kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жақсы сөз - жан азығы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: «Жақсы сөз – жанға қуат»
Мақсаты: Оқушылардың «сөз», «бақыт» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- жақсы сөздің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
- жақсы сөздерді қолдана білу іскерліктерін дамыту;
- ізгілікке, ізеттілікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: нақыл сөздер, Науаидің портреті, дидактикалық материалдар, үнтаспа.
Шаттық шеңбері:
Балалар бір - бірінің қолдарынан ұстап, шеңбер құрып тұрады, бір - бірімен сәлемдеседі.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бір - біріміздің қолымызды ұстағанда нені сеземіз?
- Жылылықты сеземіз.
- Бір - біріңе күлімдеп қараңдаршы, жүздеріңнен нені байқап тұрсыңдар?
- Жақсы көңіл күйді, қуанышты көріп тұрмыз.
- Қазір бәріміз бірге мына өлең шумағын айтып шығайық:
Ой – жүйрік, тіл – шебер,
Танытса шындықты
Мәнді ойды тілмен бер,
Сөз тауып ұқыпты.
- Бәріңнің көңіл күйлерің жақсы екенін сезіп тұрмын. «Жақсы сөз – жанға қуат» деген осы. Біз бүгінгі сабақта осы тақырыпта әңгімелесеміз.

Сахналау.
Оқулықтағы күн сәулесі шашақтарында берілген сөздерді пайдаланып, сахналап көрсету.
Әңгімелесу.
• Қандай кезде жақсы сөздерді қолданасыңдар?
• Жақсы сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?
• Жаман, дөрекі сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?
• Жақын адамдарыңа қандай сөз айтқыларың келеді?
Үйден жасап келген ашық хаттарын жақындарына арнап жылы тілектерін жазып, жария ету.
- «Жақсы сөз – жарым ырыс» дейді халқымыз. Жақсы сөз естісең, жаның жадырап сала береді. Жақсы сөз ашу шақырмайды, жүрегіңді жылытады, тек қана жақсылыққа жеткізеді, бақытқа кенелтеді, қуанышқа бөлейді.
Ойын. «Қоян мен қасқыр».
Ойын шартымен түсіндіріп өту.

Мәтінмен жұмыс.
«Сыпайы қоян» Мексика ертегісі.
• Қоянның жылы сөздерінің өзіне қандай көмегі болды?
• Жылы сөздер арқылы қандай жағдайда көмектесуге болады деп ойлайсыңдар?
Жаңа ақпарат.
«Жақсы сөз адамды қуанышқа бөлейді. Олардың қарым - қатынасын жақсартуға ықпал етеді. Адамдар бір - бірімен жақсы сөйлесу арқылы сыйластыққа, достыққа қол жеткізеді».

Дәйексөз.
Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табады. Науаи
Әлішер Низамаддин Науаи – (1441 – 1501) өзбек жазушысы, ғалым. Өзбекстанның Герат қаласында дүниеге келген. «Фархад пен Шырын», «Ләйлі Мәжнүн» атты еңбектері бар. 60 жасында қайтыс болған. Қазақстан Республикасында Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Азаттық ауылында Ә. Науаи атында жалпы орта мектеп бар.
- Жылы сөз адамдарды достастырады, сабырлы болуға, денсаулығын сақтауға, көңілін көтеруге, ашуын қайтаруға септігін тигізеді. Әр айтылған сөзді адам жүрегімен қабылдайды. Сондықтан қолдан келгенше бір - біріңе жылы, жақсы сөздер айтқан дұрыс.

Шығармашылық жұмыс.
Үнтаспадан төменде ұсынылған жақсы сөздерге толы мәтіндерді мазмұнына сәйкес бөліп оқушыларға тыңдатады. Оқушылар әр мәтін бойынша олардың қандай сөздер (мақтау, мадақтау, құттықтау, алғыс т. б. ) екендігін табуы тиіс.

