kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саба?ты? та?ырыбы: «Ерлігі?ізге бас иеміз!»

Нажмите, чтобы узнать подробности

аа     Саба?ты?  та?ырыбы: «Ерлігі?ізге бас иеміз!»
Саба?ты? ма?саты:
1. ?лы Же?істі д?ріптеу, ?лы Отан со?ысында ерлік к?рсеткен ата-бабаларымызды? ерлік істерін ?астерлеп, рухына та?зым ету, оларды? ерлігін ?лгі ?неге т?ту.
2.О?ушыларды? ой-?рістерін, м?нерлеп айту да?дыларын жетілдіру, еркін ойларын жеткізе білуге, ма?ыналы с?йлем айту?а с?здік ?орын дамыту.
3.?з Отанына, еліне ту?ан жеріне деген с?йіспеншілігін арттырып, елін- жерін ??рметтеп, оны ?ор?ау?а т?рбиелеу.
К?рнекілігі м??гі алауды? макеті, батырларды? суреттері.
?йымдастыру.
М??алімні? кіріспе с?зі: ??рметті ?стаздар мен ?она?тар ?азір біз «Ерлігі?ізге – бас иеміз!» атты т?рбие са?атын бастаймыз.
   Жасасын же?іс, е?бегі барлы? солдатты? 
   Болаша? ?рпа? ерлігін айтар жал?ан мы?
   ?аншама адам ерліктер жасап майданда
   ?аза?ты? атын, халы?ты? атын сам?атты?.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы: «Ерлігі?ізге бас иеміз!»»

Кульмагамбетова Р.С.

№18 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.

Жаңаөзен қаласы, Маңғыстау облысы

Сабақ тақырыбы: «Ерлігіңізге бас иеміз!»

Сабақтың мақсаты:

1. Ұлы Жеңісті дәріптеу, Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата-бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, рухына тағзым ету, олардың ерлігін үлгі өнеге тұту.

2.Оқушылардың ой-өрістерін, мәнерлеп айту дағдыларын жетілдіру, еркін ойларын жеткізе білуге, мағыналы сөйлем айтуға сөздік қорын дамыту.

3.Өз Отанына, еліне туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, елін- жерін құрметтеп, оны қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі мәңгі алаудың макеті, батырлардың суреттері.

Ұйымдастыру.

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Құрметті ұстаздар мен қонақтар қазір біз «Ерлігіңізге – бас иеміз!» атты тәрбие сағатын бастаймыз.

Жасасын жеңіс, еңбегі барлық солдаттың

Болашақ ұрпақ ерлігін айтар жалған мың

Қаншама адам ерліктер жасап майданда

Қазақтың атын, халықтың атын самғаттың.





1-оқушы:-Адам тарих! Адам кешкен жолын ұқ

Неше ұрпақ күнтізбеден алындық

Бүкіл жерді бүркеп ұстап зұлымдық

Қанша тер мен қанын ішті зұлымдық.

2-оқушы:-Мен соғысты жек көрем!

Көкем айтып отырса

Кім қасірет шекпеген

Кім көз жасын төкпеген

Талай өткен ғасырлар

Еш соғыссыз өтпеген



3-оқушы: -Мен соғысты жек көрем

Күні ертең-ақ ер жетем

Туған жерді әлпештеп

Кірпік ілмей тербетем

Жүргізуші: - Балалар, жаңа естіп отырғандай қай ғасыр – заман болмасын барлық уақытта соғыс өз орнын тауып, қаншама адамды ажалсыз өмірден алып кетіп жатыр екен. Дәл осындай жадыраңқы жай күні

Болса дағы қай ғасырдың қай жылы

Ұлы Отаным басын иіп бір минут

Ұоы Отаным есіне алмақ сол бір апат қайғыны

Біздің қазақ халқы да сол сұрапыл соғыс жылдары бірталай отандастарымызды майданға аттанған. Солардың қатарында батырларымыз: Бауыржан Момышұлы, Төлеген Тоқтаров, Мәлік Ғабдуллин; батыр ержүрек қыздарымыз: Әлия Молдағұлова Нұрмұхамедқызы, Мәншүк Мәметова Жиенғалиқызы,-бұлардың барлығы – Кеңес Одағының батырлары.(1 минут еске алайық бас иіп) . Әлия қызымыз- соғыста мергендігімен көзге түседі, ол шешуші шайқаста қаһармандықпен қаза табады. Мәншүк Мәметова – Ұлы Отан Соғысында пулеметші болып, мыңдаған жаулардың көзін жоқ қылған.





