Ма?саты: Жас ?рпа?ты ана тіліні? ?адір-?асиетін т?сіне білуге ша?ыру. Ана тілін с?юге, ана тілін арда?тай білуге т?рбиелеу. К?рнекілігі: ?абыр?а газеті, а?ын-жазушыларды? суреттері. Барысы:
- Мемлекеттік Гимн орындалады. Ж?ргізуші:
- Балалар, ?азіргі та?да ана тілін білу, ?йренуді? ?ажеттілігі жайлы орасан зор ж?мыстар ж?ргізілуде.
- 1989 жылы,22 ?ырк?йекте т???ыш рет ?аза? КСР-ні? «Тілдер туралы» за?ы ?абылданып, онда ?аза? тіліне «Мемлекеттік тіл» м?ртебесі берілді. 1997 жылы 11 шілдеде ?аза?стан Республикасыны? «Тіл туралы» Ата За?ы ?абылданды. за?да ?аза? тілі-мемлекеттік тіл деп на?ты атап к?рсетілген.
- Армысыздар, ??рметті ?стаздар мен о?ушылар! Б?гінгі «Тілім мені?-тірлігімні? тірегі» атты мерекелік іс-шараны ашы? деп жариялаймын!
Тілім мені?-тірлігім,
Тіл жайында тол?анбайтын кім б?гін?
Тіл жайында ?гіттейді кімді-кім?
Тілім мені?, тілім мені?-тірлігім!
?рине, тілімізді? та?дыры ?шін к?ресте хал?ымыз ?ам-?аперсіз бол?ан емес.Б?гін де ана тіліні? та?дырына ала?дайтын азаматтар баршылы?. ?лылардан ?ал?ан ?лы с?здерге ??ла? асайы?.
1-о?ушы: «Ана тілін білмейтін адам бір ?олы жо? шола? адам секілді».?. М?стафин.
2-о?ушы: «Ана тілін ?мыт?ан адам ?з хал??ыны? ?ткенінен де, болаша?ынан да ?ол ?зеді.» ?. М?сірепов.
3-о?ушы: «?рбір саналы, м?дениетті азамат?а ана тілі мен сол ана тіліндегі ?дебиетті? ?адірін білмеу-м?дениетсіздік». М. ?уезов.
?н: «Анамны? тілі»
Ж?ргізуші : Тілім мені? тірегім, дінім мені?,
Тілсіз ?андай болады к?нім мені?.
?з хал?ыма жетеді ?з м?нінде
?з тілімде о?ылса жырым мені?
?н: «?аза?ым».
Ж?ргізуші: Тіл! Тіл-??рал! ?сіресе, егер ол ?з ана тілін немесе ту?ан тілі? болса. ?рбір ?лтты? ?зіні? ?лтты? тілі болады. Сол ?лтты? тілді ?рбір адам ?ор?ай білуі ?ажет. Сол сия?ты ?лтты? тілді ?ор?ау-бізді? міндетіміз.
Ж?ргізуші: ?аза? тілім-?з тілім, ана тілім,
Абай, М?хтар с?йлеген дана тілім.
?астерлейді ?л-?ызы? м??гі сені
Болаша?ым, ба?ытым, дара тілім.
?н: Абайды? ?ні: «Сегізая?».
Ж?ргізуші: «Тіл –ата-баба аманаты. ?асырдан ?асыр?а, ?рпа?тан ?рпа??а ?лас?ан,бабадан бала?а жал?ас?ан ?лы м?раларды? ?лысы алдымен ?р ?лтты? тілі ?ой. Ендеше ата-баба м?расын жал?астыру, оны? м?ртебесін к?теру-мына баршамызды? міндетіміз, парызымыз.