Ойын - жаттығу.
Төменде ұсынылған тапсырмалар бойынша бес топ шағын диалог - көрініс құрастырып, көрсетуі тиіс.
1 - топ. Сабаққа кешігіп келген оқушы мен мұғалім арасындағы әңгімеден үзінді.
2 - топ. Тұтынушы мен сатушының дүкендегі сыпайы қарым - қатынасы.
3 - топ. Емханаға келген науқас пен дәрігер арасындағы диалог.
4 - топ. Әжесі мен немересінің бір - біріне айтқан жылы сөздері.
5 - топ. Қайырымдылық істерімен үлгілі болған сынып пен мектеп басшысының әңгімелесуі.
Дәптермен жұмыс.
Дәптерде берілген кестені (жақсы сөздердің адамға әсері және жағымсыз сөздердің адамға әсері) өз ойларыңмен толықтырыңдар.

Қорытындылау.
- Жақсы сөз, жылы тілек әр адамның көңілін көтеріп, олардың жүрегіне жылу береді, көңіліне қуаныш сыйлайды. Жылы сөз адамдарды татуластырады, достастырады. Жақсы сөздерді бір - біріне жиі айту нәтижесінде өзара сыйластық артады.
Жүректен жүрекке.
Балалар шеңберге тұрады. Әр оқушы үйден жасап әкелген гүлдерін мұғалімдерге жылы лебіздерін айта отырып сыйлайды.
Үйге тапсырма.
Дәптерімізде берілген 2 - тапсырманы (қырыққабат жапырақтарына өздерің білетін жылы сөздер жазыңдар) орындап келу.
Бағалау.
Әр оқушыны мадақтап, тақтай отырып, жұлдызшалар тарату.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жақсы сөз - жан азығы»

Тақырыбы: «Жақсы сөз – жанға қуат»

Мақсаты: Оқушылардың «сөз», «бақыт» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

- жақсы сөздің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

- жақсы сөздерді қолдана білу іскерліктерін дамыту;

- ізгілікке, ізеттілікке тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: нақыл сөздер, Науаидің портреті, дидактикалық материалдар, үнтаспа.

Шаттық шеңбері:

Балалар бір - бірінің қолдарынан ұстап, шеңбер құрып тұрады, бір - бірімен сәлемдеседі.

- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бір - біріміздің қолымызды ұстағанда нені сеземіз?

- Жылылықты сеземіз.

- Бір - біріңе күлімдеп қараңдаршы, жүздеріңнен нені байқап тұрсыңдар?

- Жақсы көңіл күйді, қуанышты көріп тұрмыз.

- Қазір бәріміз бірге мына өлең шумағын айтып шығайық:

Ой – жүйрік, тіл – шебер,

Танытса шындықты

Мәнді ойды тілмен бер,

Сөз тауып ұқыпты.

- Бәріңнің көңіл күйлерің жақсы екенін сезіп тұрмын. «Жақсы сөз – жанға қуат» деген осы. Біз бүгінгі сабақта осы тақырыпта әңгімелесеміз.



Сахналау.

Оқулықтағы күн сәулесі шашақтарында берілген сөздерді пайдаланып, сахналап көрсету.

Әңгімелесу.

• Қандай кезде жақсы сөздерді қолданасыңдар?

• Жақсы сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?

• Жаман, дөрекі сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?

• Жақын адамдарыңа қандай сөз айтқыларың келеді?

Үйден жасап келген ашық хаттарын жақындарына арнап жылы тілектерін жазып, жария ету.

- «Жақсы сөз – жарым ырыс» дейді халқымыз. Жақсы сөз естісең, жаның жадырап сала береді. Жақсы сөз ашу шақырмайды, жүрегіңді жылытады, тек қана жақсылыққа жеткізеді, бақытқа кенелтеді, қуанышқа бөлейді.

Ойын. «Қоян мен қасқыр».

Ойын шартымен түсіндіріп өту.



Мәтінмен жұмыс.

«Сыпайы қоян» Мексика ертегісі.

• Қоянның жылы сөздерінің өзіне қандай көмегі болды?

• Жылы сөздер арқылы қандай жағдайда көмектесуге болады деп ойлайсыңдар?

Жаңа ақпарат.

«Жақсы сөз адамды қуанышқа бөлейді. Олардың қарым - қатынасын жақсартуға ықпал етеді. Адамдар бір - бірімен жақсы сөйлесу арқылы сыйластыққа, достыққа қол жеткізеді».



Дәйексөз.

Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табады. Науаи

Әлішер Низамаддин Науаи – (1441 – 1501) өзбек жазушысы, ғалым. Өзбекстанның Герат қаласында дүниеге келген. «Фархад пен Шырын», «Ләйлі Мәжнүн» атты еңбектері бар. 60 жасында қайтыс болған. Қазақстан Республикасында Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Азаттық ауылында Ә. Науаи атында жалпы орта мектеп бар.

- Жылы сөз адамдарды достастырады, сабырлы болуға, денсаулығын сақтауға, көңілін көтеруге, ашуын қайтаруға септігін тигізеді. Әр айтылған сөзді адам жүрегімен қабылдайды. Сондықтан қолдан келгенше бір - біріңе жылы, жақсы сөздер айтқан дұрыс.



Шығармашылық жұмыс.

Үнтаспадан төменде ұсынылған жақсы сөздерге толы мәтіндерді мазмұнына сәйкес бөліп оқушыларға тыңдатады. Оқушылар әр мәтін бойынша олардың қандай сөздер (мақтау, мадақтау, құттықтау, алғыс т. б. ) екендігін табуы тиіс.



Ойын - жаттығу.

Төменде ұсынылған тапсырмалар бойынша бес топ шағын диалог - көрініс құрастырып, көрсетуі тиіс.

1 - топ. Сабаққа кешігіп келген оқушы мен мұғалім арасындағы әңгімеден үзінді.

2 - топ. Тұтынушы мен сатушының дүкендегі сыпайы қарым - қатынасы.

3 - топ. Емханаға келген науқас пен дәрігер арасындағы диалог.

4 - топ. Әжесі мен немересінің бір - біріне айтқан жылы сөздері.

5 - топ. Қайырымдылық істерімен үлгілі болған сынып пен мектеп басшысының әңгімелесуі.

Дәптермен жұмыс.

Дәптерде берілген кестені (жақсы сөздердің адамға әсері және жағымсыз сөздердің адамға әсері) өз ойларыңмен толықтырыңдар.



Қорытындылау.

- Жақсы сөз, жылы тілек әр адамның көңілін көтеріп, олардың жүрегіне жылу береді, көңіліне қуаныш сыйлайды. Жылы сөз адамдарды татуластырады, достастырады. Жақсы сөздерді бір - біріне жиі айту нәтижесінде өзара сыйластық артады.

Жүректен жүрекке.

Балалар шеңберге тұрады. Әр оқушы үйден жасап әкелген гүлдерін мұғалімдерге жылы лебіздерін айта отырып сыйлайды.

Үйге тапсырма.

Дәптерімізде берілген 2 - тапсырманы (қырыққабат жапырақтарына өздерің білетін жылы сөздер жазыңдар) орындап келу.

Бағалау.

Әр оқушыны мадақтап, тақтай отырып, жұлдызшалар тарату.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Жақсы сөз - жан азығы

Автор: Ирискулова Хафиза Гиязалиевна

Дата: 07.02.2017

Номер свидетельства: 388749

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "Жа?сы кітап -жан азы?ы."
    ["seo_title"] => string(27) "zhak-sy-kitap-zhan-azyg-y-1"
    ["file_id"] => string(6) "292789"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1455351983"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "Жа?сы кітап-жан азы?ы "
    ["seo_title"] => string(25) "zhak-sy-kitap-zhan-azyg-y"
    ["file_id"] => string(6) "162251"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1422339230"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "Жа?сы с?з жан?а ?уат"
    ["seo_title"] => string(25) "zhak-sy-soz-zhang-a-k-uat"
    ["file_id"] => string(6) "248225"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1446699552"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "Жа?сы с?з-жан?а ?уат."
    ["seo_title"] => string(20) "zhaksysozzhangakuat1"
    ["file_id"] => string(6) "319788"
    ["category_seo"] => string(4) "obzh"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460958355"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "Жа?сы с?з-жан?а ?уат."
    ["seo_title"] => string(20) "zhaksysozzhangakuat2"
    ["file_id"] => string(6) "319789"
    ["category_seo"] => string(4) "obzh"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460958362"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства