Аня: ?ош келді?іздер, ??рметті ?стаздар мен ?она?тар! Б?гінгі «?аза? хал?ыны? салт-д?ст?рлері» атты сыныптан тыс саба?ымызды «ашы?» деп жариялау?а р??сат еті?іздер.
Мадияр: Сіздер білесіздер, ?аза? хал?ыны? салт-д?ст?рлері ?те к?п. Олар ерте заманнан ?асырдан ?асыр?а , атадан бала?а жал?асып келе жат?ан м?ра.
Аня: ?азір біз соларды? бірнешеуін сіздерге к?рсетеміз, назарлары?ызды экран?а аудары?ыздар.
(слайдтар к?рсетіледі)
Мадияр: Ал, балалар, сендер білетін салт-д?ст?рлер бар ма?
С?лтан: Тілашар. Бала 7 жас?а тол?ан со?, ата-анасы баланы медресе не мектепке о?у?а апар?ан. Баланы? о?у?а баруы – ?лкен ?уаныш, сонды?тан ?ке-шешесі «Тілашар» тойын жаса?ан. Той?а келген адамдар ??тты?тау айтып шашу шаш?ан, Бата берген.
Аня: Б?рекелді! Сендер де салт-д?ст?рді? біразын біледі екенсі?дер.
Ерасыл: С?йінші! Бізге алыстан биші ?она?тар келіпті!
(бишілер билейді)
Мадияр: ?она? демекші, ?она? келгенде ?аза? салты бойынша ?она? асы беріледі. Бізді? ?ыздар таба? тарту салтын біледі ме? К?рейік!
(?ыздар орта?а шы?ып к?рсете бастайды)
Аня: ?аза? салты бойынша к?п ойындар ойналады. Сол ойындарды? біреуін ?лдар ойнап к?рсетсін.
(ойын ойнайды)
Мадияр: Бізді? салтымыз, д?ст?ріміз к?п. Мысалы, Наурыз мерекесінде де к?п салтымызды к?руге болады.
Мадияр: Наурыз мерекесін ?арсы алу. «Келді Наурыз – жыл басы» ?ле?і.
(т?саукесер р?сімін ?ткіземіз)
М?лдір: Ата-?желеріміз б?л ырым?а ?атты к??іл б?лген, ?йткені баланы? болаша?та?ы жолы, ая? алысы жа?сы, ны? болуы осы т?сау кесуге байланысты деп шешкен. Баланы? т?сауын 3 т?рлі затпен кескен:
1-ден адам болсын, адал болсын, ешкімні? ала жібін аттамасын деп ала жіппен кескен;
2-ден к?к к?п болсын, а? мол болсын, ?айда ж?рсе де жол болсын деп ш?ппен кескен;
Просмотр содержимого документа
«Традиции и обычаи казахского народа »
Қазақ халқының салт-дәстүрлері
Мақсаты: Қазақ халқының салт-дәстүрлерімен таныстыру. Тілді үйренуге, оны білуге, салт-дәстүрлерін құрметтеуге, сыйлауға шақыру. Шешендік өнерді дамыту. Оқушылардың шығармашылық қабілетін, ой-санасын ояту.
Ұйымдастыру: 1. Сабағымыз сыныпта өтеді. Сыныбымыз әдемі безендірілген (түрлі-түсті шарлар, салт-дәстүрлер туралы стенділер, газеттер, суреттер, мақал-мәтелдер)
2. Сабаққа қатысатын 6 «Б» сынып оқушылары сабақтын тыс уақытта шақырылып қойған.
3. Сабақты жүргізетін оқушылар – Мадияр мен Аня.
4. Қолданылатын техникалық құралдар: теледидар, видео, магнитофон.
Алғы сөз мұғалімге беріледі: Қош келдіңіздер, құрметті ұстаздар мен қонақтар! Бүгінгі «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» атты сыныптан тыс сабағына қош келдіңіздер! Бүгінгі сабағымыздың жүргізушілеріне сөз кезегін берейін.
Аня: Қош келдіңіздер, құрметті ұстаздар мен қонақтар! Бүгінгі «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» атты сыныптан тыс сабағымызды «ашық» деп жариялауға рұқсат етіңіздер.
Мадияр: Ән ұраным – жан ұраным,
Айтар әнім, сөйлер сөзім.
Туған жерім – сағынарым,
Жүрсем егер дүние кезіп.
Аня: Бақыт, бірлік күн талабы,
Тоқтамайды дабыр әні,
Мәңгі бақи шырқалады,
Республикам әнұраны.
(Қ.Р. Әнұраны айтылады)
Мадияр: Сіздер білесіздер, қазақ халқының салт-дәстүрлері өте көп. Олар ерте заманнан ғасырдан ғасырға , атадан балаға жалғасып келе жатқан мұра.
Аня: Қазір біз солардың бірнешеуін сіздерге көрсетеміз, назарларыңызды экранға аударыңыздар.
(слайдтар көрсетіледі)
Мадияр: Ал, балалар, осы суреттерден сендер қандай салт-дәстүрлерді көрдіңдер? Сендер білетін салт-дәстүрлер бар ма?
Жандос: Иә, бар. Шілдехана тойы. Бұл той жаңа туған нәрестеге арнайы жасалынады. Күндіз туған-туысқандар, көршілер, жора-жолдастар «Құтты болсын!» айтып, кешке жиналғандар ән айтып, би билеп, домбыра шертіп көңіл көтереді.
Ерасыл: Бесік тойы Бұл дәстүрде жаңа туған нәрестені бесікке салады. Бесікке салу да халқымыз үшін елеулі дәстүрдің бірі. Бесікке салу жолы үлкен немесе елдің тәрбиелі, өнегелі әжелеріне тапсырылады. Бесікті отпен аластап, тыштырма жасап, баланы бесікке бөлейді. Бесік үстіне 7 түрлі қадірлі, таза заттар қойылады.
Бегайым: Тұсаукесер тойы. Тұсаукесер тойы сәби тәй-тәйлап жүре бастағанда өткізіледі. Сәбиді қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым. Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Сол жіппен баланың аяғын тұсап, оны аяғын жылдам басатын әйелге қидырады. Тұсауы кесілген баланы қолынан ұстап, тез жүгіртеді. Артынан шашу шашады.
Аян: Сүндет тойы. Ұл баланы тақ, яғни 3,5,7 жасынжа сүндетке отырғызады. Сүндеттеудің денсаулыққа, тазалыққа да пайдасы зор. Баланы сүндеттеу – үлкен рәсім. Ол ата-ананың борышы. Бұл рәсімнен кейін «Сүндет тойын» тойлау басталады.
Сұлтан: Тілашар. Бала 7 жасқа толған соң, ата-анасы баланы медресе не мектепке оқуға апарған. Баланың оқуға баруы – үлкен қуаныш, сондықтан әке-шешесі «Тілашар» тойын жасаған. Тойға келген адамдар құттықтау айтып шашу шашқан, Бата берген.
Алдияр: Жеті ата. Әр адам өзінің жеті атасын білуі көргенділік, білімділігін, ата көрегендігін танытады. Ал, білмесе, «жеті атасын білмеген жетесіз», - деп сөккен. Жеті ата: бала, әке, ата, арғы ата, баба, түп ата, тек ата.
Мунира: Сүйінші. Қуанышты хабар жеткізуші адам «Сүйінші! Сүйінші!» - деп келеді. Мұндайда қуанған үй иесі «қалағаныңды ал», - дейді. Немесе оған риза болатындай сыйлық ұсынады. Бұл шын қуанудың, ризашылықтың белгісі.
Зарина: Шашу. Қуаныш айғағы ретінде жасалатын салтанатты дәстүр. Бала дүниеге келгенде, келін түскенде, құда келгенде, осындай қуанышты күндерде тәттілермен, күміс тиындармен әйелдер шашу шашады.
Аня: Бәрекелді! Сендер де салт-дәстүрдің біразын біледі екенсіңдер.
Ерасыл: Сүйінші! Сүйінші!
Мадияр: Қалағаның сенікі, Ерасыл. Не болды? Айтсаңшы!
Ерасыл: Бізге алыстан биші қонақтар келіпті!
Аня: Гүл жайнаған көктемде,
Гүлден сыйлық көп менде.
Әне гүлдер келеді,
Ән сап, билеп береді.
(биші қонақтар би билейді)
Мадияр: Қонақ демекші, қонақ келгенде қазақ салты бойынша қонақ асы беріледі. Біздің қыздартабақ тарту салтын біледі ме? Көрейік!
(қыздар ортаға шығып көрсете бастайды)
Әмина: Бас табаққа бас, жамбас қосымша – белдеме, омыртқа, қазы-қарта, сүбе, жал және жая тартылады. Бұл табақ ауыл үлкендеріне, ақсақалдарға, алыстан келген сыйлы қонақтарға тартылады.
Мунира: Сый табаққа жамбас, асық жілік қосымша – белдеме, омыртқа, қазы-қарта, сүбе, жал және жая тартылады. Бұл табақ сыйлы қонақтарға, құдаларға ұсынылады.
Бегайым: Орта табаққа асық жілік, ортан жілік салынуы керек. Бұған қосымша – белдеме, омыртқа, қазы-қарта, сүбе, жал және жая тартылады. Бұл табақ орта жастағы қонақтарға, жора-жолдастарға ұсынылады.
Зарина: Аяқ табақ. Ауыл адамдары үшін еттің қалған мүшелерімен жасалады. Төс пен асық жілік – күйеу мен келіннің сыбағасы. Келінге – ұлтабар (ұл тапсын), қыз балаға – жүрек ( ержүрек болсын), балаға – құлағың жақсыға үйір болсын деп бастан құлақты сыбағалап, әнші бол деп қыз балаға таңдайды ұсынады.
Аня: Қазақ салты бойынша көп ойындар ойналады. Сол ойындардың біреуін ұлдар ойнап көрсетсін. Ерасыл: Ойынның аты – ханталапай. Бұл ойынды 4-5 бала ойнайды. Бізге керегі 10 асық және 11-інші асық «хан» болады. Балалар кезектерін біліп, бірінші ойыншы асықтарды үйіреді. Басқа балалар «ханға» қарайды.
«Хан» алшы түскенде, балалар ортадағы асықтарды ханталапай жасайды. «Хан» кімнің қолында кетсе, келесі болып асықты үйіреді. «Ханмен» бірге қолына түскенасықтардың санына байланысты ұпай саналады.
«Хан» алшы түспесе, үйірген ойыншы шашылған асықтардың бүгі мен бүгін, шүгі мен шүгін, алшысы мен алшысын, тәйкесі мен тәйкесін бір-бірімен соғады. Соғылған асықтардың біреуін алып, ұпай жинайды. Бір-біріне тимей, басқа асыққа соғылса немесе қозғап кетсе, онда кезек басқа ойыншыға беріледі. Кім көп ұпай жинаса, сол ұтады.
(ұлдар ойын ойнайды)
Мадияр: Біздіңсалтымыз, дәстүріміз көп. Мысалы, Наурыз мерекесінде де көп салтымызды көруге болады.
Аня: Ал, Наурыз мерекесінде қандай тілектер айтылады?
Оқушылар: Наурыз құтты болсын!
Ұлыс бақты болсын!
Ақ мол болсын!
Ұлыс береке берсін!
Төрт түлік ақты болсын!...- дейді.
Мадияр: Наурыз мерекесін қарсы алу. «Келді Наурыз – жыл басы» өлеңі.
Әмина: Ерітіп қарын даланың,
Жайнатып гүлін даланың.
Жетелеп жұмсақ самалын,
Келді Наурыз – жыл басы.
Кристина: Күлімдеп қарап күміс күн,
Аспаның бүркен пүліш түн.
Ұлы күні ұлыстық,
Келді Наурыз – жыл басы.
Насиба: Көгіме күнін өрлетіп,
Ешкі мен қойын төлдетіп.
Қаймақ пен сүтін селдетіп,
Келді Наурыз – жыл басы.
Евгения: - Армысыңдар, халайық!
- Бармысыңдар, халайық!
Наурыз тойын жұп жазбай,
Биыл қарсы алайық.
Ерасыл: Досқа құшақ ашайық,
Өлең жылға басайық.
Қазақтың бір салты деп,
Тойға шашу шашайық!
(шашу шашылады)
Аня: Наурызды халқымыз,
Жыл басы санайды.
Үлгілі салтымыз,
Көп елге тарайды.
Мадияр: Таң қуанып атады таудан асып,
Наурыз келді ортаға нұрын шашып.
Осы тойда тұсауын кескен кезде,
Жас сәбилер кетеді басып, - деп тұсаукесер рәсімін өткіземіз.
Мөлдір: Әдетте сәби аяғын тәй-тәй басып жүре бастағанда оның тұсауын кеседі. Ата-әжелеріміз бұл ырымға қатты көңіл бөлген, өйткені баланың болашақтағы жолы, аяқ алысы жақсы, нық болуы осы тұсау кесуге байланысты деп шешкен. Баланың тұсауын 3 түрлі затпен кескен:
1-ден адам болсын, адал болсын, ешкімнің ала жібін аттамасын деп ала жіппен кескен;
2-ден көк көп болсын, ақ мол болсын, қайда жүрсе де жол болсын деп шөппен кескен;
3-ден қарны тоқ болсын, қайғы-мұңы жоқ болсын деп тоқ ішекпен кескен.
(кесу үстінде)
Жолың болсын деселік,
Жолыңа нұр төсейік.
Жарылқасын алдыңнан,
Тұсауыңды кесейік!
Тұсауыңды кесейік!
Күрмеуіңді шешейік.
Сәбидің тұсауы кесілген соң, сәбиді екі жағынан ұстап жүгіртіп, жүргізеді. Артынан шашу шашылады.
Қаз, қаз балам, қаз балам,
Қадам бассаң, мәз болам.
Тағы, тағы баса ғой,
Тақымыңды жаза ғой.
Қаз болса ғой қарағым,
Құтты болсын қадамың!
Қаз, қаз балам, қаз балам,
Қадам бассаң, мәз болам.
(тұсауын кеседі)
Аня: Салт-дәстүрі жарасса,
Қайта құрып жаңаша.
Жарыса өнер көрсетіп,
Той тойлайды тамаша!
Мадияр: «Қазақтың дастарқаны» әнін Назерке деген қызымыз орындап береді.
(ән айтылады)
Аня: Жарқыраған жас нұрлы,
Жаса Наурыз, дәстүрлі! – дей келе батаға кез берейік.
(бата айтылады)
Қайсар: - Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын мерейің!
Ықыласпен қол жайсаң,
Ақ тілекті төгейін.
Дастарқаның мол болсын,
Абыройың зор болсын!
Көк жайлауды жайласаң,
Тай, құлынды байласаң,
Сабаң толсын қымызға,
Шараң толсын уызға!
Әумин десең маған,
Құдай берсін саған.
Аллау ақбар!
(бәрі беттерін қолдарымен сипайды)
Мадияр: Бауырласқа тәнтіміз,
Бұзылмаған антымыз.
Кең даламның ежелгі,
Қазақ дейтін халқымыз.
Кетер өрлеп даңқымыз,
Біз Қазақстан халқымыз.
Хормен: Өзге ұлттай біздің де,
Бар дәстүр мен салтымыз.
Аня: Осымен бүгінгі сыныптан тыс сабағымызды аяқтаймыз. Уақыт бөліп, сабағымызға қатысқандарыңыз үшін көп-көп рахмет.