Просмотр содержимого документа
«Сынып са?аты 4-сынып«?лт болаша?ы- білімдіні? ?олында» »
Ұлт болашағы білімдінің қолында
Сабақтың мақсаты .
Білімділігі : сынып оқушыларының пәндер бойынша алған білімдерін саралау,ой ұшқырлықтарын байқау,топпен бірлесе отырып жұмыс істей білуге және өз білімін көрсете білуге үйрету.
Дамытушылығы : оқушылардың сөздік қорларын молайту,дүниетанымдарын кеңейту,тіл байлығын,шығармашылық қиялын,логикалық ойлау қабілеттерін дамыту,өз ойын ерікін жеткізе білуге және шығармашылықпен еңбек ете білуге дағдыландыру.
Тәрбиелігі : болашаққа өз үлесін қоса білетін ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу,туған тілімізді сүюге, басқа тілдерді қадір тұтуға,туған елін,жерін құрметтеуге, жан-жақты білімділікке баулу. Ұйымшылдыққа, еңбекқорлық қа тәрбиелеу.
Көрнекілігі : топ аттарын жазылған қағаздар,қима қағаздар.
Әдісі : сұрақ-жауап.
Типі :білімді бекіту .
Түрі : сайыс сабақ .
Пәнаралық байланыс : ана тілі,қазақ тілі, дүниетану ,математика.
-Жақсы балалар,осындай жақсы сөздермен сабағымызды бастайық.
- Балалар, өздерің байқап отырсыңдар,біз екі топқа бөленіміз. Қазір мен алдарыңа қағаздар беремін,ол қағаздарда орындары ауыстырылып берілген сөздер бар,сендер сол сөздердің ретін тауып дұрыс қойсаңдар, өте мағыналы бір сөйлемді оқи алады екенсіңдер. Кәне, дайынбыз ба? Табу реттіліктеріне қарай топтарына ат беріледі.
Алдарыңа қағаз беру.
Кәне,қай топ бірінші болып тапты екен?
I топ бірінші боп тапты,ендеше бұл топқа « Тапқырлар » аты беріледі.
II топ екінші тапты. Бұл топ « Алғырлар » деп аталады.
-Кәне оқиықшы,қандай сөйлем шықты ?
« Ұлт болашағы-білімдінің қолында » Ендеше біздің бүгінге сайыс сабағымыздың да тақырыбы осылай аталады екен. Бүгін екі топ болып, білімдерімімізді ортаға саламыз.
Сайысымыз 4 кезеңнен тұрады.
Математика
Қазақ тілі
Дүниетану
Ана тілі
-Бұл өздеріне таныс төрт пән боынша бірнеше сұрақтар берілген.Пәнді таңдай отырып сол сұрақтарға жауап береміз. Толық жауап берсек 5 ұпай аламыз.
«Қызықты төртілік »
Математика сабақтары
Ұзындық өлшем бірліктерін атаңдар(мм, см, дм, м,км)
Тік төрбұрыштың периметрін қалай табамыз?( ұзындығы мен енін қосып, оны екіге көбейтеміз.)
9 бен 4 көбейтіндісі нешеге тең ?(36)
Екі әке,екі бала театрға билет алды. Театрға неше адам билет алды? (3)
Шаршы дегеніміз не ? (барлық қабырғасы тең төртбұрыш)
Өздерің білетін гшеометриялық фигураларды атап беріңдер.( шаршы,төртбұрыш--)
Ең кіші төрт таңбалы сан. (1000)
Бір мүшел 12 жас десек,3 мүшелде неше жас бар? (37)
Бөлу амалының атаулары. (бөлінгіш,бөлгіш,бөліндінің мәні)
Қазақ тілі
Мәтіннің түрлерін атаңдар?( әңгімелеу, сипаттау, пайымдау)
« Хат » сөйлеудің қай түріне жатады? (жазбаша )
Негізгі сөйлем мүшесін ата : (бастауыш)
Қазақ алфавитінде неше әріп бар? (40 әріп,2 таңба бар)
Не істеді ? Қайтті ? Не қылды?Қай сөйлем сөйлем мүшесінің сұрақтары.( баяндауыш)
Айтылу мақсаттарына қарай сөйлем нешеге бөлінеді ? (хабарлы,лепті,сұраулы)
Қос бүйрін таянып,тұратұғын қай әріп ? (ф)
« Батыр » сөзіне мәндес сөздерді тап. (ержүрек,батыл,қайсар)
Зат есім дегеніміз қандай сөз табы? Мысал келтір.
Дүниетану
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін қашан жариялады? (1996 ж.16 желтоқсан)
Әр адамның шағын отаны. (Отбасы)
3. Мемлекеттік Рәміздерді ата. (Ту,Әнұран,Ентаңба)
Жер бетінің қағазға кішірейтілген бейнесі не? (карта)
Көкжиектің неше тұсы бар ? (4 тұсы бар)
Қазақстан Республикасының Елтаңбасының авторларын ата.(Ш.Уалиханов,Ж.Мәлібеков)
Ана тілі
Абылайдың азан шақырып қойған аты.(Әбілмансұр)
« Абай жолы» роман-эпопеясының авторы.(М.Әуезов)
Абылай ханға Төле бидің қойған аты.(Сабалақ)
« Дала жұлдызы » депкімді айтамыз?(Ы.Алтынсарин)
Үш биды ата.
Өмірде болған адамға қатысты құрылған халық шығармасы?(аңыз)
Қабанбайдың шын аты.(Ерасыл)
«Үш бақыттым» атты өлеңінің авторы кім?
9. Қабанбайдың шын аты. (Ерасыл)
II кезең.«Ұшқыр ой »
1-Бұнда бір-екі минут ішінде қазір алдарына берілген бір сөзден бірнеше сөз ойлап табуларың керек. Ол сөзді қазір алдарыңа беремін және қосымша ақ қағаз беріледі, соған шуламай отырып тез жазып шығуларың керек.
Бұл кезең бес балмен бағаланады.
Атамекен
Болашақ
Жаңақорған
Өте жақсы, балалар, біздің әр сайысымызды әділқазылар бағалап отыр, нәтижесін соңында айтады. Келесі кезеңге өтелік.
III кезең «Тіл өнері».
Мемлекеттік тілмен қоса, балалар, сендер биылдан бастап орыс тілін де оқып үйреніп жатырсыңдар, ендеше бұл тілді де қоса меңгеріп алғандарың жөн екен. Орыс тілі – ұлтаралық тіл, үйренгенің артықтығы жоқ.
Сондықтан әр топқа үш жұмбақтан оқимын, сендер сол сол жұмбақтардың шешуін тауып, оны орысшаға аударасындар. Кәне, дайынбыз ба? Ендеше тындай қойыңдар.
I топқа.
1. Өзі сондай ақ,
Жесең тәтті-ақ.
(Қант - сахар)
2.Қыс бойына жатады.
Тітті ұйқыға баттады.
(Аю-медведь)
3.Жазу жазып жалықпаған
Жаза-жаза арықтаған.
(Бор-мел)
II топқа
1.Өзі таудың бөктерінде өседі
Жаңа жылда үй төріне көшеді
(Шырша-ёлка)
2.Білімнен мол сый асы
Балғындардың ұясы.
(Мектеп-школа)
3.Қабат-қабат қаттама
Ақылың болса аттама.
(Кітап-книга)
III топқа
Мамықтай ұлпа, қанаттай ақ
Қыста жер бетін басады.
(Қар-снег)
Ұшып қонып тынбайды
Жерге соқсаң сынбайды
Суға салсаң батпайды
Түскен жерге жатпайды.
(Доп-мяч)
3.Бұдан кір қорқады
Судан бұл қоқады.
(Сабын -мыло)
- Тамаша, балалар, сендерге орыс тілін де жақсы меңгеріпсіңдер, барлық жұмбақтың шешуін дұрыс таптыңдар.
IV кезең «Сын сағаты»
Мұнда әр топтың топ басшылары шығады. Мен оларға сұрақтар қоямын. Олар сол сұрақтарға ойланып жауап береді. Өз шешімдерін түсіндіріп айтып береді.
1-сұрақ. Бүгінгі сабақта «2» алып қалдың. Оған ұстазың да, мамаң да қатты ренжіді. Сен сол ренішті қалай өтер едің?
2-сұрақ. Мектепке жаңа доп алып келдің. Ойнап жүріп досың добыңды жарып қойды, не істейсің? Үйіңдегілерге не айттасың?
3-сұрақ. Дос болып жүрген құрбы қыз математикадан күнде 2,3-тік сияқты нашар баға алды. Апайын саған ұрсады, сен құрбыңа қандай көмек берер едің?
- Ойлануға бір минут уақыт беріледі, сосы жауаптарыңызды тыңдаймыз. Бір ғана сөзбен емес, ойланып, нақта дәлелдермен сөйлеуге тырысыңдар, жарай ма?
Белгілі бір уақыттан соң, жауаптары тындалады.
Өте жақсы, отыра қойыңдар. Міне, балалар төрт кезеңнен тұратын сайысымыз аяқталды. Әділқазылар шешімін айтады. Жеңген топты марапатту.