Просмотр содержимого документа
«Үш тұғырлы тіл- ұлт болашағы»
Ұш тұғырлы тіл- ұлт болашағы
Еліміздің тілдік саясатында елімізде тұратын халықтардың ұлтаралық бірліктерін нығайту мақсаты қарастырылған. Білім ұйымдары да өз жанынан мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мен үш тұғырлы тілді дамыту мен қызметтендіру бойынша үлкен жұмыстар атқарып келеді. Қазіргі уақытта мектебімізде қандай іс шара өтпесін, сабақта және сабақтан тыс іс шаралардың барлығы дерлік үш тілділікке негізделген.
Осы іс шараның жалғасы ретінде ағымдағы жылдың қыркүйек айында Мичурин негізгі орта мектебінде мектеп әкімшілігімен алдын- ала бекітілген жоспар бойынша Қазақстан Республикасының Тілдер күніне арналған мереке, салтанатты түрде ашылды.
Мектеп директоры Садыкова А.С. шараға қатысушыларды мерекелерімен құттықтап, оқушыларға Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы туралы мәлімет берді.
Іс шараны мектебіміздің тіл мамандары қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімі Каппарова М.Т., Куйкентаева Ж.Н., орыс тілі мен орыс әдебиеті мұғалімі Луконин С.В., ағылшын тілі мұғалімі Буданова М.В., үш тілдегі «Үш тұғырлы тіл» атты ақпаратпен таныстырды. Мектеп оқушылары үш тілде мемлекеттік тіліміз қазақ тілінде, орыс тілі мен ағылшын тілдерінде ақпарат беріп, өлеңдерін оқыды.
Іс шара барысында қазақ тілі мұғалімі Куйкентаева Ж.Н. мектеп ұжымын апталық жоспарымен таныстырып, апталық барысында белсенділік танытуға шақырды.
Апталық барысында 1-9 сыныптар арасындағы мектеп оқушылары «Мемлекеттік тіл- менің тілім» атты тақырыпта қабырға газетін шығаруға ат салысты. Жұмыс барысында оқушылар шығармашылық қабілеттерін танытып, тіл туралы өз көзқарастарын білдіретін мазмұны толық, бояуы қанық, сындарлылық пен сыни көзқарастарға толы жұмыстарын көрмеге ұсынды. Оқушылардың жұмыстары көз қуантарлық.
Мектебіміздің сынып жетекшілері өз сыныптарында «Тіл тағдыры-ел тағдыры» сынып сағаттарын өткізді. Сынып жетекшілері оқушыларына ҚР «Тіл туралы» Заңы, ұлтаралық қарым-қатынас, Тәуелсіз мемлекетіміз Қазақстан Республикасы туралы көптеген мәліметтер беріп, танымды шаралар өткізді. Мәжіліс залында «Үш тұғырлы тіл» аясында «Сөз шебері» сайысы өткізілді, шараға 5-9 сынып оқушылары қатысты. Сайыс мақсаты оқушыларды мемлекеттік тілді құрметтеуге тәрбиелеу; қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, тілге сүйіспеншілікті тудыру; елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу. Олар өздерінің тіл білімдері, көптілділіктерін көрсетіп, үш тілде тақпақтарын оқып, ән айтты. Іс шараны мектебіміздің 8 сынып оқушылары, мектеп мақтаныштары, аудандық, облыстық «Жарқын болашақ» сайысының жеңімпаздары Бердюгина Мария мен Васильева Алена жүргізді. Іс шара барысында алдын- ала сайланған әділ-қазылар алқасы оқушылардың сахнадағы жүріс-тұрыстарына, ұлттық үлгідегі киім киістеріне, тіл тазалықтарына талап бойынша назар аударып, оқушыларды бағалап, ынталандырып отырды. Шара соңында әділ-қазылар жеңімпаздарды құттықтап, шығармашылық табыстар тілеп, «Тіл ұлттың жаны» екенін айтып, мемлекеттік тілді құрметтеуге деген құлшыныстарын арттырды.
Алдағы жылы ауданымыздың «Үздік кітапханашы» кітапханашылар сайысынында «Гран При» атағын жеңіп алған мектебіміздің мақтанышысы кітапхашы Ирина Николаевна мерекеге өз үлесін қосып мектеп кітапханасында «Ана тілім-ардағым» атты тақырыпта көрме ұйымдастырды. Көрмеде оқушыларға танымды ақпарат беретіндей мәліметтер көп болды. Кітапханашы мектеп оқушыларын көрмемен таныстырып, оқырмандардық үш тілдегі кітаптарды алып оқу бойынша қызығушылықтарын оятты. Және де осы күні мектебімізде 5-9 сыныптар арасында үш тілдегі шығармалар сайысы «Менің Қазақстаным» ұйымдастырылды. Сайысқа оқушылар белсене қатысты. Олар өздерінің елімізде деген патриоттық сезімдерін, туған елі туралы ой-толғауларын ой елегінен өткізіп, шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
17.09 мектебімізде Тіл мерекесіне сай іс шара жалғасын тауып, 5-9 сынып оқушылары арасында «XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойын өткізілді. Ойынға әр сыныпта сайысқа қатысуға ықылас білдірген оқушылармен қатар ата-аналар тартылды. Оқушылар мен ата-аналар тіл білімдерін ортаға салып қызу тартысқа түсті. Ойынға қатысқан ата-аналар Ситникова Н. Гаар Е. Тонких М. Сайыстың әр кезеңінде оқушылар алдында өздерінің тілдер саласындағы ақпараттарымен бөлісіп, белсенділік танытып отырды.
Нәтижесін оқушылар арасынан құрылған « 9 сынып пен достар» атты команда жеңіп, ата-аналар командасы оқушыларға білім жолындағы әрекеттіне табыстар мен талаптар тілеп, оқушылармен бірлескен жүмыста белсенділік танытқандары үшін ынталандыру грамотасымен мараппалды.
Өз кезегінде жосар бойынша 1-4 сынып оқушылары арасында «Ертегілер әлеміне саяхат» атты әдеби-театрланған танымдылық кездесу ертеңгілігі өткізілді. Сайысқа қатысқан бастауыш сынып мұғалімдері сынып жетекшілерінің жетекшілігімен белсене аралысты. Төменгі сынып оқушылары «Шалқан», «Мақта қыз», «Шаштаразда» атты ертегілер бойынша қойылым көрсетті. Қойылымның мақсаты оқушылардың үш түрлі тіл саласындағы білімдерін арттыру, тілді меңгеруге деген қызығушылықтарын бойларына сіңіру болатын. Оқушылар ертегі бойынша рөлдерге еніп қазақша, орысша және ағылшынша үш тілде білімдерін көрсете білді. Іс шара барысындағы оқушылардың білімдеріне тінті болдық. Әсіресе мектебімізге жаңа келген жас маман, ағылшын тілі мұғалімі Буданова М.В. еңбегі ерекше көрініп тұр. Мұғалім үш тілді жетік меңгерген, оқушылармен бірлесе отырып жұмыс жасауы, шығармашылық құлшыныстары жұмыстарынан көрініп-ақ тұр.
Нәтижесінде әділ-қазылар алқасы оқушылардың көріністерін бағалап, мемлекеттік тілге, көп тілді қабілеттілікке деген құлшыныстары мен қызығушылықтарын арттыру мақсатында марапаттау мен ынталадыруға ұсынды.
Апталық аясында ақын-жазушылардың мерейтойларына «Ыбырай Алтынсарин 175- жылдығына, Сырбай Мәуленовке 95- жыл, Шерхан Мұртазаға-85- жыл, Сайын Мұратбековке -80 жыл, Ғабиден Мұстафинге- 115 жыл, Ғабит Мүсіреповке-115 жыл толуына, Ахмет Байтұрсынұлының 145 жыл байланыстыдөңгелек үстел ұйымдастырылды. 5-9 сыныптар оқушылары ақын – жазушылардың өмір баяны мен шығармашылықтыра туралы таныстырылымдар мен бейнебаяндар көрді. Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімі Каппарова М.Т. оқушылар арасында алған мәліметтерін талқыға салу, мәлімет беру, таныстыру бойынша дөңгелек ұйымдастырды. Әрина осынша тақырыпты бір күнде қамтудағы уақыт тапшылығы себебінен сыныпта және сыныптан тыс іс шаралар жыл бойы жалғасын таппақ.
Мектебімізде 1-4 сыныптар арасында Қазақстан Республикасының тілдер күніне байланысты «Бірлігіміз жарасқан» әдеби танымдылық композиция өтті. Меркелік шарада оқушылар шараға қойылған талаптар бойынша әр ұлт өкілдерін таңдап, танымдылық ақпаратта берді. Сынып оқушылары қазақ халқының, татар халқының және ағылшын халқының өкілдері ретінде өздерін таныстырды. Әр ұлттық ұлттық кімдермен, салтымен, тарихымен, дастархандарымен таныстыра отырып, тілдік қабілеттерін танытып сол тілде тақпақтар мен өлеңдер айтып, би билеп, барынша өнерлерін көрсетті. Бастыуыш сынып оқушыларының талаптарына, шараға өз үлестерін қосуларына , әрине ұйымдастырған сынып жетекшілерінің еңбектерін айта кету керек. Іс шара әдеттегідей жоғары деңгейде өтті. Мерке барыснада «Шашу» шашылды, ұлттық салт-дәстүрлер көрсетілді жалпы ертеңгілік өз мәресіне жетті. Нәтижесінде әділ-қазылар алқасы мектебіміздің төменгі сынып оқушыларының талаптарына нұр жауып, түрлі деңгейде өздерін көрсету тілектері тіленіп, марапаттауға ұсынылды.
Іс шаралар жалғасын тауып мектебіміздің 5-9 сыныптар арасындағы Қазақстан Республикасының тілдер күніне байланысты «Бірлігіміз жарасқан» әдеби танымдылық кеші өз кезегіне жетті.
Кеш күтілгендей әр сыныптың өз ұлттары мен ұлыс өкілдері бойынша таныстырылымдарымен ашылды. Орта буын оқушылары да аянып қалмай бірден өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсете бастады. Қазақ халқы, грек ұлтының өкілдері, неміс халқы және ағылшындар болып, бар өнерлерін ортаға салды. Қатысушылар ұлттық нақыштағы фондық әуенді негізге ала отырып, бірінші сол ұлт тілінде ұлттар туралы жалпы ақпарат берді, салт- дәстүрлерімен, ұлттық киімдерімен таныстырып, тақпақ пен өлейдер айтты. Әсіресе ағылшын халқын назарға ұсынған 8-сынып оқушыларының өнерлеріне тәнті болдық, кеш талаптарын орындай отыра ағылшын тілінде мектебіміздің мақтаныштары Мария мен Алена ән шырқады, оқушылар вальс биледі. Барлық сыныптар аянып қалған жоқ барлығы өнерлерін ортаға салды. Кеш орта буын мен жоғарғы сынып оқушыларға арналған көңілді би кешімен жалғасын тапты. Кеш барысында оқушылармен түрлі ойындар, сайыстар өткізіліп, нәтижесінде оқушылар шаттық көңілмен мерекелік іс шарадан тарқасты.
Жалпы Тіл мерекесі жоспарланған мақсаты мен міндеттеріне және мәресіне жетті деп айта аламыз. Мереке барысында оқушылар бар қабілеттерін көрсетті. Шараның жаңадан ашылған жағы оқушылар өздерін жаңа қырларынан көрсетті, серігіп, мұғалімдер мен оқушылар арасындағы ықпалдастық, сенімділік арта түсті деп айтуға болады. Оқушылардың шара барысындағы белсенділігі, тіл саласы бойынша білімдері, жауапкершілік танытулары көз қуантарлық. Мектеп ұжымымен осындай шаралар көбірек ұйымдастырылса нұр үстіне нұр болар еді деген көзқараспен мерекелік шараны аяқтадық.