Просмотр содержимого документа
«Тілді? мерейі - елді? мерейі»
Тілдің мерейі- елдің мерейі
Мақсаты: оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ана тілін қастерлеуге баулу.
Мухаммед: - Сәлем, достым!
Ақбота: - Сәлем! Қалың қалай!
Мухаммед: - Жақсы! Бүгін не үшін жиналғандарымызды білесің бе?
Ақбота: - Ия, бүгін «Тілдің мерейі- елдің мерейі» атты әдеби кеш болады.
Мухаммед: - Мен Сіздерге «осы тіл не үшін керек?» деген сұрақты қойғым келіп отыр.
Ақбота: - Досым-ау, тіл бір-бірімізбен сөйлесу, түсінісу үшін қажет қой. Бізге мұғалім «Тіл- қарым-қатынас құралы» деп түсіндірді емес пе?
Мухаммед: - Жарайды, тіл- қарым-қатынас құралы-ақ болсын, онда адамдардың бәрі бір ғана тілде сөйлеп, түсінесе бермей ме? Ана тілі деп бөлгені несі?
Ақбота: - Ой, айтқышбегім-ай! Кез келген адамның өз анасы болатыны сияқты, дүние жүзіндегі халықтардың да өз анасы, өз тілі, өз Отаны бар емес пе?
Мухаммед: - Ия, дұрыс айтасың. Сол тілімізді көркейту үшін мектеп табалдырығынан бастап, өз ана тілімізді жетік меңгеруіміз қажет. Алайда, өз ана тіліне мән бермейтін балалар да кездесіп, ата-ана мен балалар арасында түсінбеушіліктер байқалып жатады. Ендеше, әзіл-сықақ көріністі тамашалайық.
Көрініс: «Сырласу»
Қатысатындар: Әкесі: Райымбек
Баласы: Айтан
Ақбота: Адамның бәрі бірдей емес, түсінігі төмен, білімі таяз жандар болатыны рас, ондайлар жайлы қырғыз ақыны Берік Сарноғаев былай деген екен:
Ана тілін білмеген-
Ақылы жоқ желік бас.
Ана тілін сүймеген-
Халқын сүйіп жарытпас.
Мухаммед: Ал халқымыздың кемеңгер жазушысы Ғабит Мүсірепов: «Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді» деген екен.
Ақбота:
Қымбат маған ана тілім, бал тілім
Қымбат маған дана тілім, ар тілім.
Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма,
Ана тілім ардақ тұтар алтыным.
Ана тілін жырлап өткен талайлар,
Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар.
Қасиетті менің ана тілімде,
Өшпес мәңгі алаулаған арай бар.
Өлең-жырмен арайланса, тау күліп,
Ардақтымды жырлап өтем ән қылып.
Мағжан, Қасым, Мұқағали жырларын,
Жалғастырып жаза берем мәңгілік.
Сөз кезегін ана тілі туралы өлеңдерге береміз. ( ортаға өлеңді мәнерлеп оқитын оқушылар шығады)
Мухаммед: - Ата-бабаларымыздан бізге жеткен ғибрат аларлық, тамаша тәлім-тәрбие берелік өсиет сөздер өте көп.
Ақбота: - Күнделікті өмірде ата-әжелеріміздің, ата-аналарымыздың айтып отыратын сол ұлағатты сөздеріне мән берейік. Көрініс: «Қарт пен жігіт»
Мухаммед: - Ана тілім, дана тілім, бақ тілім,
Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?
Сенсің менің қасіретім, шаттығым,
Сенсің менің тазалығым, пәктігім.
Ән: «Рух пен тіл». Орындайтындар: Райымбек, Арман, Айтан.
Ақбота: Бүгінгі «Тілдің мерейі- елдің мерейі» атты әдеби кешімізге қатысып отырған әдістеме бірлестік жетекшісі Адамжанов Ханбек Жұманұлына сөз кезегін береміз.
Мұхаммед: Бүгінгі 7- сынып оқушыларының өткізген әдеби кешімізді тамашалағандарыңызға көп рахмет! «Тілдің мерейі- елдің мерейі» атты әдеби кешімізді жабық деп жариялаймыз!