kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жанам деген жүрекке от берейік

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушының жеке шығармашылығын дамыту, патриотизмге, адамгершілікке баулу, отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жанам деген жүрекке от берейік»

Жанам деген жүрекке от берейік

1-Сәбит: Армысыздар, аяулы да қадірменді оқушылар, құрметті ата-аналар, қайырлы күн қадірменді жыр сүйер қауым! Тескенсу селолық округі және Қаратұрық селолық округінің жас ақындарының «Жанам деген жүрекке от берейік» атты поэзия кешіне қош келдіңіздер! Жамбыл атындағы орта мектебінің 11а сынып оқушысы Нұржұма Өмірзақ, 9 б сынып оқушысы Нұржұма Шахизат, 11а сынып оқушысы Анықжан Берікбол, Көлді орта мектебінің 11 сынып оқушысы Тағыбергенов Еламан, Толқын орта мектебінің 7 сынып оқушысы Бейсембек Ғалия және Ащысай ауылы Шоқан Уалиханов атындағы 10а сынып оқушысы Әбдінұр Нұрлан, сонымен қатар А.Саттаров орта мектебінің 11 сынып оқушысы Әбдіғали Даниярдың шығармашылық кешіне қош келдіңіздер!


2-Гүлнар: Жанам деген жүрекке от берейік. Мүмкін, сол оттан жалын туар. Ол жалын, жабырқап жүрген жандарды жылытуға жарап қалар. Бетін жалын қақтаған, жүрегіне жақсы сезім ұялаған ақындарымыздың істерін оңға бассын демекпіз.

Талант – жаратқанның тартқан тартуы. Талант – халықтың игілігі. Жас таланттың өлеңдерінен шынайы сезімді, Абай атамыз айтқан шымырлық пен жұмырлықты аңғаруға болады. Тұсауын кестік, ағайын, тілекші болыңыздар! Тарпаң тұяқты тұлпар, хас талант иесі болсын! Сәт сапар!

Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,

Жан сәулесін тарататын баршаға.

Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,

Ақындарды шақырамыз ортаға!

Салтанатты кешіміздің куәсі болып отырған Нұржұма Өмірзақ, Нұржұма Шахизат, Анықжан Берікбол, Тағыбергенов Еламан, Бейсембек Ғалия және Әбдінұр Нұрлан, Әбдіғали Даниярды дуылдата соғылған шапалақпен ортамызға шақырамыз.


1-Сәбит: Поэзия, досым менің күй аңсаған,

Өзімді, өмірімді қиям саған.

Шағымда шабыттанған, қиялданған,

Шапағың бар шаттығын құяр маған.

Кезекті «Абай оқулары-2013» байқауының жеңімпазы Нұржұма Өмірзақ, Аудандық «Абай оқулары-2014», облыстық «Махамбет оқулары-2014» байқауының жеңімпазы Нұржұма Шахизат, «Батыр бабам – ерлігімнің дастаны-2012» Республикалық шығармашылық байқауының жеңімпазы Анықжан Берікбол, Аудандық «Жігіт сұлтаны-2014» байқауы жеңімпазы Тағыбергенов Еламан, Бейсембек Ғалия ақындарымызға сөз кезегін береміз.

1..

2.

2- Гүлнар:Өнерпаздар жарысып ән салады,

Жиын десе, той десе жан салады.

Кешіміздің ашылу құрметіне,

Әуелеген әсем ән жолданады.

Ән орындалады.

Ыдырысов Айбын Тұражанұлының орындауында



1-Сәбит: Ашық болсын әрқашанда аспаның,

Жыр есігін жастайыңнан ашқаның.

Өз өнерін көрсетуге келіп тұр,

Данияр мен Нұрлан атты ұлдарың

Кезекті Қаратұрық селолық округінің жас ақындары «Абай оқулары -2014» байқауының жеңімпазы Данияр және Нұрлан ақындарымызға береміз.

1.

2.

2-Гүлнар: Мың бұралып биші қыз майысады.

Шыр көбелек айналып өлеңмен жарысады.

Қол созып көрермен риза болып,

Биші қыз өнерімен мақтау алды.

Би. “Қара жорға”


1-Сәбит: Поэзия – адам баласының рухы. Поэзияға тән, рухты әдебиеттің басқа жанрларынан табу қиын. Адам бар жерде поэзия бар. Өмірдің өзі – тұнып тұрған поэзия. Алайда сол өмірді, сол керемет табиғатты көретін көз, танитын талант, сезетін сезім керек. Сезіну бар да, сезімін сезімдерге айтып жеткізу, мойындату бар. Міне, осы тұста адамдар дараланады. Әр халық өзінің сезім дүниесінен енші бөліп, сеніп тапсырып, дүниеге өзінің сезімтал елшілерін жібереді. Оның аты – Ақын. Адамның сезімі – алынбас қамал. Ендеше, сол сезім қамалының жаулаушысы да, иесі де – ақын. Сол ақындар мінекей алдарыңызда отыр.

Кезекті Өмірзақ, Шахизат, Анықжан, Еламан, Ғалия ақындарымызға сөз кезегін береміз.

1.

2.

2-Гүлнар: Ақынның міндеті – өз сезімін өзі тұншықтырмау, ағынан жарылып, азапқа салған ауыр ойдан айтып құтылу. Ақынның бірінші ерекшелігі осы болса, екіншісі – ақын сыры жұртшылықтан жасырылмақ емес, сырын жасыруға да шамасы келмейді. Ол жылай отырып күлгенін, күле отырып жылап алғанын өзі де аңғармайды. Ақындар – сезім дүниесі бөлек жандар. Ақын да – адам, оның шығармашылық тағдырына да бір уақ көңіл аударған жөн.

Құлақтан кіріп бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар.

Әнді сүйсең, менше сүй.


Ән: Ыдырысов Айбын Тұражанұлының орындауында


1-Сәбит: “Қайда менің балалық шақ күндерім”,

Жалындаған жастық шағым, күн керім.

Дауылдатып, думандатып жүретін,

Бақытты сәт, шалқып шығар күндерім.

Поэзия – өнердің жоғарғы саласы. Бұл жөнінде қара өлеңінің шебері Мұқағали «Поэзия – ғылым. Адам өмірінің, адам жанының зерттелмеген, қалам тартылмаған несі қалды? Адам сезімін жан-жақты зерттейтін құдірет болса, ол – тек поэзия» деген болатын. Ақын үшін жүректен жарып шыққан жырдан артық қымбат дүние жоқ. Шын поэзияны жасайтын ақында сезімтал шабыт болу керек. Шабыт дегеніміз – ақын жүрегінін шалқып, тасып шыққан ой толқыны, өмірге жан-тәнімен берілген махаббаттық сезім. Ендеше ақындарымызға сезім селін ағытуға кезек берелік.

2- Гүлнар: Ақындары-ай аңқылдаған қазақтың,

Асып түсер бір-біріңнен ғажапсың.

Ақындардың жырын оқып, тамсанып,

Тұлпарымды шідерлеймін, қаңтарып.

Ортамызға Қаратұрық селолық округінің жас ақындары Данияр және Нұрлан ақындарымызға сөз берейік.

1.

2.

Ән: Қаратұрық селолық округінің жас әншісі ән айтады.

Ән: Жамбыл атындағы орта мектеп оқушысы Зікірбай Салтанат


2-Сәбит: Ақыным, өркенде гүлдене бер,

Тыңдаған жан ғажайып күйге енер.

Түлеген киелі топырақтан,

Ұл-қызың шетінен сүйген өнер.

Келесі сөз Өмірзақ, Шахизат, Анықжан, Еламан, Данияр, Нұрлан, Ғалия ақындарымызға сөз береміз.

1.

2.

2-Гүлнар: Иә, уақыт деген зымыран!

“Кеше ғана бала-ең, келдің ғой талай жасқа”, - деп ұлы Абай атамыз айтып кеткендей кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған, білім нәрімен сусындаған шәкірттеріміз бүгін таудай болып, жайқалған жасыл баудай болып үлкен білім ордасының жоғары сынып оқушылары болып отыр. Бұл жастар – көк байрағын желбіретіп, Әнұранын асқақтатқан Егемен еліміздің ертеңі мен келешегі. Бұл жастар – ел бірлігін ойлайтын, өз Отанын қорғайтын, өркениетін өсіретін, аға-апаларының ісін ары қарай жалғастыратын болашақ азаматтар.

Ән қандай, әнші қандай, тұнған таудай,

Барады жүректерде тағат қалмай.

Осы күні басылмайды емін тауып,

Тамылжытып әншіміз ән салады.

Ән: Тескенсу селолық округі Жұмабекова Элмира «Жаса, қазақ жігіттері»

Хор «Рух пен тіл» 11 а сынып оқушылары


1-Сәбит: Осы ақындарымызды мақтау қағаздарымен марапаттауға рұқсат етіңіздер

Қорытындылау:

Қымбатты ақындарымыз! Бүгінгі кеште өр де өткір, нәзік те сыршыл сезімдеріңізді ортаға жайып салып өздеріңіз де бір құмардан шыққандай болдыңыздар. Біз де, жыр сүйер қауым, осындай әдемі кеште әсем жыр тыңдап көңіліміз көтеріліп қалды. Өмірге ғашық жандар ол мәңгі жас адамдар екен. Ендеше жандарыңыз қартаймасын, жүректеріңіздегі өмірге деген ғашық оты сөнбесін. Уақыттарыңызды бөліп поэзия кешімізді өткізуге тірек болғандарыңыз үшін ұйымдастырушылар алқасы мен көрермендер атынан рахметімізді айтамыз.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
Жанам деген жүрекке от берейік

Автор: Алишерова Салтанат Сейсембековна

Дата: 18.03.2017

Номер свидетельства: 401394

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "жанам деген ж?реккке от берейік"
    ["seo_title"] => string(40) "zhanam-dieghien-zhuriekkkie-ot-bierieiik"
    ["file_id"] => string(6) "284312"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1453968834"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(259) "Ма?жан Ж?мабаевты? 120 жылды?ына байланысты « Мен жастар?а сенемін» атты айдарымен ?тетін 10-11 сынып о?ушыларыны? дайында?ан ?деби кешіні? жоспары. "
    ["seo_title"] => string(164) "mag-zhan-zhu-mabaievtyn-120-zhyldyg-yna-bailanysty-mien-zhastarg-a-sieniemin-atty-aidarymien-otietin-10-11-synyp-ok-ushylarynyn-daiyndag-an-diebi-kieshinin-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "154525"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421164950"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) "Өзін-өзітану. "Жанашырлық - жанға қуат""
    ["seo_title"] => string(39) "ozin_ozitanu_zhanashyrlyk_zhang_a_k_uat"
    ["file_id"] => string(6) "457457"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1518628130"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "Әрбір шәкірт бір жұлдыз"
    ["seo_title"] => string(25) "rbir_sh_kirt_bir_zhu_ldyz"
    ["file_id"] => string(6) "352649"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1477558786"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(72) "А. Байтурсынов "А?ын ініме" саба? жоспары"
    ["seo_title"] => string(41) "a-baitursynov-ak-yn-inimie-sabak-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "252095"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447332305"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства