Қазақ тілінің ұлт мәдениетінің негізі, рухани өзегі екенін жете түсінуге жан-жақты бағдар беру,ана тілінің қалыптасуы мен дамуына қызығушылықты өрістету;ә) сұхбатқа шақыру, ой тастау әдісі арқылы оқушының тіл білімінің сын-сипатын танып-білуге деген ізденісін дамыту арқылы талдау, зерттеу-зерделеу дағдыларына бағдар беру; б) ана тілдің адам өміріндегі, ұлт тағдырындағы орны мен маңызы жөніндегі азаматтық пікірін қалыптастыруына ықпал ету.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Тіл – ұлттың жаны»
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 8
Күні
Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі - ұлттық мәдени, рухани асыл мұра
Сабақтың мақсаты: а) Қазақ тілінің ұлт мәдениетінің негізі, рухани өзегі екенін жете түсінуге жан-жақты бағдар беру,ана тілінің қалыптасуы мен дамуына қызығушылықты өрістету;
ә) сұхбатқа шақыру, ой тастау әдісі арқылы оқушының тіл білімінің сын-сипатын танып-білуге деген ізденісін дамыту арқылы талдау, зерттеу-зерделеу дағдыларына бағдар беру;
б) ана тілдің адам өміріндегі, ұлт тағдырындағы орны мен маңызы жөніндегі азаматтық пікірін қалыптастыруына ықпал ету.
Ақылды жеткіншек! Тіл тағдырының ұлт тағдырымен тығыз байланысты құдіретті күш екені жайлы ойланып көрдің бе?
Тіл – тұмар! Тұмар – халқымыз қастерлейтін киелі ұғым. Тіл – елдіктің туы! Туды жықпай, тек биікте желбірету керек. Осы бойтұмарды үкілеп болашаққа апару, ұрпақтар ісін жалғастыру дәстүрі саған да тән. Оған сен де үлес қосасың, зерделі дос
ә) «Еркін пікір алаңында» ой бөлісу :
Төмендегі Бауыржандай батыр бабамыздың сөзі туралы өз ойыңды айтып көрші. Сен бұл сөзге қандай дәлел қосар едің?
Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту.
Б.Момышұлы
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Ұсынылған ақпараттық мәтінді танысу барысында төмендегідей бағдарды ұстану:
Біз ХХІ ғасырда өмір сүріп отырмыз.
Қазақ тілінің бастауы, қалыптасу, даму кезеңіне назар аударар болсақ, тілдің де тағдыры адам тағдырымен үндес.
Дүниежүзіндегі тулдер туралы дерек және олардың қызметі.
Тіл – тарихи, мәдени құндылық.
Халық өміріндегі тілдің мәні мен маңызы:
– бүкіл ғұмыры мен өмір-тіршілігінің куәгері, сырлас та мұңдас серігі;
– ұрпақтан ұрпаққа аманат ететін тарихы мен мәдениеті, өнерінің алтын кілті;
– қоғамның дамуын зерделеп, заман өзгерістерін саралап, бойына сіңіріп, өзіне таныс тілде сөйлете алатын қуатты күш;
– ұлт тағдырына мәңгілік ғұмыр сыйлайтын ғажайып құбылыс;
– тірі, жанды құбылыс – шебер суретші, шешен би, кемел дана, мейірімді ана, ойшыл баба, алтын қолды зергер, асыл ойлы ұстаз.
Жаңа сабақты түсіндіру мен білімді бекіту барысында төмендегідей бағытта ой тұжырымдау пікірін ортаға салуға ықпал ету:
Тілдің жасалуы, қалыптасуы мен дамуы.
Тілдегі сөздер, ой ішіндегі байланысы.
Тілдің танымдық, тағылымдық сипаты.
Тілге қатысты азаматтық парыз бен міндет.
Төмендегі сөздерді кеспе қағаздар арқылы таратып, әр оқушының пікірін тыңдау
«Жүздеген ғасырлардың тарихын тербеген дала төсінде өмір сүрген ата-бабаларымыздың көкірек сыры мен жүрегінің үнін жеткізген қасиетті аманаты – тіл. Баба аманатын киелі тұмар ретінде қастерлеп, ұрпақтан ұрпаққа жеткізген парасат иелерінен қабылдап алдық. Ал бізге күш берер киелі тұмар тұрғанда ұлттық мәдениетіміздің де туы биік, ұлтымыздың да ғұмыры мәңгілік бола береді.»
Жаттығумен жұмыс: 1, 2- жаттығуларды орындап, тіл тақырыбында пікір қорытып, ой толғауға мүмкіндік тудыру.
1-жаттығу. Теледидардан берілетін тіл туралы қандай бағдарламаларды білесіңдер? Өздеріңе ұнайтын телехабар жүргізушісі туралы пікірлеріңді жазбаша түрде даярлап, жолдастарыңа оқып беріңдер.
2-жаттығу. Төмендегі дәйексөздермен танысыңдар, әр пікір төңірегінде ой толғаңдар.
Халық арасында не бір жаңа сөз, жаңа ұғымдар туып жатады, бұл – табиғи процесс. Солардың шала туғандары өліп, мезгілін біліп туған өміршеңдері қанаттанып, азаматтық сөздер қатарына қосылады. Құдайға шүкір, сөздік қоры жағынан қазақ тілі ешкімнен кем де, кедей де емес, әдебиетіміздің қаулап өсуінің бір себебі осында жатқан сияқты.
(М.Әуезов)
Менің анам жақсы десем, бұдан өзгенің анасы жаман деген ұғым тумақ емес, бұл өзгенің шамына тимейтін сөз болса керек.
Қазіргі қазақ тілі – небір керемет философиялық толғаныстарды да, күрделі терең ойларды да, қылдан нәзік, жібектен биязы, аяулы сезім тебіреністерін де емін-еркін әсерлі жеткізетін көсілмелі, кең құлашты көркем тіл, «толқынын жүрегіңнің хаттай танытар» ғажап тілдердің бірі. Бұған қазақ баласы мақтана алады.
(М.Әлімбаев
Білімді бекіту: 3-жаттығуды орындату арқылы жазбаша шығармашылық жұмыс жасауға бағыт беру.
3-жаттығу. Төмендегі дәйексөздерді эпиграф ретінде пайдаланып, «Туған тілім» немесе «Туған жерім» деген тақырыпта өлең, эссе, мақала, т.б жазыңдар.
Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде.
(Н.Назарбаев)
Туған жер – тұғырың,
Туған ел – қыдырың.
(Мақал)
Ой қорыту: өтілген тақырыпқа байланысты ой қорыту сұрақтары:
Бағалау : жазбаша және ауызша жұмыстар негізінде бағалау.
Үйге тапсырма: 4-жаттығу.
1. Көне түркі жазба ескерткіштері туралы ойды жинақтап, 7-сыныпта алған мәліметтерді еске түсіре отырып, «Әр сөзде терең тарих бар» тақырыбында пікір алмасуға мәтін дайындау.
2. «Ана тілдің тағдыры: бүгін және болашақта» деген тақырыпта қазақ тілінің қоғамдағы орны, қолданылуы, мәртебесі және болашақтағы мүмкіндіктері туралы қорытынды пікір жазу.
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 8
Күні:
Сабақтың тақырыбы: Қазақ әдеби тілі
Сабақтың мақсаты: а) Қазақ әдеби тілі туралы ұғым-деректермен терең танысып, аталған тақырыпта білім негізін нығайтуға жағдай тудыру;
ә) әдеби тілдің ғылыми-теориялық негізін, қалыптасу, даму, зерттелу жайына қатысты ақпараттық-дерек көздері мен материалдарды зерделеп, саралау дағдыларын дамыту;
б) әдеби тілдік қолданыс мәдениетін меңгеруге ынталандыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, шығармашылық талдау, зерттеу ізденісіне бағдар
Сабақтың көрнекілігі: сөздік түрлері (түсіндірме, орфографиялық, орфоэпиялық,т.б.), қосымша мысалдар топтамасы (көркем әдебиет туындылары, газет, журнал, т.б.).
Пәнаралық байланыс: әдебиет, география, тарих, орыс тілі.
Міне, біз ендідұрыс сөйлеп, жаза білу туралы ой қозғаймыз. Әрине, әдемі де жатық сөйлеумен қатар, сен әдеби тіл туралы мағлұматты да жақсы меңгеруің керек. Тілші-ғалым М.Балақаев «Әдеби тіл – жазба тіл. Жазба әдебиет арқылы тіл байлықтары, оның құрылысы сымбатты қалыпқа түсіп, екшеледі. Жазуы болмаған халықтың тілі әдеби тіл дәрежесіне көтеріле алмайды» деген екен. Сонда қалай, жазба тілге дейінгі тіл әдеби тіл болмағаны ма? Сен қалай ойлайсың, зерделі жас? Ал, қане, әдеби тіл туралы мәліметтермен танысып көрейік.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
1. «Әр сөзде терең тарих бар» тақырыбында пікір алмастыру.
2. «Ана тілдің тағдыры: бүгін және болашақта» деген тақырыпта жазылған пікірлерін оқыту.
б) Жаңа сабақты түсіндіру бағыттары:
Әдеби тіл туралы білімнің қалыптасу негіздері.
Тілші-ғалым Р.Сыздықованың еңбектері.
«Әдеби тіл дегеннің ең басты белгісі – оның өңделген, сұрыпталған, нормаланған тілі болуы керек. Қызметі жағынан халықтың өмірінде ұйымдастырушы, қоғам мүшелерінің басын қосушы сипаты болуы керек. Әр құбылыстың мәні мен сипатын қарама-қарсы құбылыспен салыстыра отырып айқындайтын болсақ, әдеби тілді тану үшін қарама-қарсы қойылатын басты құбылыс – ауызекі сөйлеу тілі. Әдеби тіл қолданылу тәжірибесінде қоғам сынынан өтіп, нормаларын қоғам санасы қабылдаған және ол нормалар барша үлгілерге ортақ нормалар болуы керек» («Қазақ әдеби тілінің тарихы» еңбегінен) деген ғалым пікіріне өзіндік пікірлерін тыңдау.
Қазақ тілі тарихындағы әдеби тілге қатысты ғылыми еңбектер. Зерттеуші ғалымдар пікірлері («Әдеби тіл дегеніміз – жалпыхалықтық тілдің хатқа түскен, белгілі бір дәрежеде өңделген ерекше түрі», «Әдеби тілдің тарихы – жазба ескерткіштердің тарихы») туралы ой зерделеу сәттерін ұйымдастыру.
Әдеби тілдің нормалары. Грамматикалық норма (грамматикалық тұлғалардың бір қалыпқа түсіп дағдыға айналып жұмсалуы – грамматикалық норма).
Әдеби тілдің грамматикалық нормасының қалыптасу кезеңдері:
ХV–ХVІІ ғасырлардағы ауызша әдеби тілдің грамматикалық сипаты;
ХVІІ ғасырдағы әдеби тілдің грамматикалық сипаты;
ХІХ ғасырдың І жартысындағы әдеби тілдің грамматикалық сипаты.
Назар аударту:
Грамматикалық норма бойынша жалғаулар бірізділікпен жалғанады: әуелі көптік, сонан кейін тәуелдік, өз кезегінде септік жалғаулары жүреді. Бұл заңдылыққа бағынбайтын сөздер кездеседі. Күнделікті қолданылатын, туыстық атауды білдіретін әке, әже, апа, көке, аға сияқты зат есімдерді қолдану барысында кей жағдайда нормадан ауытқушылық байқалады. Мысалы: ағаларым, әжелерің (зат есім+көптік жалғау+тәуелдік жалғау – нормаға сай) деген қолданыс көптік мағына беруге қызмет етсе, ағамдар, әжемдер (зат есім+тәуелдік жалғау+көптік жалғау – нормадан ауытқу) деп қолдану жеке адамға қатысты сияқты болғанмен, топтық мағына береді.
Білімді пысықтау:
5-жаттығу. «Аталар айтқан асыл сөз» тақырыбында ой толғау. Әдеби тіл нормаларының сақталуына назар аударту.
Халықтың мәңгі ғұмыры – оның тілінде. Әрбір тіл өзінің халқы үшін ұлы.
(Ш.Айтматов)
Тілден биік асқар жоқ,
Тілден асқан байлық жоқ,
Тілден терең теңіз жоқ.
(Ғ.Мүсірепов)
Сөз – халқымыздың қымбат, асыл байлығы. Мен оларды көзіме адамдар тәрізді елестетем. Олардың да жаны бар, қаны бар. Олар өмір сүреді. Жақсы жазушы үздік қолбасшымен бірдей. Сөздердің басын қосып, жұмылдыра біледі. Ал ынтымақпен бірігіп, жалын атқан сөздерден күшті нәрсе жоқ. Батыр да дара емес, елімен ер емес пе?
«Қаһарман сөз қамал бұзады» деген мақал осыдан шыққан.
(Б.Момышұлы)
Грамматика тілге сырттан заң шығармайды, тілдің дәстүрін түсіндіріп, орнықтырады.
(А.С.Пушкин)
6-жаттығу. Сөз қолданыстарының нормасын анықтауға тапсырма (сөздіктер мен көркем әдебиет, баспасөз мысалдарынан) орындату.
Білімді бекіту.
7-жаттығу. Әдеби нормаға сай сөздерді анықтау. Сөздерді қатыстырып, сөйлем құрап жазу.
бүршік – бүртік
әлгідей – әлгіндей
қабырға – қабыртқа
титтей – титімдей
онша – оншалықты
сен кел – сен келгін
көремін – көрем
үшеу – үшеусі
шалбар – сым
пияз – жуа – сарымсақ
Өзіндік тапсырма.
Үлестірме мәтіндерден сөйлемдерді талдай отырып, әдеби норма түрлеріне қатысты мысалдар тауып жазу. Өз ойларын дәлелдеу.
Үйге тапсырма.
«Тілтаным» айдарымен жұмыс. Өзіндік мысалдарын тауып келу
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 8
Күні:
Сабақ тақырыбы: Әдеби тілдің грамматикалық нормалары
Сабақтың мақсаты: а) Әдеби тілдің грамматикалық нормалары туралы білімді бекітуге бағдар беру;
ә) алынған білімді өмірде жарата білу дағды-машығын дамытуға ықпал ету;
б) сөз қолданыс, сауатты ой жүйелеу мәнерін қалыптастыруға баулу.
Сабақтың түрі: білімді бекіту сабағы
Сабақтың әдісі: өзіндік ізденіс, сараптамалық талдау, жартылай зерттеу ізденісі
Сабақтың көрнекілігі: қазақ әдебиеті, ауыз әдебиеті нұсқалары.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
«Тілтаным» айдарына қатысты даярланған мысалдарды талдау.
б) Білімді бекіту:
1. Норма түрлеріне қатысты даярланған тапсырмалармен жұмыс.
2. Әдеби нұсқалардағы ескі, жаңа қолданыстар туралы. ( менім нұсқасы, т.т.).
3. Морфологиялық тәсілдердің көрінісі (сөзді септеу, жіктеу, тәуелдеу, сөздердің қиысу, қабысу, жанасу, меңгерілу тәсілдері, етістіктің рай категориялары) және осы күнгі нормаға сай немесе нормадан ауытқу қолданыстары.
в) Кітаппен жұмыс.
8-жаттығу. Фразеологизмдердің бірнешеуін тақырып етіп алып, шағын мәтіндер құрату. Үлгі бойынша мағынасына түсініктеме бергізу.
Үлгі:
Далаға кетті.
Арман «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға дайындалды. Алайда еңбегі далаға кетті. Себебі, оқуға қажетті маңызды бір құжатын жоғалтып алды...
Түсінік: Еңбектеніп жинаған нәрсе жүзеге аспай қалып, босқа кетсе, оны далаға кетті дейді.
9-жаттығу. Абай мен Ыбырай шығармаларын талдай отырып, әдеби тіл нормаларына мысалдар қарастыру.
10-жаттығу. «Ертегілердегі әдемі ой иірімдері» тақырыбында өздерің таңдаған ертегілердегі шебер қолданыстарды тауып, қандай көркемдегіш тәсілдер қолданылып тұрғанын, сөздердің байланысын талдау.
Ой қорыту. Бағалау.
1. «Әдеби тілдің нормалары және оларды білу маңызы» тақырыбында пікір алмасу.
2. Үйден ойын жинақтап, жазып келу.
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 8
Күні:
Сабақ тақырыбы:Әдеби тіл нормалары және нормадан ауытқу (мәтінге тілдік талдау)
Сабақтың мақсаты: а) әдеби норма туралы түсінікті кеңейту, мәтінге тілдік талдау жасауға мүмкіндік тудыру;
ә)оқушының ойлау, зерделеу дағдыларын дамыту арқылы тілдік құрлымдарды өз бетінше талдап, ізденуіне бағыт беру;
б) сөйлеу мәдениетін меңгеруге ынталандыру.
Сабақтың түрі :аралас сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену, талдау
Сабақтың көрнекілігі :үлестірмелі мәтіндер, газет-журнал, көркем әдебиеттер, кестелер көшірмесі.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, құқық .
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың дайындығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару мақсатындасұхбатқа шақыру.
Тіл мәдениеті, жазу сауаттылығы –
ұлттық мәдениет көрсеткіші.
(Р.Сыздықова)
Тіл нормаларынан ауытқу туралы сөз қозғар алдында 7-сыныпта «Тілтаным» деректерінен танысқан тұлғалық өзгерістер (бармаймын – барман, алғанмын – алғам, т.б.) туралы білгеніңді есіңе түсір. Өз білгеніңе тереңірек үңілу, өз тіліңнің ерекшеліктерін танып-білуге ұмтылу – сөздерді орынды қолдану мен тіл нормаларынан ауытқымай (немесе белгілі жағдайларда жөнімен ауытқып), салауатты да сауатты пікір айтуға жол ашады. Сен бұл туралы не айтар едің? Нормадан ауытқымау немесе жөнімен ауытқу туралы өз пікіріңді тұжырымда.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
«Әдеби тілдің нормалары және оларды білу маңызы» тақырыбында жазып келген өзіндік пікірін оқытып, ойын бағалау.
б) Жаңа сабақ:
Көркем сөйлеу, көркем сөз үлгілерін танып-білу.
Ғалым Р.Сыздықованың «...үш-төрт ғасыр бұрын жасалған көркем сөз үлгілері тілінің негізгі грамматикалық категориялары: септік, жіктік, тәуелдік жалғауларының мағыналары мен қызметтері, етістіктің рай, етіс, есімше, көсемше тұлғаларында жұмсалу тәртібі, сөздердің байланысу амалдары (қиысу, меңгеру, жанасу) қазіргі кездегімен бірдей түсетінін айту керек» деген пікіріне қатысты ой қозғау.
Тілдік норма (тілдік таңбалардың (сөз, қосымша, сөйлем), тілдік амал-тәсілдер қолданысының бірізділігі мен реттілігі, белгілі бір тілдік ұжымның дұрыс деп танылған жүйесі) – әдеби тіл туралы ұғымның ең бір өзекті элементі.
Әдеби тілдің заңдастырылған нормасы – сөзді дұрыс қолданудың, грамматикалық амал-тәсілдерді дұрыс пайдаланудың көпшілік таныған, тіл тәжірибесінде сыннан өткен қағидалары.
Мәтінмен жұмыс барысында ескерілетін норма (ауытқу)
Тілдік тұлғаларды белгілі бір стильдік мақсатта пайдалану – нормадан жөнімен ауытқу. Бұл көбінесе көркем әдебиетте кездеседі. (болымсыз етістіктің келер шақтық тұлғасының І жақта -ма-й-мын – -ман, -бан, -пан түрінде жұмсалуы)
Сөйлем құрағанда сөйлем мүшелерінің қалыптасқан (бастауыш сөйлемнің басы я ортасында, баяндауыш сөйлемнің аяғында) орны және бастауыш пен баяндауышқа қатысты тұрлаусыз мүшелердің орын тәртібі бар екенін ескеру. Инверсия
Тиісті жіктік жалғауының түсіріліп айтылуы, ілік, барыс, табыс септіктеріндегі сөздердің жалғауларын түсіріп айту құбылысы. бар екенін білеміз (журнал беттері – журналдың беттері, хат жаздым – хатты жаздым). Тілдегі сөздер арасындағы мағыналық байланыс.
Қолданыс аясы
Тіл нормасының сақталуы
Шешендік өнер, академиялық сөз, поэзиялық сөзге негізделген жоғары стильде
Әдеби тіл нормасы толық сақталады
Ауызекі сөйлеу стилінде
Сөйлеу нормасынан ауытқушылық болады
Әлем жаңалықтарын, әлем хабарларын, әлеуметтік-қоғамдық салаларға қатысты мәселелерді баяндайтын бейтарап стильде
Әдеби норма толықтай сақталуы қажет
Білімді пысықтау. 11-жаттығумен жұмыс.
Мәтіндік талдау. Кестелермен жұмыс.
12-жаттығу. «Табиғат тамашалары» тақырыбында 8-10 сөйлемнен тұратын суреттеме жазып, ойдың жүйелілігі, сөздердің қолданылуына назар аудару.Кестеге қатысты мысалдар кездесті ме?
Тұрлаусыз мүшелер баяндауышқа қатысты болса, онда бастауыш сөйлемнің басында келеді
Бастауыш пен баяндауышқа қатысты тұрлаусыз мүшелер болған жағдайда бастауыш сөйлем ортасында келе береді
13-жаттығу. ◘ Тіл нормасының сақталуына көз жеткізу мақсатында төмендегі кесте бағдарымен мысалдар келтіріп, өз ойларыңды ортаға салыңдар.
Алынған мысалдар
Тіл нормасы сақталуы туралы пікірім
Шешендік сөздер
Ауызекі сөйлеу
Әлем жаңалықтарын баяндау
15-жаттығуКесте негізінде ауытқуларға мысалдар тауып жазу.
1. Көркем шығармадан үзінді
2. Газет мақаласынан үзінді
16-жаттығу. ◘ Әдеби тілдің грамматикалық нормаларына жатпайтын ауытқуларға көркем әдебиеттен мысалдар теріп жазыңдар.
Ой қорыту:
14-жаттығу. «Тілдік норманы сақтамау неге ұрындырады?» тақырыбында пікір алмасу.
Бағалау.
Үйге тапсырма. «Тілтаным» айдарымен жұмыс.
Халық поэзиясындағы нормадан ауытқу көріністері туралы мысалдар жинақтау.
Бүгінгі күндегі (ақындар шығармашылығынан) нормадан ауытқукөріністеріне салыстырмалы түрде қандай мысал келтірер едің?
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 8
Күні:
Сабақ тақырыбы:Диктант.
Сабақтың мақсаты: а) әдеби норма туралы түсініктер негізінде білімін тексеру жұмысын жүргізуге жағдай тудыру;
ә)оқушының зеректік, есте сақтау, мағынаны ажырата білу және сауатты жазу дағдыларын өрістету;
б) мәтін мазмұны мен ой мағынасын саралай танып-білуге баулу.
Сабақтың түрі:білім бекіту
Сабақтың әдісі:жазба шығармашылық ізденісі,сұрақ-жауап, талдау
Сабақтың көрнекілігі :диктант мәтінімен жұмысқа қатысты сөздіктер.
Пәнаралық байланыс:әдебиет, орыс тілі
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Диктант жазу дайындығы, шарттарымен таныстыру.
ә)жаңа сабақ – диктант мәтіні.
б) шығармашылық тапсырма: сөйлем талдау, нормаларға негізделген сұраққа жауап, т.т.
в) шығармашылық тапсырманы тексеру жұмысы. Жұмысты қабылдап алу.
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 8
Күні:
Сабақ тақырыбы:Сөйлем.
Сабақтың мақсаты: а) Сөйлем туралы түсінік бере отырып, оқушының сөйлем құрылымы, ойдың жігі мен жүйесін саралай білуіне бағдар беру;
ә)оқушының зерделеу зеректігі, мағыналы ой жүйесін, құрылымын жіктеу дағдыларын дамыту;
Пәнаралық байланыс:әдебиет, орыс тілі, география, тарих.
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Сабаққа дайындықты тексеру.
ә)өткенді қайталау – қатемен жұмыс.
Кесте үлгісіндегі түсіндірме жұмыс. (15 минут).
Қате түрлері
Әдеби нормаға қатысты жұмыс
Орфографиялық
Стильдік
Пунктуациялық
22-жаттығумен ұжымдық жұмыс жасату.
б) жаңа сабақ. Сөйлем.
Ой тудыру сұбаты.
Сенөз ойыңды жарыққа шығаратын сөйлемдер мен олардың құрылысы туралы ойланып көрдің бе? Сен сөйлемдегі сөз тіркестері мен олардың байланысу түрлері, тәсілдерімен жақсы таныссың. Өз ойыңмен бөлісіп, сабақ барысында сөйлем құрылысының құпиясына үңілуге тырыс, зерделі жас.
Сөйлем туралы түсінік. Қарым-қатынас, пікір алмасу.
Сөйлем
Біршама тиянақты ойды білдіре алатын сөздер тобы (кейде жеке сөз)
Белгілі бір интонациямен айтылады
Тілдің ең кішкене бөлігі, тілдік бірлік
Сөйлемнің коммуникативтік қызметі (қарым-қатынас жасау құралы болуы)
Сөйлем, сөз тіркесі. Сөздердің синтаксистік қарым-қатынасқа түсіп, сөйлем құрамында жұмсалуы.
Сөз
Тіркесі
Басыңқы сыңары-ның жаса-луына қарай
Байла-нысу түрі
Байла-нысу тәсілі
(Мен) жеткіздім
етістікті тіркес
қиысу
жалғаулар арқылы
бұл хабарды
есімді тіркес
қабысу
орын тәртібі арқылы
хабарды жеткіздім
етістікті тіркес
меңгеру
жалғаулар арқылы
біреулер арқылы жеткіздім
етістікті тіркес
меңгеру
шылаулар арқылы
әзер жеткіздім
етістікті тіркес
жанасу
орын тәртібі арқылы
Тілімізде әр түрлі мағыналарды білдіретін (сәлем беру, рақмет айту, тілек білдіру, кешірім сұрау, т.б.) қолданыстардың сөйлем есебінде қарастырылмауы (оларға бастауыш-баяндауыштық құрылым тән емес).
Сөйлем болу шарты – грамматикалық негіз, яғни тұрлаулы мүшелері болуы.
Тұрлау-лы мүше
Тұрлаусыз мүшелер
Тұрлаулы мүше
Бастауыш
Анықта-уыш
Толық-тауыш
Пысық-тауыш
Баяндауыш (ойды тиянақтап, аяқтайды)
Айгүл
құрбысы
Санду-ғашты
ерекше
құрметтей-тін.
Жаттығумен жұмыс: үш топқа бөліп,17, 19, 20 - жаттығуларды жарыстыра орындату, сөйлемдерге синтаксистік талдау жасату.
Ой қорыту.
18-жаттығу. □ Берілген мәтіндерді пайдалана отырып, «Тіл және мен» тақырыбында ойтолғау жазыңдар.
Біздің бүкіл тарихымыздан мен екі олжамызды бөліп атар едім. Оның біріншісі, әрине, ата-бабаларымыз өздерінің қанын төгіп, жанын беріп жүріп, ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалған қазақтың қасиетті жері. Тағы бір олжамыз – сол ата-бабаларымыздың арқасында бар бояуымен, сырлы сазымен осы күнге аман-есен жеткен тұп-тұнық, мөп-мөлдір қазақ тілі.
(Н.Назарбаев)
Көген көз қазағыма қаратып мінбе құрып, сол мінбеге шығарып: «Ақырғы діліңізді айтыңызшы, Мұхтар!» – десе, тілімнің ұшында жүрген сөз төмендегіше болмақ: тас үгітіліп құмға айналады, темір тозады, ұрпақ озады, дүниеде өлмейтін сөз ғана, халқымызбен бірге жасап келе жатқан асыл мұра сөзімізді арзандатып алмайық.
(М.Әуезов)
Жеке баламен жұмыс. Білімді бағалау.
21-жаттығу, мәтінді көшіріп жазып, сөз тіркесіне талдау жасату.
Үйге тапсырма: «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» тақырыбында пікір жазу.
Сөйлем соңына нүкте немесе көтеріңкі интонациямен айтылса леп (!) белгісі қойылады.
Бұйрықты лезде орындаңдар.
Лепті сөйлем
Сөйлем соңына леп (!) белгісі қойылады.
Алақай, мен бас жүлдені жеңіп алдым!
Хабарлы сөйлем.Түсінігі.
Хабарлы сөйлем
Біреудің бір нәрсе туралы жай хабарлауы
Біреудің бір нәрсе жөніндегі ойын, көзқарасын білдіру мақсатында хабарлауы
Біреудің бір нәрсені сипаттап, бейнелеп, суреттей баяндауы
Кеше апам келген.
Менің естуімше, апам да келе жатыр.
Апамның келуі – немерелер үшін базарлы мереке.
Ай жап-жарық екен.
Ертең күн ашық болар деп ойлаймын.
Жұлдызды аспанда ай алтын алқадай әдемі көрінеді.
Хабарлы сөйлем айтушының іс-әрекетке көзқарасын, ой-пікірін білдіреді.
Хабарлы сөйлемде дауыс ырғағы бірте-бірте көтеріліп, сөйлемнің соңына қарай бәсеңдейді.
Хабарлы сөйлемнен кейін нүкте қойылады.
Сызбасы:
Ой тудыру:
Өз ойыңды хабарлап жеткізіп, көрген жайларды суреттей баяндаған кездеріңде сен хабарлы сөйлемді қолданып тұрғаның жайында ойланбаған да боларсың? Міне, хабарлы сөйлеммен жете таныс болатын кез де жетті, зерделі жас.
Төменде берілген кесте бойынша хабарлы сөйлемнің тыныс белгісі мен дауыс ырғағы жайлы өздерің айтып беріңдер. Мысал-сөйлемдер қай шақтағы оқиғадан хабардар етеді? Бір-біріңнің жауаптарыңды тыңдап, дұрыс бағалай біліңдер.
Кітаппен жұмыс:
: 24, 25, 27 – жаттығулармен топтарды жарыстыра жұмыс жасату. Мәтіндегі әрбір сөйлемнің айтылу мақсаты.
Шығармашылық жұмыс: 29, 31-жаттығулар бойынша.
Білімді бекіту 30, 32-жаттығу негізінде талдау, салыстыру жұмыстарын жүргізу.Білімді тексеру сұрақтары:
Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?
Өзің қандай сөйлемдерді көп қолданасың, т.б.
Бағалау : Білімдерін бағалау.
Үйге тапсырма : 33- жаттығу.
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 8
Күні:
Сабақтың тақырыбы : Сұраулы сөйлем
Сабақтың мақсаты:
а) Сұраулы сөйлем табиғатын тануға, орынды қолдану мен өміршең мәніне тереңдеуге бағдар беру;
ә) зерттеу, жүйелі жауап табу, тапқырлық таныту қабілеттерін дамытуға ықпал ету.
б) Сөз мағынасын зерделеу, парасаттылыққа баулу.
Сабақтың түрі: шығармашылық-ізденіс сабағы
Сабақтың әдісі: пікір алмасу,іздену,сұрау, анықтау, ой қорыту.
. Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Нақты бір дерек, мәлімет алу мақсатында сұрақ қойған сәттеріңде саған көмекке келген сұраулы сөйлемдермен танысуды бастаймыз.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Жазылған шығарма негізінде пікір алмасу, сөйлем түрлеріне синтаксистік талдау жасату.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Адам баласының өмірді танып-білуге қызығушылығы, сұрақтарға жауап іздеуі басым. Күнделікті өмірде де сұраулы сөйлемдерді аз қолданбаймыз. Бұл сөйлемнің көздеген мақсаты бар.
Бір нәрсе жайында сұрап білу мақсатында айтылатын сөйлем – сұраулы сөйлем. Негізгі мәлімет, деректі нақты білу, ойды анықтап алу мақсатында және жетелей сұрақ қоя отырып ой-пікірді айқындауға көмек қылатын сұрақтарды біз негізгі, анықтауыш және жетек сұрақтар деп атаймыз.
Негізгі сұрақ
Анықтауыш сұрақ
Жетек сұрақ
Сұрау есімдіктері (Қашан? Кім? Қанша? Қайда? Неге? Кімде?) және ма, ме, ба, бе, па, пе шылауларының қатысуымен жасалады
Бұл сұрақтар сұрау интонациясы арқылы жасалады.
Сөз соңы көтеріңкі айтылатын өзіне тән дауыс екпіні бар
Толымсыз боп келіп, сұрақ мағыналы сөзден ғана тұрады, ше шылауының қатысуымен жасалады
Бәрі келді ме?
Сен қашан оралдың?
Кім орындағысы келеді? т.б.
– Бұл әнді өзі жазған.
– Бұл әнді өзі жазған?
– Өзі жазып, өзі орындаған.
– Егер келмесе ше?
– Келу керек.
– Бір жағдай болса ше?
– Ол уәде берген..
Сұраулы сөйлемнің дауыс ырғағы оның мақсатын ашуға негізделген, негізгі сұрақ мағынасын тудыратын бірлік жоғары дауыс ырғағымен айтылады. Өздерің байқап қараңдаршы.
. Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Көңіліңнің ерекше сезім иірімдерін жеткізуге көмектесетін лепті сөйлемдерге де келіп жеттік. Өзің білмейтін жайларға назар аударып, әсіресе, тыныс белгілерін есте сақтауға тырыс, зерек жас.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Жазылған еркін пікір негізінде пікір алмасу, сөйлем түрлеріне синтаксистік талдау жасату.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Сезімге, тасып-толқыған көңіл күйге негізделген сөйлем түрі – лепті сөйлем. Сөйлеушінің көңіл күйін (қуану, ренжу, өкіну т.б) білдіру мақсатында айтылатын сөйлемді лепті сөйлем дейміз.
Лепті сөйлемдердің жасалу жолына, мән-мағынасына тереңдеп, төмендегі кестеге назар аударыңдар.
Лепті сөйлемнің жасалу жолдары
Бұйыру: Тез бар!
1) Сөйлемнің етістік формалары арқылы;
2) -ай, -ақ, -ау,-ғой шылауларының қатысуымен;
3) көңіл күй одағайларының қатысуы арқылы;
4) көтеріңкі дауыс ырғағы арқылы
Таңдану: Ойпырмай, солай ма?!
Қуану: Алақай, жеңіс!
Ұран: Отан үшін алға!
Тілек, өтіну: Тілегімді орындашы!
Сескену, шошу: Ойбай, абайла!
Арман: Шіркін, бір көрсем-ау!
Өкініш: Қап, әттеген-ай!
Лепті сөйлемдерден кейін леп белгісі қойылады. Кейбір сөйлемдер әрі сұрақ, әрі сезім, көңіл күйді (қуану, таңдану, т.с.с.) білдіріп тұрады, ондай жағдайда леп белгісі мен сұрау белгісі қатар қойылады.
Пай-пай! Әлемде талай қызық бар деген осы да!
Әлемде талай қызық бар деген осы екен-ау?!
Кітаппен жұмыс: 39,40-жаттығу.
«Ата даңқы – ұрпаққа үлгі» тақырыбында пікір алмасып, өз пікірлерің негізінде лепті сөйлем түріне мысалдар жазыңдар.
Кестеде көрсетілген лепті сөйлемнің әр түріне бес мысалдан теріп жазыңдар.
Лепті сөйлем түрлері
Мысалдар
1. Бұйыру
2. Қуану
3. Тілек, өтіну
4. Арман
5. Таңдану
6. Ұран
7. Сескену, шошу
8. Өкініш
Шығармашылық жұмыс: 41-жаттығу.
Білімді бекіту:
38-жаттығу.
Білімді тексеру сұрақтарын қоя отырып, өзара сұрақ алмасуына жағдай тудыру
Сөйлемдер айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?
Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
Сұраулы сөйлем дегеніміз не?
Лепті сөйлем дегеніміз не?
Бағалау.
Үйге тапсырма:
«Тілтаным» айдарымен ізденіс жұмысы..
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 8
Күні:
Сабақтың тақырыбы : Бұйрықты сөйлем
Сабақтың мақсаты:
а) Бұйрықты сөйлем табиғаты мен қолданылу аясы туралы түсінікті кеңейтуге ықпал ету.
ә) өзіндік ұстаным, қарым-қатынас машығын дамытуға бағдар беру.
б) оқушылардың бойында әдептілік, қарапайымдылық қасиеттері қалыптасуына әсер ету.
Бұйрық қандай жағдайда беріледі деп ойлайсың? Өзіңнің бұйрық естіп немесе өзгеге бұйрық берген кезің болды ма? Бұйрықты сөйлемнің бар екені және оның қалай жасалатыны туралы ойланып көрдің бе?
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
«Тілтаным» айдарымен жұмыс. Әшекей заттарға қатысты лепті сөйлемдер құрғызу.
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Біреуге бұйыру не бірдеңені талап ету мақсатымен айтылатын сөйлемдерді бұйрықты сөйлем. Бұйрықты сөйлемдер бұйыруды, іске қосуды,кеңес беруді,жалынуды,тілек-өтініш мағынасын білдіреді. Бұйрық мәнін беретін-дауыс ырғағы және баяндауыш тұлғалары. Мысалы: Үйден шықпаңдар! Отты байқап отырсын.
Бұйыру немесе талап ету мақсатымен айтылған сөйлем бұйрықты сөйлем деп аталады.
Бұйрықты сөйлем баяндауышының жасалу жолы
1. Етістіктің бұйрық райының ІІ жақ (жекеше, көпше түрі) және ІІІ жақ түрі:
Үлкенге іні, кішіге аға бол!
Кейінгі ұрпақ үлгі алсын.
Бұйрық не шартты райға (тілек-өтініш мәнді) -шы, -ші жұрнағы жалғану арқылы жасалады:
Осыны елге айтып қойшы.
Айтқан сөзіңде тұрсаңшы!
Бұйрықты сөйлемде дауыс ырғағы біркелкі бола бермейді: кейде хабарлы сөйлем ырғағымен айтылып, нүкте қойылса, бұйрық, талап басым айтылғанда, леп белгісі қойылады.
Топтық жарыс: Тақтаға бірнеше сөйлемдерге синтаксистік,морфологиялық таладу жүргізеді.
Білімді бекіту: 44, 45-жаттығу
Бағалау.
Үйге тапсырма: «Тілтаным» айдарымен жұмыс.
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 8
Күні:
Сабақ тақырыбы:Диктант.
Сабақтың мақсаты: а) сөйлем түрлеріне қатысты білім деңгейін тексеру жұмысын ұйымдастыру;
ә)оқушының есте сақтау, мағынаны зерделеу және сауаттылық дағдыларын қалыптастыру;
б) мәтін мазмұны мен сөйлем мағынасын зерделей зеректігіне баулу.
Сабақтың түрі:білім бекіту
Сабақтың әдісі:жазба шығармашылық ізденісі,сұрақ-жауап, талдау
Сабақтың көрнекілігі :диктант мәтінімен жұмысқа қатысты сөздіктер.
Пәнаралық байланыс:әдебиет, орыс тілі
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Диктант жазу дайындығы, шарттарымен таныстыру.
ә)жаңа сабақ – диктант мәтіні.
б) шығармашылық тапсырма: сөйлем талдау, нормаларға негізделген сұраққа жауап, т.т.
в) шығармашылық тапсырманы тексеру жұмысы. Жұмысты қабылдап алу.
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 8
Күні:
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем құрамы. Сөйлем мүшелері
Сабақтың мақсаты:
а)Сөйлем құрылымы, сөйлем мүшелері туралы түсінік бере отырып,оқушылардың түсінігін кеңейту;
ә) Мәтін мазмұнына байланысты жедел ой, тапқырлық,жылдамдық қабілеттерін арттыруға ықпал ету;
б) Адамгершілік қасиеттерін тереңдетуге әсер ету.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,тіл дамыту, ізденісті зерттеу
Сабақтың көрнекілігі: кеспе қағаздар, қосымша материалдар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс әдебиеті, ағылшын тілі.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Қиялға қанат бітірейікші, ойшыл дос! Сен сөйлем ішіндегі сөздердің тіршілік иелері сияқты қызмет атқаратыны туралы ойланып көрдің бе? Сөйлемдегі сөздер – сөйлем әлемінің қызықты ізденіске жетелейтін сан қырлы, өзгеше сипатты кейіпкерлері деп қарастырып көрейікші. Олардың өз келбеті, сипаты, қызметі бар болар?! Иә, шынымен, олардың әрқайсысы сөйлем мүшелері ретінде синтаксистік қызмет атқарады. Сөйлемді құруға ұйытқы болады, анықтайды, пысықтайды, толықтырады.
ә) Қатемен жұмыс:Мәтінге қатысты сөйлем түрлерін еске түсіру сұрақтары.
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Сөйлем мүшелері дегеніміз –сөйлем құрауға қатысқан толық мағыналы сөздер.
Сөйлем мүшесінің белгілері
Сөйлем мүшелерінің бірінің сұрауына жауап береді.
Сөйлемдегі басқа сөзбен байланысып тұруы керек
Толық мағыналы сөз болуы керек
Сөйлем мүшелері құрамына қарай үш түрге бөлінеді.
Түрі
Ережесі
Мысалы
Дара мүше
Толық мағыналы бір сөзден болған мүше
Күн бұлтты.
Күрделі мүше
Күрделі сөз, тұрақты тіркес және шылаулы тіркестен болған мүше
Дәрігер келе жатыр.
Үйірлі мүше
Бірнеше сөзден құрылып, бастауыштық-баяндауыштық қатынастан тұратын, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаратын сөздер тобы
Дені сау адам – бақытты адам.
Сөйлем мүшелері – сөйлем құрауға қатысатын толық мағыналы, белгілі бір сұраққа жауап беретін және сөйлемдегі басқа сөздермен байланысып тұратын сөздер.
Сөйлем мүшелері атқаратын қызметіне қарай екі түрге бөлінеді: тұрлаулы мүше және тұрлаусыз мүше.
Түрі
Ережесі
Мысалы
Тұрлаулы мүше
Сөйлем құрауға негіз болатын мүше.
Оның екі түрі бар:
бастауыш пен баяндауыш.
Өзіміз мәз болып қалдық.
Тұрлау-сыз мүше
Өздігінен сөйлем құрай алмайтын, тек сөйлемдегі ойды толықтырып тұратын мүше. Оның үш түрі бар: анықтауыш, толықтауыш және пысықтауыш.
Аз нәрсеміздің көпке жарағанына өзіміз мәз болып қалдық.
Шығармашылық жұмыс. Көркем әдебиет үзінділері бойынша үлестірме тапсырмамен жұмыс.
Кіиаппен жұмыс: 46, 47-жаттығулар.
Білімді бекіту: топ-топқа бөлініп, қарсы топқа үш сөйлемнен ұсыну.Сөйлем мүшесіне талдату.
48-жаттығумен жұмыс.
Бағалау.
Үйге тапсырма: «Әл-Фараби – екінші ұстаз» тақырыбында реферат
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 8
Күні:
Сабақтың тақырыбы: Тұрлаулы мүшелер. Бастауыш.
Сабақтың мақсаты:
а)Тұрлаулы мүшелер туралы және бастауыш жайында түсінікті кеңейте отырып, оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын және негізгі мәселелерді тани білуіне бағыт беру;
ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балалардың тапқырлық, жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыруға ықпал ету;
Сабақтың көрнекілігі: кеспе қағаздар, қосымша материалдар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Сөйлемдегі ойдың иесі болып табылатын бастауыш – басшылық негізгі қызметке де ие. Сөйлем мүшелері, әсіресе, баяндауыш пен анықтауыш сөйлемдегі басшымен мағыналық қарым-қатынаста болады. Олай болса, назар сал.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Рефератты талдау.
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Сөйлем мүшелері атқаратын қызметі жағынан тұрлаулымүшелер және тұрлаусыз мүшелер болып екі үлкен топқа жіктеледі.
Сөйлем мүшелері
Тұрлаусыз мүшелер деп өздігінен сөйлем құрай алмайтын,тек сөйлемде берілген ойдың шеңберін кеңейтетін анықтауыш, толықтауыш,пысықтауыштарды айтамыз
Тұрлаулы мүшелер деп сөйлем құрауға негіз болатын бастауыш пен баяндауышты айтамыз
Бастауыш – сөйлемде атау септігінде тұрып, іс-оқиғаның иесін білдіріп, негізгі ұйытқы болып тұратын тұрлаулы мүше. Бастауышқа қойылатын негізгі сұрақтар кім? не?
Бастауыш қызметінде жұмсалатын сөздердің көптік, тәуелдік жалғауларда жұмсалуына қарай сұрақтар да сол жалғауларда айтылуы мүмкін.
Бастауыш төмендегі сөз таптарынан жасалады:
Сөз табы
Мысалы
Зат есім
Кештетіп Қожаш үйіне келді.
Есімдік
«Өзіміз де кедейміз, атамекен жерімізді ешкімге бере алмаймыз», – деді.
Сын есім
Үлкен бастар, кіші қостар.
Сан есім
Механизм бөлшектерінің тоқсан тоғызы дұрыс, бірі теріс болса, сол бір тоқсан тоғызды бөгейді.
Етістік
Жығылған күреске тоймайды.
Алдау – адамдыққа жат нәрсе.
Үстеу
Аз көпке бағынады.
Одағай
«Бәрекелді!» – оның мәтелге айналған сөзі.
Бастауыш құрылысына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:
Түрі
Ережесі
Мысалы
Дара
Бір сөзден ғана тұратын бастауыш.
Айжан үйге кіріп келді.
Күрделі
Кемінде екі сөзден тұратын бастауыш.
Сен екеуміз өлмейтін әке тауып алғанымыз жоқ па?
Үйірлі
Үйірлі сөздерден тұратын бастауыш.
Білегі жуан бірді жығады, білімі толық мыңды жығады.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, қосымша материалдар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих,
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Сен қалай ойлайсың, баяндауыштың қосалқы аты баяндағыш емес пе екен? Бастауыштың қимыл, іс-әрекетін баяндап тұратын баяндағыш қызметті атқарады емес пе? Өз пікіріңмен бөліс және өзгелерді тыңдай отыр, зерек жас.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Жазылған жұмыс негізінде ойталқы ұйымдастыру.
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Баяндауыш – бастауыштың жай-күйін, оқиғаның қай шақта болғанын білдіріп, сөйлемді тиянақтап тұратын тұрлаулы мүше. Баяндауыш қай сөз табынан болса, сол сөз табының сұрақтарына жауап береді.
Баяндауыш төмендегідей сөз таптарынан жасалады:
Сөз табы
Мысалы
Етістік
Ол түтіннің иісі шыққан жерге жоламайды.
Олжабек шалқасынан түсе жаздады.
Есімдік
Мені қысатын жағдайдың бірі де сол.
Абайдың ауылы осы.
Сын есім
Табиғаты өте әдемі.
Ауа райы жақсы.
Сан есім
Мен он сегіздемін.
Үш жердегі үш – тоғыз.
Зат есім
Ағаш көркі – жапырақ, адам көркі – шүберек.
Қой баласы қозыдан.
Баяндауыш құрылысына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:
Баяндауыш сөйлемдегі бастауыштың іс-әрекетін,қимылын,жай-күйін,оқиғаның қай шақта Баяндауыш құрылысына қарай былайша жіктеледі:
Құрылысына қарай
Сұрақтары:
Дара
Күрделі
Үйірлі
Баяндауыш болатын сөздердің көбінесе жіктік жалғауларында,кейде атау тұлғада,тәуелдік,септік тұлғада тұратынына мысал келтіру.
Баяндауыш болатын сөз таптары:
Баяндауыш болатын сөз таптары
Сөйлемдер
Етістіктер
Сын есімдер
Зат есімдер
Сан есімдер
Есімдіктер
Көмекші етістік пен еліктеуіш сөз
Кітаппен жұмыс: 53, 54-жаттығулар.
Білімді бекіту: 55-жаттығ
Бағалау: Топтық, жеке тапсырма негізінде жарыс ұйымдастыру. .
Үйге тапсырма: 56-жаттығу.
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 8
Күні:
Сабақтың тақырыбы:Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Сабақтың мақсаты:
а) Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның жасалу жолдарын, сызықшаның қойылу мәнін түсіндіре отырып, жазу, сөйлеу сауаттылығын қалыптастыруға ықпал ету;
ә) мәтінмен жұмыс барысында есте сақтау, зерделеу, талдау, ойды қорыту қабілеттерін дамыту;
б) Көркем сөйлеу өнеріне баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, т.б..
Сабақтың көрнекілігі: кеспе қағаздар, қосымша материалдар, т.т..
Пәнаралық байланыс: әдебиет, ...
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Зерделі жас! Кей сәттерде, әсіресе, сынақ жұмысын жазғанда сызықша қойылатын тұстарды қате жазып, өкінген кезің болған шығар? Олай болса, мұнан былай бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаны білетін боласың.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Ұнатқан фильм жөніндегі ой-пікір, қазақстандық кино өнері туралы пікір алмасу.
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Қандай жағдайда қойылады
Мысалы
Бастауыш та, баяндауыш та атау тұлғалы зат есім болса
Аз сөз – алтын.
Бастауыш сілтеу есімдігі немесе жіктеу есімдігінің ІІІ жағынан болып, баяндауыш зат есім болса
Бұл – үлкен мәртебе.
Бастауыш та, баяндауыш та заттанған сын есім, сан есім және есімшеден болса
Сегіз – жұп сан.
Бастауыш та, баяндауыш та бір сөзден болса
Жер тағдыры – ел тағдыры.
Бастауыш тұйық етістіктен болып, баяндауыш зат есімнен болса, немесе керісінше бастауыш зат есім, баяндауыш тұйық етістіктен болса
Алдау – зұлымдық,
алдану – ақымақтық.
Бастауыш та, баяндауыш та сан есім болса
Алты жерде алты – отыз алты.
Сан есімнен болған бастауышты сан есімнен болған тұрлаусыз мүшеден ажырату үшін
Жүз – жиырма беске бөлінеді.
Жүз жиырма – беске бөлінеді.
Білімді пысықтау. Қосымша материалдармен жұмыс. Мысал келтір.
Бастауыш та,баяндауыш та атау тұлғалы зат есім болса,араларына сызықша қойылады.
Бастауыш сілтеу есімдігінен немесе жіктеу есімдігінің ІІІ жағынан болып,баяндауыш зат есімнен болса,бастауыштан кейін сызықша қойылады.
Бастауыш заттанған сын есімнен,сан есімнен және есімшеден болып,баяндауыш зат есімнен болса,бастауыштан кейін сызықша қойылады.
Бастауыш тұйық етістіктен (дара я күрделі) болып,баяндауыш зат есімнен болса немесе керісінше,бастауыш зат есім,баяндауыш тұйық етістіктен болса,араларына сызықша қойылады.
Бастауыш та, баяндауыш та сан есім болса,араларына сызықша қойылады:
Сілтеу есімдігі мен жіктеу есімдігінің ІІІ жағынан болған бастауышты ,сондай-ақ зат есім,сын есім,есімшеден болған бастауыштарды көршілес тұрған зат есімнен болған сөйлем мүшесінің анықтауышы деп шатастырмас үшін,бастауыштан кейін сызықша қойылады:
Сан есімнен болған бастауышты күрделі сан есімнен болған мүшеден ажырату үшін, соңынан сызықша қойылады.
Кітаппен жұмыс: 57-жаттығу.
Тақтамен жұмыс: 58, 59-жаттығу.
Білімді бекіту: 60-жаттығу. Тұрлаулы мүшелерді анықтап, қажет болса бастауыштан кейін сызықша қойып көшіріңдер, түсіндіріңдер.
61-жаттығу. Ойталқы.
Бағалау.
Үйге тапсырма:
«Тіл білімінің тұлғалары» айдарымен ізденіс жұмысы. Реферат немесе баяндама.
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 8
Күні:
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 8
Күні:
Сабақтың тақырыбы:Тіл ұстарту.
Сабақтың мақсаты: а) Синтаксис бөліміне қатысты өтілген материалдар негізінде білім бекіту;
ә) өзіндік ізденісі мен шығармашылық дағдыларын қалыптастыру;
Сабақтың көрнекілігі: кеспе қағаздар, қосымша материалдар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тіл, ағылшын тілі,т.т.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Сөз сырына үңілсек, сөзінде тиянақ жоқ кісіні «сөзінің тұрлауы жоқ» деп айтатынын байқаймыз. Осындағы «тұрлау» сөзі «тиянақтылық», «негізділік» деген ұғымдарға сай келеді. «Тұрлаусыз» деген сөзді кейбір сөйлем мүшелеріне таңып айтуымыз – ол мүшелердің сөйлемді тиянақты етпейтін қасиеттеріне негізделген. Зер салып қарасақ, бастауыш пен баяндауышқа сөйлемді тиянақты ететін қасиет тән екенін, ал тұрлаусыз мүшелерде ондай қасиет болмайтынын байқаймыз.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Өткен материалдар бойынша шағын тест алу.
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Сонымен сөйлемдерде тұрлаулы мүшелерден басқа, тұрлаусыз мүшелер де бар екенін сендер жақсы білесіңдер. Олар: толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш.
Олар тұрлаулы мүшелердің маңына топталып, соларды және бір-бірін анықтап, пысықтап, ойды толықтырып тұрады.
Толықтауыш
Толықтауыш – сөйлемдегі амал-әрекетті, іс-оқиғаны заттық жағынан сипаттай толықтыру үшін жұмсалатын тұрлаусыз мүше. Негізінен баяндауышпен байланыста болады.
Толықтауыш болатын сөздердің негізгі белгілері:
Толықтауыш (атау және ілік септіктерден өзге) барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінің бірінде тұрып, заттық нысанды танытып, мегзеп тұрады.
Енді бірде толық мағыналы сөзге туралы, жөнінде, жайында деген септеулік шылаулардың тіркесіп, түрленуі арқылы жасалады
Толықтауыш болып тұрған сөздерге заттық мағына тән.
Байланысу түрі – меңгеру мен жанасу.
Толықтауыш төмендегідей сөз таптарынан жасалады:
Сөз табы
Мысалы
Зат есім
Ол тау-тауды кезіп жүр.
Есімдік
Ұзақ күрес біреуді жалықтырады, біреуді құнықтырады.
Сын есім
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
Сан есім
Оннан жетіні алса, үш қалады.
Етістік (есімше)
Қонаққа барар-бармасын білмеді.
Толықтауыш құрылысына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:
Түрі
Ережесі
Мысалы
Дара
Бір сөзден тұратын толықтауыш
Адам адамды сыйлайды.
Күрделі
Кемінде екі сөзден тұратын толықтауыш
Ол жылқының қара торысын сатып алды.
Үйірлі
Үйірлі сөздерден тұратын толықтауыш
Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды.
Мағынасы мен байланысу түріне қарай толықтауыш тура толықтауыш және жанама толықтауыш деп екіге бөлінеді.
Түрі
Қай септікте тұрады және қандай сұраққа жауап береді?
Мысалы
Тура
Табыс септігінде тұрады, кімді? нені? деген сұрақтарға жауап береді
Өз анасын сыйлаған адамнан жамандық шықпайды
Жанама
Барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінің бірінде тұрып, сол септіктің сұрағына жауап береді.
Өлімнен ұят күшті (мақал)
Білімді пысықтау бағдары:
1. Сөйлемде бастауыш пен баяндауыштың төңірегіне топтасып, бірі – ойды анықтау үшін, екіншісі – ойды толықтыру үшін,үшіншісі – ойды пысықтау үшін алынған сөздерді ..... дейміз.
2. Толықтауыш пен баяндауыш білдіретін амал-әрекеті, іс-оқиғаны заттық мағына жағынан толықтыру үшін жұмсалатын ....
3. Толықтауыш көбінесе баяндауышпен байланысқа түседі.
Толықтауыш тұратын септіктер және толықтауыштың түрлері
Толықтауыштың сұрақтары
Мысалдар
Тура толықтауыш табыс септігінде
Кімді? Нені?
Жанама толықтауыштар
Барыс септігінде
Жатыс септігінде
Шығыс септігінде
Көмектес сптігінде
Кімге? Неге?
Кімде? Неде?
Кімнен? Неден?
Кіммен? Немен?
Мысал келтір:
Күрделі зат есімнен,сын есімнен,сан есімнен,етістіктен: ...
Негізгі сөз бен көмекші есім не көмекші етістік арқылы: ...
Жаттығумен жұмыс: 62, 63-жаттығу
Тақтамен жұмыс: 64, 65-жаттығу.
Білімді бекіту: Өтілген тақырып бойынша жұптасып сұрақ даярлау, мысал келтіру. Түсінбеушілік туындаған жағдайда түсіндірме жұмысын жүргізу.
Бағалау.
Үйге тапсырма: 66-жаттығу
Сабақ тақырыбы:Диктант. Қатемен жұмыс.
Сабақтың мақсаты: а) өткен материалдар негізінде білімді тексеру жұмысын жүргізуге жағдай тудыру;
ә)оқушының зеректік, есте сақтау, мағынаны ажырата білу және сауатты жазу дағдыларын өрістету;
б) мәтін мазмұны мен ой мағынасын саралай танып-білуге баулу.
Сабақтың түрі:білім бекіту
Сабақтың әдісі:жазба шығармашылық ізденісі,сұрақ-жауап, талдау
Сабақтың көрнекілігі :диктант мәтінімен жұмысқа қатысты сөздіктер.
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Диктант жазу дайындығы, шарттарымен таныстыру.
ә)жаңа сабақ – бақылау диктант мәтіні.
Орфографиялық қате.
Стилистика.
Синтаксистік талдау
Сабақ тақырыбы:Тест.
Сабақтың мақсаты: а) өткен материалдар негізінде білімді тексеру жұмысын жүргізу; ә)оқушының өз білімін тексеруі және шығармашылықпен жұмыс жасау дағдыларын өрістету;
б) жинақылық пен нақтылық, жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі:білім бекіту
Сабақтың әдісі:проблемалық ізденіс,сұрақ-жауап, нақтылықпен талдау
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Тест тапсырмаларымен сарындас сұрақтарды талдау.
Мысалы: төменде берілген тест тапсырмаларын талдап, қандай мәселелерге назар аударуын ескерту.
ә)жаңа сабақ – тест сұрақтары.
1.“Кілт” сөзінің тура мағынада қолданғанын белгілеңіз.
A) Көңіл кілті. B) Өмір кілті. C) Есіктің кілті D) Сезімнің кілті. E) Жүректің кілті.
2.Әдеби тілдің нормалары нешеге бөлінеді?
A) 2. B) 5. C) 6. D) 3. E) 4.
3. Ауыспалы мағынада қолданылып тұрған сөзі бар сөйлемді анықтаңыз.
A) Тұмау аяғы – құрт, тұман аяғы – жұт. B) Самат аяғын ауыртып алды. C) Ол науқасынан айығып кетті. D) Жел күшейе түсті. E) Ол аяғын созып жатыр.
4.Ауыспалы мағынада тұрған сөзді көрсетіңіз.
Бұлақтың көзін ашу – игі іс.
A) Бұлақтың. B) Көзін. C) Ашу. D) Игі. E) Іс.
5. Сөздің тура мағынасын табыңыз.
A) Сүт таңертең ұйып қалды. B) Оң қолым ұйып қалды. C) Әңгіме ұйып тыңдалды. D) Олар сүттей ұйып отыр. E) Сүттей ұйыған жанұя.
6. Сөздің ауыспалы мағынасын табыңыз.
A) Қарындашын ұштау. B) Найзаны ұштау. C) Қайланы ұштау. D) Шеберлікті ұштау. E) Таяқты ұштау.
7. Әдеби нормаға сай сөзді көрсет.
A) Құдағай. B) Сым. C) Шалбар. D) Жанан. E) Кәкпір.
8. Тілдік норма дегеніміз –
A) Тілдік таңбалардың (сөз, қосымша, сөйлем)бірізділігі мен реттілігі. B) Тілдік таңбалар жүйесі. C) Тілдік амал-тәсілдер қолданысының бірізділігі. D) Тілдік ұжымның дұрыс деп таныған жүйесі. E) Тілдік таңбалардың (сөз, қосымша, сөйлем), тілдік амал-тәсілдер қолданысының бірізділігі мен реттілігі, белгілі бір тілдік ұжымның дұрыс деп таныған жүйесі.
9. Инверсия –
А)Сөйлемнің айтылу мақсаты, қолданылу ерекшелігі B) Сөйлемнің айтылу мақсаты, қолданылу ерекшелігіне орай кей жағдайда тұрлаусыз мүшелердің орын ауыстыруы. C) Бастауыш пен баяндауыштың қиысуы. D) Сөйлемнің айтылу мақсаты, қолданылу ерекшелігіне орай талдау E) Сөйлемнің айтылу мақсаты, қолданылу ерекшелігіне орай кей жағдайда бастауыш пен баяндауыштың қалыпты орнын өзгертуі яғни сөйлемдегі сөздердің орнын ауыстыруы.
10. Инверсиялану қайда кездеседі?
A) қара сөзде ғана.
B) төл сөзде ғана.
C) өлең мәтінінде ғана
D) қара сөзде, төл сөзді сөйлемдерде немесе өлең мәтінінде де кездесе береді.
E) сөз тіркесінде.
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 8
Күні
Сабақ тақырыбы: Тоқсандық қайталау
Сабақ мақсаты: 1-тоқсанда өткен материалдар негізінде білімді тексеру жұмысын жүргізу; ә)оқушының білімді меңгеру дағдыларын дамыту;
б) тұлғалық қасиеттерін өрістетуге ықпал ету.
Сабақтың түрі: білім бекіту
Сабақтың әдісі:проблемалық ізденіс,сұрақ-жауап, талдау
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Ойқозғау сұрағы: Тұлғалық тұғыры неде деп ойлайсың?
ә)жаңа сабақ – тест сұрақтары.
Шығармашылық-ізденіс тапсырмалары
Тәуелсіздік туралы
Қазақ халқы сан ғасырлар бойы өзінің егемендігі мен тәуелсіздігі үшін күресіп келді. Өзінің ең жақсы қасиеттерінің: қатер төнген сәтте бірігіп, ұйымдаса білуінің, сондай-ақ басқа халықтармен бейбітшілік, келісім мен тату көршілік жағдайында тұруға деген ынты-ықыласының арқасында ол тарих тасқынының астында қалып қоймай, өзінің мемлекеттігін қалпына келтіре алды.
Нұрсұлтан Назарбаев
Біз тәуелсіздікті ақылмен, ата-баба жолымен алдық деп ойлаймын.
Нұрсұлтан Назарбаев
Тәуелсіздіктің біздің бәрімізге артар міндеті мол. Енді еңселі ел болудың жолына шыңдап түсуіміз керек. Әулетіміздің асуы да, дәулетіміздің тасуы да өз қолымызда. Кең байтақ жеріміздің байлығы осы даланың түпкілікті халқына да, тағдыр қосып бірге өмір сүріп жатқан басқа ұлт өкілдеріне де молынан жетеді. Не істесек те ақылмен істейік, арзан ұранға ермейік, ұшпа сезімге ерік бермейік дегім келеді. Әсіресе, жастар, салқынқандылықтан, үлкенді сыйлаудан, сөзге тоқтаудан айнымаса, қашан да достыққа адал болса, бауырмал, кеңпейіл болса, халықтың атына сөз келтіретін ұстамсыздық атаулыдан аулақ жүрсе деп тілейік.
Нұрсұлтан Назарбаев
«Тәуелді» деген ұғымды тудырған күштілер мен обырлар.
Шерхан Мұртаза
Алыстан «Алаш» десе - аттанамын,
Қазақпын - «Қазақ» десе мақтанамын.
Болғанда әкем - қазақ, шешем - қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын!
Міржақып Дулатов
І. Үш сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар. Жай сөйлем түрлеріне бірнеше мысал келтіріңдер.
– Мағжанды 1929 жылы 6 июньде Қызылжардағы үйде ұстады. Біздер үрпиісіп, қорқып қалдық. Келген «қонақтар» өте қатулы. Келесі күні оны поезбен Алматыға алып кетті. Алматыда да көп ұстамапты. Москвадағы Бутырь түрмесіне жіберген екен. Бұл хабарды естісімен Москваға Мағжанмен кездесуге дайындалдым. Ол кездегі жол жүру өте қиын еді. Түрме бастықтарынан рұқсат күтіп Москвада біраз уақыт аялдауыма тура келді. Амал не, рұқсат бермей қойды. Көп ұзамай түрмеден де сыбыс хабар алуға мүмкіндік туды. Мағжан мұнда Абдрахман Байгелдин деген азаматпен бір камерада болды. Сөйтіп бірінші жолы Мағжанды жолықтыра алмай тауым шағылып қайтсам да оны іздеуден тайынбадым. 1930 жылы Мағжанға 10 жыл кесіп Карелияға жіберді. Бұл хабарды естісімен сонда тартып отырдым. Алдымен Ленинградтан пәтер жалдап алдым да, төтесінен Петрозаводск арқылы тура Мағжан жүрген лагерьге бардым. Айналасы темір тікенектермен қоршалған лагерьге жетудің өзі қорқынышты. Төңірек қалың орман. Әсіресе жаздағы масасы сұмдық! Түрме, лагерь дегенде ылғи баскесер бәлелер отырады екен деп ойлайды ғой кім болса да... Ал мұндағылардың бәрі оқыған, білімді азаматтар екен. Лагерьдің қара қошқыл киімдерін киіп алған тұтқындардың кеуде қалталарында өздерінің аты-жөні, бригадасы жазылған. Бір-бір жамырайған бас киімдері ұсқындарын қашырып тұр. Мұндағылар ағаш дайындайтын көрінеді.
Лагерьдің айналасы – қарулы күзетшілер. Мен сияқты күйеулерін іздеп келгендер шамалы. Түрмеге күйеуін іздеп келу дегенді ол кезде ерлік санайтын еді.
Менің Мағжаным таза, әділ болғанына шегім жоқ. Келесі бір барғанымда сол Карелия лагерінде отырған Міржақып Дулатовтың туған ағасы Асқар ағай жүдеулі күйімен:
– «Құдай-ай, қазақтың әйелдерін көретін күн де болады екен-ау! Мағжанды сыйлағаның бізді, әрі кетсе Мағжанның елін сыйлағаның», – деді көзіне жас алып. Мен осыны көрдім, балам. Тағдырым тәлкекке ұрынса да, Мағжанды іздеп барғаным рас, бір емес, 14 рет. Жүдеулі шағымда, көп жасап өлер кезімде Мағжан есімі еліне қайта оралғанына тәуба деймін, түсін, балам!
Қарт ананың көзіне жас іркіліп қалды. Ақынның жары – Жұмабаев әулетінің тарихын білетін Зылиқа апай осылай толғанды.
– Қай жақтансың? – деп сұрайды әркім бір айқайлап тағы бір барғанымда.
– Қазақстаннанмын.
– Қазақстан, Қазақстан! – деп айғайлап бір-біріне хабар береді лагерь тұтқындары.
– Кім бар Қазақстаннан?
– Күйеуіңіздің аты-жөні кім?
– Мағжан Жұмабаев! - деймін айғайлап...
Лагерь бастықтарына барып күйеуімді іздеп келгенімді айтып, аты-жөнімді тіркеттіріп қойдым.
...Бұл лагерьге бүкіл Қызылжарды көшіріп келгендей болдым. Құрт, май, сүр ет, ауылдың бауырсағы деген сияқты елдің сәлемі Мағжанды бір қуантып тастады. Темір құрсаумен қоршалған лагерьдегі кездесу бөлмесінде бір ай болдым. Сәл жүдеген қалпы, бірақ сүйкімділігін жоғалтпаған... Үстінде тұтқын киімі...
«Бес арыс» кітабынан
ІІ. Жұптасып, таңдаған сөйлемге синтаксистік талдау жасап, өз жауаптарыңды дәлелдеңдер.
Ыстықкөлге күтпеген жерден жолым түсе қояды деп ойлаппын ба?!
Жұрт дегеніңіз барып-келіп жатады, ауыздарының суы құрып айтып жатады. Ал біздікі «барғызбасың - барғызбас» қой, баяғы. Күрсіністі, күреңіткен мұнарлы мұң ағыстарының кенеркөгінен ғана көрінер аңсарлар қатарындағы ақ кемелі көгілдір көл туралы біздің білетініміз бәріңізге де белгілі. Барып-келушілердің таңдай қаға тамсануы және әлемге әйгілі жазушының атақты шығармасы.
– Ыстықкөлге баратын болдыңыз, - –деді Астана жақтағы басшыларымыздың бірі. - Ертең Алматыға шұғыл жетуіңіз керек. Одан ары автобуспен апарады. Дебатшылардың халықаралық форумы өтеді, соның ақылдастар алқасына кірдіңіз. Біз пақырыңыз сасқалақ қағып:
- Рахмет, мың да бір рахмет! - дейміз дегбірден айырыла абыржып. –Ыстықкөлді бір көрмекті армандайтынымыз рас. Бірақ...
– Не бірақ? – деді бастығымыз күліңкіреп. – Шынымен-ақ бас тартайын деп тұрсыз ба? Әдеттегіңізше?
Қайбір жолы да Бурабайдағы осыған ұқсас бір басқосудан қалып қойғанымыз бартұғын. Соны айтып тұрғаны.
– Жо-жоқ! Бас тартып нем бар? Бірақ дебатшы дегендеріңіз өңшең өрімдей жастар, ал біз...
– Ал сіз сол жастарға бас-көз боласыз. Оның үстіне сценарий бойынша халықаралық форумды ашарда бата беру керек екен, - деді басекең.
Жолға жедел жиналдық. Алматыға апарар жүрдек пойызға жетіп үлгеруіміз керек-ті...
Алматыдан ертеңіне түн ортасы ауа шыққанбыз. Ыстықкөлге таң бозында іліндік. Жұрттың бәрі дерлік тәтті ұйқының құшағында еді. Көлді көрмей қалмайық деп көз ілмейтіндер де жоқ емес секілді. Солардың бірі – біз пақырыңыз.
Алғашқыда Ыстықкөліңіз онша ұнаған жоқ. Әлемге әйгілі жазушының шығармасындағы ғажайыпқа да, мына пақырыңыздың қиялындағы арман-аңсарға да келіңкіремеді. Сұлқ жатқан су айдынынан салқындау бір леп келгендей, автобустың іші суып сала бергендей. Бір-екі студент өзара сыбырласып: «Ыстықкөл!», «Ыстықкөл!» – десті. Қалғандары Солтүстік Мұзды мұхитқа келгендей, бойларын жиырыңқырап, аяқтарын жиыңқырап, ұйқысыраған күйі әлдебір жылы киімдерін тауып жамылып, әжептеуір әбігерге түсті.Шолпан туған шақта белгіленген пансионаттың бозарған қақпасынан өтіп, бөлініп қойылған бөлмелерге орналастық. Жуынып-шайынып алғаннан кейін де жүдеу көңілдің түкпірін тіміскілеген ұлыма күшік жадау сезімнен түк те арыла алмағаныма қайран қала жүріп, жападан-жалғыз серуендемек мақсатпен тысқа шыққанмын. Өзгелердің бәрі, жасы да, жасамысы да ұйқыға кіріскен.
М.Байғұт
ІІІ. Мәтінді ақпарат ретінде пайдалана отырып, «Мәдени мұра-халық игілігі» тақырыбында ой толғаңдар.
«Қазақтың жүз әні»телевизиялық жобасы қазақ халқының ән мұрасын тиісінше насихаттауға бағытталған. Бағдарламаға халықтың көмегімен ең танымал 100 туынды таңдалады. Жобаның айтқызыз мәні – жалпы бағыт сергіту форматында бола тұра – ұсынылатын музыкалық қордың мазмұнында.
Өзектілігі: Тәуелсіздік алғалы бері, елде аспапты музыканы насихаттаудың бірнеше жолы болған-ды. («Қазақтың дәстүрлі мың күйі»). Солардың бірі – отандық классиктердің мұрағаттық жазбалары, яғни «Асыл мұра» жобасы. Ал, «Қазақтың жүз әні»шоу-бағдарламасын заманауи қоғамның талғамымен санаса отырып, ертеректегі бастамаларды ары қарай жалғастырудың жарқын көрінісі деп атауға болады.Бүгінде қазақ әніне арналған жобаның қажеттілігі зор екені жалған емес. Бұл – аталмыш бағдарламаның бірінші өзектілігі. Себебі, ұлттық туындыларды қамтитын соңғы дүние осыдан бір ғасыр бұрын пайда болған. Ол – 1925 жылы жарық көрген Александр Затаевичтің ноталы жинағы. Ән – әуен әдемілігі мен сөз арқылы халық даналығын бір арнаға тоғыстыратын жанр. Сондықтан, халықтың айнасы боларлық жанрға деген талғамды өсіру – мәдениетте жүрген әр азаматтың міндеті. Ал, аталмыш шоу – сол міндетті жүзеге асырудағы үлкен мүмкіндік.
Екіншіден, «Қазақтың жүз әні» жобасында белгілі кезеңді ғана қамтитын композициялар емес, 19-ғасырдан бүгінгі күнге дейінгі әрбір «жеңісті» ән қамтылады.Үшіншіден, енді қазақ әні мұрағат пен музыка дүкендерінде шаң басып жатпақ емес. Телеарна арқылы ән әлемінің үздіктері әр үйден, әр жүректен орын алады.
Маңыздылығы.
«Қазақтың жүз әні»түрлі жастағы аудиторияны әнді таңдау және тыңдау мәдениетіне баулиды, туған өлкенің дәстүрін құрметтеуге шақырады және ұмыт қалып бара жатқан мұраны еске салады. Бұл егде жастағы қауым үшін қаншалықты маңызды болса, жасөспірімдер үшін де соншалықты өзекті. Себебі, жастар ақпарат құралдарының ықпалымен ән тыңдаудағы талғамын өсіреді.
Ғаламтор желісінен
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 8
Күні
Сабақтың тақырыбы:Анықтауыш
Сабақтың мақсаты: а) анықтауыш туралы алынған білім өрісін кеңейту;
ә) оқушылардың ойлау қабілеті, өзіндік шығармашылық дағдыларын арттыру;
б) ұлт мұрасына құрмет сезіміне тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,тіл дамыту, шығармашылық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, бейнелеу өнері,...
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, сабақ дайындығын тексеру..Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Анықтауыш – сын-сипатты, қасиетті, т.б. анықтайтын сөйлем мүшесі. Ол көбіне бастауыштың, кейде толықтауыштың сындық, сандық, т.т. белгілерін анықтап отырады. Оған қандай қасиеттер тән екенін танып-білуге дайынсың ба, зерделі жас?
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Шығармашылық тапсырмалар, өткен материалдарға қатысты қайталау сұрақтарын қою.
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Анықтауыш – зат есімнен немесе заттық ұғымда жұмсалған басқа да сөз таптарынан болған мүшелерді сындық, сапалық, сандық, иелік жағынан сипаттап, анықтап тұратын тұрлаусыз мүше.
Байланысу түрі: анықтауыштар өзі анықтайтын мүшемен қабыса және матаса байланысады. Мысалы: Самалдың әдемі үні маған ой салды. Самалдың үні (матасу), әдемі үні (қабысу).
Төмендегі кестемен жұмыс жасаңдар. Анықтауыштардың қай сөз табынан жасалғанымен танысып, анықтауыш болып тұрған сөздің тұлғасын анықтаған соң, өздерің мысалдар құраңдар.
Сөз табы
Мысалы
Сын есім
Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ.
Есімдік
Есімше
Қасқырдың бұл қылығын мазақтап, күле-күле екі ешкі қайтып келді.
Атар таңмен араласып, ән шырқаған қандай ерке?
Зат есім
Алмасы Алатаудың көпке мәлім,
Әркім де татқан шығар тәтті дәмін.
Сан есім
25 қарашада он үшінші ұтыс тиражы өткізіледі.
Ілік септікте тұрған есім сөздер
Сенің баяндамаң бәрімізге ұнады.
Анықтауыш құрылысына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:
Түрі
Ережесі
Мысалы
Дара
Бір сөзден тұратын анықтауыш
Салқын самал жанға жайлы-ақ.
Күрделі
Кемінде екі сөзден тұратын анықтауыш
Ақ басты Алатаудың Жамбылымын
Үйірлі
Үйірлі сөздерден тұратын анықтауыш
Басы аппақ, денесі керген төстіктей... белгілі Иван келді.
Білімді пысықтау бағдары:
Сөйлемде зат есімнен немесе заттық ұғымда жұмсалған басқа да сөз таптарынан болған мүшелерді сындық,сапалық,сандық,иелік жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүше – анықтауыш.
Соған сәйкес сұраулары:
Анықтауыш өзі анықтайтын мүшесімен қабыса,матаса байланысады.Мысалы:...
Анықтауыш бірнеше сөз таптарынан болады.Анықтауыштар құрылысына қарай: ...., ... және...
Анықтауыштар құрылысына қарай
Мысалдар
Анықтауыш болатын сөз таптары
Мысалдар
Кітаппен жұмыс: 67-жаттығу, 68-жаттығу.
Шығармашылық жұмыс: «Бауыржан баба сөздері» тақырыбындашағын әңгіме жазыңдар. Анықтауыш түрлері мен қай сөз табынан жасалып тұрғанын талдап көрсетіңдер.
Намысты нанға сатпа.
Қарабет болып қашқанша - қайрат көрсетіп өлген артық.
Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу - сатқындық.
Именіп жүріп көрген игіліктен - қарсыласып жүріп көрген бейнет артық.
Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше - шындықтың уын ішін өлген артық.
Ерлік - елдің қасиеті, жүректілік - жігіттің қасиеті.
Ешкім іштен батыр болып тумайды: батырлық та, мінез секілді өскен орта, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады.
Батырлық тәуекел мен ақылдың есебінен шығуға тиіс. Тәуекел кейде ақылды да ақтап алады. Ал ақылсыз тәуекелді ештеңе де ақтап ала алмайды.
Б.Момышұлы
Білімді бекіту: 69, 70-жаттығуды орындату.Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар даярлау.
Бағалау.
Үйге тапсырма: «Тілтаным» айдарымен жұмыс.
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 8
Күні
Сабақтың тақырыбы:Анықтауыш
Сабақтың мақсаты: а) анықтауыш туралы алынған білімді бекіту мүмкіндіктеріне жол ашу;
ә) өзіндік шығармашылық, іздену дағдыларын өрістету;
б) ұлт мұрасына құрмет сезіміне тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: шығармашылық-ізденіс сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,өзіндік ізденіс, шығармашылық жоба
Пәнаралық байланыс: әдебиет, бейнелеу өнері,тарих,...
«Пысықтауышты мен баспасөз қызметкеріне ұқсатамын. Ол үнемі баяндауыштан басшының қимыл-әрекеті қашан, қайда, қалай, не мақсатпен, не себепті жүзеге асырылатынын пысықтап, сұрап тұрады. Бәрін уақытында біліп, мәліметті дер кезінде таратуға жауапты қоғам мүшесіне ұқсайды», – дейді сөйлем мүшелерінің психологиялық суреттемесін жасауға құштар құрбыларың Құралай. Сен оның ойына қосыласың ба?
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
«Анықтауыш, мәні мен маңызы» тақырыбындағы ізденіс жұмысын тексеру. Берілген жоспар негізінде ойталқы ұйымдастыру.
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Етістіктен болған баяндауышпен байланысқа түсіп, іс-қимылдың мекен, мезгіл, амалы мен себеп, мақсатын айқындап тұратын сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі пысықтауыш деп аталады.
Пысықтауыш қызметінде жұмсалатын сөздер – үстеулер, үстеу мәндес есімдер, сапалық есімдер мен мекендік, мезгілдік, мақсаттық, амалдық мағыналарда жұмсалатын септеулі (жатыс, барыс, шығыс, көмектес септіктеріндегі) зат есімдер.
2. Қуанышқа бөленген сәттеріңді еске түсіріп, «Қуаныш құшағында» деген тақырыпта 5-6 сөйлемнен тұратын ойтолғау жаз. 1 сөйлемге синтаксистік талдау жаса.
II деңгей. Жұптық жұмыс.
1. «Тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелері» тақырыбында еркін пікір алмасыңдар.
2. Айтылған пікір негізінде «Сөйлем мүшелерінің мәні мен маңызы туралы өзіндік пікірім» тақырыбында шағын тұжырым жазу.
ІІІ деңгей. Топтық жұмыс.
Көркем әдебиет, баспасөз беттерінен сөйлемдер келтіріп, талдау.
Сөйлем мүшелерін танып-білудің қажеттілігі» тақырыбында дәлел мен дәйек келтіре отырып айтылатын пікірді жазбаша даярлау. Ойталқы ұйымдастыру
«Тілтаным» айдары негізінде өзіндік мысалдарын жинақтап жазып шығу.
Білімділіктің мәресіне жеткізетін бір қасиет – өткен тақырып бойынша білгендеріңді жинақтап, саралап қарау. Белгілі бір тақырыпқа қатысты мәліметтерді, деректерді жинақтап отыру – нағыз қазыналы көмбе. Олай болса, сөйлем мүшелері туралы білетінімізді жинақтаған кестемен жұмыс жасап, оны мысал келтіре, талдап, дәлелдей отырып, жан-жақты жақсы меңгергеніңе көз жеткіз, талапты жас.
Бастауыш
Сипаттамасы
Сұрақтары
Түрлері
Құрамына қарай
Атау септікте тұрып, сөйлемдегі іс-қимылдың иесі болады. Баяндауышпен жақ, шақ жағынан қиыса байланысады
Кім? Не?
Кімдер? Нелер?
Кімі? Несі?
Кімдері? Нелері?
Дара
Күрделі
Баяндауыш
Сипаттамасы
Сұрақтары
Түрлері
Құрамына қарай
Бастауышпен бір тұлғада болып, сөйлемді тиянақтап тұрады. Сөйлемге негіз болады.
Не істейді? Қайтеді? Не қылмақ?
Дара
Күрделі
Анықтауыш
Сипаттамасы
Сұрақтары
Түрлері
Құрамына қарай
Сөйлемде сын, түс, түр, көлем, мөлшер, сапа белгілерін білдіреді.
Анықтайтын сөзбен қабыса, матаса байланысады
Қандай? Қай? Кімнің? Ненің? Қанша? Қайдағы?
Дара
Күрделі
Толықтауыш
Сипаттамасы
Сұрақ-
тары
Түрлері
Құрамына қарай
Мағынасына қарай
Іс-әрекетті заттық мағына жағынан сипаттайды.
Сөз байланысының меңгеру және жанасу түрлері тән
Б. кімге? неге?
Дара
Күрделі
Жанама
Т. кімді? нені?
Тура
Ж. кімде? неде?
Жанама
Ш. кімнен? неден?
Жанама
К. кіммен? немен?
Жанама
Пысықтауыш
Сипаттамасы
Сұрақтары
Түрлері
Құрамына қарай
Мағынасына қарай
Іс-әрекет, оқиғаның мекенін, мезгілін, себебін, мақсатын, сын-қимылын білдіреді.
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Адам қай нәрсені болсын айқындап білуге құштар болады. Осындай айқындап, нақтылап тұратын қасиет айқындауыш мүшелерден байқалады. Сен қалай ойлайсың?
ә) Үй тапсырмасы. Қатемен жұмыс:
Қатемен жұмыс жүргізу.
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Айқындауыш мүше – сөйлемде белгілі бір сөзді заттық жағынан айқындап түсіндіріп, нақтылап көрсететін сөз я сөздер тобы.
Айқындауыш мүшенің екі түрі бар: оңашаланған айқындауыш, қосарлы айқындауыш.
Оңашаланған айқындауыш – өзі қатысатын сөзінен кейін тұрып, ерекше әуенмен айтылып, анықтайтын сөзінің заттық, шақтық, т.б мағынасын дәлдеп көрсететін айқындауыш.
Үтір оңашаланған айқындауыштың екі жағынан қойылады.
Сызықша оңашаланған айқындауыштың екі жағынан немесе өзі анықтайтын мүшесімен екі араға қойылады. Мысалы: Қалың көпшілік – арбалылар да, салттылар да, жаяулар да – соның соңынан шұбап, қыртысы қалың, жасыл көделі жердің шаңдағын аспанға шығарды.(С.Мұқанов)
Қосарлы айқындауыш – анықтайтын сөзімен қосақталып, зат есімдердің қосымшасы ретінде жұмсалатын сөздер.
Кейбір қосарлы айқындауыштар өздерінің айқындайтын сөзінен қос сөздер сияқты дефис арқылы бөлінеді. Мысалы: Телефон-автомат, батыр-ұшқыш, инженер-технолог, тілші-ғалым, тұжырым-пікір, ой-түйін, әдіскер-ұстаз, т.б.
Бұл сияқты анықтауыштық қатынаста жұмсалатын сөз тіркестерінің анықталатын сөзі көбінесе кісі аты, оны айқындайтын қосалқы айқындауыштар батыр, ақын, балуан, шырағым сияқты зат есім, кейде сын есімдер болады. Мысалы: Біржан сал, Алпамыс батыр, Жамбыл ақын, балуан Әсет. Сондай-ақ мырза, ханым сөздерінің адам есіміне немесе мамандық, лауазымға қосақталып жұмсалуы да қосарлы айқындауышқа мысал болады: профессор мырза, Ақбота ханым, т.б.
Оңашаланған айқындауыштың анықтауышқа ұқсас болғанымен, одан кейбір өзгешеліктері бар.
Анықтауыш анықтайтын сөзінің алдында тұрып, оның өзіне тән, басқа заттан ерекше сынын, сапасын білдірсе (алтын алқа, сары жапырақ, екі дос), айқындауыш анықтайтын сөзінен кейін тұрып, көбінесе оның лексикалық мағынасын, мүшелік қызметін басқа сөздермен толықтырады немесе көлденең сапасын көрсетеді. Дәлірек айтар болсақ, егер айқындалатын сөз зат есім болса, айқындауыш оның сипаты, топтағы өзіндік орны қандай екенін, ал мезгілдік үстеу болса, қай мезгіл екенін нақтылай түседі. Мысалы: плащ-палатка, кеше, қыркүйектің онында, біз – мектеп шәкірттері – білім еліне саяхаттаушылар, т.б.
Жаттығумен жұмыс: 76-жаттығу
Шығармашылық жұмыс: 79-жаттығу
Білімді бекіту: топтарға бөліне отырып, қарсы топқа сұрақтар қою, дәлелді пікірлер, ой жарыстыру.
Проблемалық сұрақ тудыру:
Айқындауыштардың сөйлемдегі орны мен маңызы қандай?
Бағалау.
Үйге тапсырма: Әдебиет оқулығынан айқындауыш мүшелерге қатысты 5 мысал жазып келу.
Күні:
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы:Сөйлемнің айқындауыш мүшелері
Сабақтың мақсаты:
а) айқындауыш мүшелер туралы білім көзін өрістету, оқушы ізденісін қалыптастыруға ықпал ету;
ә) есте сақтау, зерделеу, зерттеуге бағдар беру;
б) тіл білімі саласындағы ерекшеліктерді сезінуге, ғылыми ұстанымға құрмет сезіміне баулу.
Сабақтың түрі: білім бекіту.
Сабақтың әдісі: сұрақ, ой тудыру, тіл дамыту
Сабақтың көрнекілігі: сөздіктер, қосымша материалдар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, ағылшын тілі
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.
ә) Үй тапсырмасы. Өзіндік жұмыстың орындалуын тексеру:
б) Білімді бекіту.
Назар аудар:
Сөйлемде кейде бір заттық жағынан айқындап,түсіндіріп тұратын сөз я сөздер тобы –айқындауыш.
Айқындауышш
Қосарлы айқындауыш
Оңашаланған айқындауыш
Оңашаланған айқындауыштың анықтауыштан айырмашылығы бар: анықтауыш өзі анықтайтын сөзінен бұрын тұрса, оңашаланған айқындауыш онан кейін тұрады да,өзі айқындайтын сөздің мағынасын нақтылайды. Оңашаланған айқындауыш өзі айқындайтын мүшесімен қызметтес әрі тұлғалас болады. Сондықтан оңашаланған айқындауыш сөйлемде бастауышты,баяндауышты,пысықтауышты,толықтауышты,кейде анықтауышты айқындайды.
Айқындауыш, әдетте,сөйлемде екі жағынан да үтірмен,кейде айқындауыштар тізбегінде үтір болса,онда екі жағынан сызықшамен ажыратылады.
Қосарлы айқындауыш өзі айқындайтын мүшесіне қосалқы атау болады. Мысал келтірту.
Кейбір қосарлы айқындауыштар өздерінің айқындайтын сөзінен,қос сөздер сияқты, дефис арқылы бөлінеді. Мысал келтірту.
Жаттығумен жұмыс.77, 78-жаттығулармен жұмыс.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты сұрақтар.
Айқындауышқа байланысты шағын сөздік диктант. Кеткен қатеге байланысты түсіндірме жұмысы.
Үйге тапсырма: «Айқындауыш мүше: оның мәні мен маңызы» тақырыбында тұжырымды пікір жазып келу.
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 8
Күні
Сабақтың тақырыбы:Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Сабақтың мақсаты: а) Сөйлемнің бірыңғай мүшелері туралы түсінік бере отырып, білім әеңгейлерін тиянақтау,жинақтау,тереңдету, сөздік қорын дамыту;
ә)есте сақтау қабілетін,салыстыра отырып ажырату дағдыларын дамыту,жинақылыққа, тез,ұтымды жауап беруге үйрету;
б) салт-дәстүрге ден қоятын азамат тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: деңгейлік тапсырмалар, қосымша материалдар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, мәдениет
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Сөйлем мүшелерін жақсы білетін саған бірыңғай мүшелерді меңгеру еш қиындық тудырмайды. Себебі бұл бірыңғай топталып келген бастауыш, баяндауыш, т.т. сөйлем мүшелері екенін білген соң, тақырыпты өз деңгейінде игеріп кететініңе біз сенеміз.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Жазба пікірді талқылау. Орындалмаған жағдайда өз пікірін білдіруге мүмкіндік беру. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар даярлау.
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері – сұраулары мен қызметі ортақ болып, сөйлемнің бір ғана мүшесімен байланысатын кемінде екі сөзден тұратын мүше.
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері де, тұрлаусыз мүшелері де бірыңғай мүше бола алады.
Сөйлем мүшесі
Мысалы
Бірыңғай бастауыш
Бейсен, Шымырбек, Қали (кімдер?) құлаған жерді аршып жатыр.
Бірыңғай баяндауыш
Дала боран, жел дүрілдейді, ысқырады(не істейді?).
Бірыңғай толықтауыш
Тау мен тасты (нені?) су бұзар.
Бірыңғай анықтауыш
Дала қызыл, сары, жасыл (қандай?) түстермен құлпырып тұр.
Бірыңғай пысықтауыш
Ол хатты асықпай, баппен, жақсылап (қалай?) тағы бір оқып шықты.
Бірыңғай мүшелер жалғаулық шылаулар арқылы байланысады
Түрі
Жалғаулық
Мысалы
Ыңғай-ластық
да, де, та, те, және, әрі, мен, бен, пен
Ол өте көркем және байсалды жігіт.
Қарсы-лықты
Бірақ, алайда, әйткенмен
Біз сыртқа шығайық, бірақ ұзап кетпейік.
Талғау-лықты
Я, не, немесе, әлде
Ол – сенің я ағаң, я інің.
Кезек-тестік
Бірде, біресе, кейде
Бекжан бірде кітапқа, бірде сағатына қарайды.
Назар аудар:
Бірыңғай мүшелердің тыныс белгілері
Бірыңғай мүшелердің арасына үтір қойылатын жағдайлар:
Бірыңғай мүшелердің байланысу тәсілі
Мысалы
Бірыңғай мүшелер өзара жалғаулықсыз байланысса
Ауа райы ыстық, қапырық.
Жалғаулық шылаулар бірыңғай мүшелердің арасында қайталанып келсе
Абзал – әрібасшы, әрі балуан.
Бірыңғай мүшелер бірақ деген қарсылықты жалғаулық арқылы байланысса
Жолдасың зейінді, бірақ танымады.
Мынадай жағдайларда бірыңғай мүшелердің арасына үтір қойылмайды:
Бірыңғай мүшелердің байланысу тәсілі
Мысалдар
Бірыңғай мүшелердің арасында мен, пен, бен, және жалғаулықтары бір рет келсе
Асан мен Үсен көп бөгелген жоқ.
Да, әрі, не, немесе жалғаулықтары қайталанбай, бір рет келсе
Ол бүгін немесе ертең келеді
Бірыңғай мүшелердің алдында не соңында жалпылауыш сөздер келген жағдайда сызықша немесе қос нүкте қойылады.
Жалпылауыш сөздердің орналасуы
Мысалдар
Жалпылауыш сөздер (жалпылау, сілтеу есімдіктері, сан есім) бірыңғай мүшелерден кейін келген жағдайда сызықша қойылады
Ауылдан арнайы келген досым Ермек, әнші Әділ және әзілқой Арнұр – үшеуі жиынның көркі болды.
Ару, әсем, әдемі – барлығы синоним сөздер.
Жалпылауыш сөз бірыңғай мүшелердің алдында келсе, онда жалпылауыш сөзден кейін қос нүкте қойылады
Адамға аса қажет асыл қасиеттер мыналар: адалдық, еңбекқорлық, кішілік, ізденгіштік.
Білімді пысықтау:
Сөйлемдегі қызметі,тұлғасы,сұрақтары бірдей және бір ғана ортақ мүшемен байланысатын сөздер – бірыңғай мүшелер.
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері де,тұрлаусыз мүшелері де бірыңғай мүше түрінде кездеседі. 82-жаттығумен жұмыс.
Бірыңғай мүшелер жалғаусыз да,жалғаулықтар арқылы да (мен,да,және,әрі,я,не,немесе) байланысады.
Жалғаулық шылаулар қайталанбай бір-ақ рет келсе,арасына үтір қойылмайды.
Кейде бірыңғай мүшелердің алдында немесе соңында жалпылауыш сөздер болады.жалпылауыш сөздер ретінде жалпылау,сілтеу есімдіктері және сан есімдер жұмасалады.
Егер жалпылауыш сөз бірыңғай мүшелердің алдынан келсе,ондажалпылауыш сөзден кейін қос нүкте,сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің арасына үтір қойылады.
Қосымша білім көзі:
Көне түркі жазба ескерткіштерінде сөйлем құрамында тұрып, белгілі бір сұраққа жауап беріп, сөйлем мүшесі қызметін атқарып тұрған сөздер айқын көрінеді. Мысалы: Артқы қырқ аз қаған кучлуг қаған йағымыз болты – Артқы күшті қырық аз қаған жауымыз болды. Бұл сөйлемдегі қаған– бастауыш, жауымыз болды– күрделі баяндауыш, артқы күшті қырық аз– күрделі анықтауыш.
Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі сөйлем мүшелері, қазақ тіліндегідей тұрлаулы және тұрлаусыз болып екіге бөлінеді. Олардың әрқайсысына мысал келтірейік:
Ескерткіштер тілінде бастауыш болатын сөздер негізінен атау тұлғада тұрады. Құрамына қарай дара және күрделі болып бөлінеді.
Ескерткіштер тіліндегі баяндауыш істің, қимылдың әрекеттің иесін көрсетіп, жіктік жалғаулардың жекеше және көпше түрлерінде кездеседі. Баяндауыш болатын сөздер атау не тәуелді жалғаулы тұлғада тұрған барлық сөз табынан болады.
Қара терім йугірті– Қара терім жүгірді.
Ескерткіштер тіліндегі толықтауыштар мағынасына, синтаксистік қызметі мен тұлғасына қарай тура және жанама толықтауыш болып екіге бөлінеді.
Бең саңа не айтайын – Мен саған не айтайын.
Көне жазба ескерткіштерде анықтауыш сөйлемнің есімнен басқа мүшелерін анықтап тұрады.
Қамығы йеті йуз болмыс – Бәрі жеті жүз болған.
Ескерткіштер тілінде пысықтауыш мүше болатын сөздер – үстеулер. Сонымен қатар кейбір мезгілдік, мекендік мағынада айтылатын сөздер де пысықтауыш бола алады.
Йағымыз учуқ тег ерті – Жауымыз жыртқыш құстай еді.
Бірыңғай сөйлем мүшелері бар екеніне де дәлел келтіре кетсек:
Бірыңғай бастауыш: Табғач, оғуз, қытан – бу үчегү қабысар –Табғаш, оғыз, қытан – бұл үшеуі бірігер.
Бірыңғай баяндауыш: Біз сүңүсдіміз, санчдымыз – біз соғыстық, шаншыдық.
Тап осылай бірыңғай пысықтауыш, анықтауыш, толықтауыштар да кездесіп отырады.
Жаттығумен жұмыс: 80, 81-жаттығу.
Білімді бекіту:
Сөйлегенде не жазғанда сөйлемнің бірыңғай мүшелері не үшін қолданылады?
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері барлық сөз таптарынан бола бере ме?
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кеспе қағаздар, қосымша материалдар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
«Тілтаным» айдарымен жұмысты тексеру. Көне ьтүркі тілдеріндегі сөйлем мүшелері туралы пікірлерін ортаға салу.
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Оқшау сөздер – сөйлемнің құрамында тұрса да, басқа мүшелермен грамматикалық байланысқа түспейтін, сөйлем мүшесі қызметін атқара алмайтын сөздер.
Олар сөйлемге тигізетін мағыналық әсеріне және жасалу жолына қарай үшке бөлінеді: қаратпа сөз, қыстырма сөз және одағай сөз. Олардың ерекшелігі төмендегідей:
Оқшау сөз түрі
Ережесі
Мысалдар
( тыныс белгілердің қойылуына назар аударыңдар)
Қаратпа сөз
Біреудің назарын өзіне аудару үшін қолданылатын сөз
Арман, 26 мамыр күні емтихан болады.
Айтшы, күнім, айтшы!
Ендігі сөз сенікі, шырағым.
Қосымша. Көркем әдебиетте қаратпа сөз жансыз заттар болып келетін қолданыстар да кездеседі:
Келісемісің, жас қайың?..
Ей, тәкаппар дүние,
Маған да бір қарашы...
Оқшау сөз түрі
Ережесі
Мысалдар
( тыныс белгілердің қойылуына назар аударыңдар)
Қыстырма сөз
Сөйлемдегі ойға қатысты сөйлеу-шінің түрлі көзқа-расын білдіретін сөз
Жаңылмасам, сіз осы заводтың директоры боларсыз?
Осының бәрін, әрине, жалғыз істей алмайды.
Өзі осында келген шығар, сірә?
Қосымша. Сөйлеуші көзқарасындағы күмән, сенім, өкініш, реніш, ризашылықты білдіреді.
Оқшау сөз түрі
Ережесі
Мысалдар
( тыныс белгілердің қойылуына назар аударыңдар)
Одағай сөз
Сөйлеушінің түрлі көңіл күйін, сезім толқынын білдіретін сөз.
Уа, қой деймін, бала!
Қазақтың әндері, шіркін, неткен әдемі.
Сабыр сақтасаң қайтер еді, ә?
Қосымша. Көбіне ауызекі сөйлеу және көркем әдебиетте кеңінен қолданылады.
Оқшау сөздің тыныс белгілері
Оқшау сөз сөйлемнің басында келсе, одан кейін үтір қойылады.
Оқшау сөз сөйлемнің соңында келсе, оның алдынан үтір қойылады.
Оқшау сөз сөйлемнің ортасында келсе, оның екі жағынан үтір қойылады.
Қыстырма – түсінік сөз, түсінік сөйлем жақшаға алынады: Ахаң (менің інім) ол кезде бала еді.
Білімді пысықтау бағыттары:
Оқшау сөздер ережесі.
Оқшау сөздер қызметіне қарай .... бөлінеді.
Оқшау сөздер
Қаратпа сөздің тыныс белгілері
Қаратпа сөз сөйлемнің басында келгенде, одан кейін үтір не леп белгісі қойылады.Мысалы: Ағайын! Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратын кез келді.
Қаратпа сөз сөйлем ортасында тұрғанда, оның екі жағынан үтір қойылады. Мысалы: Ризамын, балам, ризамын!
Қаратпа сөз сөйлемнің соңында тұрғанда, одан бұрын үтір қойылады. Мысалы:Қиялыңа қанат бітсін, жас дос.
Қыстырма сөздің мағыналық түрлері
Мағынасы
Қыстырма сөздер
Мысалы
Қуанышты, ренішті білдіреді
Бағымызға қарай, амал қанша, абырой болғанда
Сенуді, мақұлдауды, мойындауды білдіреді
Сөз жоқ, бәсе, рас, әрине, шынында, дұрысында, т.б
Ойдың кімнен, қайдан екенін көрсетеді
Меніңше, сіздіңше, оның пікірінше, демек, ендеше, жалпы алғанда
Шамамен ғана я сенер-сенбестікпен айтылғанын білдіреді
Сірә, мүмкін, тегі, кім біледі, байқаймын, бәлкім, т.б.
Алдыңғы сөйлемдерде айтылған оймен байланысты, қорыту ретінде айтылады
Олай болса, демек, сөйтіп, сонымен, қысқасы, айтпақшы, т.б.
Ой тәртібін білдіреді
Біріншіден, екіншіден, бір жағынан, әуелі, ақырында, т.б
Кестені толтырып, қыстырманың әр мағыналық түріне 6 мысалдан сөйлем құраңдар.
Қыстырма сөздің мағыналық түрі
Мысалы
Ой тәртібі
Біріншіден, сенің ренжитін еш жөнің жоқ.
Одағайдың мағыналық топтары
1) Көңіл күйді білдіретін одағайлар: Алақай! Ура! (қуаныш, шаттану), һа! Паһ-паһ! (сүйсіну, таңдану), Бәрекелді! (сүйсіну, қоштау), Оһо! (таңдану), т.б. Мысалы: Алақай! Ата! Апа! Есбосындар келіп қалды! Соғыс бітті! (Ғ.Сланов). ОҺо, жолдас болатын болдың. (Ә.Әбішев) т.б.
2) Жекіру одағайлары: бұйыру, жекіру, тыйым салу мақсатымен қолданылатын Тәйт! Сап-сап! Қане! Жә! Тек (тәк)! Әуп! сияқты одағайлар. Мысалы: Жә, тоқтат, ақсақал! Базаралыдан алмаған өшің бар ма? Тек, тантымай сөйле! Былғама Нұрғанымды.(М.Әуезов).
3) Шақыру одағайлары. Бұл топқа айтақ, моһ-моһ, шөре-шөре, сарап-сарап, көс-көс, кәуіс-кәуіс, шәуім-шәуім, әукім-әукім, мәлік келгір, жамандатқыр сияқты үй жануарларын шақыру, айдау, қорғау, үркіту мақсатымен қолданылатын сөздер мен одағайлы тіркестер жатады. Баған алақанын бір-біріне ұрып: моһ-моһ деп еді, етекке қарай желе жөнелді(О.Бөкеев). Әукім-әукім ақ бұзау... (Ө.Тұрманжанов)
Көңіл күй одағайы бар
Шақыру одағайы бар
Жекіру одағайы бар
5 сөйлем
5 сөйлем
5 сөйлем
Ой қозғау:
Тілтаным
Көне түркі ескерткіштеріндегі оқшау сөздер
Жеке тұрып, өз алдына сөйлем мүшесі бола алмайтын, бірақ сөйлемде адамның әртүрлі көңіл күйін (қуану, өкіну, ренжу, т.б) білдіретін одағай сөздер ескерткіштер тілінде өте аз кездеседі. Ол йытадейтін бір ғана сөз.
Жаттығумен жұмыс: 84, 85-жаттығу.
Білімді бекіту: 86-жаттығу.
Бағалау.
Үйге тапсырма:87-жаттығу
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 8
Күні
Сабақ тақырыбы:Диктант.
Сабақтың мақсаты: а) сөйлем мүшелері, бірыңғай сөйлем мүшелері, оқшау сөздерге қатысты білім деңгейін тексеру жұмысын орындауға мүмкіндік беру;
ә) оқушының жадыда сақтау, білімді жинақтау және сауаттылық дағдыларын қалыптастыру;
б) зерджелеу мен зеректікке баулу.
Сабақтың түрі:білім бекіту
Сабақтың әдісі:жазба шығармашылық ізденісі,сұрақ-жауап, талдау
Сабақтың көрнекілігі :диктант мәтіні мен жұмысқа қатысты сөздіктер.
Пәнаралық байланыс:әдебиет, орыс тілі
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Диктант жазу дайындығы, шарттарымен таныстыру.
ә)жаңа сабақ – диктант мәтіні.
б) шығармашылық тапсырма: сөйлем талдау, нормаларға негізделген сұраққа жауап, т.т.
в) шығармашылық тапсырманы тексеру жұмысы. Жұмысты қабылдап алу.
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 8
Күні
Сабақтың тақырыбы: Жай сөйлемнің түрлері
Сабақтың мақсаты: а) Жай сөйлемнің түрлері туралы түсінік бере отырып,оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын және негізгі мәселелерді жинақтай білуге үйрету;
ә) салмағын, мағынасын зерделеуге, жылдам есте сақтау қабілеттерін дамыту;
б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу;
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты игерту.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,сын тұрғысынан ойлау
Сабақтың көрнекілігі: плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орысғ ағылшын тілі
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Аяулы дос! Міне, енді сен жай сөйлемдермен тереңірек танысасың. Бұл – бір ғажайып әлем! Жай сөйлемнің құрылысына назар аударып, түрлерін жете тануға зейін қой, зерделі жас.
Жай сөйлем тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерден (кейде бастауыш пен баяндауыштан ғана тұрады, кейде тек баяндауыштың өзінен) құралып, бір ғана ойды білдіреді. Құрылысы мен көлемі түрлі сипатта болады.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Қатемен жұмыс.
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Жай сөйлемдердің жасалуы
Мысалдар
Бір сөзден
Түн. Айнала.
Сөз тіркесінен
Күз мезгілі. Байтақ өлкем.
Сөздер мен сөз тіркестері жиынтығынан
Уфа медреселерінің бірінен оқыған шәкірт екен.
Баяндауыштың негіз болуы арқылы
Абайдың Шұбарға жаны ашығандай болды.
Жай сөйлемнің түрлері туралы түсінік
Сөз не сөз тіркестерінен құралып, тиянақты бір ғана ойды білдіретін сөйлемнің түрі жай сөйлем деп аталады.
Жай сөйлем бір сөзден де, бірнеше сөз, сөз тіркесінен де құралуы мүмкін. Мысалы: Гүл. Сұлулық патшайымы. Жолаушылар оралды. Ерке көктем желбіретіп гүл шашақтарын тақты.
Жай сөйлемнің құрамындағы сөздер өзара мағыналық байланыста болады. Кез келген сөзден сөйлем құрала бермейді. Айтушының ойын тыңдаушы түсінетіндей деңгейде болып, өзара мағыналық байланыста болған сөздер ғана сөйлем бола алады.
Жай сөйлем құрылымына қарай төмендегідей түрлерге бөлінеді:
Түрі
Ережесі
Мысалы
Жақтысөйлем
және
жақсыз сөйлем
Бастауышы бар сөйлем
Бастауышы мүлдем жоқ сөйлем
Ол қалаға келді.
Сенің айтқың келмейді.
Жалаңсөйлем
және
жайылмасөйлем
Тек тұрлаулы мүшеден тұра-тын сөйлем
Тұрлаусыз мүше қатысқан сөйлем
Нұрайдын ұйықтады.
Мен Мәскеуде демалып қайттым.
Толымдысөйлем
және
толымсызсөйлем
Ойға қажетті мүшелердің бәрі қатысқан сөйлем
Айтылуға тиісті мүшелердің бірі түсіп қалған сөйлем
Жазда ауа райы өте ыстық болады.
– Жанғара, қашан кет-пексің?
– Ертең.
Толымды түрі:
– Жанғара, (сен) қашан кетпексің?
– (Мен) ертең (кетпекпін).
Атаулы сөйлем
Іс-оқиғаның, құбылыстың атауын ғана көрсететін сөйлем
Қыс. Аяз. Егіс даласы.
Жай сөйлемнің өзіндік интонациясы – дауыс ырғағы болады, сөздердің орын тәртібі сақталады.
Білімді пысықтау.
Жай сөйлемнің құрылысы және көлемі әрқашан бір сипатта бола бермейді.
Түрлеріне қатысты мәліметтерді жинақтау.
Жақты жақсыз толымды
толымсыз жалаң
Жай сөйлемнің түрлері
жайылма атаулы
Жаттығумен жұмыс: 90, 91-жаттығу.
Білімді бекіту: 92, 94-жаттығу.
Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.
Үйге тапсырма: 93-жаттығу.
Күні:
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Жақты сөйлем, жақсыз сөйлем.
Сабақтың мақсаты:
а) оқушыларға жақты, жақсыз сөйлем туралы түсінікті өз деңгейінде танып-білуге жағдай тудыру;
ә) ұжымдық, деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың адамдық қасиеттерін дамыту;
б) белсенділік пен ізденіске баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: ой қозғау, сұрақ-жауап,тіл дамыту, топтастыру
Сабақтың көрнекілігі: кеспе қағаздар, қосымша материалдар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Жақты сөйлемді сен үнемі қолданасың. Әрине, мысал келтіргенде бастауыш пен баяндауышты қатыстырып сөйлем құрастыру сен үшін жылдам әрі жеңіл. Бірақ сол құрған сөйлемдеріңді талдайтын кезде тосылып қалуың мүмкін. Олай болса, жақты сөйлем жайлы тереңірек мәлімет алуға ынта қой.
Жақсыз сөйлемді сен көп қолдана бермейсің, дегенмен оның кездесетін тұстары болып тұрады. Енді сен жақсыз сөйлемді қолданған тұста мұны біліп отыратын боласың, қызық емес пе? Сен қалай ойлайсың?
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Жай сөйлем түрлеріне байланысты сұрақтар топтасын даярлау.
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Бастауышы бар не айтылмай жасырын тұрса да, оны баяндауыш арқылы табуға болатын жай сөйлемнің түрі жақты сөйлемдеп аталады.
Мысалы: Ұзақ уақыт ұйықтай алмадым. Ұйықтай алмаған кім? (Мен).
Жақты сөйлемде бастауыш пен баяндауыш қиыса байланысады: Мен ерте келдім. Сен ұзақ жүрдің. Ол әбден кешікті.
Бастауыш сөйлемде жасырын келген жағдайда да баяндауыш тұлғасына қарап, бастауышты тауып алуға болады. Мысалы: Таспен ұрғанды аспен ұр деген сөйлемде бастауыш арнайы айтылмаса да, баяндауыш (ұр) арқылы бастауыштың екінші жақ тұлғасындағы есімдік (сен) екенін аңғаруға болады. Жұмысым бітпей жүрдім деген сөйлемде бастауыш арнайы айтылмаса да, баяндауыш тұлғасынан (жүрдім) оның бірінші жақ, жекеше тұлғада (мен) тұрғанын байқау қиын емес.
Біз баяндауыш қана негіз болатын сөйлемдер бар екенін айтып өткенбіз.
Жақсыз сөйлем – баяндауыштың бір өзі (бастауышсыз) сөйлем жасауға ұйытқы болатын жай сөйлемнің түрі.
Кейбір жай сөйлемдерде үш жақтың біріне тән грамматикалық бастауыш болмайтыны аңғарылады. Мысалы: Баланы жаман үйретпеу керек. Сабаққа кешігуге болмайды. Бұл сөйлемдерде кім? не? деген сұраққа жауап беретін бастауыштар жоқ. Яғни баяндауыш арқылы бастауышты таба алмаймыз. Мұндайда іс иесінің кім екендігін көрсету емес, іс-әрекеттің (істеуге я істелмеуге тиіс) жайын хабарлау сипаты басым болады.
Жақсыз сөйлем баяндауышының жасалу жолын мысал келтіре отырып қарастырайық.
Жақсыз сөйлемнің жасалу жолдары
Мысалдар
Сөйлемге тек баяндауыш ұйытқы, негіз болғанда
Тыңдағым келмеді.
Кездесуге тура келді.
Сөйлемнің баяндауышы тұрақты тіркестерден жасалғанда
Сол оқиғадан соң көңілі суып кетті.
Баяндауыш етістіктің қалау райының -қы, -кі, -ғы, -гі жұрнақтарынан болады
Қайта жазғымкелмеді.
Қимыл атауына барыс септік жалғауы жалғанып, оған бол, жара, кел сөздері тіркеседі
Тұрмыста қолдануға жарамды.
Теледидарды көруге болады.
Атау, барыс септік тұлғасындағы тұйық етістікке (қимыл атауынан соң) керек, жөн, мүмкін бейтарап сөздері тіркесіп келуі арқылы
Біздің кездескеніміз жөн.
Мерзімінен бұрын келуі мүмкін.
Ерте бару керек.
көсемшенің -ып, -іп, -п жұрнақтарынан кейін етістіктің болымсыз тұлғасы келеді
Жазғанынан ештеме ұғып болмайды.
Сөзінен де ештеме түсініп болмайды.
Білімді пысықтау.
Жақты сөйлем дегеніміз – бастауышы бар, жасырын тұрғанда да баяндауышы арқылы табуға болатын сөйлем.
Құрамында бастауышы қатысқан жай сөйлемнің түрі – жақты сөйлем.
Кейбір жай сөйлемдерде бастауыш мүлдем болмайды.Ондай жағдайда баяндауыштың өзі сөйлемге негіз болып тұрады. Мысал келтіру.
Баяндауыштың бір өзі сөйлемге негіз болатын жай сөйлемнің түрін жақсыз сөйлем дейміз.
Жақсыз сөйлемнің жасалу жолдары
-қы,-ғы,-кі,-гі жұрнақтары қалау райлы етістіктен болады
Барыс септік жалғауы тұйық етістіктен соң бол,жара,тура,кел
деген көмекші етістіктердің келуі арқылы жасалады
Атау немесе барыс септік тұлғалы тұйық етістіктен соң керек,жөн,мүмкін деген бейтарап сөздердің тіркесіп келуі арқылы жасалады
-ып,-іп,-п жұрнақтары көсемшеден кейін бол деген көмекші етістіктің болымсыз тұлғада келуі арқылы жасалады
Құрамында бастауыш тұлғалы сөзі бар идиомдар жақсыз сөйлем болады
Жаттығумен жұмыс: 95, 96, 101, 102-жаттығу.
Білімді бекіту:
97, 98, 103-жаттығуларды топтық құрамда орындату.
Бағалау.
Үйге тапсырма: 99-жаттығу. Синтаксистік талдау жасау.
Күні
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Құрмалас сөйлем
Сабақтың мақсаты:а) Білімділік: Құрмалассөйлем туралы дерек пен ақпарат арнасын тереңдету, меңгерген білімді тәжірибеде қолдана білуге бағдар беру;
ә) дамытушылық: ақпаратты қабылдау, саралау, жинақтау, өзіндік пікірін қалыптастыру дағдыларын дамыту;
б) тәрбиелік: жүйелі ой, мазмұнды пікір айта білу мәдениеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты игерту.
Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау стратегиялары элементтерін пайдалану,сұрақ-жауап,жаттығу
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар,кестелер
Пәнаралық байланыс: әдебиет, география, орыс тілі
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Міне, біз енді жаңа бөлімді бастаймыз. Жай сөйлемдерді жақсы меңгерген болсаң, енді бірнеше жай сөйлемдерден тұратын құрмалас сөйлеммен таныс боласың. Құрмаласқан сөйлемдерде айтылатын ой да күрделене түседі. Жаңа бөлімді игеруге дайынсың ба, талапты дос? Онда жаңа шыңдарды бағындыруға бірге жұмылайық...
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Бірлесе ойланайық!
1. Жақсыз сөйлемнің жасалу жолына мысал келтіру:
а) –ғы,-гі,-қы,-кі тұлғалы қалау райлы етістік
ә) Құрамында бастауыш тұлғалы сөзі бар идиомалар
б) Барыс септігіндегі тұйық етістіктен соң «бол», «жара», «тура», «кел» көмекші етістіктерінің тіркесіп келуі...
2. Жай сөйлем түрлерінің өзіндік ерекшелігіне, ұқсастығына салыстыра отырып (үлгі-кестені пайдалана), талдау жасату.
Үлгі-кесте:
Жай сөйлем түрі Жай сөйлем түрі
Ұқсастығы
Айырмашылығы
Ұқсастығы
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Жеке тұрған жай сөйлемдер тиянақты да ықшам болатыны сөзсіз. Егер сол жеке-жеке берілген жай сөйлемдерді құрмаластырып, бір күрделі ойға айналдырып көрсек қалай болар екен?
Төменде берілген сөйлемдерді салыстырыңдар. Қандай айырмашылық байқадыңдар?
Жай сөйлемдер
Құрмалас сөйлем
Ол уақыт бөлді.
Ажар өз ойын ашып айта алмады.
Ол уақыт бөлді, бірақ Ажар өз ойын ашып айта алмады.
Жай сөйлем бір ғана жалаң ойды білдіреді.
Жеке сөздерден құралады.
Жеке сөйлемге сай дауыс ырғағы да ықшам.
Әр сөйлемнің аяқталғанына байланысты өзіндік айырымы бар дауыс ырғағымен айтылады.
Құрмалас сөйлем екі жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіріп тұр.
Баяндауыштары тиянақты, екінші сөйлем үшінші сөйлеммен жалғаулық шылау арқылы байланысқан.
Жеке сөйлемдер бір-бірімен құрмаласып тұрғандықтан, дауыс ырғағы әр сөйлемнің өз ыңғайына қарай ерекшелене, бірақ ұласпалы түрде айтылады.
Екі немесе одан да көп жай сөйлемдерден құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлемдерді құрмалас сөйлем дейміз.
Құрмалас сөйлемдердің құрамындағы жай сөйлемдердің салаласа, сабақтаса байланысуына орай құрмалас сөйлем түрлері үшке бөлінеді.
Ой қозғау:
Зерделі жас! Қатар аққан екі өзенді көрген бе едің? Бірдей қатарласа ағып жатқан сала-сала өзендер кейде қосылып, кейде өз алдына жеке сала боп аға беретінін де білерсің. Салаластың да осы өзендер табиғатына ұқсайтын сипаты бар...
Біз салалас құрмалас сөйлем мен оның жасалу жолына, түрлеріне тоқталамыз. Сенің бар ынтаңмен зейін қойып, игеріп алатыныңа сенім білдіреміз.
Салалас құрмалас сөйлем – құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты тұлғада келіп, өзара бір-бірімен тең дәрежеде байланысқан құрмалас сөйлемнің түрі.
Салаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір-біріне тәуелді болып бағынбай, тең дәрежеде байланысып, баяндауыштары тиянақты болып келеді. Құрамындағы жай сөйлемдерді жеке-жеке қолдануға болады.
Салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер өзара бір-бірімен екі түрлі жолмен байланысады.
1) Дауыс ырғағы (интонация) арқылы мағыналарының жақындығына қарай іргелесе байланысады.
Айтпақ ойы екеу: бірі – Арманның ұсынысына даярлаған жауабы, екіншісі – көптен ойында жүрген інісінің жұмысына қатысты сауал.
2) Салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен өзара жалғаулық шылаулар арқылы байланысады.
Жалғаулық шылаулар
Мысалдары
Ыңғайлас мәнді жалғаулық шылаулар: да, де, та, әрі, және, мен
Одан арғыны Игілік айтқан да жоқ, қасындағылары сұрай алған да жоқ.
Қарсылық мәнді жалғаулық шылаулар: бірақ, алайда, дегенмен, сонда да, әйтсе де, сөйткенмен, ал
Ондай студенттер көп кездеседі, ал ана доктор бақытты кісіге ғана кездеседі.
ойды жарыққа шығарады,оны басқаларға жеткізуге қызмет етеді;
өзара түсінісуге мүмкіндік тудырады.
Бір-бірінен сыртқы құрылыстары (жай сөйлем жеке сөздерден, құрмалас сөйлем жай сөйлемдерден құралуы) мен ішкі мазмұндарымен (жай сөйлем жеке бір ойды, құрмалас күрделі ойды білдіруімен) өзгешеленеді.
Салыстырып қара:
Көлік кептелісі кешігуімізге себепкер болды.
Жиын өтетін жерге жақындай бергенде алдымыздан жұмыс тобының мүшелері шығып, жиын аяқталғанын ескертіп, енді тек ертең жиын шешімімен танысуға ғана мүмкіндік болатынын айтты.
Есте сақта:
Екі немесе одан да көп жай сөйлемдерден құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлемдерді құрмалас сөйлем дейміз.
Құрмалас сөйлемнің 3 түрі:
ереже
Салалас құрмалас сөйлем
Құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып,өзара тең дәрежеде (салаласа) байланысады.
