Тіл мерекесі барша Қазақстандықтар үшін маңызы мен мәні бар айтулы мейрам.Ана тілін жақсы білу -әркімнің азаматтық борышы, қоғамда атқаратын қызметінің тірегі.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Мемлекеттік тіл-татулық тірегі"»
Бекітемін_________________
Ақмола облысы Зеренді аудан әкімдігінің
«Тілдерді оқыту орталығы» КММ
директоры К.Балтағарина
«____» _________________2015ж
Өтетін мерзімі ___________
Өтетін орны _____________
Жауапты _______________
Тіл – ұлттың жан дүниесі.
Тіл жоқ жерде - ұлт жоқ.
Топ деңгейі: базалық
Іс-шара тақырыбы: Мемлекеттік тіл - татулық тірегі.
Сабақтың мақсаты:а)Тыңдаушылардың өз ана тілінің қадір - қасиетін
біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін
түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғынуға үйрету.
б) Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін
көрсететін нақыл сөздер, мақал - мәтелдер арқылы
тыңдаушылардың, ой өрісін дамыту.
в) Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік
өнерді тыңдаушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне
сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл
мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.
Сабақтың түрі: пікірталас сабақ.
Сабақтың әдістері: топтық оқыту техналогиясы, сұрақ-жауап әдісі, тренинг.
Сабақтың формасы: бірлескен топтық іс-әрекет.
Сабақтың көрнекілігі: слайд.
Әнұраным көкейде жатталады, Сонымен бейбіт күнім басталады. Шәмші атамның шығарған асқақ әні, Әркімнің жүрегінде сақталады (Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады)
Мемлекеттік Гимн орындалады.
Мұғалім сөзі: -Қайырлы күн! Құрметті тыңдаушылар мен қонақтар! Сіздерді Қазақстан халықтарының Тілдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Тілдер апталығының он күндігіне орай ұйымдастырылған «Мемлекеттік тіл-татулық тірегі» атты іс-шарамызға хош келдіңіздер
Кіріспе: 22 қыркүйек –
Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні, халықтық мереке. Тіл мерекесі – барша Қазақстандықтар үшін маңызы мен мәні бар айтулы мейрам.
Ана тілін жақсы білу — әркімнің азаматтық борышы, қоғамда атқаратын қызметінің тірегі. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тіл туралы талап міндеттерінде «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» деген. Бұл әр қазақстандықтардың қастерлі парызы.
Сабағымызды бастамас бұрын сіздерді екі топқа бөліп алайық. Сіздерге ақылдасуға 1 мин уақыт беріледі.
1 топ:________________
2 топ: ________________
«Менің есімім Айжан Құтбансейтқызы мен сізге сәттілік тілеймін». Келесі адам менің айтқанымды қайталап өз есіміне қосып келесі тыңдаушыға тілегін білдіреді. Солай жалғасады. Әр адам өзінің алдындағы адамның айтқанын ғана қайталайды.
Жүргізуші: Сайысымыздың шарттарымен таныстырып өейік: Сайыс өз мәресіне жеткенге дейін сайыскерлер әр түрлі алты айналымнан өтеді. Әр айналымның өзіне тән тапсырмалары бар. Сол тапсырмаларды белгіленген уақыт ішінде дұрыс орындап, ойынның соңына дейін ат салысады. Сөйтіп, жеңімпазды анықтаймыз. Тапсырмаларды орындаған топ мүшелері « Қазақ тілінің жанашыры атағына ие болады. Сонымен екі топқа сәттілік тілеп, сайысымызды бастаймыз.
«Сөз ойла, тез ойла» (екі топқа Қазақ тілі және Қазақстан сөзі беріледі, сол сөздерден сөзер шығару қажет)
1-айналым: «Қайырлы таң» екі топтың сәлемдесуі. Танысу (ұраны)
2-айналым: «Сен білесің бе? Бұл сайыста ...... сұрақ беріледі. (Қай топ бірінші көтереді сол топ жауап береді)
3-айналым: «Аталар сөзі – ақылдың көзі»
1. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған жыл?
1991 жыл
2. Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қашан қабылданды?
1993 жыл
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қандай тіл?
Қазақ тілі.
4. Ана тілі үшін, елі үшін құрбан болған азаматтарды атаңдар.
Ат жүйрігі айырады ......................(тіл жүйрігі қайырады)
3. Бас кеспек болса да, ......................(тіл кеспек жоқ.)
Қылышынан қан тамған батырды, ........(тілінен бал тамған ақын алады).
Тілі өлген ел - ...............(тірі өлген ел).
Тіл жүйрік емес, ..........(ой жүйрік).
Өнер алды ........(қызыл тіл).
Тіземнен сүріндірсең, сүріндір,
Тілімнен сүріндірме.
Тіл - буынсыз, ой түпсіз.
10.Тіл қаруы - сөз, сөз қаруы - ой.
Тіл жүйріктен де озады.
Ана сүті бой өсіреді,
Ана тілі ой өсіреді.
14.Тіл тас жарады,
Тас жармаса бас жарады.
Тіл буынсыз, ой түпсіз.
Ат жүйрігі айырады,
Тіл жүйрігі қайырады
АҢЫЗ
Мәтінді слайдтан екі тыңдаушыға бөліп оқытып, тест тапсырмаларын орындату:
Ерте, ерте ертеде. Ән алтын күннің астында, ақша бұлттың үстінде ұшып жүреді екен. Ән көркем, әдемі жерлерді көргенде жер бауырлай ұшады. Сонда әннің әсем сазы тыңдаған адамға анық естіледі. Бірде ән кең байтақ қазақ даласының үстінен өтіпті. Көкшенің жерін көріп, көгілдір тауларына, күміс көлдеріне қатты қызығыпты. Ән еріксіз төмендеп, кең даланы айнала жер бауырлай ұшыпты. Ақ жайыққа келіпті. Сыр бойымен ұшыпты. Одан әрі Жетісуға жетіпті. Жеті өзенге шомылып, содан кейін Алатауды әрі асып, қимай-қимай кеткен екен. Төмен ұшқан әнді халқымыз ұйып тыңдап, құлағына құйып алған. Қазақтың көмейіне үн қонып, көкірегіне жыр дарыпты. Содан бері қазақтар асқақтата ән салып, күмбірлете күй тартады. Халқымыз «әнші халық» атанған екен.
«Оқылым» бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
Мәтінге нақтырақ тақырып таңдаңыз.
А)Әнші халық туралы аңыз
В) Ән туралы аңыз
С) Көкше туралы аңыз
Д) Күй туралы аңыз
2.Мәтінге сәйкес емес ақпартты көрсетіңіз.
А)Ән көркем, әдемі жерлерді көргенде жер бауырлай ұшады.
В) Көкшенің жерін көріп, көгілдір тауларына, күміс көлдеріне қатты қызығыпты.
С) Қалықтап ұшқан әнді халқымымыз ұйып тыңдап, құлағына құйып алған.
Д) Қазақтың көмейіне үн қонып, көкірегіне жыр дарыпты.
3.Дұрыс жауапты таңдаңыз
Ән еріксіз төмендеп, кең даланы жер бауырлай ұшып, .........
А) Ақ жайыққа келіпті, сыр бойымен ұшыпты.
В) Жетісуға жетіп, жеті өзенге шомылыпты.
С) Алатаудан әрі асып, қимай-қимай кетіпті.
Д) бәрі дұрыс
Мәтін мазмұнын нақтылайтын қорытындыны таңдаңыз.
Қазақ халқының .................... .
А) өнер сүйгіштігі
В) әншілігі
С) ақындығы
Д) күйшілігі
«СҰЛУ САЗ»
Жұмбақтап берілген жолдар арқылы қандай ән екенін табыңыз.
Бұл әнде өзіне жақын жанның жатпен қол ұстасып кеткендігі жайлы айтылады. (Ақан сері. «Ләйлім»)
Сауықты өмір сүріп, шырқатып әнге салсың, қайғың кемитіні жайында
Сүйген айға да, күнге де теңейтін ән. (Үкілі Ыбырай, «Жайма қоңыр»)
Бұл әнде әшні жерінің кеңдігін мадақтап, бұл маңайда одан асқан жер жоқ екендігін жырлайды. (Жаяу Мұса. «Баянауыл»)
Оқытушы: «Өнерге әркімнің де бар таласы» деген ұлы Абай. Осы шешкен әндеріңіздің ішінен таңдап, бір әнді орындайық. (Ән орындалады)
«Ойна да ойла»
Шарты: Бұл ойын жұппен ойналады.
Музыкалық аспаптар
Төксін десең, сырлы саз
Құлағын тек оң бұра.
Үніне ерсең, жұртың мәз
Ел мақтаны ................ (домбыра)
Бір нәрсе көлемі үлкен едәуір зор,
Айтқаны әп-әдемі өлең мен хор.
Әрпі бар доп-домалақ доп сияқты,
Оқыса үйренеді оқыған қол (нота)
Қалдырмай емге етін,
Қақтаған күн бетін
Астында төмпештің,
Атқарар міндетін (барабан)
Бір нәрсе қараңғыда қаймалайды,
Азнаса көмейінде мал жылайды.
Құйрығын қара жерге тіреп алып,
Келеді баяғының әнін салып. (қобыз)
3.Беті сыммен керілген,
Жеті ішекке берілген.
Жеті жігіт есімі,
Аңызды аспан деседі.
Жұмбақты кім шешеді? (жетіген)
ЖАҢЫЛТПАШТАР Іске тіл ілесе алады, Тілге іс ілесе алмайды.
Электр шамы жанады, Этаждар жымың қағады. Электр жарық бермесе, Экран сөніп қалады.
Хан баласы ханзада Болды ғашық ханшаға. Алып ханнан хабар, Ханшайымды табар.
Әбдіреде әбігер әтеш отыр. Әбігер әтеш отырған Әбдірені әжем ашып жатыр.
Мәтінді оқыңыз.
Ана тілі-арың бұл...
Тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса да қарсы тұруға тиіс.
Амал не, туған тілімізді шұбарлап, аралас сөйлейтіндерді жиі кездестіреміз. Тіпті туған тілден безетін сорақыларды да көргеніміз бар
Мұндайларды кездестіргенде, Паустовскийдің: «Туған тіліне жаны ашымаған адам – жәндік» - деп, ашына айтқаны ойға келеді.
Өкінішке орай, соңғы кезде көптеген жастар ана тілінде тұрпайы сөйлейді. Төл тілінде сөйлеуден безу ақ сүтін беріп, асыраған анаңды ұмытумен бірдей. Ана тілі – ар өлшемі. Олай болса, тілді шұбарлау – арды шұбарлау, көңіл тұнығын лайлау.
Құрметті ақынымыз Қадыр Мырзалиевтің:
«Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл, -
Өз тіліңді құрметте!» - деген тұжырымы – жастармен қатар үлкендерге де қойылатын талап.
Мәтін бойынша сипаттама беріңіз.
Қастерлі Адамға ана сүтімен беріледі Мемлекеттік тіл
Құдіретті
Ұлттық мақтанышымыз Баға жетпес мұра Көзінің қарашығындай қорғау
Сабақты бекіту:
Қазақстанның географиялық картасын құрастырайық. Әр тыңдаушыға географиялық картаның бөліктерін таратып, сол бөлікке әркім ұлтына, мемлекеттік тілге деген тілектерін жазып, оқиды да карта жасаймыз.
Музыка. Жаса, жаса қазақ тілім!
Қорытынды:
«Тілден асқан байлық жоқ» тон-торқа, мал-мүлік, алтын күміс байлығы түпкілікті емес. Күндердің күнінде сарқылады, тозады. Халықпен бірге мәңгі жасайтын тіл байлығы екенін ұмытпайық.