4-оқушы: Жанымдай суйем халқымды

Ерлері мәңгі даңқты

Өнеге тұтып өсемін

Әлия, Мәншүк, Мәлікті

5-оқушы: Отанға жаулар қаптады

Опасыз жаулар тапталды

Қасиетті жер үшін

Қастерлеп батыр елі үшін

Әлия, Мәншүк, Төлеген

Жаулардың көзін жойды олар



6-оқушы: Оқ борады күні-түні

Жапты жерді ож қарып

Алға қарай ұмтылды

Батыр қазақ Тоқтаров

7-оқушы: Туын жықпай қолдағы

Өжет болды ел үшін

Кеудесімен қорғады

Ар намысын елінің

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»

8-оқушы: Қыр қызы орындады берген антты

Халқына адал болу ердің салты

Елі үшін қасық қанын аямаған

Жүректе мәңгі өшпейді Мәншүк аты.







9-оқушы: Даламыздың гүлісің

Балауса қыз, балғын қыз

Жанын қиған елі ұшін

Жанып түскен ақ жұлдыз

10-оқушы: Мәңгі жасап жерді енді

Биік бол деп таулардан

Сенің балғын бейнеңді

Жасап қойдың мәрмәрдан

Жүргізуші: Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата-бабаларымыздың ерлігін құрметтеп, олардың әруақтарына бас иеміз!



Ер есімі – ел есінде! Олар тарихта өшпес із қалдырды. Олардың жасаған қаһарлы қадамдары Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталып, еліміз бейбіт өмірге көшті. Біздің Отандасымыз, бауырымыз Қазақ халқының батыр ұлы Бауыржан Қошқарбаев атамыз Германияның Рейхстагына Жеңіс туын желбіретті.

11-оқушы: Жеңіс келді далама

Жеңіс келді қалама

Жеңс келді әке боп

Елдегі бар балаға

12-оқушы: Арылтып жерден жауымды

Табанға жаншып өлімді

Жеңіспен желпіп өмірді

Десеңдер бұл қай күн?

(хормен) 9-мамыр күні!

Жүргізуші: Ер азат, еңбек, ерлік, ел ерікті

Өрнектің еңбегімен жер көрікті

Мыңдаған Қазақстан күрескері

Жеңіске жеткізді елік, ерлер ері.

Қазақстаным!!!

«Көк тудың желбірегені» ән

Тәрбие сағатымызды аяқтаймыз



«Анашым өзіңе арнаймын»

Мақсаты: Анамызды қадірлеп – сыйлауға, осы өмірдегі жақсылықтың,

жылудың барлығы жанның мейірімінен тарайтынын ұғындыру.

Көрнекілігі: қанатты сөздер, безендірілген сахна.

Сабақтың барысы:

I Кіріспе. О, Періште Анам!

Келді көктем күнің,

Күлімдейді гүлің-

Алтын ойлы, Анам.

Мерекеңіз бүгін!

1-жүргізуші: Құрметті ата-аналар, ұстаздар сендерді келіп жеткен көктем мерекесімен құттықтаймыз. Сіздерге: зор денсаулық, отбасыларыңызға береке-бірлік, еңбектеріңізге табыс тілейміз.

2-жүргізуші: Ана, Үш-ақ әріптен құралған сөз болса да ол, өмір көзі, өмірдің құдіреті, киелі қасиеті. Ана баласы үшін кез-келген құрбандыққа барады. Кез-келген адам өзінің жақсы қасиетін көрсету үшін, алдымен анасын құрметтеп, сыйлау керек. Бұл өмірде біз барымызды анамызға арнауымыз керек.

Ондай болса, баршаңызды «Анашым- өзіңе арнаймын» атты ертеңгілік сабағымызға қош келдіңіздер!

Динара: Сеннен өскен балалар,

Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті ұстаз- аналар.

Бекболат: Бәрімізге анасың

Біз үшін көп жанасың

Құтты болсын мейрамың,

Құттықтаймын анашым!

Арслан: «Бала, бала, бала» деп

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған.

Сүндет: «Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым»,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.

Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Кең құшағың аясындай гүл бақтың.

Ақбаян: Мен өзіңмен қайда болса біргемін,

Махабатың жүрегімде жүр менің.

Күн нұрындай жадырай бір күлгенің

Қандай жақсы ортамызда жүргенің!

Ақжүніс: Дүниедегі ең ардақты асыл жан,

Анам менің мәпелеген жасымнан.

Мен қуансам қуанады ол бірге,

Мен қиналсам табылады қасымнан.

Маған қымбат жан жоқ сірә анадан,

Бар жақсылық аналардан тараған.



1-жүргізуші: «Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада» демекші, әр ана өз баласы үшін қамқоршы, тірегі болып отырады.

2-жүргізуші: Дұрыс айтасың Ұлболсын, Ана-отбасының негізі, діңгегі, дәнекері болса да, баласының тілегін екі етпей отырса да, кейбір балар өздерінің перзенттік парызын түсінбей, аналарын жерге қаратып, тастап та, көңілдеріне назар салып та кетіп жататындар жоқ емес. Қазір барлығымыз сол айтылғанға байланысты «Соқыр ана» атты көрініс тамашалайық.

Жалғыз көзді соқыр ана

Жәйіменен басып алға

Баласының сабағына келеді.

-Анау отырған менің балам, айналайын мұғалім, баламның сабағы мен тәртібін білуге келіп едім.

-А, мына отырған бала ма?

Сүндет: (сыныптас жолдасы): Сенің анаң соқыр екен ғой, неге айтпадың осы уақыт қа дейін?

Деген кезде баласының түсіп кетті қабағы,

Анасына ол енді айуан көзбен қарады.

Үйге келіп бөлме есігін тарс жауып,

Шығып кетті бетке ұстап даланы.



Анасы жүр бәйек болып ас әкеп,

Баласының қамын ойлап аш қалған.

-Тамағыңды ішпеймін. Сен неге келесің менің сыныбыма? Мен сенен ұялам, өйткені сенің көзің соқыр. Айтшы, неге көзің соқыр?

Жылады ана, еңіреді, егілді

Қайғы шерге толды ананың жүрегі.

Шын жылады, соқыр көзден жас шықты,

Көкірегіне бар құпия көмілді.

Баласы: Тезірірек оқу бітіріп, қалаға кетсем екен, мына соқыр анамнан құтылып тезірек оны ұмытсам екен!





Иә, дәл солай, болды жігіт, сол кісі,

Екінші рет болмады онда енді ісі.

Содан бері ол оқуды қуалады

Одан бетер суық болды анаға

Оқимын деп әрі қарай жиналып,

Тартып кетті шетел асып қалаға,

Айтқандай-ақ ол анасы ұмытты,

Жұмыс тапты, маман болды білікті.

Әйел алды, бала сүйді, баласы

Есіне алып ойлады қазір анасын



Сұр күз келді, жауын бүркіп жауып тұр

Жігіт үйі сән-салтанат тауып тұр

Құлақ салды әйелі де, өзі де,

Есіктерін біреу келіп қағып тұр.

Бітті әңгіме, болмас қайта бас сауға,

Қалды ана, демеу болар дос бар ма,

Төпелетіп ақ жауынын төккен күн

Күңіреніп анаменен бір батты.

Уақыт сырғып айлар өтті, жыл өтті,

Өткен әр жыл жиырма түлек түлетті.

«Ауылға кел, сағындық» деп достары

Хат жіберіп шақыртты жігіт.







Көп ойланды, жігіт біраз қиналды,

Дегенменен «Барамын» деп ұйғарды

Әйелді алып, баланы алып сол күні

Жол жүрмекке отбасымен жиналды

Келді ауылға, ойлап кетті ананы

Келсен ойы басқа арнаға ауады

Балалықты еске алсам деп жаяулап

Туған үйдің есігін кеп қағады.

Көрші әйел шығып, баласына анасының бақилық болғандығын туралы туралы хабарды айтады. Анасының баласына табыстап кеткен хатын береді.

Балам, ботам, айым, асылым,

Айтылмаған бір сыр бар еді жасырын.

Кеудемді өртеп барады сол күрең оц

Жазам хатқа, оқып, қалқам біле ғой

Әкең бар еді жаны жайсаң балаға,

Үйден шықты қыдырсақ деп қалаға

Өзіменен бірге кетіп арманы,

Жол апаты жан әкеңді жалмады

Зақым келді сенің оң жақ көзіңе

Аласұрдым амандық тілеп өзіңе

«Қатты зақым алған екен ұлыңыз,

Сау көз тауып салу керек дереу, тез»

Деген сөзін дәрігердің естіп ап.

«Өссін, өнсін, бақытты әр кез болсын» деп

Балам үшін құрбан еттім өзімді,

Саған бердім сап-сау тұрған көзімді.



Міне, балам, содан бері соқырмын,

Содан бері таңылмайды шешімім.

Осы көзбен мен ұялтсам өзіңді,

Кешір ботам, кешір қалқам, шешеңді.

Өкініштен өзегі өртеніп бала аһ ұрып жылайды, бірақ бәрі кеш еді...

Әбдірахманның орындауында «Ана» әні.

Қыздар тобы би «Көктем»

1-жүргізуші: Құрметті көрермендер, оқушылар осы көріністен соң барлығымыз бір ой түйіп егер де аналарымызды ренжіткен бір ауыз кешірім сұрайық.



2-жүргізуші: Бір өзің бастап жолдарын

Жүрегіңе жүрегімді жалғадым

Өзің мына сыйға берген өмірде,

Ақ сүтіңді ақтап өту-арманым.

Қонақтарға сөз беріледі.

Сынып жетекшісі: Ана біздің баға жетпес асыл да қымбат қазынамыз, сондықтан да оны аялап, бағалай білейік, баршамыз !

Бүгінгі біздің кешіміздің қонақтары болғаныңызға көп рахмет айтамыз !




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Саба?ты? та?ырыбы: «Ерлігі?ізге бас иеміз!»

Автор: Кульмагамбетова Райгул

Дата: 02.04.2016

Номер свидетельства: 313845


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства