kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Же?істі? туы желбіре

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: «Же?істі? туы желбіре, м??гілік!»
Саба?ты? ма?саты: «Ешкім де, еште?е де ?мытылмайды» деген ?а?иданы ?стана отырып, жас ?рпа?ты тарихымызды тере?нен тану?а баулу. О?ушыларды? Отан тарихына деген с?йіспеншіліктерін арттыру, же?іс салтанатын к?ре алмай кеткен бозда?тарды? ерлік істеріне та?зым етуге, ?з хал?ымызды? тарихын ??рметтей білуге, д?ние ж?зіндегі бас?а ?лт ?кілдеріні? досты?ын ны?айту?а т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Же?істі? туы желбіре»

Күні: 06.05.16

Сыныбы:

Сабақтың тақырыбы: «Жеңістің туы желбіре, мәңгілік!»
Сабақтың мақсаты: «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» деген қағиданы ұстана отырып, жас ұрпақты тарихымызды тереңнен тануға баулу. Оқушылардың Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге, дүние жүзіндегі басқа ұлт өкілдерінің достығын нығайтуға тәрбиелеу.


Барысы
І жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Ұлы Отан соғысы кезіндегі қиыншылықтарды, халық көтерген қасіреттерді еске ала отырып, өзіміз сияқты жалынды жастарды Отанын сүюге, оны қорғауға баулу және Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік ісімен таныстыру мақсатына бағытталған «Ел мен ердің жемісі» атты ашық тәрбие сағатына қош келіпсіздер!
ІІ жүргізуші: 1945 - тің майында,
Июнінде,
Сосын июль айында...
Білесің бе, замандасым, ей менің
Елге қайтқан майдангерлер жайында?
І жүргізуші: Ол жайында мынау туған ел жетік,
Ал біздер ше?
Өстік пе ойсыз ер жетіп?..
Ей, замандас!
Түсіреді нені еске
Киген жандар сұр шинель мен керзі етік.
ІІ жүргізуші: Елінен де, өзінен де күй кетіп,
Төрт жыл бойы киді шинель, керзі етік.
Майдангерлер жүрді сосын біраз жыл,
Сол әскери киімдерін сүйретіп.
І жүргізуші: Соғыс – адам баласы үшін ең үрейлі, ең қорқынышты сөз. Өйткені, соғыс атаулы адамзатты қырып - жоюға бағышталған. Адам адам болғалы осылай. Талай рет үстемдік, байлық үшін адам қаны суша аққан. Арыға бармай - ақ, 50 миллионнан астам өмірді жалмаған соңғы соғысты алайық.
ІІ жүргізуші: Осы бір аяқ астынан басталған әділетсіз арпалысқа Қазақстаннан 2 миллионға жуық түрлі ұлт өкілдері әскер қатарына шақырылды. Майдан даласынан 394 мың қазақ боздақтары қайтпай қалды. Бұл соғыс қайғы - қасірет әкелмеген бірде - бір отбасы болмады... Бірінің әкесі, бірінің ағасы қаза тапты. Қаншама жас боздақтардың қыршын жасы қиылды...
І жүргізуші: Солардың 40 пайызы ерлермен тізе қосып жауға қарсы шығуға бекем буып, өз беттерімен өтініш беріп, соғыс майданына бет алған қазақтың үріп ауызға салғандай жас қыздары болғанын естен шығармауға тиіспіз. Оларды соғыс өрті ерте есейтті. Кеше ғана қызылды-жасылды киініп, гүлдей құлпырған балауса бойжеткендер енді әскер киімін киініп, қару асынып тілі, діні бөлек жаумен шайқасқа шықты. Оқ пен отқа орана жүріп ерліктің небір ерен үлгілерін көрсетті.
ІІ жүргізуші: Екінші дүниежүзілік соғыста Шығыс халықтарының қыздарынан Батыр атағын алған екі-ақ қыз бар екен. Бұлар қазақтың Мәншүгі мен Әлиясы. Атағына бүкіл шығыс халқы ортақтасқан, қазақтың атын шығарған аяулы қыздарымыз.
І жүргізуші: Ендеше туған өлкеміздің төл перзенті Әлия Молдағұлова жайындағы фильмді барлығымыз бірга тамашалайық.
ФИЛЬМ
І жүргізуші: Ұлы жеңіс
Шүйінші, халқым, шүйінші!
Шүйіншіге сүйінші!
Шаттан, ата - анамыз,
Шаттан, аға - бабамыз,
Кек қайтарып фашистен,
Соғыс бітті жеңіспен,
Жеңдік жауды күресте
Жасалсын той - мереке,- деп Таир Жароков айтпақшы міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына 70 жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн.
ІІ жүргізуші: Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған - туысқандарына, жақын - жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді.
І жүргізуші: Бұл мейрамды бұрынғы кеңес одағына кірген 15 одақтас республика халқымен бірге, кеңес халқы неміс басқыншыларынан азат еткен Еуропа елдерінің Варшава мен Прага, Будапешт пен Бухарестің, София мен Белградтың, Париж бен Венаның, жер шарының басқа да көптеген қалаларының тұрғындары тойлайды.
ІІ жүргізуші: Осындай Ұлы Жеңіске қол жеткізуге көмектескен батырларымыздың ұрпақтары сол жандардың арқасында бейбіт өмір кешуде. Олай болса, қарсы алыңыздар, сіздердің алдарыңызда сынып оқушылары хор орындап бермек.
ХОР: «Последний бой»
І жүргізуші: Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында Отан үшін су кешіп талай миллиондаған асыл азаматтар мерт болды. Жауымен жан аямай шайқасып, ерліктің ерен үлгілерін көрсетті. Ана – жарын жолғалтқан жесір, бала – әкесінен, анасынан айрылған жетім атанды.
ІІ жүргізуші: Фашистердің тұтқын лагерлерінде ана мен бала айуандықпен өлтірілді. Ал тылда қалған қарттар, аналар мен бесіктен белі шықпаған балалар соғыстың қайғы - қасіретін арқалай жүріп, бірде аш, бірде тоқ тынбай жұмыс жасады. Бірақ ешкімнің сағы сынбады. Олардың бойындағы отаншылдық сезім, қолына қару алып сапқа тұрған көптеген ұлт өкілдерінің тізе қосқан бірлігі мен ерлігі Жеңіс сағатын жақындата түсті.
І жүргізуші: Олай болса тобымыздың әсем қыздары биін қабыл алыңыздар!
І жүргізуші: Жеңіс деген өтеуі жас ғұмырдың,
Жеңіс деген бейбіт күнім, бүгінім.
Жеңіс тойын жақындатып әкелген
Төккен қаны әке, аға, інінің.
ІІ жүргізуші: Жеңіс деген шат күлкісі баланың,
Тыныштығы жер мен жаһан даланың.
Жеңіс деген сылдыр күлкі, асқақ ән,
Тыныштығың сол Жеңістен басталған,- дегендей Ұлы Отан соғысын жырға қосқан ақындарымыз да кем емес. Ендеше келесі кезекті жыр шумақтарына береміз.
ӨЛЕҢ ШУМАҚТАРЫ
І жүргізуші: Сол күнде, бүкіл әлем күлім қақты,
Нұрланып ай, күн, жұлдыз сәуле шашты.
Құс сайрап, жануарлар сайран салып,
Жайқалып өсімдіктер шешек атты.
ІІ жүргізуші: Жеңдік жауды, алдық кекті,
Мөңкіп, тулап, басылды апат.
Мең-зең етіп, жер мен көкті,
Тынды-ау ақыр бір ғаламат.
І жүргізуші:. Жетпіс жыл – бейбіт көктем таң атқалы,
Жетпіс жыл – шуақты күн таратты әнін.
Есімде сонан бері жетпіс мәрте
Ашылды жеңіс күннің парақтары
ІІ жүргізуші: Жетпіс жыл – үзілмеді құстар әні,
Кетті енді сұм соғыстың қыспақ әні.
Жетпіс жыл – жауымыздың ажал оғы
Біздің елдің үстімен ұшпағалы
І жүргізуші: Міне, осынау елімізге лаң салған алапаттың жеңіспен аяқталғанына да 70 жыл толды. Ешкім де, ешқашан да ұмытылмақ емес.
ІІ жүргізуші: Отанымызды сүйіп, қастерлей білейік. Ата - баба дәстүрін, әдет - ғұрпын берік ұстанып, үлкенге ізетті, кішіге ілтипатты болайық. Оңайлықпен келмеген тәуелсіздігіміздің туы мәңгілік желбіреп тұрсын.
І жүргізуші: Ел-жұртымыз аман, берекелі заман болсын! Отанымызды сүйетін азаматтарымыз көбейе берсін!





























Қосымша

І. СПИД туралы сұрақтар, салауатты өмір салты

  І. “СПИД не үшін қауіпті?” деген сұрақ қойып, оқушыны ойлауға шақыру.

1. Вакцина жоқ.

2. Дәрі жоқ.

3. Бәрі де кездейсоқ  ауруы мүмкін.

4. Аурудан жазылмайды.

               ІІ. “Аурудың алдын алуды қалай жүзеге асыруға болады?” деген сұраққа жауап.

1.Медицина.

2. Достар

3. Көше.

4. Жанұя.

5. Педагог.

6. Газет – журнал, теледидар.

 1-оқушы: Менің пікірім бойынша, кейбір адамдарды тәрбиелеуші орта көше.

2-оқушы: Дін-нағыз тәрбие.

3-оқушы: “Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде” дейді ғой халық.  Сонда ауырмайтын жолды осы медицина мамандарынан іздеу керек.

4.-оқушы:“Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады” демекші, қоршаған орта, яғни достарыңның өздері қисық жолда болмай, сенің де қисық жолға  түсуіңе ықпал етіп, жолдастық кеңестерді айту керек.

5-оқушы: ХХ/  ғасыр – техника, ақпараттың ғасыры. Барлық ақпаратты тек теледидар, радио, газет- журнал тараптарынан іздеу керек.

6- оқушы: Мектеп қабырғаларында осындай кештерді педагогтар барлық күштерін салып жиі өткізулері қажет.

7- оқушы: Тәрбие ошағы – жанұя. Сондықтан барлық тәрбиені жанұя береді деп ойлаймын.

 Оқушылар пікір алмасады.

1-оқушы: Оларды қоғамнан алыстатуымыз керек деп ойлаймын. Өйткені олар “Мен ғана осы қатерлі дертпен ауруым керек пе?” деп барша адамдарға жұқтыруы мүмкін.

2- оқушы: Мен керісінше ойлаймын. Оларға біз көңіл бөліп, одан әрі оның өмірден түңілмеуіне үлесімізді тигізуіміз керек.

3- оқушы: Біз көмегімізді көрсетуіміз керек. Олар да адам емес пе? Мүмкін біздің көмегімізден СПИД – пен ауырған жағдайда да ешкімді ол дертке шалынбас деп үміттенеміз. 

4- оқушы: Оларды алыстану керек және барлық СПИД- пен ауыратын адамдар үшін бір мекеме жасалып, оларды қоғамнан аластатып, сол жерде ұстау керек.

5- оқушы: Егер де біз оларға неғұрлым көңілді көп білетін болсақ, онда олар “Бізді аяп жатыр” деп бөлектенуден қашып, керісінше ол дертке адамдарды шалдықтыру мүмкін.

        Өзіміз өмір сүріп отырған уақытта жиі кездесетін жағдайдың бірі осылай болған еді. Бір жас келіншек құлағын тестіруге арнайы құлақ тесетін автоматқа барып құлағын тестіреді. Бірақ уақыт өткен соң өзінің денсаулығындағы өзгерістерді байқап тексеруге барады. Ол зінің қатерлі ауыруды жұқтырғанын біліп жасырын ұстайды. Бір күні тісі ауырып тісін жұлдыру керек болады. Ауруды жасырғысы келіп мемлекеттік емханалардан қашып жеке меншік ашылған емханада ешқандай анализ өткізбей, тексерусіз тісін жұлдырады. Жас келіншек келесі “құрбан” кім екенін білуге есік алдында аз ойланады. Ол тісін қолымен басқан 15-16 жасар бүлдіршін қызды көріп көз жасын моншақтата төгіп жүгіре жөнеледі. Аяусыз тағдырға, дауасыз дертке кім кіналы?

Мұғалім: Қадірлі оқушылар бұл болған, болмағаны белгісіз газетке жазылған әңгіме үзіндісі десек те, бізді ойландырар жағдайлар жетерлік. Осы жағдайда кімді кіналы санайсыздар?

6- оқушы: Менің ойымша, бұл жағдайда дәрігер стомотологқа барған келіншек кіналы. Егер де ол барған жағдайдың өзінде СПИД атты қатерлі дертпен ауыратыны жайлы дәрігерге ескерткен болса, онда аяусыз тағдырға ұшыраған 15-16 жастағы қызды ауыруға шалмас еді.
1- оқушы: Ал менің ойымша, сол келіншектің алдында құлағын тескен адам кінәлі. Өйткені ондай аурумен ауырған соң құлақ тестіріп және басқа да адамдарға жұқтырудың мәні неде?! 
2- оқушы: Менің пікірімше, бұл жағдайдағы 15-16 жастағы жасөспірімдер мемілекеттік емханаларда емделуі тиіс. Сол жағдайда мүмкін ол бұндай тағдырға душар болмас па еді?!
3- оқушы: Мен ойымды білдіретін болсам, құлақ тесетін адам да кінәлі. Өйткені әр адамнан кейін инені арнайы микробтарды өлтіретін сұйықтарға салу керек. СПИД вирусы келесі адамға жұқты, яғни ол адам ондай жұмпыстарды атқарған емес.
4- оқушы: Кінәлі стомотолог деп есептеймін, себебі бір адамға қолданған құрал-жабдықтарды ешқандай тазартусыз екінші адамға қолдану дұрыс емес. Егер ондай болмағанда, қаншама адам дауасыз дерттен аман қалар еді.
Қорытынды:
Мұғалім: “Ауруын жасырған өледі” демекші аура қалсаңдар, дереу дәрігерге қаралу керек. Себебі өзге адамдарға зардап тигізбеуді ойлан. 



ІІ. Емдеу сауықтыру орындары

Емдеу мекемелерінің басшысы ауруларды шығарғаннан кейін күн сайын жұмыс күнінің соңында өрт сөндіру бөліміне әр мекеме ғимаратында қалған аурулардың санын хабарлайды. 

Үлкен жастағы ауру адамдар мен балалардың саны 25-тен асқан жағдайда оларды пешпен жылытылатын каркасты-қамысты және ағаш ғимараттарда орналастыруға болмайды. 
      Ауылдық жерлерде орналасқан емдеу мекемелерінде әр ғимаратқа бір саты есебінен қосалқы саты болуы тиіс. 
      Ауыр халдегі үлкен адамдар мен балаларды көп қабатты ғимараттың бірінші қабатына орналастыру қажет. Мекемелерде қызмет көрсетуші тұлғалар мен тұрғындардың тұруына тек ғимараттың басқа бөліктерінен жеке тұрған жанбайтын жабынды, қабырғалы немесе қалқанды бөлігінде және жеке сыртқа шығу есіктері бар бөлімдерінде рұқсат беріледі. 
      Ауруханалар мен адамдар үздіксіз келетін басқа да мекемелер өздері жүре алмайтын адамдарға (мүгедектерге) арналған зембілдермен (бес ауруға бір зембіл есебінен алғанда) қамтамасыз етілуі тиіс. 
      Аурухана палаталарындағы кереуеттер арасы 0,8 м, ал орталық негізгі жолдың ені 1,2 м аз болмауы қажет. Орындықтар, тумбалар және басқа да жиһаздар эвакуациялық шығу есіктері мен жолдарын бөгемейтіндей болуы тиіс. 
      Палаталарға оттегі жіберу әдеттегідей, жеке тұрған баллон қондырғысынан орталықтандырылып (10 баллоннан көп емес) немесе орталық оттегі бекетінен (10 баллоннан көп болса) жүргізілуі тиіс және оларды аурулар үнемі келетін ғимараттардан кемінде 20 м қашықтықта тұрған жеке ғимаратта орналастыру керек. 
      Орталықтандырылған оттегімен жабдықтау болмаған жағдайда оттегі жастығын пайдалану тәртібі мекеменің бұйрығы бойынша анықталады. Мекеме ғимаратының сыртқы жанбайтын қабырғасында жанбайтын шкафта бір оттегі баллоны бар рампалар орнатуға болады. 
      Мыналарға: 
      1) ауруларға арналған палаталы корпустарда емдеу процесіне қатысы жоқ бөлмелерді орналастыруға (жобалау нормаларымен белгіленгендерден басқа) немесе оларды басқа мақсатта жалға беруге; 
      2) кереуеттерді дәлізде, холлда және басқа эвакуациялық жолдарда орнатуға; 
      3) аурулар мен қызмет етуші тұлғалар орналасқан бөлме терезелеріне металл торлар орнатуға; 
      4) ағаш қабырғалар мен төбеге тұсқағаздар жабыстыруға немесе майлы және нитролық сырмен сырлауға; 
      5) жану кезінде улы заттар бөлетін материалдарды ғимараттарды әрлеу үшін қолдануға; 
      6) емдеу мекемелерінің ғимараттарында оттекті баллондарды сақтауға және орнатуға; 
      7) аурухана палаталарына баллондардан оттегі жіберу үшін пластмассалық және резиналық шлангты қолдануға;
      8) жарамсыз емдік электр жабдықтарын пайдалануға; 
      9) аурухана палаталарында от жағу ойықтарын орнатуға; 
      10) емдеу мекемелерінің жертөлелері мен астыңғы қабаттарында шеберханалар, қоймалар орналастыруға; 
      11) аурухана палаталары мен аурулар орналастырылған басқа үй-жайларда үтік, электр плиткаларын және басқа да электр жылытқыш құралдарын пайдалануға жол берілмейді. 






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Же?істі? туы желбіре

Автор: Сальменова Гулия Темирбековна

Дата: 13.06.2016

Номер свидетельства: 334280

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "«Жеңістің туы, желбіре!»"
    ["seo_title"] => string(26) "zhien_istin_tuy_zhielbirie"
    ["file_id"] => string(6) "446662"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1514266348"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "Ашық сынып сағаты "Жеңіс туы желбіре""
    ["seo_title"] => string(43) "ashyk_synyp_sag_aty_zhien_is_tuy_zhielbirie"
    ["file_id"] => string(6) "414606"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1494526701"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) ""К?гімде к?н желбіре" ашы? т?рбие са?аты"
    ["seo_title"] => string(39) "koghimdiekunzhielbirieashyktrbiiesagaty"
    ["file_id"] => string(6) "315040"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459825244"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "ЖЕ?ІС ТУЫ ЖЕЛБІРЕЙДІ М??ГІЛІК. ШЫ?АРМА "
    ["seo_title"] => string(46) "zhien-is-tuy-zhielbirieidi-m-n-gilik-shyg-arma"
    ["file_id"] => string(6) "163501"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1422504316"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) ""Жеңістің туы желбіре.""
    ["seo_title"] => string(28) "zhien_istin_tuy_zhielbirie_1"
    ["file_id"] => string(6) "470614"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1526987022"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства