Кештің мақсаты: Жыр алыбы Жамбылдың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүю, оны бағалай білуге ұғындыру. Оқушылардыңсөйлеу мәдениетін дамыту, сөз өнерін қадірлеп, қастерлей білуге дағдыландыру, ақын өлеңдерін, поэзиясын сүйе білуге үйрету. Ақын шығармалары арқылы ұлт жандылық сезімін оятып, адамгершілікке, елінінің өнерін сүюге тәбиелеу.
1-жүргізуші
Қайырлы күн құрметті көрермендер!
2-жүргізуші
Армысыздар ардақты ұстаздар мен оқушылар!
1-жүргізуші: Жүзге кеп бақыт тапқан ақын Жамбыл, Дүниеге түгел кеткен атың Жамбыл. Тілекке көл аңсаған бүгін жеттің, Далада жасасаң да ғасыр Жамбыл.
2- жүргізуші Халық үшін төрге төсеп төсек етер, Ағарған сақалы мен шашы Жамбыл. Көтерген көкке төбе тірелгенше, Иеді көпшілікке басын Жамбыл. 1-жүргізуші: Заманына «ХХ ғасырдың Гомері», жыр дүлділі, екі ғасырдың куәсі, жыршы- жырау, Жыр алыбы - Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына арналған кешімізге хош келдіңіздер! Бүгінгі біздің кешімізде қара өлеңнің алыбы, даланың дархан данасы Жамбыл атамыздың үміт күткен ұрпақтары сыр шертеді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Жыр алыбы - Жамбыл»
Тақырыбы: «Жыр алыбы – Жамбыл»
Кештің мақсаты: Жыр алыбы Жамбылдың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүю, оны бағалай білуге ұғындыру. Оқушылардыңсөйлеу мәдениетін дамыту, сөз өнерін қадірлеп, қастерлей білуге дағдыландыру, ақын өлеңдерін, поэзиясын сүйе білуге үйрету. Ақын шығармалары арқылы ұлт жандылық сезімін оятып, адамгершілікке, елінінің өнерін сүюге тәбиелеу.
1-жүргізуші
Қайырлы күн құрметті көрермендер!
2-жүргізуші
Армысыздар ардақты ұстаздар мен оқушылар!
1-жүргізуші: Жүзге кеп бақыт тапқан ақын Жамбыл, Дүниеге түгел кеткен атың Жамбыл. Тілекке көл аңсаған бүгін жеттің, Далада жасасаң да ғасыр Жамбыл.
2- жүргізуші Халық үшін төрге төсеп төсек етер, Ағарған сақалы мен шашы Жамбыл. Көтерген көкке төбе тірелгенше, Иеді көпшілікке басын Жамбыл. 1-жүргізуші: Заманына «ХХ ғасырдың Гомері» , жыр дүлділі, екі ғасырдың куәсі, жыршы- жырау, Жыр алыбы - Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына арналған кешімізге хош келдіңіздер! Бүгінгі біздің кешімізде қара өлеңнің алыбы, даланың дархан данасы Жамбыл атамыздың үміт күткен ұрпақтары сыр шертеді. Мазанбеков Ернұр мен Қожақұлова Әминаның орындауында күй «Балбырауын»
1-жүргізуші
Қақаған қара аралас соғып боран, Ел үрей - көк найзалы жау торыған. Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын Жамбыл деп қойылыпты атым содан.
2-жүргізуші: Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған видеоға назар аударайық
1-жүргізуші: Халық поэзиясының алыбы атанған Жамбылдың есімі дүние жүзі халықтарына кеңінен мәлім. Жамбыл - медресе, мектептің есігін ашып, қолына қалам ұстап, жазу- сызуды білмесе де, жастайынан домбыра тартып, жыр жаттады, қазақ халқының сөз өнерін үйренді, кейін ақындығымен елге әйгілі жыршы атанды.Ол «Көрұғлы», «Мұңлық- Зарлық», «Шаһнама», «Қыз Жібек» сияқты үлкен дастандарды бірнеше апта бойы жырлаған. 2-жүргізуші: - Ақын Сәкен Сейфуллин: «Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан сықылды. Оны жинап алып, халықтың қолына беру – біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз» деген екен. Сондықтан біз оның өмірін, жырларын білуіміз керек.
1-жүргізуші: Жамбыл...... Түстіктегі Жамбыл тауының бөктерінде, боранды ақпан айында осыдан бір жарым ғасыр бұрын дүниеге ақын келіп, кейін әлгі тауды да, бүкіл қазақ халқын да жалпақ жахан, айдай әлемге жария етті. 2-жүргізуші:
Енді Жамбыл атамыздың мұражайына саяхаттайықшы
1-жүргізуші: «Жамбыл-ақыл ойдың алғыры, өзгеге ұқсамайтын дара, оқшау . Оның бір өзі әрі эпик, әрі айтыс ақыны, әрі азаматтық әуеннің де ақыны» - деп, жазушы Мұхтар Әуезов Жамбылға баға береді.
2-жүргізуші: Шын жүректен шыққан сөз. Ақын жазушылардың Жамбылға берген бағасы
Жамбыл – ақыл ойдың алғыры , өзгеге ұқсамайтын дара , оқшау бет – бейнесін аса зор құбылыс. Оның бір өзі әрі эпик ақын , әрі айтыс ақыны, әрі азаматтық әуеннің де ақыны. М. Әуезов
Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан сықылды. Оны жинап алып, халқының қолына беру- біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз.
С.Сейфуллин
Жамбыл жырлары Бұғымүйіз, Бесмойнақ жайлауларының гүліндей алуан түрлі. Хош иісі күншілік жерден аңқып тұрады. Ақын жырын тыңдаған сайын, көк жайлауға әсер аласың. І. Жансүгіров
Жамбыл- жүз жасаған адам, соның 85 жылы ақындықпен өтті. Ол әлеуметтік және жеке өміріндегі сөзінің көбін өлеңмен сөйлеген кісі. С. Мұқанов
1-жүргізуші: Екі ғасырдың куәсі, жыршы- жырау, халық ақыны, ірі айтыскер ақын, «Халық поэзиясының алыбы», «ХХғасырдың Гомері», «Жамбыл – менің жай атым, халық- менің шын атым» деген ұлы тұлға. 2-жүргізуші: Жамбыл Жабаев 1938 жылы «Ленин» орденімен, 1-жүргізуші: 1939 жылы «Құрмет белгісі» орденімен 2-жүргізуші: 1941 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлық берілді
1-жүргізуші: 1943 жылы майданда ұлы Алғадай қаза тапты
2-жүргізуші: 1945 жылы 22 маусымда Жамбыл дүние салды 1-жүргізуші: Жамбыл екі заман тұсында өмір сүрді. Екі дәуірдің куәсі болған ақын өз көзімен көрген өмірдің бар шындығын жырлады.
2-жүргізуші: Келесі ән шашу Сәбит Данараның орындауында «Ізін көрем»
1-жүргізуші: Сиынып аруағына бабамыздың, Киесін ұққандаймын даламыздың. Жырлары-шежіресі еліміздің, Сырлары-сағынышы санамыздың. 2-жүргізуші: Осымен Жыр алыбы - Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына арналған кешіміз аяқталды. Ынта қойып, тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!