“ Қазақстан-достық мекені” атты тілдер мерекесіне арналған сыныптан тыс іс-шара
Мақсаты: Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру.
Көрнекілігі: тақтада даналық сөздер, сайыстың атауы, суреттер.
Қатысушылар: 9 “А”, 10 “А” сынып оқушылары.
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар тілдер мерекесіне қош келдіңіздер! 1998 жылы қабылданған жарлыққа сәйкес «22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдер күні» депжарияланған. Қазақстан көп диаспоралы, әр тілде сөйлейтін ел. «Жеті түрлі білім біл, жеті жұрттың тілін біл» деген дана халқымыз. Өз ана тілімен қатар мемлекеттік тілді-қазақ тілін жетік меңгеруіміз керек. Бүгінгі таңда біздің мектептің оқушылары үш тілде еркін сөйлей алады. Жыл сайын қыркүйек айында мектебімізде Тіл мерекесі өтеді. Биыл да осы мерекеге байланысты «Қазақстан- достық мекені» сайысын өткізгелі отырмыз. Біздің елімізде 130- дан астам ұлт өкілдері тұрады. Қазақстан экономикасы мықты, тәуелсіз, егеменді ел. Қазақстан әр тілде сөйлейтін халықтардың басын біріктіріп отырған мемлекет. Қазақстан біздің достық үйіміз, ал №43 орта мектеп білім үйіміз.
Шараның ұраны: «Пейіл мен ынта болса, мемлекеттік тілді еркін меңгеруге болады».
Сайыстың жоспары: 1 кезең-Сәлем - сөздің анасы.
2 кезең- Полиглот
3 кезең- Маржан сөз
4 кезең-Жедел жауап
5 кезең –Бәрін білгім келеді
6 кезең- Қызықты ұйқастар
7-кезең-Маөал-мәтелдер-сөз мәйегі
8- кезең-Өлең-сөздің патшасы
Қатысушылармен таныстыру: а) Сайысқа қатысушылармен таныстыру: Бүгінгі сайысқа 9 “А”, 10”А” оқушылары қатысқалы отыр.
9 “А” сынып оқушылары - «Достық» тобы. Ұраны: Жауап беріп сұрақтарға дәл, анық, Достықтың жеңетіні дәл, анық.
10 “А” сынып оқушылары – «Жұлдыз» тобы. Ұраны: Бірігіп жарыса топта, Жеңімпаз атанымыз бұл сайыста.
ә) әділқазыларды таныстыру: Шын жүйрік шабысынан танылады,
Нақты білім, терең ой сыналады. Баға берер әділқазы ортамызда,
Оларға құрметпен қол соғылады деп, сайыскерлерімізді бағалайтын, шындықты жарып айтатын әділқазылар алқасымен таныс болыңдар.
-Ал,қанеки, келіңдер, Біріңе-бірің еріңдер. Біліміңізді тексеріп, Ойынға қатысып көріңдер,-дей келе қатысушыларға сәт сапар тілеймін. «Білім деген- биік шың Бақытқа сені жеткізер. Білім деген-ақылшың Қиындықтан өткізер»,-деп сайысымыздың бірінші бөлімін бастаймыз. Сайыстың өту барысымен, шартымен таныстыру: Сайыс 8 кезеңнен тұрады. Тапсырмалар әр түрлі болып келеді, жауаптарын топта талқылап, қорытынды шығарып, айту керек; топтың мүшелері сайысқа түгел қатысулары керек. Сайыс кезеңдері: 1-кезең: «Сәлем-сөздің анасы» Сәлемдесу, ұраны, команда аты. Ал, енді бірінші кезеңді бастайық! Өзін—өзі таныстыру. «Сәлемдесу, ұраны, команда аты». 10 ұпай; 2-кезең: ”Полиглот” Мақал – мәтелдерді жалғастыру( Мақал- мәтелдердің жалғасын сайыскерлер қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтады.) 1.Адам басшысы-…….(ақыл, ум,intelligence) 2. Нет дыма без ……… (от, огонь,fire) 3. Лучше ……. чем никогда (кеш, поздно,late) 4. Ана сүті бой өсіреді,….ой өсіреді. (ана тілі, родной язык,language) 5. Чистота залог ……. (здоровье, денсаулық,health) 7. Жердің сәні егін, ердің сәні ……. (білім, знание,knowledge ) 8. Дерево крепко корнями. Человек …… (друг, дос, friend) 3 кезең: «Маржан сөз». «Оқы да біл, ойна да күл» ойыны арқылы сөздерді қазақша ұйқастырып кезекпен айту: Мысық - қасық - асық – иық. 4-кезең: «Жедел жауап». Шарты: бұл бөлімде әр топқа 10 сұрақтан қойылады. Берілген сұрақтарға тез, шапшаң жауап беру керек. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.Оқушы жауап бере алмаған жағдайда келесі ойыншының жауап беруге мүмкіндігі болады. Ітоп: 1.ҚР-астанасы қай қала? 2.Ел басқару саласындағы ең жоғарғы лауазым? 3.1маусым қандай мереке? 4.Отан соғысына қатысқан батыр қыздар кімдер? 5.Қазақтың ұлттық аспабында орындалатын шығарма 6.ҚР-ның Әнұранының авторлары кімдер? 7.Абайдың шын аты кім? 8. Көп тілді білетін адам кім? (полиглот) 9. Ұлыбританияның мемлекеттік тілі қай тіл? (Ағылшын тілі) 10.Тіл туралы заң қай жылы қабылданды? (1989 жылы) ІІ топ: 1.ҚР-ның рәміздерін ата 2.Қазақ халқы өзінің тұңғыш Президентін қашан сайлады? 3. «Абай жолы» роман- эпопеясының авторы кім? (М.Әуезов) 4.Қазақстанда алғаш ғарышқа ұшқан кім? 5.Қазақтың үш биін ата. 6.ҚР-ның Тәуелсіздік күні. 7.Қазақстанның атақты суретшісі кім?« 8.6 шілде қандай мереке? 9. Бір-біріне қарама-қарсы сөздер қалай аталады? 10.Қазақ даласында алғаш мектеп ашқан ұлы ағартушы кім? 5- кезең «Бәрін білгім келеді» Интербелсенді тақтада сандар жазылған торкөздердің астында сұрақтар жасырылған.Әр жауап белгілі балмен есептеледі. 6-кезең: Қызықты ұйқастар. Әр топтың мүшесі жылдамдықпен сөздердің ұйқасын тауып айтады. Тапқан сөзді ағылшын тіліне аударады. Ітоп: 1.Жизнь-өмір, уголь-….(көмір). 2.Число-сан, кровь-.(қан). 3.Молоко-сут, жди-… (күт). 4.Человек –адам, шаг-.(қадам). 5.Таможня- кеден, пол-.(еден).ІІ топ: 1.Возьми- ал, мед-…(бал). 2.Рыба- балық, народ-…(халық). 3.Дверь- есік, колыбель-…(бесік). 4.Город- қала, ребенок- …(бала). 5.Игра-ойын, шея-…(мойын). 7-кезең: «Мың бір мақал» «Мақал сөздің мәйегі» деп мақал мәтелдер жарысын бастайық. Топтар тіл туралы мақалдарды кезекпен айтады. (әділқазыларға сөз) 8-кезең: Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы. Әр топтың жетекшілері шығып белгілі бір тақырыпта қазақша өлеңдер оқиды.Олар өлеңді мәнерлеп оқып беруі тиіс. Бұл кезеңде тілдің машықтығы, оқудың тазалығы бағаланады. Қорытынды. Білімнің мініп алып тұлпарына, Қиналмай шықты білім шындарына. Бүгінігі сайысымыз аяқталды, Сөз кезегі әділқазы алқасына. Бүгінгі сайысымызды қорытындылап, жеңімпаз топты анықтау үшін қазылар алқасына сөз берейік.(Жеңімпаздарды марапаттау) Құрметті ұстаздар, оқушылар! Осымен сайысымыз аяқталды. Жарыс болған соң, жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді. Жарыста жеңілсек те, өмірде жеңіске жете берулеріңе тілектеспін