«Жеңіс туы, желбіре!» мерекелік әдеби композияциялық концерт
Хор: «Жойылсын соғыс»
Хор: «День победы»
Сахнадан 1941 жыл 22 маусым деген жазуы бар тақтайша ұстаған ақ бантикті қыз жүріп өтеді.
Сахнада күй ойнап тұрады. Айлы түн. Көл басында қыз бен жігіт.
І Көрініс: (күй ойнап тұрады)
Ермек: Жамал, бүгін біздің армандаған, жаңа өмір белесіне қадам басу күніміз. Сен қалаға кеткенде мені ұмытып кетпе! Мектеп бітіргеніміз кеше. Аттестатты бүгін алдық. Еһ, шіркін, балалықпен қоштасудың басы осы екен ғой.
Жамал: (аяғымен жер шұқылап, жаймен ғана) Шынымен ауылда қаласың ба, ойланшы, Ермек. Тракторист болу... түсінбеймін сені. Кластағы ұлдардың ішінде 5-пен оқыған жалғыз сен. Оның не?
Ермек: менің де қалаға барып, жаңа өмірдің баспалдағын дәрігер боп бастағым келеді. Бірақ, ауру анам мен қарт әжемді не істеймін. Кішкентай Нұргелді де 1 класты ғана бітірді. Бір-екі жыл артқа салып, ес жинамасам, анам да жазылып қалар. Сосын барамын. Сен оған дейін қалаға үйреніп, барғанда мені қыдыртасың.
Жүр одан да жалғыз қайыңның жанына барайық.
(Сахна сыртынан жойқын соғыстың ащы дауысы естіледі. Жауапты-Досжан Елеусізұлы)
Жамал: «Мама, қорқамын! Не болды? Өрт пе?».
Ермек: Жүр, жүгір , ауылға қайтайық! (сахна сыртына шығып кетеді)
(Таң алдындағы ауыл. Азан-қазан, у-шу)
Радио: Левинтон дауысымен: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва. Бүгін, таңертеңгі сағат 4-те Неміс фашисттері Германия мен Совет Одағының арасындағы шабуыл жасамау туралы шартты опасыздықты бұзып, біздің еліміздің терреториясына басып кірді.
ІІ көрініс: Эшелон дауысы. Пойызға шығарып салу сәті. Әке мен бала, ана мен бала, Ермек (3-4 жігітпен бірге) әжесі, анасы, достары, Жамал т.б шығарып салып тұрады.
(Ән «Священная война») ойналып тұрады.
Нұргелді (Ермектің інісі):
— Аттан! — деді,
Ол қазір аттанады.
Жауынгердің ролін атқарады.
Неге бізге үмітсіз тесілесің?
Аттан, аға,
Жолыңнан кешігесің.
Кеудесінде жаны бар пақырларың,
Тауып жейді сенсіз де несібесін. (ағасын келіп құшақтайды)
Ермек:
Тыңда інім, тыңда күнім,
Болуға жара қолқанат.
Кәрі әжең, сәби інің,
Барлығы саған аманат.
Әжесі (Ермектің анасына) :
— Оралсын аман жеріне,
Көріссін туған елімен.
Келін-ау көздей қалтаға
Топырақ салып бер жібер.
Келін: (қалтаға салынған топырақты берген келін)
Ұлым, сені ұлым демеуші едім. Сен барда жаным тыныш, құбылам түгелдей елестеуші еді. Сапарың оң болып, жеңіп қайт, жауыңды. Мына топырақты қалтаңнан тастама, бізді сағынсаң иіскегейсің. Бізге алаң болма, ел ішіндеміз.
Жамал: сау тұр, Ермек! Көп ұзамай менде әскерге барамын. Орталықта жасақталып жатқан дивизия құрамына сұранып өтініш жазып қойдым.
Ермек: Сыбырлап, сау тұр! Қыз –жігіттер сау тұр, сау бол!
Ән: «Сарбаздар» Ержан Гүлжанат
Өлеңді жатқа оқиды:
Соғыс деген қайдан шықты,
Авторы кім алғашқы?
Есіл адам, есі кетіп,
Оған несін жармасты?!
Бүкіл адам тарихының бетін неге қан басты?
Соғыс деген — аққан соры ақсүйектің, құлдың да,
Соғыс деген — төккен ары ұлдың және қыздың да.
Соғыс деген — Сотқарлардың қолындағы найзасы,
Соғыс деген — соғыс деген — зұлымдықтың айнасы.
Ән: әлия
Ән: Мәншүк
Соғыс алаңы. Окоп жанында 7-8 жігіт түскі тамақ ішіп отырады.
Ән: «Катюша» Орындайтын: Әкімгерейқызы Алтынгүл
Ермек: жігіттер мен сендерге бір нәрсе айтайын ба, ауылдан хат келді.
Дос жігіті: Кімнен анаңнан ба?
Ермек: Жоқ, Жамалдан ғой, бірақ ол анам, әжем, інім бәрі де жайлы жазады.
(Хаттан оқыла бастайды)
Майданға ыстық хат.
Салем, Ермек. Қалайсың? Соғыс жайы қалай, жеңістің хабары бар ма? Өзің аманбысың, денсаулығың жақсы ма? Жараланып госпиталда жазған хатыңды алдық. Ендігі ұрысқа кірген боларсың. Бізде бәрі жақсы. Бәрі тек майдан үшін деп еңбек етуде. Балалар, Нұргелді де, егін қориды, колхоздың атын бағады. Апаң, Хадиша апа, жеңешем, бадырақ, Айман бәріміз қырмандамыз. Астық басамыз. Әжеңдер. Олар да қарап отырмайды. Ауылдың үлкен аналары барлығы жиылып шұлық, кеудеше тоқып, майданға салып жіберіп жатыр. Көкемнен қара қағаз ( осы кезде демалып отырған жігіттердің арасына снаряд жарықшағы түсіп, көкала көк түтін болады. Бәрі шулап жанталаса жүгіріседі. Апыр-топыр ішінде мылтықтарына жармасады. Құлап қалған Ермектің үстін, бетін қан жуған. Бір қолын шынтақтан ұшырып әкеткен шолақ қолы қанға былғануда. Бетінен қан жуған Ермек ерні дір-дір етіп)
Ермек: қалтамда түйілген бір уыс топырақ бар, жігіттер. Жүгір-жүгір. Тездетіңдер. Мылтық қостың сыртында.
Солдаттың біреуі; Ермек, Ермек. (Шинельге салып, сүйрей бастайды.)
Ермек: мені таста не етесің? Құрт көзін, фашистің, жой самолетін... (сандырақтай бастайды) Ауыл, Апа, Жамал... (Шинелмен сүйретіп, сахна сыртына алып кетеді)
Солдат: мынау қалтасынан шыққан суретпен, түйілген топырақ. Бірге көмейік. Ал мынау кешегі келген хат. Оқып та үлгере алмады-ау. (топырақты үйілген топырақ үстіне тастайды да хатты оқи бастайды. (мұны да бірге көмейік)
Әжеңдер. Олар да қарап отырмайды. Ауылдың үлкен аналары барлығы жиылып шұлық, кеудеше тоқып, майданға салып жіберіп жатыр. Көкемнен қара қағаз... келді. Асхаттың папасы бір қолынан айрылып келген. Ауылда қазір басқарма болып жүр. Амандықта жүздескенше!
Саған бәрі сәлем айтуда. Жеңістің туын желбірет, жарқыным! Салеммен, Жамалың. (ыһ-ыһ,ыһ, атаңа нәлет, неміс-ай) жылап бетін басып отырады.
Солдаттың екіншісі:
Дәл осынау жадыраңқы жай күні
Болса дағы қай ғасырдың қай жылы
Ұлы Отаным басым иіп бір минут,
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны
(Бір минут үнсіздік)
Ән: «Қайран дүние» Аманжолов Нұркен
Ән: « »
Би: «Орындайтын мектеп бишілері»
Сахнадан 1945 жыл сәуір деген жазуы бар тақтайша ұстаған солдат киімі бар қыз өтеді.
Сахнаға арбаға таңылған аяғы, қолы жоқ жігіт шығады. Оны бір қолынан айрылған солдат сүйреп келеді. Ауыл солдат келеді, солдат келеді деген әйелдер мен балалар жүгірі шығады.
Жас келіншек: Балға-ау қолың қайда, қолың, аяғың ше? Ол қайда мынауың не домалақ. Аяғың мен қолың жоқ.? Ай қу фашис, қу соғыс. Ай (ойбайлап. Арба үстіндегі мүгедек жігітті құшақтайды)
Үлкендеу әйел: Әй, Бәтшағыр, тұр былай тірі келгенін айтпайсың ба, осылай болып келсе де ризамын. Бірақ жоқ қой, жоқ. Балға, менің Ардағым мен Нұрманымды көрдің бе? Айтшы. Көрдің бе?
-Жоқ, жеңеше, майдан үлкен жерді алып жатыр ғой. Басқа шетінде жүрген шығар, шептің.
Олар да сен кеткен жаққа кеткен соғысқа, көрмедің бе? Үһһһһһһ, бүгін де келмеді, ертең келетін шығар. Масатының көкесі.
Ән: «Соғыстан қайтқан солдаттар»
Ән:
Ән: «Смуглянка»
1945 жыл 9 мамыр:
-Ура! Жеңіс!
-Алақай жеңіс!
Жеңіс. Әже, біз жеңіппіз. Жүріңдер. Көшеге қарай жүрейік жүріңдер. (дабырласып ауыл адамдары жүгіріп көшеге шығады. Орамалдарын шешіп, қуанған келіншектер. Көзіне жас алған ана.
Радиодан «Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва! Бүгін Неміс фашистері жеңіліс тауып, Совет Одағының туын Рейхстаг төріне Рақымжан Қошқарбаев желбіретті.Ура! Ура!Ура!
9 класс оқушыларының қыздары өлең оқиды.
Ән: «Ақкөгершін»
1-жүргізуші: (қолдарында шар, ту, гүл)
70 жыл — бейбіт көктем таң атқалы,
70 жыл — шуақты күн таратты әнін.
Талай құс содан бері қайта оралды,
Талай бақ әлеміне қайта оранды.
Соғыста өлгендер тек оралмайды,
Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді.
70 жыл — жауыздықтың ажал оғы,
Біздің елдің үстінен ұшпағалы.
2- оқушы: Сен неткен Отан — анам, ғажап едің,
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.
Болашақ ұрпағыңның бақыты үшін,
Жайнай бер Ұлы Отаным — қазақ елім.
3-оқушы:
Желбіре, көгілдір Ту, көк аспанда,
Не жетсін жөні келіп жарасқанға.
Сен менің құдіретім, кием-дағы,
Айбарың айтсын сөзді адасқанға.
(Қолындағы Туларын желбіретіп)
Хор: «Егемен Қазақстан»
Хор: «Атамекен»
Шашу шашылады.