Просмотр содержимого документа
«Жақсы сөз - жарым ырыс»
Байболова Гульдария Нусипқызы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Т.Кенжебаев атындағы орта мектеп МДШО ММ
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылы
(«Болашағың ана тіл» журналына)
Жақсы сөз жарым ырыс
Сабақтың тақырыбы: Жақсы сөз – жарым ырыс Мақсаты: 1.Оқушылардың сөйлеу мәнерін, ойлау қабілетін дамыту, сондай-ақ олардың бойларында ізгілік негіздерін дарыту, сабырлылыққа, парасаттылыққа, ақыл мен білімдарлыққа, шешендікке тәрбиелеу мақсатында алғыс, бата сөздер, мақалдарды пайдалана отырып, сөздің төркінін түсіну, әр сөзге мән бере қарап, орынды сөйлеуге, зеректікке үйрету. Сабақтың дәйексөзі: «Сәулең болса кеудеңде, жақсы сөзге құлақ сал» Абай Сабақтың барысы. Шаттық шеңбері: оқушылар шаттық шеңберіне жиналып бір - бірінің бойынан қандай жақсы қасиет бар екенін айтады. Екі топқа бөлінеді: бірінші топ – Айым, екінші топ – Күнім Ай мен күн суреттері толық емес, ай жарты болса, күн шуақсыз (тақтада ілінді.) Әр тапсырма сайын олар толықтырылып отырады. - Жақсылық әр адамның айтқан жақсы сөзінен басталады. Сондықтан әр уақытта жамандықтан аулақ жүріп, жақсылыққа ұмтылғанға не жетсін! Жақсы сөзді үйренгің келсе, мақалдан бастаймыз. 1-топ. 1.Жақсы байқап сөйлейді.. 2 .Жақсының сөзі назалы... 3.Жақсы сөйлеген ас жер... 4. Жақсы сөз жұбатады... 2-топ. 1.Жақсы сөйлесе аузынан гүл төгіледі... 2. Жақсы сөз сүйсіндіреді... 3. Жақсы сөз – жанға рақат... 4. Жақсының сөзі өлшеп-пішкендей... Сөздің зияны. • Сөз жанды жарақаттайды, • айықпас дерт салады, • жылатады, • алдайды, • намысына тиеді, • сүйектен өтеді, • алауыздық туғызады, • жаман хабар әкеледі, • әуреге салады. Сөздің пайдасы. • Сөз қуантады, • жаныңды жадыратады, • жұбатады, • жаныңа қанат бітіреді, • дос қылады, • ақылға келтіреді, • адамдарды табыстырады, • болашағына сендіреді, • мерейіңді үстем етеді
Сөз жұмбақ шешу: Сұрақтары: 1. Адам өмірінің бір кезеңі, шағы? 2. Өмір негізі неде? 3. Адамның асыл қасиеттерінің бірі? 4. Кіші мемлекет деп нені атайды? 5. Бір – біріне шын берілген, кез келген қиын шақта көмектесуге дайын адамдар арасындағы қарым – қатынас? 6. Адамгершілік бастауы, немесе адамның өзін - өзі дұрыс ұстауы 7. Бірлік, ауызбіршілік сөздерінің синонимі? 8. Сіз өмір сүріп жатқан орта: сізді қоршаған орта?
Пікірлесу: Сұрақ жауап. 1. Жақсылық, жамандық деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер? 2. Жақсы болу, жақсылық жасауды қалай үйренуге болады? 3. Жақсы сөз айту жақсылыққа жата ма? 4. Жақсылық жасау адам жасына байланысты ма? 5. Жақсы адамның бойында қандай қасиеттер болады?
Мәтінмен жұмыс. Кітаптағы А. Қоныс «Сөз құдіреті» әңгімесін оқып талдау. 1. Жақсы сөз, шынайы тілек адамға қалай әсер етеді? 2. Жақсылық естігенде қандай сезімде боласыңдар? 3. Жақын адамдарыңа қандай жақсы сөз айтқыларың келеді?
Келесі тапсырма: (сахналап көрсету) 1-топ. Дастарханы жиналмайтын, кеңпейіл үй, қонақ келгенде қуанып, жылы сөзбен қарсы алады. -Қош келдіңіз, төрлетіңіз, ауыл-еліңіз, мал-жаныңыз аман ба? Жолдан шаршаған боларсыз, тынығып, қонақ боп кетіңіз. 2-топ. Қонақ келгенді жақтырмайтын, сараң үй, қонақты ренжіңкіреп қарсы алады. - Жеті түнде не іздеп жүрген адамсың, аулақ жүр! Ұры-қары боларсың, көрінген қаңғыбасқа берер асым жоқ, жоғал! Соңғы сайыс:
Екі кітаптан 2 топ мына сөздерді сөздерді табулары керек: «Маңдайыңа шаң тимесін» « Мерейің үстем болсын!»
Қорытындылау: Балалар біз бүгінгі сабақта жақсы сөз – жарым ырыс тақырыбымен таныстық. Жақсылық жасау адамның ғана қолынан келеді. Қайырымдылық пен қамқорлықтан, махаббаттан, ізгілік пен игіліктен тұрады. Осы барлық қасиеттер қай адам бойынан табылса сол адамды жақсы адам деп айта аламыз. Қолымыздан келгенше жақсылық жасау қажет. Жасаған жақсылығымыз алдымыздан шығады. Жақсылық жасасақ өзіміз де жақсылыққа, қамқорлыққа бөленеміз. Адамзат біткен бір - біріне барлық уақытты жақсылық жасайтын болса, қоғамның болашағы жарқын адамдары бақытты болады. Қиын жағдайда досыңа бір ауыз жақсы сөз айтып, көмектесе алсаң жақсылық жасағаның яғни «жарым ырыс» деген сол.