kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жа?а педагогикалы? технологияларды? ерекшелігі.

Нажмите, чтобы узнать подробности

?аза?станны?  т?уелсіз   мемлекет  ретінде   ?алыптасуы  барысында  орта  білім  беруді?  ж?йелі  реформалануы  ?о?амды?  т?р?ыдан  ?лкен  ма?ыз?а  ие.   Осы?ан  орай,  со??ы  кезде  о?ытуды?  ?рт?рлі  педагогикалы?  технологиялары  жасалып,  мектеп  ?міріне  енгізілуде.  О?ыту   технологиясы  жо?ар?ы  ж?не  орта  мектепте  о?у  ?рдісіне  ?ажетті  ?діс-  т?сілдер,  амал  сия?ты  психологиялы?- педагогикалы?  іс-?рекеттерді?  ж?йелі  кешені  ретінде  пайдаланылады.

   О?ушы?а  н?тижеге  ба?дарлан?ан   білім  беруді?  к?зі  о?у-т?рбие  ?рдісіне білім  беру  технологияларын  енгізу,  о?ушылар  ?ызметін  ?йымдастыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жа?а педагогикалы? технологияларды? ерекшелігі. »

Бакирбаева Жазира Салимбайқызы

Талдықорған қаласы № 17 орта мектеп

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Жаңа педагогикалық технологиялардың ерекшелігі.

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында орта білім берудің жүйелі реформалануы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие. Осыған орай, соңғы кезде оқытудың әртүрлі педагогикалық технологиялары жасалып, мектеп өміріне енгізілуде. Оқыту технологиясы жоғарғы және орта мектепте оқу үрдісіне қажетті әдіс- тәсілдер, амал сияқты психологиялық- педагогикалық іс-әрекеттердің жүйелі кешені ретінде пайдаланылады.

Оқушыға нәтижеге бағдарланған білім берудің көзі оқу-тәрбие үрдісіне білім беру технологияларын енгізу, оқушылар қызметін ұйымдастыру.

Білім беру технологиялары- бұл: 1.Оқытудың жоспарланған нәтижесіне жету үрдісін суреттеу./ И. П. Волков/ 2.Оқу үрдісін жүзеге асырудың мазмұнды техникасы./ В.П. Беспалько/ 3.Өнер, шеберлік, біліктілік, жағдайды өзгерту, қайта өңдеу әдістерінің жиынтығы./В.М. Шпель/

Педагогикалық технология-ғылымда оқытудың тиімді жолдарын зерттеуші және оқытуда пайдаланылатын әдістердің, принциптердің жүйесі, сондай-ақ оқытудың нақты үрдісі ретінде қызмет атқарады. Білім беру технологияларының негізгі объектісі мен субъектісі баланың жеке басы.

Білім беру технологияларының мақсаты:

1.оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыру;

2.ақыл-ойын дамыту;

3.жеке бастың эстетикалық ортасын қалыптастыру;

4.жеке бастың өзіндік басқару механизімін жүзеге асыру;

5. жеке бастың практикалық әрекет ортасын қалыптастыру.

Педагогикалық технология басқарылатын, қайта жаңғыртылатын оқу – тәрбие үрдісін жобалауды көздей отырып, білім берудің негізгі мақсаты мен міндеттерін шешуді қамтамасыз ететін ғылыми тұрғыда негізделген амал-тәсілдердің жүйесін құрайды. Оның негізгі құрылымдары мыналар болып табылады:

-тұжырымдамалық негізі;

-мазмұндық бөлігі;

-әрекеттілік (процессуалдық) бөлімі - технологиялық үдеріс.

Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану- сапалы білім негізі. Білім беру сапасы- қоғамдағы білім беру үрдісінің жағдайын, нәтижесін және ұлттық құндылықтардың қалыптасуын, даму болашағының қажеттілігін анықтайтын әлеуметтік категория. Жаңа технологияларды пайдалануда ұлттық құндылықтарды қалыптастырудағы негізгі мақсат мынаған саяды.

-білім сапасын арттыру;

-педагогикалық әрекеттердің заман талабына сай жылдам бейімділігін арттыру;

-білім-білік дағдыларын қалыптастыру;

-танымдық әрекеттерін ұйымдастыру;

-зерттеу әрекеттерін ұйымдастыру;

-жобалау әрекеттерін ұйымдастыру;

-оқу сабақтары мен оқу материалдарын жоспарлау;

-сабаққа арналған баспа материалдарын даярлау;

-сабаққа арналған электронды оқулықтарды даярлау;

-сабақ және қосымша сабақтар өткізу.

Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілдермен, қол жеткізер мақсаттармен ерекшеленеді.

Деңгейлеп оқытудың маңыздылығы:

-сынып оқушыларының жаппай жұмыс істеуіне жетелейді;

-бос іспен айналысатын оқушы болмайды;

-ізденіс дағдысы қалыптасып, шығармашылық қабілеті дамиды.

Технология төрт деңгейден тұрады:

1.Оқытушылық-үйретушілік деңгей. Бұл деңгейде оқушылардың жаңа тақырыпта алған білімдерін бекіту, практикада қолдана білуге жаттықтыру. Мұнда заңдылықтарды, ережелерді білу қажет етіледі. Тапсырмаларды оқушылар мұғалім берген үлгі бойынша орындай алады.

2.Алгоритмдік деңгей. Бұл деңгейде үйренушілік деңгейдегі білімін толықтыру, амалдарды орындай және құрастыра алулары, күрделі материалдарды жүйелей білуі, алған білімдерін басқа тапсырмаларды орындағанда пайдалана алуы, сол тақырыпты еркін меңгергені ескеріледі.

3.Эвристикалық деңгей-материалды саналы түрде меңгеру.

Бұл деңгейде оқушылардың меңгерген білімдерін тереңдету үшін танымдық ізденіс, жаттығуларды талдай білу қажет етіледі.

4.Шығармашылық деңгей- өз бетімен оқу материалдарын меңгеру.

Құбылысты өз бетімен талдай келіп, шағын шығармашылық тұрғыда зерттеу жұмысын өткізуге баулу, яғни ол оқушыға кішігірім болса да жаңалық ашқандай әсер беруі тиіс.

Сөз – тіл мәдениетінің басты белгісі. Халқымыздың ежелден сөз өнеріне ерекше ұқыпты қарағаны белгілі. Ұлы Абай «Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, теп-тепгіс жұмыр келсін айналасы» дегенде, өлең-өнерге қойылар ерекше талаптар қатарында тілдің үйлесімді үндестігін де еске салғаны аян.

Бүгінгі таңда жазу мәдениеті зерттеліп, зерделеніп жатса да, жалпы сөз мәдениетін, сөз мұрасын дұрыс қолдануды насихаттау жағы әлі де болса аз. Әрбір көкірегі ояу адам өз тілінің қадір-қасиетін биіктете отырып өз тілінде сөйлей білуі аз, сөз мәдениетін көтеруге де үлес қосу керек. Сол тіліміздің тек өзіне ғана тән ұлттық сипат-белгілерін сақтай білуіміз – бүгінгі парыз, ертеңгі аманат. Сөз – мәдени-ұлттық сипат белгісінің бірі. Оның бір саласы - сөздерді дұрыс айту, орфоэпия заңдарын сақтау, сөз сазын, әуенін өз ырғағымен дәл жеткізу.

Сөз мәдениеті - әдеби тілдің ауызша тілде қызмет етуі, ал сөйлеу мәдениеті – тілді дұрыс қолдану. Санаға сәуле түсірген ойды дәл жеткізу үшін қажетті сөзді дұрыс саралай білу стилдік, лексикалық нормамен тығыз байланыста болса, сөздерді дұрыс байланыстыра алу грамматикалық нормаға келіп тірелері анық.

Педагогика ғылымының кандидаты, доцент Н.А.Оразахынова сатылай комплексті талдауды оқытудың төл технологиясы ретінде ұсына отырып, былай дәлелдейді:

Біріншіден, теориялық негізі А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, Т.Шонанов т.б. ғалымдардың ғылыми-әдістемелік тұжырымдарын басшылыққа алады;

Екіншіден, ағартушылық негізі – Ыбырай, Абай, Шоқан тағы басқалардың ағартушылық ұстанымдарын негіз етеді;

Үшіншіден, теория мен практиканы ұштастыруда ғылыми-әдіскер Ф.Ш.Оразбаеваның тілдік қатынас (айтылым, жазылым, тыңдалым, оқылым, сөйлесім) теориясына негізделеді;

Төртіншіден, ұрпақтың тілін дамытуға ұлттық құндылықтарды бағалай білуге, құрметтеуге үйрету үшін ауыз әдебиетінің бай мұрасынан бастап, бүгінгі күнгі сөз зергерлерінің әдеби ой-талғамдарын жаттату, мәтін, тіл дамыту, тіл ұстарту материалдар етіп алу;

Бесіншіден, ғалым-педагог Г.К.Селевконың «Педагогикалық технологиялар классификациясына» толық жауап береді:

Сатылай комплексті талдау дегеніміз – оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері, өзіндік ерекшелігі бар және оқушыларға білімді ғылыми негізде сатылай, жүйелі, комплексті меңгертіп,оларға ұлттық құндылықтарды бағалай, қолдана білуге машықтандыратын оқыту. Сатылай комплексті талдау оқушыларға қазақ тілі мен ғылымының мазмұны мен жүйесін, оның сөздік құрамы мен грамматикалық құрылысын, сөйлеу тілінің байлығын және әдеби тіл нормасын үйретіп, дұрыс сөйлеу, сауатты жазу дағдысын қалыптастырады.Сатылай комплексті талдау технологиясының басты қағидаларының бірі – жоғары қиындықта оқыту.

Лексика – тілдің ең бай саласы. Ол сөз мағынасын жан-жақты тексереді. Тіліміздегі әр сөздің әр түрлі мағыналары бар. Сөз мағынасына үңілу, оны терең түсіну, өмірге қолдана білу үлкен шеберлік, саналылық, ойлылық, білімді қажет етеді.

« Сатылай кешенді талдау» грамматикалық материалды терең меңгертіп, дәрістің мол байлығын, сөз өрнектерінің сан қилы сырын, әр сөздің астарын ашып көрсете отырып, өмірдегі әр алуан мәселелерді барлай- бағдарлай қарап, өз бетімен шешуге тәрбиелейді.

«Ойын технологиясының» міндетті шарты-оқытуды ойын түрінде және түрлі белсенді оқыту формалары арқылы ұйымдастыру.

«Ұжымдық оқыту» технологиясы қисынды ойлау және түсіну дағдыларын жетілдіреді. Сөйлесу барысында ойлау қызыметінің дағдылары дамытылады, әркім өзін еркін сезініп, өзіне тән жеке қарқынмен жұмыс жасайды, жауапкершілігі артады.

М. Махмұтовтың «Проблемалық оқыту жүйесі» технологиясында оқушылар өз бетімен шешім қабылдап, өз бетімен ізденеді, соның нәтижесінде дұрыс та нақты шешімдерге келе алу әдістерін үйретуді көздейді.

Жаңа технологиялардың тиімділігі педагогикалық шарттарға байланысты.Педагогикалық технологияның табысты болуын анықтайтын педагогикалық шарттарға, ең алдымен, педагогтың дербес ерекшеліктері: тұлғалық даралығын, мәдениеттілігін, қызығуын жатқызуға болады. Сонымен бірге, оқушылармен қарым-қатынас жасау біліктілігі мен кәсіби шеберлігі ерекше мәнге ие болады.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
Жа?а педагогикалы? технологияларды? ерекшелігі.

Автор: Бакирбаева Жазира Салимбаевна

Дата: 20.11.2014

Номер свидетельства: 133172

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(215) "Кембридж Университетіні? ?сын?ан жеті модулі бойынша ?ыс?аша т?сінік.Білім беру ?рдісінде жа?а технологияларды ?олдану "
    ["seo_title"] => string(139) "kiembridzh-univiersitietinin-u-syng-an-zhieti-moduli-boiynsha-k-ysk-asha-tusinik-bilim-bieru-urdisindie-zhan-a-tiekhnologhiialardy-k-oldanu"
    ["file_id"] => string(6) "212378"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1431844382"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(90) "Білім беру ?рдісінде жа?а технологияларды ?олдану"
    ["seo_title"] => string(58) "bilim-bieru-urdisindie-zhan-a-tiekhnologhiialardy-k-oldanu"
    ["file_id"] => string(6) "311548"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1459230310"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(190) "Баяндама "Бастауыш сыныпта пәндерді оқытудағы жаңа технологияның білім сапасын көтерудегі тиімділігі""
    ["seo_title"] => string(80) "baiandama_bastauysh_synypta_p_ndierdi_ok_ytudag_y_zhan_a_tiekhnologhiianyn_bilim"
    ["file_id"] => string(6) "443954"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1513104708"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(200) "Биология сабағында жаңа технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру"
    ["seo_title"] => string(105) "khimiia-sabak-tarynda-ok-ushylardyn-tanymdyk-k-yzyg-ushylyg-yn-arttyrug-a-bag-yttalg-an-tiekhnologhiialar"
    ["file_id"] => string(6) "157606"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1421607841"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(123) "«?аза? тілі саба?ында жа?а технологияларды пайдалануды? тиімділігі»"
    ["seo_title"] => string(74) "k-azak-tili-sabag-ynda-zhan-a-tiekhnologhiialardy-paidalanudyn-tiimdilighi"
    ["file_id"] => string(6) "323983"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1462282188"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства