kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тілді? мерейі-елді? мерейі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: Тілді? мерейі-елді? мерейі

Саба?ымны? ма?саты:ана тілімізді? мерейін к?теру,?олданыс аясын ке?ейту,елін, жерін с?йетін,Отанын ?ор?айтын азаматтар т?рбиелеу.Тіл м?ртебесін к?теру-елді? мерейін ?стемдетіп к?кке шары?тау.?аза? тілі - атадан бала?а мирас болып келе жат?ан ??нды ?азына.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тілді? мерейі-елді? мерейі»

«15 орта мектебі»ММ






















ТӘРБИЕ САҒАТЫ

ТАҚЫРЫБЫ:

Тілдің мерейі – елдің мерейі









Дайындаған:

6 «Г» сыныбының сынып жетекшісі Кобланова А.Н.












2014-2015 оқу жылы


Мұғалім:Құрметті ұстаздар,оқушылар!

Бүгінгі тәрбие сағатымыздың мақсаты:ана тіліміздің мерейін көтеру,қолданыс аясын кеңейту,елін,жерін сүйетін,Отанын қорғайтын адал азамат тәрбиелеу.

Гулнұр: Қымбатты ұстаздар,қонақтар, тіл жанашырлары! Тіл мәртебесін көтеру - елдің мерейін үстемдетіп көкке шарықтау. «Қазақ» деген атқа лайық, қазақ екенін дәлелдейтін ұлттың сұлу да сазды , көркейген тілі болуы керек.

Арай: сол тілді биікке самғататын ұл – қыздары, жас ұрпағы болуы керек болса, сол ұрпақ алдарыңызда тұр. Ендеше «Тілдің мерейі – елдің мерейі» атты 6 г сыныбында ұйымдастырылған тәрбие сағатына қош келдіңіздер.

Гулнар: Тәуелсіз елдің басты белгілерінің бірі – тіл. Тіл деңгейін көтеру – өз халқына , дініне жаны ашитын әрбір азаматтың борышы.

Қазақ қазақ болғалы

Тіл үшін күрес – көргені

Көргені көп тілімнің

Мүмкін емес өлмегі.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы толғауы тоқсан қызыл тілге арналады.

Арай:Қазақ тілі – бұл ана тілі, бұл ең көркем, бай тіл. Ол атадан балаға мирас болып келе жатқан құнды қазына. Ананың ақ сүтімен бойымызға сіңген ана тіл қай кезде де бізге қуат берері хақ.

Нұржан:

Туған бала бейшара кейуанадан

Мойынсұнып тағдырға көнген аман.

Анасының тілінде сөлемейтін –

Қалтыраған көлеңке, өлген адам!

Сүндет:

Ана тілім, ана сүтін ақтаған,

Оны Орхон, Енисей де сақтаған.

Құрта алмаған тіпті «Алакөл сұлама»,

Қорғаған ел «шұбырынды ақтабан».

Амангүл:

Болмақсың ба рухани Аралым,

Саған құймай қайда қаңғып қаламын?!

Бекінісім біріспейтін өліспей,

Ана тілім – ең соңғы ұлттық қамалым.

Нұрдәулет:

Сүйемін туған тілді – анам тілін,

Бесікте жатқанымда ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан

Құлағыма сіңірген таныс үнін.

Райхан:

Тілімді арымдай сақтаймын,

Ділімді тексіз боп шатпаймын.

Құқымның пәктігін дәлелдеп,

Ұлтымның бай тілін жаттаймын.

Нұрсұлтан:

Қасиетің, ана тіл аз ба сенің,

Өзің барда ескірмес, тозбас елім.

Сен болмасаң ұлы Абай ақын болып,

Мұқағали отты өлең жазбас еді.

Айдана:

Асанқайғы, Жиренше

Сөйлеп өткен қазақ тіл.

Жәнібек пен Қойлыбай

Сыйлап өткен ғажап тіл...

Мерей:

Туған жері – түп қазығы, айбыны,

Туған тілі сатылмайтын байлығы,

Туған дәстүр салт санасы – тірегі,

Қадамына шуақ шашар үнемі...

Жанар:

Ана тілім – жүрегісің анамның,

Жүрек – ана, мен өзіңнен таралдым.

Сағат сайын саулығыңды тілеймін,

Сенсіз маған керегі жоқ ғаламның.

Дінмұхаммед:

Қазақ тілі – өз тілім, дана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым, дара тілім!

Әсемай:

Ана тілін жырлап өткен талайлар,

Жырлап өткен Ыбырайлар, Абайлар!

Қасиетті менің ана тілімде

Өшпес мәңгі алаулағаг арай бар!

Әділ:

Тілім менің!

Тілім үшін мың өліп тірілді елім.

Арманыммен, арыммен қатар қойып,

Тілді қорғау- парызым бүгін менің.

Ұлболсын:

Тілім менің!

Ұлы Абайдай, Мұхтардай пірім менің!

Тұнығым, рухани жан азығым,

Ол бүлінсе менің де бүлінгенім.

Сүндет:

Алтай мен Атыраудың, Арқа мен Алатаудың арасындағы сахараны мекендеген қазақтың Әлейхан Бөкейхан, Мұстафа Шоқай, Ахмет Байтұрсынұлы сынды біртуар ұлдары ХХ ғасырдың өзінде тәуелсіз алаш мемлекетін құруға бекер белсене кіріспеген болар...

Нұрдаулет: Мағжан Жұмабаевтың «Ана тілі» атты өлеңінде

«Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың

Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың.

Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,

Нұрлы жұлдыз – бабам тілі, сен қалдың» - деп жырлаған.

Ержан: аққан жұлдыздай жарқ етіп өте шыққан Сұлтанмахмұт Торайғыров та ана тілін арының туы еткен.

Сүйемін туған тілді – анам тілін,

Бесікте жатқаным да ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан

Құлағыма сіңірген таныс үнін» деген өлең жолдарын тебіренбей оқи алмайсың.

Мерей: Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз – ана тілі. Тілімізді шұбарлатып сөйлеуге жол бермеуіміз керек. Ана тілі - ар өлшемі. Осы орайда ақын Қадыр Мырзаәлидің

«Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрің біл

Өз тіліңді құрметте» деген өлең жодары еріксіз ойымызға оралады.

Райхан: Ана тіліміздің шырайы мсен шұрайына сонау ерте замандардан – ақ шетел саяхатшылары, ғалымдары ерекше мән берген. Ұлы Пушкин қазақ даласына келіп «Қозы – Көрпеш – Баян сұлу» сияқты жырларымызға тамсанса , әйгілі ғалым Радлов «Қазақтар тамаша шешен сөйлеп,әңгіме айтуды ұнатады, аса бай поэзияға ие» деп жазған.

Ақтілек: Қазіргі таңда ана тілімізге жаны ашып жүрген - ақын ағамыз Мұхтар Шаханов. Ақын «Тілін сыйламаған адам ұлтын сыйлауға қабілетсіз. Тіл – әр ұлттың ең ұлы анасы. Әлемдегеі өркениеті дамыған елу елдің құрамына ену идеясын біз де қуаттаймыз. Бірақ елуінші емес, бірінші нөмірлі мемлекетке айналсақ та ,тіліміз бен рухымыздан айырылсақ, ол біз үшін өліммен тең» деген екен. Төлеген Айбергенов «Сағыныш» атты өлеңінде

«Жалғасын сен айт бұл асқақ әннің,

Жабылып кетсем егер мен

Ғұлама жылдар судырлатқанда парағын» деп ақынға үлкен сенім артқан. Қазір Мұхтар ағамыз сол сенімді ақтап әлемдік поезиядан өзіндік орынын алған тұлға.

Жанар:Тіл - жалықпас мұрагер,

Өлсеңде жоқтау арнаған.

Тіл – «шаппай бер» Құлагер,

Алдына өнер салмаған.

Тіл - Төлеген ажалы,

Саналы жанды күрсінткен.

Тіл – Қыз Жібек ажары,

Жүрегі барды сүйсінткен.

Арай: Қазақ тілі – Қазақстан мәртебесі, мақтанышы. Тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болды. Енді осы ана тіліміздің өрісін кеңейту, қолданыс аясын барынша ұлғайту – біздің міндетіміз.

Бүгінгі ашық тәрбие сағатымызға уақыт бөліп келгендеріңізге көп рахмет,сау болыңыздар!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Тілді? мерейі-елді? мерейі

Автор: ?обланова Айтг?л Назарбаевна

Дата: 26.02.2016

Номер свидетельства: 299253

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "т?рбие са?аты: Тілді? мерейі - елді? мерейі"
    ["seo_title"] => string(47) "t-rbiie-sag-aty-tildin-mierieii-ieldin-mierieii"
    ["file_id"] => string(6) "248753"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1446784586"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "Тілді? мерейі - елді? мерейі"
    ["seo_title"] => string(31) "tildin_mierieii_ieldin_mierieii"
    ["file_id"] => string(6) "346002"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1474884353"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) ""Білім  мен  білік"  сайысы"
    ["seo_title"] => string(20) "bilimmienbiliksaiysy"
    ["file_id"] => string(6) "290016"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454912324"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) ""Тілді? мерейі,елді? мерейі" "
    ["seo_title"] => string(31) "tildin-mierieii-ieldin-mierieii"
    ["file_id"] => string(6) "232594"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1442862546"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "Семейный час "Тілді? мерейі -елді? мерейі""
    ["seo_title"] => string(42) "siemieinyichastildinmierieiiieldinmierieii"
    ["file_id"] => string(6) "304045"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1457634846"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства