Просмотр содержимого документа
«Тіл - татулық тірегі»
«Гагарин атындағы №34 жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫ
Тақырыбы: «Тіл – татулық тірегі»
(Тіл мерекесіне орай өткізілген сыныптан тыс сабақ)
Қазақ тілі мен әдебиеті
пәні мұғалімі: Сексенбай Жаннұр Серікқызы
Шымкент-2018
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Тіл – татулық тірегі»
Тәрбие сағатының мақсаты: 1.Оқушыларға өз ана тілінің қадір-қаиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғынуға үйрету;
3.Ана тілін қастерлеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Журналдар, суреттер, нақыл сөздер.
Тәрбие сағатының барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын аудару.
ІІ. Кіріспе сөз:
- Құрметті оқушылар, ұстаздар!Бүгін бізде ерекше тәрбие сағаты. «Тіл –татулық тірегі» атты тәрбие сағатының мақсаты - Мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеру.
Анықтама беру: Мемлекетіміз Қазақстан Республикасы деп аталады. Қазақстан Республикасының жер көлемі үлкен.Өз Әнұраны, Елтаңбасы,Туы, Ата заңы бар тәуелсіз елімізді Елбасы Н.Ә.Назарбаев басқарады. Мемлекетімізде бірнеше ұлт өкілдері тұрады. Қазақстан Республикасы тәуелсіз республика болып 1991 жылдың 16-желтоқсанында жарияланды.1989 жылы 22 қыркүйекте Республиканың Жоғарғы кеңесі қабылдаған ҚР-ның Тіл туралы Заңына сәйкес қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді.Яғни, қазақ тілі – мемлекеттік тіл болып жарияланды.22-қыркүйек – Қазақстан Халықтарының Тілдер күні деп жарияланды.
І жүргізуші: - Армысыздар, қадірлі ұлағатты ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі біздің алтын балапандарымыздың тіл мерекесіне арналған тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
ІІ жүргізуші: -Бармысыздар, алты Алаштың ұландары!
«Тіл –татулық тірегі»
Қазақтың тілі мен жүрегі.
Ортаға өз өнерлерін көрсететін оқушыларды шақырамыз.
(Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады).
І жүргізуші:
Туған тілім – тірлігімнің айғағы
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім, менде бірге өсемін,
Өшсе тілім, менде бірге өшемін!
Ортада өз өнерлерін көрсететін бастауыш сынып оқушыларын шақырамыз!
ІІ жүргізуші:
Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген»
І жүргізуші:
Алтай, Ертіс, Сырдария, Есіл,Жайық,
Арасын қоныс қылдым ірге жайып.
Сахнада бір топ оқушылар өз өнерлерін көрсетеді.Мақал-мәтел сайысы (Диалог).
ІІ жүргізуші:
Мен Қазақ, қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға «Алаш» деген атты аламын.
Сүйгенім қазақ, өмірім, өзім қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын!
Сахнада қазақ халқының ұлттық биін тамашалаңыздар.Орындайтын: - сынып оқушылары
І жүргізуші:
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты
Біз жастарға сенеміз!
ІІ жүргізуші:
Елім, жерім қорғайтын ерім болып
Ер жеттім, ен далада лыққа байып.
І жүргізуші:
Ерлік, елдік, бірплік, қайрат, бақ, ардың
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі сен қалдың
«Қазақ елі» әнін қабыл алыңыздар.
ІІ жүргізуші:
Қырандай күшті қанатты
Самғайтын талғап бар жақты,
Біз жастарға сенеміз!
Сахнада өзбек халқының ұлттық биі. Орындайтындар: - сынып оқушылары
І жүргізуші:
-Мен қай тілде еркін сөйлеп,оқи алам,жаза алам.Білім, жұмыс, нан таба алам.Сол менің өз «Ана тілім!»
ІІ жүргізуші: - Қазақ халқы көпұлтты мемлекет. Бірақ тіліміз ортақ, дініміз ортақ,ата-салт дәстүріміз ортақ!
Ортада өзбек халқының ұлттық биін тамашалаңыздар. Орындайтындар: - сынып оқушылары
І жүргізуші:
Ана тілім, жүрегісің анамның
Жүрек-ана, мен, өзіңнен жаралдым
Сағат сайын саулығыңды тілеймін,
Сенсіз мынау керегі не ғаламның!
Көрініс. «Дипломмен ауылға».
ІІ жүргізуші:
Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала.
Әр адамда болу керек төрт Ана!
І жүргізуші:
Сен болмасаң керегі не ғаламның,
Ана тілім, жүрегісің анамның.
ІІ жүргізуші:
Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем!
Сахнада қазақ халқының ұлттық биі «Қара жорғаны» тамашалаңыздар.Орындайтындар: - сынып оқушылары
Қорытынды:
І жүргізуші:Тіл байлығымыз, тарихымыз, мәдениетіміз, әдебиетіміз! Тіл біздің ұлттық намысымыз, арымыз бен барымыз.
Тіл мерейі – ел мерейі!
Ана тіліміздің мерейі үстем болсын!
ІІ жүргізуші: Тіл қандай ұлт, қандай ел болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті!Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, бірге қалыптасады.