескен оқушылар ұстазды ең жақын сырлас досы ретінде қабылдап, өздерінің қуаныштары мен реніштерін жасырмай бөлісіп, ең құпия деген сырларын сеніп айтады.

Сабақтарда көзделетін мақсат - әр бір баланың өз бойындағы шығармашылық мүмкіндігін тануға және аша білуге, мінез – құлқы мен тәртібін басқара және бағалай білуге үйренуіне мүмкіндік туғызады. Сабақтың басында сәлемдесу рәсімі балалрдың бір – біріне деген жылы сезімін туғызып, көңілдерін көтереді. Мысалы, «Махаббат - өмірөзегі» тақырыбында 5 - сынып оқушылары жақсы ойларын жеткізеді. Бұл сабақтың мақсаты –оқушыларға махаббат, сүйіспеншілік ұғымдарының құндылық ретінде мәнін ашу.

Адам жүрегі махаббатқа, сүйіспеншілікке толы болса ғана, мейірімділік, адалдық сияқты асыл қасиеттер үнемі байқалып отырады. Адам баласы шыр етіп дүниеге келгенде ата – ананың қуанышында шек болмайды. Ал балалар алғаш рет сәби жүректерімен ананың аялы алақанын, мейірленген махаббатын сезеді. Сондықтан да, барлық жақсылықтың негізі осы махаббаттан басталады, адам жанын нұрға, көңілін қуанышқа бөлейді.

Жалпы «Өзін - өзі тану» пәніне оқушылар қызығушылықпен қарайды. Балалар талқылау кезінде толық еркіндікті сезінеді. Әр бір оқушы жеке тұлға ретінде кез келген істі, кез келген жұмысты сүйіп, махаббатпен қараса, сонда ғана ол бала өз арманына, өз мақсатына жетеді деп ойлаймын.

Тек қоршаған ортаны емес, бірінші өзіңді - өзің сүйе білуің керек. Осы пән арқылы ғана адам баласы өзін - өзі сыйлап – құрметтеу арқылы өзге кісіге және барша қоршаған әлемге оң көзқараспен қарау қажеттігін нақты ұғынды. «Өзін - өзі тану» білім бағдарламасын оқытудың нәтижесінде өзінің «Менін» тану арқылы адамның биік мәртебесін игеру мүмкіндігі ашылады, төзімділік сезімін қалыптасытыруға, өзара түсіністік пен келісімге келуге, өзгелерге көмек көрсетуге, ұлттық санлылыққа, Отансүйгіштікке тәрбиеленеді. Сондықтан да, «Өзін - өзі тану» пәнінің берері мол.

Әр бір адам өзіне, ата – анасына, Отанға, туған елге сүйіспеншілікпен қарайды. Ыстық ыықылас, шынайы сүйіспеншілік махаббат сезімін тудырады. Әлемдегі бар жақсылық махаббат арқылы келеді.


Махаббат шуағы


Бәрінің бастауы – Махаббат!

Жанына нұр сепкен шапағат.

Еңбектің рахатын сездірген,

Гүлдерге құлпыртып түр берген.

Сәбидің шырағын жандырған,

Бұлағы – мейірін қандырған.

Шуағы жылытқан жүректі,

Жаңғыртып айтамын қайталап,

Бәрінің бастауы – Махаббат!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Б?рі де махаббаттан басталады

Автор: Аубакирова Айнур Каиргазыновна

Дата: 20.03.2015

Номер свидетельства: 189312


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства