«Ұстаз аты мәңгілік, жадымда қалар жаңғырып» ұстаздар күніне арналған әдеби- сазды бағдарлама
«Ұстаз аты мәңгілік, жадымда қалар жаңғырып» ұстаздар күніне арналған әдеби- сазды бағдарлама
Ұстаздар күніне арналған мерекелік бағдарлама
1-жүргізуші: Арман
Жайна білім ордасы бақ талабым,
Өзің үшін талай сыр ақтарамын.
Сен бергенсің білімнің кәусар нәрін,
Сен айырттың арасын ақ- қараның.
Сен аянбай ерледің ақ таң үшін,
Бізге арналды сан жылғы ақтарысың.
Сенсің Ордам білімнің шат бесігі,
Сенсің менің мектебім мақтанышым.
2-жүргізуші: Ділдә
Бүгін мектебімізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ.
3-жүргізуші: Ерназ
Бүгінгі күн құшақтары гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
Білімімен суарған шәкірттерін
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын.
3-жүргізуші: Ерназ
Ұстаз. Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. Жүрексіз өмір болмаса, ұстазсыз білімнің, тәрбиенің де іске аспайтыны белгілі.
2-жүргізуші: Ділдә
Небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар. Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін ұғым болса, ол- ұстаз.
1-жүргізуші: Арман
Ажырамай ұжымнан бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік мектептің басшысына
Ұстаздарға арналсын тілегіңіз.
Мерекелік құттықтау сөз мектеп директоры Әлмағамбетов Гиваз Ақбайзенұлына беріледі.
Достар, менің ойымша кез келген адам ұстаз бола алмайды, сендер білесіңдер ме, «ұстаздық ету- уақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау, өзінің уақытын аямау» деген екен ғұлама ағаларымыз.
3-жүргізуші: Ерназ
Ия, Ділдә,тауып айтылған сөз екен. Алтын уақытын сарп қылып, ұстаздық еңбегін шыңдау барысында көмегін аямай, шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім- тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт- бағдар беруде аяулы ұстаздарымыздың еңбегі ерен.
1-жүргізуші: Арман
Достар, мен сендермен толықтай келісемін. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, егін салған диқан да, мал бағып тер төккен шопан да бәрі- бәрі ұстаздан тәлім алған, сондықтан да ұстаздар әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.
Құрметті көрермендер, енді мектеп және ұстаздар өмірінен алынған әзілдерге кезек берейік.
(оқушылар шығады, әзіл және түсіндірме сөздік үшін)
1-жүргізуші:Арман
Мектеп- үйім, ұстаздарым- ата-анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.
Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,
Тамырлары сан тарапқа тараған.
2-жүргізуші:Ділдә
Аяулы ұстаздар! Ел ертеңі болып табылатын ұландардың бойына білім мен өнерді, адамгершілік пен адалдықты, туралық пен шыншылдықты, рухани байлық пен ұлттық қасиеттерді сіңіріп, оларды тұлғалық азамат етіп қалыптастыруда сіздердің қосқан үлестеріңіз зор.
3-жүргізуші:Ерназ
Олай болса, біздің ұстаздарымыз: (7 оқушы шығады, шарлармен әріптер жазылған)
М-мейірімді
Ұ-лағатты
Ғ-ғазиз
А-ақылды
Л-Лайықьы
І-іскер
М-маман
1-жүргізуші: Арман
Ашық болсын нұрға толы көгіміз,
Аман болсын еліміз бен жеріміз.
Аманаттап тапсырамыз тағдырды,
Анамыз деп қабылдадық сені біз.
2-жүргізуші: Ділдә
Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,
Қолыңда шәкіртіңнің бала шағы.
Өмірді алға қарай өрлететін,
Сендерде Ұлы Отанның болашағы.
3-жүргізуші: Ерназ
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген- ұлылардың ұлысы,
Қасиетіңе бас иейік мәңгілік (Жүргізушілер бірге айтады)
Хор:
2-жүргізуші: Ділдә
Осымен Ұстаздар күніне арналған «ұстаз атың мәңгілік, жадымда қалар жаңғырып» атты 3 «ә» және 5 «а» сыныптары ұйымдастырған концерттік бағдарламасы аяқталды.
Арман: Ардақты да аяулы ұстаздар! Сіздерге тек қана денсаулық!
Ділдә: Мол табыс
Ерназ: Жемісті еңбек
Бірге: Шынайы бақыт тілейміз
Ділдә: Мерекелеріңіз
Бірге: Құтты болсын !
Соңы
Арман:Демеңіз біз өнерді аяп қапты,
Ділдә:Уақыт та біраз жерге таяп қапты.
Ерназ:Қош сау боп тұрыңыздар кездескенше
Бірге:Осымен концертіміз аяқталды.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««Ұстаз аты мәңгілік, жадымда қалар жаңғырып» ұстаздар күніне арналған әдеби- сазды бағдарлама»
«Ұстаз аты мәңгілік, жадымда қалар жаңғырып»
Ұстаздар күніне арналған мерекелік бағдарлама
1-жүргізуші: Арман
Жайна білім ордасы бақ талабым,
Өзің үшін талай сыр ақтарамын.
Сен бергенсің білімнің кәусар нәрін,
Сен айырттың арасын ақ- қараның.
Сен аянбай ерледің ақ таң үшін,
Бізге арналды сан жылғы ақтарысың.
Сенсің Ордам білімнің шат бесігі,
Сенсің менің мектебім мақтанышым.
2-жүргізуші: Ділдә
Бүгін мектебімізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ.
3-жүргізуші: Ерназ
Бүгінгі күн құшақтары гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
Білімімен суарған шәкірттерін
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын.
3-жүргізуші: Ерназ
Ұстаз... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. Жүрексіз өмір болмаса, ұстазсыз білімнің, тәрбиенің де іске аспайтыны белгілі.