?н: «Ана тілін с?йеміз» ?орытындылау.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Тіл – татулы? тірегі»
Тақырыбы: Тіл – татулық тірегі
Мақсаты: Жас ұрпақты ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуге шақыру. Ана тілін сүюге, ана тілін ардақтай білуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: қабырға газеті, ақын-жазушылардың суреттері.. Әдісі: Мерекелік іс-шара. Барысы: - Мемлекеттік Гимн орындалады. Жүргізуші: - Балалар, қазіргі таңда ана тілін білу, үйренудің қажеттілігі жайлы орасан зор жұмыстар жүргізілуде. - 1989 жылы,22 қыркүйекте тұңғыш рет Қазақ КСР-нің «Тілдер туралы» заңы қабылданып, онда қазақ тіліне «Мемлекеттік тіл» мәртебесі берілді. 1997 жылы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Ата Заңы қабылданды. заңда қазақ тілі-мемлекеттік тіл деп нақты атап көрсетілген. - Б. Момышұлы атамыз: «Тілін білмеген-түбін білмейді» деген. Шынында, тілін білмеген адам өз халқының тарихын, дәстүрін, мәдениетін өз тілінде сезініп, терең бойлай алмаса, ол қасіретемес пе? Сондықтан әр адам ана тілін көзінің қарашығындай сақтауға, білуге тиіс. Болашағымызды баянды етер қаруымыз-тіліміз. Ана тілімізді құрметтей білейік. - Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Тілім менің-тірлігімнің тірегі» атты мерекелік іс-шараны ашық деп жариялаймын! Тілім менің-тірлігім, Тіл жайында толғанбайтын кім бүгін? Тіл жайында үгіттейді кімді-кім? Тілім менің, тілім менің-тірлігім! Әрине, тіліміздің тағдыры үшін күресте халқымыз қам-қаперсіз болған емес.Бүгін де ана тілінің тағдырына алаңдайтын азаматтар баршылық.. Ұлылардан қалған ұлы сөздерге құлақ асайық. 1-оқушы: «Ана тілін білмейтін адам бір қолы жоқ шолақ адам секілді».Ғ. Мұстафин.
2-оқушы: «Ана тілін ұмытқан адам өз халқөының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.» Ғ. Мүсірепов. 3-оқушы: «Әрбір саналы, мәдениетті азаматқа ана тілі мен сол ана тіліндегі әдебиеттің қадірін білмеу-мәдениетсіздік». М. Әуезов. 4-оқушы: «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту-бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту».Б. Момышұлы. 5-оқушы: Жарық көрмей, жатсаң да ұзақ, сен тілім, Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім. Тарап кеткен балаларыңды бауырына Ақ көңілмен тарта аларсың, сен тілім. Ән: «Анамның тілі»
Жүргізуші : Тілім менің тірегім, дінім менің, Тілсіз қандай болады күнім менің. Өз халқыма жетеді өз мәнінде Өз тілімде оқылса жырым менің 6-оқушы: Мұхтар Шаханов. «Төрт ана». Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала. Әр адамда өз анасынан басқа Жебеп жүрер, демеп жүрер арқада Болу керек құдіретті төрт ана: Туған жері-түп қазығы, айбыны, Туған тілі-сатылмайтын байлығы, Туған дәстүр, салт-санасы-тірегі Және туған тарихы, еске алуға қаншама Ауыр әрі қасиетті болса да. Төрт анаға әнін жолдай алмаған Пенделердің басы қайда қалмаған? Төрт анасын қорғамаған халықтың Ешқашан да бақ жұлдызы жанбаған. Жүргізуші: Қазағым тіліңменен жана берші. Әуендетіп, әніме сала берші. Мәңгі даңқың түспесін-қазақ тілі. Көкейімде жатталып қала берші.
Ән: «Қазағым». Жүргізуші: Тіл! Тіл-құрал! әсіресе, егер ол өз ана тілін немесе туған тілің болса. әрбір ұлттың өзінің ұлттық тілі болады. Сол ұлттық тілді әрбір адам қорғай білуі қажет. Сол сияқты ұлттық тілді қорғау-біздің міндетіміз. 7-оқушы: ана тілім-тірлігімнің тірегі, Тілмен ғана кірер адам реңі. Тілсіз қоғам-өлі мынау дүние, Түсініксіз тылсымменен бір еді. Ана тілім-әрекетім азығы, Бар ғаламды танушылық қазығы, Ой-сананың өсуінің күәсі, Ғасырлардың кейінгіге өз үні. Жүргізуші: Қазақ тілім-өз тілім, ана тілім, Абай , Мұхтар сөйлеген дана тілім. Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені Болашағым, бақытым, дара тілім. Ән: Абайдың әні: «Сегізаяқ». Жүргізуші: «Тіл –ата-баба аманаты. Ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа ұласқан,бабадан балаға жалғасқан ұлы мұралардың ұлысы алдымен әр ұлттың тілі ғой. Ендеше ата-баба мұрасын жалғастыру, оның мәртебесін көтеру-мына баршамыздың міндетіміз, парызымыз. О, адамдар, қадіріне жетіңдер! Ана тілің-анаң. Сыйлап өтіңдер! Туған тілін танымаған көрсоқыр, Болып өтер ертең мәңгі өкінер. Ән: «Ана тілін сүйеміз» Қорытындылау.