kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?рбие са?аты "Жыр алыбы - Жамбыл" 7 сыныптар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: « Жыр алыбы »- Жамбыл.

Ма?саты: ?аза? хал?ыны? ?лы а?ыны жыр алыбы Жамбыл атамызды? ?мірі туралы т?сінік беру, тіл дамыту, ?ле?дерін жат?а айту,ой-?рісін ке?ейту.

Т?рбиелік ма?саты: ту?ан елін,ту?ан тілін с?юге, а?ын-жазушы ?ле?дерін жат?а о?ып, ?лгі т?ту?а,оларды ?астерлеп,ма?таныш етуге т?рбиелеу.

К?рнекілік: к?рме   «Жамбыл ?лемі» дидактикалы? материал,газет,журнал ?иындылары,суреттер,  «Жамбылды? жасты? ша?ы» фильмінен ?зінді, шар, на?ыл с?здер т.б.

Кіріспе с?з:

-??рметті ?стаздар ж?не о?ушылар.?аза? хал?ыны? поэзиясыны? алыбы,айтыскер а?ын,сазгер, батырлы? туын биікке ?стап жыр?а ?ос?ан Жыр алыбы Жамбыл атамыз?а 170жыл.

1-ж?ргізуші: Екі ?асырды? ку?сі, жыршы-жырау,халы? а?ыны,ірі айтыскер а?ын Жамбыл Жабаев 1846жылы 28а?панда ?азіргі Жамбыл облысы,Жамбыл тауыны? етегінде д?ниеге келді.?стазы С?йінбайдан бата ал?ан Жамбыл атамыз.Жамбыл атамыз Сары,Сарбас,Досма?анбет,??ланаян ??лманбет,Шашубаймен айтысып,оларды же?геннен кейін Жетісуді? ерен ж?йрік а?ыны аталады.

2-ж?ргізуші: Айтыста а?ын ?арапайым халы?ты? м??ын м??дап,жо?ын жо?тайды.1916жылы к?теріліс кезінде Жамбыл патшаны? со?ыс?а ?аза?тан ?ара ж?мыс?а адам алу жарлы?ына ?арсы шы?ып,?ле? жырларын шы?арады.

Жамбыл есімі Ода??а ке? жайылып,Ке?ес Ода?ында?ы ?рбір ма?ызды о?и?а мен ?ол жеткен жетістік оны? жырларына ар?ау болады

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?рбие са?аты "Жыр алыбы - Жамбыл" 7 сыныптар»

Тақырыбы: « Жыр алыбы »- Жамбыл.




Мақсаты: Қазақ халқының ұлы ақыны жыр алыбы Жамбыл атамыздың өмірі туралы түсінік беру, тіл дамыту, өлеңдерін жатқа айту,ой-өрісін кеңейту.



Тәрбиелік мақсаты: туған елін,туған тілін сүюге, ақын-жазушы өлеңдерін жатқа оқып, үлгі тұтуға,оларды қастерлеп,мақтаныш етуге тәрбиелеу.



Көрнекілік: көрме «Жамбыл әлемі» дидактикалық материал,газет,журнал қиындылары,суреттер , «Жамбылдың жастық шағы» фильмінен үзінді, шар , нақыл сөздер т.б.




Кіріспе сөз:

-Құрметті ұстаздар және оқушылар.Қазақ халқының поэзиясының алыбы,айтыскер ақын,сазгер, батырлық туын биікке ұстап жырға қосқан Жыр алыбы Жамбыл атамызға 170жыл .


1-жүргізуші: Екі ғасырдың куәсі, жыршы-жырау,халық ақыны,ірі айтыскер ақын Жамбыл Жабаев 1846жылы 28ақпанда қазіргі Жамбыл облысы,Жамбыл тауының етегінде дүниеге келді.Ұстазы Сүйінбайдан бата алған Жамбыл атамыз.Жамбыл атамыз Сары,Сарбас,Досмағанбет,Құланаян Құлманбет,Шашубаймен айтысып,оларды жеңгеннен кейін Жетісудің ерен жүйрік ақыны аталады.

2-жүргізуші: Айтыста ақын қарапайым халықтың мұңын мұңдап,жоғын жоқтайды.1916жылы көтеріліс кезінде Жамбыл патшаның соғысқа қазақтан қара жұмысқа адам алу жарлығына қарсы шығып,өлең жырларын шығарады.

Жамбыл есімі Одаққа кең жайылып,Кеңес Одағындағы әрбір маңызды оқиға мен қол жеткен жетістік оның жырларына арқау болады.

1-жүргізуші: 1936жылы Жамбыл Москвада өткен қазақ өнерінің онкүндігіне,1937жылы грузин ақыны Шота Рустаевелидің туғанына 750 жыл толу тойына қатысады.КСРО Жоғары кеңесінің президиумы Жамбылдың халық поэзиясын өркендетудегі еңбегін айырықша бағалап,оны «Еңбек Қызыл ту», «Ленин» орденімен марапаттайды.Ұлы Отан соғысы жылдарында Жамбыл өлеңдері кеңес жауынгерлерін,халқын жауды жеңуге жігерлендірді.



2-жүргізуші: Мемлекеттік ең жоғарғы сыйлықтың иегері атанды.Жамбылдың «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр» аталатын дастандарында халық үшін еміренген,еліне қамқор,пана болған халық батырларының ерлік,адамгершілік бейнесі өрнектелген.Жамбылдың ақын-жырау ретінде қалыптаса бастаған кезі Ресей отаршылдары-бір жағынан,Қоқан хандығы-екінші жағынан,жергілікті жандайшаптар-үшінші жағынан қазақ халқын әлеуметтік саяси қыспаққа алған шақ еді.Жаны сергек, санасы өрелі Жамбыл өзінің «Жаратылыс сыры», «Зілді бұйрық», «Ақын болдым», «Сәт сайланарда», «Жалғызбын деп жүрмесін» сияқты өлеңдерінде елдің әлеуметтік саяси өмірін ақын шыншылдықпен, жауапкершілік бедерлейді.

1-жүргізуші: Сұраққа оқушылардан жауап алу.

Кітапханашы:

-Олай болса, Жамбыл Жабаев туралы не білетінімізді топтастырып алайық.


Жамбыл обл Жыр алыбы 100жасаған

Жамбыл тауы

етегінде туған ақын


Жамбыл Жабаев


Жамбыл Жабаев

Айтыскер ақын

1846-1945

жылдарда

өмір сүрген


Жамбыл атамыздын қандай өлеңдерін білесіңдер?

«Өмір жыры», «Еділді көрдім», «Қайта келген жастық », «Өнердің өсуі», «Отанды сүй», «Жеңіс жырын сайраңдар», «Халық –менің шын атым», «Шәкірт балаларға», «Артықша туған азамат» т.б. көптеген өлеңдері бар.

2-жүргізуші:Ендігі кезекті Жамбыл атамыздың өлеңдерін мәнерлеп

нақышына келтіріп оқушылар жатқа айтады.

1-оқушы: Бесінбай Сәйгүл «Өнердің өсуі»

2-оқушы: Жылқышы Айгерім «Отанды сүй»

3-оқушы:Амангелді Әсет «Жеңіс жырын сайраңдар»

4-оқушы:Қостұрған Меруерт «Халық-менің шын атым»

5-оқушы: Өмеш Мейрамбек «Шәкірт балаларға»

6-оқушы: Бақтығали Жасұлан «Қайта келген жастық шақ»

7-оқушы: Әнуар Тілек «Өмір жыры»

8-оқушы: Ақдидар Құрмантай «Алатау»

9-оқушы: Сьез Дина «Қазақстан тойына»

10-оқушы: Сырым Мейірбек «Өсиет»






1-жүргізуші: Жамбыл ел арасында айтылып жүрген жырларды жаттап алады. Он екі жасында домбыраны үйренген.Жамбыл жүз жасаған ақын.Жамбыл жан-жақты ақын. Ендігі кезекте Жамбыл атамыз айтыс ақыны сондықтан Жамбыл мен Досмағанбет айтыстан үзінді береміз.

Жамбыл: Самғайын қанатымды ал аспанға,

Дүбірлеп дауысым кетсін бар жаhанға.

Иірем сені сөзбен, Досмағанбет,

Аяғың тисін жерге анда-санда.

Сен мені жеңе алмайсың арбасаң да,

Төрт бұрышын төңіректің жалмасаң да.

Арғы атам-аруақты ер Қарасай,

Теңселген дүбіріне тау менен сай.

Пірім бар жыр нөсерін аспанға атқан,

Сұңқардай саңқылдаған ер Сүйінбай.

Ілгеріде Шөже,Балта заманда өткен,

Асекең ,Бұқар жырау арманда өткен.

Солардың аруағы маған қонып,

Ел мұңын жырмен толғап нөсерлеткем.

Қаңғырған аш бөрідей ақын келсе,

Бұл Жамбыл жіберетін сөзбен сабап.

Досмағанбет: Сөйлейсің барған сайын өктем-өктем,

Түскендей ата-анасыз аспан-көктен.

Олда да өткен Асан қайғы, Бұқар жырау,

Ол күнде шапқыншылық,қанды бұрау,

Қараспай жарлы-жалшы нашарларға,

Хандардың мақсаты сол жұртты қинау.

Атамыз бәріміздің Абақ-Тарақ,

-Ал,Жамбыл-ау, Жамбыл-ау,

Сөз сөйлеймін мен саған,

Таудан аққан бұлақтай,

Жасөспірім баламын,

Жапырағы жайқалған.

Көлге біткен құрақтай.

Енді маған не етерсің?!

Меніменен айтыссаң,

Түбіңе өзің жетерсің.

Арманда болып өтерсің,

Қартайғанша қақылдап,

Жел сөзге бір тоймайсың,

Өзіңді-өзің көтеріп,

Сонша неге болмайсың.


2-жүргізуші: Дәстүрлі ән : «Үшқоңыр» орындайтын Ақкенже,Мейрамбек,Перизат.


1-жүргізуші:Жастайынан Жамбыл жырын тыңдап өскен ұрпақтары оның даңғыл жолы мен ақындық дәстүрін жалғастырып келеді.

2-жүргізуші:Тұтас тұлғаның бүкіл шығармашылығы темірқазықтай мәдени өмірге жол көрсетіп тұр.Соның жарығы біздің аға буын ақындарға,жыр құмар балғын жүректерге нұр беріп келе жатыр

1-жүргізуші: «Жамбыл атаға» арнаған өлеңдерге кезек береміз.


1-оқушы: «6» сынып оқушысы Бесінбай Шұғыла «Жүз жасаған Жамбыл»

2-оқушы: «8» сынып оқушысы Жөргенбай Лаура «Жамбыл ата»

3-оқушы: «11» сынып оқушысы Құлтай Жадыра «Жыр алыбы - Жамбыл»

4-оқушы: «8» сынып оқушысы Ораш Мадина «Жамбыл ата»

6-оқушы: «11»сынып оқушысы Әбуғали Ақсындар «Жамбыл атаға арнау»

2-жүргізуші: Дәстүрлі ән : «Менің Пірім-Сүйінбай» орындайтын

«6»сынып оқушысы Ерболат Ақбота.


1-жүргізуші:Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Жамбыл-ғасырлық ғұммырнамамызда арыны басылмаған алып жыршы, шырайлы жырдан өшпес мұра қалдырған дүлдүл ақын.Әр ұрпақтың ат басын бұрып шөліркегенде тұнық жырларынан сусындар тұма бұлағы.Ол адалдық пен адамгершіліктің,әділеттілік пен ізгіліктің алып жыршысы» деді.

2-жүргізуші:Бұл сөздер-ақын өмірі мен шығармашылығына, оның ғасыр жасаған ерлікке толы поэзиясына берілген баға.

1-жүргізуші:Бүгінгі «Жыр алыбы- Жамбыл» атамызға арналған әдеби кешімізді аяқтаймыз. Тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!











































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Т?рбие са?аты "Жыр алыбы - Жамбыл" 7 сыныптар

Автор: Шал?арбаева Жумагул Жубат?ановна

Дата: 17.03.2016

Номер свидетельства: 306889


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства