Балаларды ту?ан хал?ыны? тілін ?астерлейтін саналы да парасатты азамат етіп т?рбиелеу. Отанымызды? байлы?ын ?ор?ау?а, елімізді ?ркендетуге білімді ?рпа? болу?а т?рбиелеу.
Ана тілі –адам болып жарал?аннан бері жан д?ниесіні? айнасы, ?сіп-?ніп, т?рлене беретін,м??гі ??ламайтын б?йтерегі.Ана тілі ж?ректіні? тере? сырларын, халы? тарихыны? барлы? кезе?дерін, жанны? барлы? тол?ындарын ?рпа?тан –?рпа??а са?тап отыратын ?азына.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Семейный час "Тілді? мерейі -елді? мерейі"»
Сабақтың тақырыбы: "Тілдің мерейі -елдің мерейі"
Мақсаты: Балаларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу. Отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Оқу залын тақырыпқа лайық безендіру, нақыл сөздер.
Тәрбиеші: Ана тілі –адам болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін,мәңгі құламайтын бәйтерегі.Ана тілі жүректінің терең сырларын, халық тарихының барлық кезеңдерін, жанның барлық толқындарын ұрпақтан –ұрпаққа сақтап отыратын қазына.
Дәулетхан: Ана тілім- тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сөз ойдағы,
Тілім өссе, мен де бірге өсемін,
Тілім өшсе, мен де бірге өшемін.
Дәурен: Ана тілін білмеген –ақылы жоқ желікбас,
Ана тілін сүймеген –халқын сүйіп жарытпас.
Милана: Туған тілім –бабам тілім -өз тілім,
Туған тілім –анам тілім –өз тілім,
Туған тілім –далам тілім –өз тілім,
Туған тілім –адам тілім –өз тілім.
Руслан: Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып –ақ алыңдар!
Тәрбиеші:
Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй.
«Ана тілім» әнін таңдау.
Жұлдыз: Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы , ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жаттап тоқы көңілге.
-Балалар, тіл туралы біз не білеміз? Ойларымызды ортаға салайық.
Айнұр: Халық бар жерде тіл бар. Тіл бар жерде өнер бар. Өнер бар жерде жанкүйер бар. Әр халықтың ана тілі –оның бақыты, оның қуанышы.
Ләззат: Туған тілің мақтан ету, оны таза сақтау, оның өрлеп, өсе түсуіне еңбек сіңіру –әрбір қазақ отбасының жүрегі.
Диана: Халықтың қуаты –тілдің қуаты. Біз ана тілімізді ең айтқыш, ең білгір, ең бай тілдердің біріне айналдыруымыз керек.
-Балалар, тіл туралы қандай мақалдар білеміз?
1. Өнер алды қызыл тіл.
2. Тіл тас жарады,
Тас жармаса, бас жарады.
3. Шебердің қолы ортақ,
Шешеннің тілі ортақ..
4. Тіл қылыштан өткір.
5. Басқа бәле тілден.
Тәрбиеші: Қалың елім қазағыңа қорған бол!
Жеткіншегім жайқала өсіп орман бол,
Шет тілі мен компьютерді меңгеріп,
Елге тірек, нағыз ұлттық тұлға бол!
Қазақстан туралы не білеміз?
Мен Қазақстанда тұрамын. Мен Қазақстанда білім алып жатырмын. Мен еліммен мақтанамын. Елімнің гүлдене бергенін қалаймын.
Ой қозғау:
- Біз қандай мемлекетте тұрамыз? - Қазақстан.
- ҚР - ның халқы қай тілде сөйлеу керек?
- ҚР – ның халқы қазақ тілінде сөйлеу керек.
- Біздің тұңғыш президентіміздің аты - жөнін білесіңдер ме?
-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаева.
17 қаңтар күні «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауын жариялады.
Тәрбиеші сөзі. Міне балалар біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын - қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан тәуелсіздік алды.
Сөзжұмбақ «Жолдау» сөзі шығу керек. (5мин)
1. Әлемдік сөзінің синонимі (жаһандық)
2. Отағасының антонимі (отанасы)
3. Ата - ана тәрбиелейді? (бала)
4. «…- біздің табысты болашағымыздың негізі» (Ұлт денсаулығы)
5. Тіл дамуы, сақталуы үшін қандай қаріпке көшпекпіз? (латын)
6. Ел ертеңі жарқын болу үшін не істеу керек? (Білім алу)
(Бейне фильм) (7 мин)
- Ендеше, балалар, бүгін Жолдау туралы да әңгімелесейік. 2050 Стратегиясының жаңа логотипі бірліктің мазмұны. Ол қазақтың ұғымындағы бірлік пен қауымдастық белгісін бейнелейтін әлем иллюзиясының бірігуі мен үндесу идеясын көрсетеді. Біріншіден, логотиптің негізі болып табылатын шаңырақты біз алдымен елтаңбадан көре аламыз. Шаңырақ өз үйіміздің призмасынан көрінетін аспанның символы. Бізде ортақ аспан, ортақ Отанымыз Қазақстан және ортақ ұлттық идеямыз 2050 Стратегиямыз бар. Шаңырақ сөзі «шаң» - күн деген ұғымнан бастау алады. Сол себепті де болар, ол қазақстандықтарға көпұлтты елдегі бірліктің белгісі ретінде танылады. Қазақстандықтардың барлығы тізе қосып әрекет қылғанда ғана ұлы белестерді бағындыра алмақ. Стратегия символының негізі мемлекеттік елтаңба, шаңырақ, кереге, дархан дала көкжиегі, теңіздің шексіздігі, ағайынды жұрттың қол ұстасуы мен ел бірлігі. Белгінің мазмұны бірлік пен қуатта. Аталмыш белгі Қазақстан халқына етене таныс және жақын болып келетін дөңгелек шеңбер түріндегі қиылысқан жартылай мөлдір сәулелерден тұрады. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арналған дәстүрлі Жолдауын жариялады. Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы бойынша Президенттің жалпыұлттық идеясы - болашақ табыстардың негізі екені баса айтылды. Ал ең бастысы - еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. «Мәңгілік ел» идеясы – елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея. Осының барлығы дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз. Елбасы Жолдауында білім саласы қызметкерлерінің алдына үлкен міндеттер қойды. «Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3 - 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда.. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс, деп атап көрсетті. Осыған орай, үлкен жауапкершілік жүктеліп отырған мұғалімдерге жаңашылдықпен жұмыс жасауға тура келеді. Тағы бір жайт - тіл мәселесі. Сондықтан Елбасымыз да тілді дау - дамайдың төркініне емес, даму мен өркендеудің негізіне, ұлттың ұйытқысына айналдыру –баршамыздың парызымыз екендігін бәрімізге де тағы бір мәрте тиянақты ұғындырды деп ойлаймын. Мәңгілік елдің мәңгілік тіліне айналған тіліміздің мәртебесі арта берері анық. Елбасының әр Жолдауы –толғауы терең қайталанбас дүние. Биылғы Жолдау да Президентіміздің өзіндік стиліне сәйкес көптеген ерекшеліктерімен ел есінде қалады деген сенімдемін. Елбасы Жолдауында өмірдің баға жетпес құндылығы – балаға, бала тәрбиесіне, болашағына көп көңіл бөліп отыр. Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ. Президент Жолдауының «Ұлт денсаулығы - біздің табысты болашағымыздың негізі» тарауында Қазақстан халқының денсаулығын сақтау, балаларымыздың денсаулығын қамтамасыз ету ісіне жаңа тәсілдер енгізу мәселесі, ауылдағы медициналық қызметтердің сапасын арттыру көзделген. Бұл Жолдаудың іске асырылуы – Қазақстан Республикасын әлемнің дамыған мемлекеттерінің қатарына шығаратыны сөзсіз.