kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Атқа міну мәдениеті

Нажмите, чтобы узнать подробности

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласындағы «Атқа міну мәдениеті» туралы және жылқы жануары туралы жан-жақты мәлімет бере отырып тарихымыз туралы түсіндіру;
Дамытушылық:Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, өздігінен жұмыс істеуге баулу, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Атқа міну мәдениеті»

Мектеп: № 38 мектеп-гимназиясы

Сабақтың түрі: сыныптан тыс сабақ

Сабақтың тақырыбы: Атқа міну мәдениеті

Күні: 14.02.2019ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Султанова А.С.

Сынып: 7 «Б»

Қатысқандар саны: Қатыспағандардың саны:

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы бойынша «Атқа міну мәденитін» жан-жақты талдай отырып, жылқы жануарының көшпенділер өміріндегі рөлін анықтау.

Бағалау критерийлері

  • Жылқы малын алғаш қолға үйреткендер көшпелілер екенін біледі;

  • Жылқы малының түрлері мен пайдалану мақсаттарын анықтайды;

  • Жылқы малын пайдалана отырып өткізілетін ұлттық ойындарды сипаттайды;

  • Жылқы малына қатысты ән-жырларды пайдалана алады.

Ойлау деңгейі

Білу, түсіну, қолдану

Тілдік мақсаттар

Оқылым: мәтінмен жұмыс

Тыңдалым : мұғалімнің берген тапсырмасын тыңдау,бейне жазба

Жазылым: сабақ барысында тапсырмаларды орындау, зерттеу жоспарын құру негізгі сөздер мен тіркестер. (пәнге арналған сөздік және терминология)

Айтылым: пікір алысу, ойларымен бөлісу.

Терминология: ат әбзелдері, арғымақ, жабы, пырақ, қымызмұрындық

Құндылықтарды дарыту

«Мәңгілік елдің» идеясының алтыншы құндылығы бойынша құрмет, ынтымақтастық, ашықтық, қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке, ұлттық мәдениетімізді дәріптей отырып, ұлттық құндылықтарымызды сақтауға, ұлттық тарихи сана-сезімге тәрбиелеу. тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ әдебиеті, тарих, география, музыка.

АКТ қолдану дағдылары

Интернет материалдары мен видеоматериалдары

Алдыңғы білім

Төрт түлік жануарлары туралы біледі.

Сабақтың жоспары

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы

2-мин












3-мин




Ұйымдaстыру кeзeңі. Сәлeмдeсу. Оқушылaрды түгeлдeу

Психологиялық дайындық.

  • Бас бармақ- амандасу.

  • Балан үйрек-құшақтасу

  • Ортан терек- жылы сөз айту( комплемент)

  • Шылдыр шүмек- жымию

  • Кішкентай бөбек- көзді қысу.

Сыныпты топқа бөлу. Сары, қызыл, жасыл, көк етіп боялған асықтар бойынша сыныпты төрт топқа бөлемін.

1-топ. Сәйгүлік

2-топ. Тұлпар

3-топ Арғымақ

4-топ. Пырақ

Ой шақыру. Тақырыпқа шығу.

- Атам қазақ «мал – жан аман ба?» - деп алдымен төрт түлік малының жай – күйін түгендеген. «Құдайға шүкір, жақсы» деген жауап алса иесінің де жағдайының жаман еместігі деп қабылдайтын болған. Халық ұғымында қазақ, дала, жылқы деген сөздер бір – біріне етене жақын. Жалпы көшпелі тұрмыс кешкен халықтардың көне заманнан бері ең көп өсірген малы және төрт түліктің ішіндегі қастерлеп пір тұтатыны да жылқы. Сонда балалар біздің бүгінгі сабағымыз не туралы екен?

(оқушылардың болжамды жауабын тыңдаймын, сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіріп өтемін ) Әрине жылқы жануарымен байланысты екен.

Презентация

АКТ








Сабақтың ортасы

Тұңғыш елбасымыз Н.Назарбаев 2018 жылдың 21 қарашасы күні өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» деп аталатын кезекті мақаласын жариялағаны бәрімізге белгілі. Мақалада: "Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі" дейді Елбасы. Осылайша, өткенді зерделеп, бүгінгіні бағалап, келешекке сеніммен қадам жасау үшін тарихи сананы жаңғырту қажеттігін нақты мысалдармен түйіндейді. Соның бірі 1. Атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы Ұлы Даладан тарағаны тарихтан белгілі. Еліміздің солтүстік өңіріндегі энео­лит дәуіріне тиесілі «Ботай» қонысында жүр­гізілген қазба жұмыстары жылқының тұң­ғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қол­ға үйретілгенін дәлелдеді. Ал қазақ жылқы жалында ойнап өскен халық екендігі белгілі.

Қазақ халқы мал өнімдерін тіршілік құралы етіп пайдалануды шебер игерген. Малдың еті, сүті, терісі, тіпті мүйізі, сүйегіне дейін өз қажетіне ұқсатып отырған. Халқымыздың ерекше қастерлеген және жанына жақын тұтқан қасиетті түлігінің бірі жылқы. Ал жылқы малы туралы не білеміз бейнебаянды тамашалайық. https://www.youtube.com/watch?v=S2nz2sZdnTc


Осы бейне сюжет және тағы өз білімдерін пайдалана отырып, әрбір

топтарға тапсырма беріледі, әр топ постер жасап, қорғайды.

1-топқа тапсырма: ат әбзелдерін атап, олардың пайдалану тәсілдерін түсіндіріп беріңдер.

2-топқа тапсырма: жылқы малының түрлері мен қасиеттері

3-топқа тапсырма: жылқы жануарымен қатысы бар ұлттық ойындарға сипаттама беріңдер.

4-топқа тапсырма: жылқы малы туралы ақын, жыраулардың шығармаларынан үзінділер келтір.


Оқушылардың болжамды жауаптары


1-топ. Ат әбзелдері мен оларды пайдалану

Ат-әбзелдері – атқа міну және жегу үшін пайдаланатын ер-тұрмандары мен жабдықтары.

Ер-тұрман – салт мінетін ат тұрманының жалпы атауы. Оған ер, тоқым, жүген, ноқта, айыл, өмілдірік, құйысқан, қамшы, тұсамыс, шідер жатады.

Ер – әбзелдің негізгі ағаш тұғыры (бөлігі). Ол екі қастан (алдыңғы және артқы), екі қапталдан, белағаштан тұрады. Қазақы ер, құранды ер, шошақ бас ер, үйрек бас (құсбас) ер, қазық бас ер, қозықұйрық ер сияқты түрлері болады. Рулық белгісіне қарай алтай ер, найман ер, үйсін ер, керей ер, адай ер, қызай ер деп те бөлінеді. Сапасына қарай алтын ер, күміс ер, сондай-ақ еркек және әйел ері де болады. Ағаштан жасалып, тұтас ойылған ерді ойма ер деп атайды.

Өмілдірік – ер кейін кетпес үшін аттың омырауына шеттік арқылы тағылатын, әсемделген, шекетулеген өте сәнді әбзел.

Құйысқан – ер ат мойнына кетпес үшін ат құйрығы астынан екі жамбас үстімен ер шеттігіне жалғасатын күмістелген әбзел.

Тоқым – ер астынан келетін, былғарымен қапталып, киізден жасалған әбзел.

Тебінгі – атқа үзеңгі тимес үшін және киім ат терімен бүлінбес үшін тоқымға жалғасатын әбзел.

Үзеңгі – жезден, темірден жасалған атқа міну үшін қолданылатын тұрман.

Жүген – ат басына кигізілетін негізгі әбзелдің бірі. Ол екі жақтаудан, желкеліктен, кекілдіктен, кеңсіріктен, сулықтан, ауыздықтан, сағалдырықтан, шығыршықтан және тізгіннен тұрады.

Ноқта – жүген астынан түсетін әбзел.

Шылбыр – жылқы ноқтасына тағылатын берік еспе бау.


2-топқа тапсырма: жылқы малының түрлері мен қасиеттері

-Жылқы ең адымен өте ерте кездерде басталған жаугершілік талабына сай құнды көлік малы ретінде қолға үйретілген. Өйткені сол замандарда жауды қуып жетуге немесе одан қашып құтылуға жылқыдан қолайлы мал болмаған. Адам баласы жылқыны біздің жыл санауымызға дейінгі 3 - 4 мың жыл бұрын қолға үйреткен.
- Жылқы екі тектен тарайды. 1) Тарпаң. 2) Керқұлан.
Керқұланды Пржевальский жылқысы деп те атайды. Ол осы жылқыны алғаш кездестіріп, әрі сипаттап жазған әйгілі саяхатшының есімі.
- Қазақстанның арнайы жылқы өсіретін зауыттары мен шаруашылықтарында жылқының 17 тұқымы өсіріледі.
- 1. Қазақы жылқы. 2. Мұғаджар жылқысы. 3. Адай жылқысы 4. Көшім жылқысы
- Жылқыны қадір – қасиетіне қарай «арғымақ», «жабы» деп бөледі. Арғымақтарды халық өте жоғары бағаланған. Олар негізінен адамға адал дос бола алатын әрі жүйрік, әрі алғыр жылқы тұқымдары болған. Сондықтан да арғымақтан шыққан ерекше тұлғаларын ерте кездерде «тұлпар», «сәйгүлік», «пырақ», дүлділ деп атаған. Көркем шығармаларда да батырлардың сенімді серіктері аттары болған.
- Жылқының жасына қарай атаулары да бар. Жылқының жаңа туған төнін құлын дейді. 6 айдан 1 жасқа дейінгісі жабағы, 1 жастан асқаннын тай, 2 жастан асқанын құнан, 3 жастан асқанын дөнен, 5 жасарын бесті ары қарай жасын қосып айта береді.

- Жылқы малы 33 жасқа дейін жасайды. Орта жасы 15 - 16 жыл. Әр мезгілде малдың жүнін алудың да атау түрлері бар. Мысалы, қойды қырқады, түйені жүндейді, ал жылқыны күзейді. Төрт түлік малдың төлдеу мерзімі де әр түрлі. Түйе 12 ай, сиыр 9 ай, ешкі 5 ай, ал жылқы 10 ай.

3-топқа тапсырма: жылқы жануарымен қатысы бар ұлттық ойындарға сипаттама беріңдер.

Көкпар. Көкпарда негізінен ешкі тартылады. Өйткені оның терісі мықты. Көкпарға берілетін ешкіні бауыздап, басын, төрт сирағын кесіп алып тастайды. Сонан соң суға салып салқындатады. Сонда терісі оңай жыртылмайтын болады. Көкпардың шарты бойынша ортаға тасталған ешкіге аттылар бір уақытта ұмтылады. Кімнің, ептілігі артық болса, сол ешкіні көтеріп алып топтан бөлектеніп шығады. Ол енді көкпарды ешкімге берместен, төрешілердің алдына әкеліп тастатуы керек. Мәреге жеткенше көкпар бірнеше қолдан өтеді.
Аударыспақ, теңге алу, қыз қуу, бәйге туралы да айтылады, суреттері көрсетіледі.

4-топқа тапсырма: жылқы малы туралы ақын, жыраулардың шығармаларынан үзінділер келтір.

- Жылқы малы туралы сөз қозғалғанда елең етпейтін қазақ жоқ. Ақын, жыраулар жылқы малы туралы жүрек тебіреністерін ерекше айшықты өрнектер арқылы жеткізген. Мысалы: 1. Ақтамберді жырау:
Арудан асқан жан бар ма?
Жылқыдан асқан мал бар ма?
Биенің сүті сары бал
Қымыздан асқан дәм бар ма?
Желіде құлын жусаса
Кермеде тұлпар бусанса
Сәні келер ұйқының
Жылқы қолдан тайған соң
Қызығы көркі құлпында
Жігіттің көркі жылқыда!


Бағалау топтар бірін-бірі бағалайды

Мынадай критерийлер бойынша

• Басқа топтардың сұрақтарына жауап беру;

• Өз мәтінін түсінікті етіп айту;

• Топтық жұмысқа белсенді қатысу;

• Уақытты тиімді пайдалану.

• Топтың бір мүшесі қолдау көрсету

https://aikyn.kz/2018/11/21/73794.html











https://www.youtube.com/watch?v=S2nz2sZdnTc




А3 плакат, маркер, буклет, суреттер












Презентация


АКТ

































































https://el.kz/kz/news/kul_tura/ulttik_oiindar_____ultimizdin_kundi_murasi




https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D2%9B%D1%82%D0%B0%D0%BC%D0%B1%D0%B5%D1%80%D0%B4%D1%96_%D0%A1%D0%B0%D1%80%D1%8B%D2%B1%D0%BB%D1%8B

Сергіту сәті

7 «Б» сынып оқушылары Нұрсұлтан, Алуа, Нұрмұхаммедтің орындауында Құрмағазының күйі «Балбырауын»

Сабақты бекіту

«Тарихқа саяхат» викториналық сұрақтар сайысы.

1.Сақ тайпасынан қалған жылқы мен адамды қатар көму мәдениеті қалай аталады? (Тасмола)

2. Ат үстінде суыт жүргенде, көбінесе оны жылқышылар киген, себебі ол құлақ, мойын, маңдайды желден, шаңнан қорғаған, бұл бас киімнің атын атаңыз? (күлпәра)

3. Атқа мінуге ыңғайлы болу үшін көшпелілердің шалбарын қалай тіккен? (шалбардың ауын кеңдеу етіп тіккен)

4. Ат үстінде өзін еркін ұстауына мүмкіндік беретін ат әбзелдерінің бірін атаңыз? (үзеңгі)

5. Қазақстан аумағында алғаш рет жылқыны қолға үйреткенін дәлелдейтін, Солтүстік Қазақстан жерінен табылған энеолит дәуіріне жататын археологиялық ескерткішті атаңдар? (Ботай тұрағы)

6. Еуропада, Кіші Азияда, Мысырда таралған аңыздарда айтылатын басы адам, денесі ат тәріздес мақұлықты атаңыз? (кентавр)

7.ҚР-ның қай мемлекеттік рәмізінде жылқы жануары бейнеленген және оның атауы қандай? (елтаңбада, пырақ)

8. Сақ дәуірінен қалған қай археологиялық ескерткіштен жылқының кекілінен құйрығына дейін алтынмен апталып, күміспен күптелген, таңғажайып, сән-салтанатты безендірілгенәбзелдері бар 13 жирен жылқы табылған? (Берел қорымы)

9. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» деп аталатын мақаласында «батырлар заманының ең танымал эмблемасы» деп нені атайды? (ту ұстаған жауынгердің бейнесі)

10. Жылқының пірі (Қамбар ата)

Презентация


АКТ




Сабақтың соңы

Рефлексия: «Екі жұлдыз, бір тілек»

Оқушылар өздеріне ұнаған сабақ барысындағы 2-жақсы тұсын және 1-тілек айтады.


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Атқа міну мәдениеті

Автор: Султанова Айгуль Садуахасқызы

Дата: 18.02.2019

Номер свидетельства: 500276

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Атқа міну мәдениеті"
    ["seo_title"] => string(19) "atka_minu_m_denieti"
    ["file_id"] => string(6) "500275"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1550478727"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(114) ""Ата - аналарды? педагогикалы? м?дениеті дегеніміз не?" баяндама"
    ["seo_title"] => string(62) "ataanalardynpiedaghoghikalykmdieniietidieghienimizniebaiandama"
    ["file_id"] => string(6) "282942"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1453743625"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) "«Балдәурен-2019» аудандық фестиваль"
    ["seo_title"] => string(32) "bald_uren_2019_audandyk_festival"
    ["file_id"] => string(6) "507719"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1555671317"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "Бір саба? бойынша рефлексивті есеп "
    ["seo_title"] => string(39) "bir-sabak-boiynsha-rieflieksivti-iesiep"
    ["file_id"] => string(6) "229662"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1441818784"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) "Баяндама "?лтты? ??ндылы?тар- т?рбиені? т?п ?азы?ы ""
    ["seo_title"] => string(56) "baiandama-u-lttyk-k-u-ndylyk-tar-t-rbiienin-tup-k-azyg-y"
    ["file_id"] => string(6) "303966"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1457626558"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства