2-жүргізуші: Жеңіс! Қандай құдіретті сөз еді бұл! Осы бір сөзге төрт жылдай теңселген дүниенің қайғы қасіреті, ащы азабы, тәтті арманы, ой- қиялы сыйып жатыр.
1-жүргізуші: Жеңіс! Кім де болса жеңіс туған сәтті өз өмірінің ең бақытты күніне санайды.
2- жүргізуші: Жеңіс! Сенің жолыңда қаншама қанды лайсаң қалды, сенің жолыңда қаншама қахармандар қалды. Сол обаларда отыздап, қырықтап жауынгерлер жатыр. Сол обаларда жанып тұрған жұлдыздар – ер ұлдар менқыздардың жүрек қандары емес пе?
Шарамыздың қонақтары: ҰОС ардагері:Тахаев Шудабай
Ән « Соғыстан қайтқан солдаттар»
1- оқушы: Жау әскерлері негізгі соққыны Луга арқылы Красногвардейскіге қарай бағыттады. Осымен бір мезетте
Жау жауыз келгісі бар өлім алып
Отанды.
Ойрандатып қоя алмаспыз
Жеңеміз,
Жеңілмейміз!-
деді халық.
І жүргізуші: Төпеші, жаңбыр, кәнеки дүние бұрқаншы
Жетіп бір кел де, Жеңістің әні шырқалшы.
Ағаларымды, әкемді мен де сағындым
Оттан да ыстық көзімнен ұшты бір тамшы.
Құрметті оқушылар! Бүгінгі Ұлы Жеңіс мерекесіне арналған мерекелік кешімізді аяқтаймыз! Келесі кездескенше сау – саламатта болыңыздар!
Ендеше біздің мәңгілік жырланар, көкіректе сақталар ағаларымыз бен апаларымыздың еңбектерін, ерліктерін ешқашанда ұмытпайық, есте сақтап жүрейік.
ҚР ҚК құрылғанына биыл ширек ғасыр 25 жыл толып отыр.
ҚК негізгі міндеттері:
Әуе кеңістігінқорғау, Экономикалық аймағында ұлттық мүдесін қорғау, маңызды әскери мемлекеттік нысандарды күзету;
Диверсиялар мен террористік актілерді болдыыырмау және олдың жолын кесу
ҚР халықаралық міндеттеріне сйкес бітімгершілік гуманитарлық және де өзге операцияларғақатысу
Біздің Қарулы Күш құрамы 70 мың жауынгерден құралған. 1500 танк БТР 730 ұшақтардан құралған. Бұл ҚК –тің сапасы өте мықты, өйткені заманауи алдыңғы қатарлы техникамен және құрылғылармен жабдықталған әрі біздің әскери кадрльарымыз жоғары білімді әрі тәжірибелі.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Ұстаздарға бас иеміз!»
№3 мектеп
Ашық тәрбие сағаты
«Ұмытылмас ерлік»
Өткізген: М. Аетов
Класс:10 -11
Шалқар қаласы
2017 жыл
1- жүргізуші: Майдан кешкен окопта сан түнеген,
Батыр туған бабалар салтыменен
Қаруластар ел үшін ұрандаған,
Намыс болып шайқаста алаулаған
Төбеден қайта зулап оқ борайды,
Айналаны ал қызыл отқа орайды.
Жеңіс үшін жастығын берген ерлер,
Бейбіт өмір, еліне төкті арайды.
2-жүргізуші: Жеңіс! Қандай құдіретті сөз еді бұл! Осы бір сөзге төрт жылдай теңселген дүниенің қайғы қасіреті, ащы азабы, тәтті арманы, ой- қиялы сыйып жатыр.
1-жүргізуші: Жеңіс! Кім де болса жеңіс туған сәтті өз өмірінің ең бақытты күніне санайды.
2- жүргізуші: Жеңіс! Сенің жолыңда қаншама қанды лайсаң қалды, сенің жолыңда қаншама қахармандар қалды. Сол обаларда отыздап, қырықтап жауынгерлер жатыр. Сол обаларда жанып тұрған жұлдыздар – ер ұлдар менқыздардың жүрек қандары емес пе?
Шарамыздың қонақтары: ҰОС ардагері:Тахаев Шудабай
Ән « Соғыстан қайтқан солдаттар»
1- оқушы: Жау әскерлері негізгі соққыны Луга арқылы Красногвардейскіге қарай бағыттады. Осымен бір мезетте фин әскерлері Карель мойнағында Петрозаводскіге қарай шабуылға шықты.
2-оқушы: Ленинград 1941 жылдың 8 қыркүйегінен 1943 жылдың 18 қаңтарына дейін жау қоршауында болды. Қоршаудағы Ленинград сыртқы дүниемен байланысты тек Ладога көлі арқылы және әуе жолымен ғана жасады.
1- жүргізуші: Қарашаның 20-сынан әр адамға тәулігіне берілетін нанның мөлшері 125-250 граммға дейін төмендеді. Ладога көлінің мұзымен автомобиль жолы салынып қажетті қару- жарақ, оқ- дәрі, азық- түлік т.б. тасылды.
2- жүргізуші: Қайран Ленинградтықтардың өмірге құштарлығын, өлімге өшпенділігін арттырған Жамбыл өлеңі халықты Нева өзенінің толқынындай тебірентті. Алыста жатқан қазақ халқының асыл өзекті, асау ағысты, көк семсердің жүзіндей өткір өлеңі қаланы қорғаушыларға Алатауды көшіріп келгендей болды.
Өлең : «Қазағым менің»
Жүргізушінің сұрақтарына оқушылар жауап береді.
Ресей империясы Бірінші дүниежүзілік соғысқа кімнің жақтсы ретінде қатысты?
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың бастапқы ошағы қай жерде болды?
Қазақ халқынан майданға қара жұмысқа алу туралы жарлыққа іліккен еркек кіндіктер қалай анықталды?
«Тылдағы қара жұмысқа» Қазақстаннан қанша адамды адамды жөнелту жоспарланды?
1916 жылы Торғай облысындағы көтеріліс немен аяқталды?
1-оқушы; Жеңіс оңай келген жоқ. Жұдырықтай жұмылып, анталаған жауға қарсы тұра білудің арқасында ғана мүмкін болды. Асқан ерлік көрсетіп, Жеңіс күнін жақындатқандардың ішінде қазақстандықтарда көп еді.
2- оқушы : Ұлы Отан соғысы жылдарында қазақ даласының батыры Қажымұхан Мұңайтпасов жеке қаржысына әскери ұшақ жасалып, ол ұшақ 701- авиаполктың ұшқышы Қажытай Шалабаевқа тапсырылғанын жұртшылық жақсы біледі.
Би «Кең жайлау»
1- жүргізуші : 1941 жылдың 16 маусымы күні капитан Масловтың экипажының құрамында қазақ ұшқышы, Алматы облысы Балқаш ауданының түлегі Бақтыораз Бейсекбаев жанып бара жатқан ұшағын жау техникасы шоғырланған жерге бағыттап қайтыс болады. Тарихи әділеттілік тек 56 жыл өткенде орнап, Бақтыораз Бейсекбаевқа Кеңес Одағының Батыры және Қазақстанның Халық қахарманы атағы берілді.
Ән«Победа.»
Монтаж.
1-оқушы:Жеңіс келді далама,
Жеңіс келді қалама
Жеңіс келді әке боп,Елдегі бар балаға.
Жеңіс келді ән болып
Келді ауылға сән-көрік,
Жеңіс келді алақай,Тойып жейтін нан болып.
2-оқушы:Ұлы соғыс-төрт жыл адам төзгені,
Дерт пен ыза тірі дене сезгені.
Төрт жыл ұдай көздемеппіз,атпаппыз,
Екі аяқты елдестен өзгені
Ет қызуы енді бір сәт басылған,
Бақсаң егер,ажалыңа бас ұрған,
Ел зұлматы жер астында өртеніп,
Күн көзімен күл сүйгін жасырған
Жеңіс!Жеңіс!
3-оқушы:Ер азамат,еңбек,ерлік,ел ерікті,
Еңбектің өрнегімен жер көрікті.
Мыңдаған Қазақстан күрескері,
Жеңіске жеткізеді елін, ерлер елі.
Қазақстаным,
Даңқыңда тағы өрлеттің
Дыбыстың дауыл,
Тағыда шырқап сен кеттің
2- жүргізуші : Қанды майдан даласында қазақ қаламгерлері де қару мен қаламды қатар ұстап, сұрапыл жорық жолдарынан өтті. Амангелді секілді халық батыры атанған Бауыржан Момышұлы, ерлігі Алтын жұлдыз болып жарқыраған Мәлік Ғабдуллин.
1- жүргізуші : Міне, осынау қан майданның төрінде жаумен жанын қия айқасқан батыр ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас ие отырып, ол кісілердің бүгінгі ұрпақтарына қалдырған кең байтақ, азат елін, жерін қорғау, күту болашақ мына біздің қолымызда. Еліміз үшін, жеріміз үшін құрбан болған батырларымызға мың тағзым!
1-оқушы: Қиылды
Қанаты тәтті арманның,
Үзілді қайырмасы бақтарда әннің.
Әлемде ең сұмдық күн ана үшін-
Майданға азаматтар аттанған күн.
Бұлт басты,
Ашық сәні қашты аспанның,
Жоғалсын заты бұлай бас қосқанның.
Анаға ең ауыр күн тіршілікте-
Боздап кеп,
Боздғымен қоштасқан күн
2-оқушы:Аналар уайымдаса
Уайымдасын,
Сұм соғыс кімге бақыт дайындасын
Қайғыдан кәрі таулар қап - қара боп
Жеткізді жерге дейін қайың басын
3-оқушы:Жабады
Дала төсін нала, қайғы,
Шын қайғы жас- кәріге қарамайды.
Қып –қызыл көлдің бетін
Сұңқылдаған
Аққулар қанатымен сабалайды.
Долданып
Лайланып, тасқын әні,
Сай-сайды тастарменен бастырады.
Селкілдеп,
Желкілдеген қамыс құрақ
Өкіріп,
Өзен басын тасқа ұрады.
«Қазақ биі» орындайтын бишілер тобы.
2- жүргізуші: Кеңес адамдардың өз өмірін аямастан Отанның бостандығы үшін арпалысуға дайын екені соғыстың басынан –ақ көрінді. Кеңес шекарашының – Брест қамалын Қорғаушылардың 1941 жылғы 22 маусымнан астам уақыт бойы кескілескен ұрыста өздерін құрбан еткен ерлігі халықтың мәңгі есінде қалады.
1-жүргізуші: Орталық бағытта жау әскерлері елеулі табыстарға жетті. Олардың екпінді шабуылы нәтижесінде кеңес әскерлерінің 300 мыңдайы тұтқынға түсті.
1-оқушы: Солдаттың көкірегі толы арманы,
Оқ жаңбыр астындада жоғалмады,
Отан мен анасы үшін
«Алға!» деді,
Амал не,
Көпшілігі оралмады.
Қанымен қорғап қалған халқын олар,
Мәңгі өмір кешіп кетті бәлкім олар.
Ерлік жайлы ұмытып бара жатсаң,
Соңғы күшпен.
Соңғы айбынмен.
Қорғаймыз байтақ елді,
Өйткені оны
Әр ұрпақ өз тұсында қорғай білген.
2-оқушы: Тасысақ көктемдегі айдындаймыз,
Жасақты,
Әскерді де жай құрмаймыз
Өмірден айырылсақ та,
Анамыздай
Отаннан қасиетті айрылмаймыз.
Бақытқа қол созған ел едік анық
Жау жауыз келгісі бар өлім алып
Отанды.
Ойрандатып қоя алмаспыз
Жеңеміз,
Жеңілмейміз!-
деді халық.
І жүргізуші: Төпеші, жаңбыр, кәнеки дүние бұрқаншы
Жетіп бір кел де, Жеңістің әні шырқалшы.
Ағаларымды, әкемді мен де сағындым
Оттан да ыстық көзімнен ұшты бір тамшы.
Құрметті оқушылар! Бүгінгі Ұлы Жеңіс мерекесіне арналған мерекелік кешімізді аяқтаймыз! Келесі кездескенше сау – саламатта болыңыздар!
Ендеше біздің мәңгілік жырланар , көкіректе сақталар ағаларымыз бен апаларымыздың еңбектерін, ерліктерін ешқашанда ұмытпайық, есте сақтап жүрейік.
ҚР ҚК құрылғанына биыл ширек ғасыр 25 жыл толып отыр.
ҚК негізгі міндеттері:
Әуе кеңістігінқорғау , Экономикалық аймағында ұлттық мүдесін қорғау, маңызды әскери мемлекеттік нысандарды күзету;
Диверсиялар мен террористік актілерді болдыыырмау және олдың жолын кесу
ҚР халықаралық міндеттеріне сйкес бітімгершілік гуманитарлық және де өзге операцияларғақатысу
Біздің Қарулы Күш құрамы 70 мың жауынгерден құралған. 1500 танк БТР 730 ұшақтардан құралған. Бұл ҚК –тің сапасы өте мықты, өйткені заманауи алдыңғы қатарлы техникамен және құрылғылармен жабдықталған әрі біздің әскери кадрльарымыз жоғары білімді әрі тәжірибелі.