Сабақтас құрмалас сөйлем
Жай сөйлемдердің алғашқысының баяндауышы тиянақсыз болып,екінші сөйлемге бағына (сабақтаса) байланысады.
Аралас құрмалас сөйлем
Кемінде үш сөйлемнен құралып,бір-бірімен салаласа да,сабақтаса да байланысады.
Кестемен жұмыс.
Ұстаздарыңмен бірге осы бағытта бірнеше мысалдар келтіре отырып, талдаңдар.
Бастапқы жай сөйлемдер
Құрмалас сөйлемге айналуы
Құрмаласу тәсілі
Баяндауыштары тиянақты.
Шылаусыз, тең дәрежеде байланысып тұр.
Қосымша арқылы байланысып, бірінші сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз болып, бағына құрмаласқан.
Интонация арқылы байланысқан.
Тақтамен жұмыс: 134, 136-жаттығулармен жұмыс.
Білімді бекіту:Топтарға бөлініп,келесі топқа мысал ұсынып, синтаксистік және морфологиялық талдау жұмыстарын жүргізу.
Бағалау.
Үйге тапсырма: 138-жаттығу.
Күні:
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы:Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері
Сабақтың мақсаты: а) Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері туралы түсінік бере отырып, оқушылардың жаңа материалды шығармашылықпен меңгеруіне ықпал ету;.
ә) оқушылардың ізденіс мен ынталылық, қызығушылық пен сезімталдық қасиеттерін дамытуына бағдар беру;
б) елжандылық, азаматтық жауапкершілік сезімдеріне баулу;
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтастыру, дамыта оқыту
Сабақтың көрнекілігі: кеспе қағаздар, қосымша материалдар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, география,...
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Енді салалас құрмалас сөйлем түрлерімен танысамыз. Сөйлем құрамындағы жай сөйлемдердің мағыналық қарым-қатынасына назар аудар, талапты дос!
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
138-жаттығудың орындалуын тексеру. Өткен тақырып аясында бірнеше сұрақ даярлау.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен өзара түрлі (оқиғаның бір бағытта, бір ыңғайда немесе қарама-қарсы мәнде, бірі екіншісін түсіндіріп, кейде себеп пен салдарды анық көрсетіп, т.т.) мағыналық қарым-қатынаста айтылады. Мағыналық қарым-қатынаста жұмсалуына қарай салалас құрмалас сөйлем алты түрге бөлінеді.
Салаластың түрлері
Мысалы
Құрмаласу тәсілі
1. Ыңғайлас салалас
Күн де батты, жол айрығына біз де жеттік.
Құнанбай Ұлжан қасына отырды да, Мәкеш пен Абайдың жүзіне қарады.
Жалғаулықсыз, да-уыс ырғағы арқылы бірінен соң бірі болып жатқан әрекетті байланыстырады
Жалғаулық арқылы.
2. Қарсы-лықты салалас
Мені жұмсаған жоқ, өзім кеттім.
Оны сұраған ешкім жоқ, ал сұрай қалса айтар жауабы дайын.
Жалғаулықсыз.
Жалғаулықты.
3. Түсіндір-мелі салалас
Жұрттың бәрі соған қарай дүрлікті: біреу қолын бұлғады, біреулері оның атын атап айғайлады.
Қорыққаны сонша – орнынан тұра алмай қалды.
Жалғаулықсыз, дауыс ырғағымен.
Сілтеу (сонша) есімдігі арқылы
4. Себеп-салдар салалас
Шалабай ұзақ жүре алмас, үкімет құрығы ұзын.
Биыл шөп қалың шықты,өйткені жаңбыр көп жауды.
Жалғаулықсыз, дауыс ырғағы арқылы.
Жалғаулықты
5. Талғаулы салалас
Күндіз олар не өзіне жем іздейді, не өзінің басқаға жем болмауын көздейді.
Жалғаулық шылау арқылы байланысқан.
6. Кезектес салалас
Нұрғали біресе Тәукеге қарап кіжіңдеді, біресе Аманға қарап ренжиді.
Жалғаулық шылау арқылы байланысқан.
Назар аударту:
Салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің бір-бірімен мағыналық қарым-қатынасы әр түрлі болады.
Құрамындағы жай сөйлемдерінің бір-бірімен мағыналық қарым-қатынасына қарай,салалас құрмалас сөйлем алты түрге бөлінеді:
түрі
Мысал (ұстаз мысалды оқушылармен бірлесе отырып толтырады)
Ыңғайластық
Қарсылықты
Себеп-салдар
Кезектес
Талғаулы
Түсіндірмелі
Білімді бекіту: 1. Жай сөйлемдерді талдап қарастырып, құрмалас сөйлемге айналдыру.
Мюлгаузен вагондарды жағалап жүр. Маузері салақтап санына соғады. Маңдай жағына қиғаштап қызыл шүберек байлаған дөңгелек бөрікті бір шекесіне қисайтып осқырта киген. Шыдамсызданып, әлсін-әлі сағатына қарап қояды. Көзіне түскен командирді шақырып ап «тездет» деп дігерлеп жүрген-ді. Дивизия штабынан тағы да жарлық алды. Бағанағы әмірін аяқ астынан өзгертіп жіберіпті.
Ә.Нұрпейісов
2. «Көргені жақсы көш бастар» деген тақырыпта бірнеше сөйлем, жай және құрмалас сөйлем түрлерін анықтау.
Бағалау. Сөйлем түрлеріне қатысты шағын тест.
Үйге тапсырма: Төмендегі сұрақтармен жұмыс.
Құрмалас сөйлемнің негізгі сипаттамасы қандай?
Тек жалғаулық арқылы жасалатын салалас құрмаласқа көркем әдебиеттен мысал келтіріңдер.
Жалғаулықсыз қарсылықты салалас сөйлемнің баяндауыштары қандай мәнді және қандай тұлғалы сөздер болып келеді? Мысал келтіре отырып дәледдеңдер.
Салаластың қай түрі ешбір шылаусыз жасалады?
Күні:
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Ыңғайлас салалас
Сабақтың мақсаты:
а) ыңғайлас салалас туралы кең түсінік бере отырып, оқушының игерілген білімді өз деңгейінде пайдалануына бағдар беру;.
ә) сабақтағы тапсырмалар негізінде ойлау, өз бетімен шешім қабылдау, есте сақтау қабілеттерін дамытуына ықпал ету;
б) адамгершілік, бауырмалдық қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, дамыта оқыту
Сабақтың көрнекілігі: кеспе қағаздар, қосымша материалдар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, зейінін сабаққа аудару.
Ыңғайлас салалас құрмаластың атауына назар аударшы.. Өмірде орын алып отыратын оқиға, іс-әрекеттің бір-бірімен ыңғайласа үйлесетініне біз талай көз жэеткіземіз. Ал сөйлем құрамындағы жай сөйлемдердің мағыналық қарым-қатынасындағы осындай құбылыстың орын алатынын дәлелдей алар ма екенбіз, талапты дос?
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманың орындалуын тексеру.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Құрамындағы жай сөйлемдер білдіретін ой өзара мезгілдес, бағыттас, ыңғайлас мәндегі қарым-қатынаста айтылатын салаластың түрі – ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем.
Ыңғайлас салалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен жалғаулықты да, жалғаулықсыз да байланыса береді.
Мысалдары
Мағынасы
Байла-нысуы
Ол төмен түсіп еді, жол екіге бөлінді.
Бір мезгілде біріне-бірі ұласқан әрекет
Дауыс ырғағы арқылы
Қазір қара бие де, қарт Қайыпжанның өзі де ел ағасы.
Бірінен соң бірі іске асып жатқан жайттар.
де шылауы арқылы
Сіздің қолыңыз босай қоймас және босағанмен бұл жұмыс сізге ауыр тиер.
Бір сәтте болып жатқан оқиға
және шылауы арқылы
Менде әрі құжат жоқ, әрі баратын үйдің мекен-жайы жоқ.
Бір мезгілде орын алған сезім толқындары
әрі шылауы арқылы
Ыңғайлас салалас негізінен үтірмен ажыратылады. Үтір сөйлем мен сөйлемнің арасында, сөйлемді келесі сөйлеммен байланыстыратын жалғаулық шылаудан кейін келеді.
Назар аудар!
Құрамындағы жай сөйлемдерінің бірінде айтылған ойға екіншісінде айтылған ойдың мезгілдес,бағыттас,ыңғайлас мәнде қарым-қатынаста болуын ыңғайлас салалас дейміз.
Ыңғайлас салаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен жалғаулық шылаулар арқылы да,жалғаулық шылаусыз,іргелес тұрып байланыса береді.жалғаулық шылаулардың қатысу-қатыспауына қарап,ыңғайлас салаластарды жалғаулықсыз ыңғайлас салалас деп екіге бөлеміз.
Жалғаулықсыз ыңғайлас салаластағы кейбір жай сөйлемдер бір мезгілде қатар болған я болатын істерді білдіреді.Мұндайда олардың баяндауыштары көбінесе бір шақта тұрады.
Ыңғайласа байланысқан кейбір жай сөйлемдер бірінен соң бірі болатын я болған істерді білдіреді.
Жалғаулықты ыңғайлас салалас және, да/де, әрі деген ыңғайлас мәнді жалғаулықтардың қатысуы арқылы жасалады.Мұның өзінде да,әрі жалғаулықтары ыңғайлас салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің әрқайсысымен қайталанып немесе қайталанбай,олардың арасында бір-ақ рет келіп те тұра береді.
Ал және жалғаулығы ешқашан да қайталанбай,құрмаласқан жай сөйлемдердің арасында бір-ақ рет келіп тұрады.
Және жалғаулықты шылаумен келгенде,әрі шылауы қайталанбай бір-ақ рет келгенде,жай сөйлемдердің арасына үтір қойылмайды.Қалған жағдайларда жай сөйлемдер арасына үтір қойылады.
Білімді бекіту:
144, 145-жаттығулармен жұмыс.
Тақтамен жұмыс: 146, 147-жаттығулармен жұмыс.
Бағалау.
Үйге тапсырма: 148-жаттығу.
Күні:
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Себеп-салдар салалас
Сабақтың мақсаты: а) себеп-салдар салалас туралы түсінік берумен қатар, негізгі мәселелерге көңіл бөлуге бағдар беру;
ә) сабақты меңгеру барысында ой жүйлеу, тапқырлық, жадыны жаттықтыруға бағдар беру;
б) тарихты зерделеу, елжандылыққа баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтастыру, дамыта оқыту
Сабақтың көрнекілігі: плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Істеген әрекетіңнің себебін түсіндірген немесе түсіндіре алмаған кездерің болған шығар? Сонда саған көмекке келген, сенімен сыр бөліскен себеп-салдар құрмалас екенін білмеген де боларсың? Олай болса, себеп-салдар салаласпен де танысатын кез келді.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Құрамындағы жай сөйлемдердің бірі екіншісінде айтылған ойдың болу себебін білдіретін салаластың түрі – себеп-салдар салалас. Жай сөйлемдердің бірі себеп мәнді, екіншісі салдар мәнді болып, орындары ауысып та келе береді.
Себеп мәнді жай сөйлем
Жалғаулық
Салдар мәнді жай сөйлем
Ержан қаламымды қиылып сұрап алды,
сондықтан
естігенімді қарындашпен түсіруге мәжбүр болдым.
Салдар мәнді жай сөйлем
Жалғаулық
Себеп мәнді жай сөйлем
Олар уәделі жерге кешігіп жетті,
өйткені
көлік таппай қатты қиналыпты.
Себеп-салдар салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен жалғаулық шылаулар (сондықтан, сол себепті, себебі, өйткені) арқылы да, жалғаулықсыз, іргелес тұрып та байланысады.
Мысалы: Бұл шаруа Керімге тапсырылды, ол жер жағдайын жақсы біледі.
Бұл шаруа Керімге тапсырылды, себебі ол жер жағдайын жақсы біледі.
Орны ауысқан жай сөйлемдердің қайсысы бұрын тұрғанын тыныс белгілері мен шылауларына қарап айырамыз.
Салдар және себеп мәнді сөйлемдердің орны
Мысалдар
Себеп мәнді сөйлем салдар мәндіден бұрын тұрса, арасына үтір қойылады
Көлік жүре алмайтын тар жол екен, біз амалсыздан ауылға жаяу тарттық.
Салдар мәнді сөйлем себеп мәндіден бұрын айтылса, арасына қос нүкте қойылады
Біз ауылға жаяу тарттық: көлік жүре алмайтын тар жол бізге басқа амал қалдырмады.
Сондықтан, сол себепті деген шылаулар келген салалас сөйлемде себеп мәнді сөйлем салдар мәндіден бұрын орналасады
Ол алдын ала ескерткен еді, сондықтан уәдеде тұруымыз керек.
Себебі, неге десеңіз, өйткені деген шылаулары бар салалас сөйлемде салдар мәнді жай сөйлем себеп мәнді жай сөйлемнен бұрын орналасады
Мен бұл өтінішіңізді орындай алмаймын, себебі сіз алдын ала ескертпеген едіңіз.
Назарда ұста!
Себеп-салдар салалас –құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысының немесе соңғысы алдыңғысының себебін білдіретін салалас құрмаластың түрі
Себеп-салдар салаластағы жай сөйлемдер жалғаулықсыз іргелес те,жалғаулық шылаулар арқылы да байланысады.
Кестені пайдаланып, өзіндік мысалыңды келтір:
Себеп мәнді жай сөйлем
Сондықтан
Сол себепті
Салдар мәнді жай сөйлем
Салдар мәнді жай сөйлем
Өйткені
Себебі
Неге десеңіз
Себеп мәнді жай сөйлем
Себеп-салдар салаластағы жай сөйлемдердің орындарын ауыстырып айта беруге болады. Жалғаулықсыз себеп-салдар салаласта жай сөйлемдердің қайсысы бұрын тұрғанын тыныс белгілері арқылы айырамыз.Егер себеп мәнді сөйлем салдар мәндіден бұрын тұрса,арасына үтір қойылады. Керісінше,салдар мәнді сөйлем себеп мәндіден бұрын айтылса,арасына қос нүкте қойылады.
Жаттығумен жұмыс: 149, 151-жаттығу
Тақтамен жұмыс: 153-жаттығу
Білімді бекіту: 154-жаттығу.
Бағалау.
Үйге тапсырма: 150-жаттығу
Күні:
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы:Қарсылықты салалас
Сабақтың мақсаты:а) қарсылықты салалас туралы түсінік, теориялық білімдерді өз қажеттілігіне пайдалана білуге мүмкіндік тудыру;
ә) ойлау еркіндігін, сезіммен түйсіну, нақты шешім қабылдау қабілеттерін арттыруға бағыт беру; б) сауатты жазу мен өз ойын өрісті жеткізуге мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету.
Оқушылармен амандасу, оқу құралдарын тексеру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Сен ешқашан қарсы пікір айтып көрмедің бе? Ешқашан қарсылық білдірмеу мүмкін емес қой? Дегенмен, қарсы пікір айту дұрыс емес деп те есептейтіндер бар. Пікір айтқан адамды сыйлау керек, бірақ өзіңнің дұрыс екеніңді дәлелдей алсаң, орынды қарсы пікір білдірген де жөн. Тек орынсыз болмасын! Ондай сәтте қарсылықты жалғаулықтарды да орнымен қолдана білу қажет екенін есіңде ұста.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманың орындалуын тексеру. Келтірілген мысалдарды талдау.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Құрамындағы жай сөйлемдердің біріндегі ой мен оқиға, екінші сыңарындағы ой мен оқиғаға қарама-қарсы болып келетін салаластың түрі қарсылықты салалас деп аталады.
Қарсылықты салалас сөйлемдер жалғаулықтар арқылы да, дауыс ырғағы арқылы іргелес тұрып та байланысады.
Жалғаулықсыз, дауыс ырғағы арқылы іргелес тұрып байланысуы
Жалғаулықты байланыс (бірақ, алайда, дегенмен, әйтсе де, сонда да)
Біз сіресіп ыңғай бермеп-ақ едік, Әлендер қоғадай жапырылды.
Алыстан әлдекімдердің даусының жаңғырығы естілгендей болады, бірақ қай жақтан естілгенін шамалай алмаймын.
Екі құрмалас сөйлемнің алдыңғы сыңарларындағы ойға, келесі сыңарлары қарсы мағынада берілген.
Қарсылықты салалас құрамындағы баяндауыштар антоним сөздерден немесе болымды, болымсыз формадағы сөздерден жасалады.
Мақал-мәтел, даналық сөздер
Құрмалас сөйлемдер
Жаман іс дүниені кемітеді,
Жақсы іс дүниені кеңітеді.
Сәрсен оны анық көрді, бірақ Жетес байқамады.
Жақсы елдің басын қосады,
Жаман жығылатын жерді тосады.
Жаманның сөзін сөйлеме, адамның сөзін сөйле, алтыным!
Тігетін жерге туыңды тұғырла,
Қолың жетпейтінге қылышыңды суырма.
Жақсы істе от боп жан, жаман іс қылып өртенбе.
Қарсылықты жалғаулық шылауларда көп қолданылатын тыныс белгісі – үтір, жалғаулық түсіріліп айтылған жағдайда алдыңғы сөйлемнен кейін жалғаулық орнына сызықша қойылады.
Мысалы:
Жоспарланған шара уақытында өтті, бірақ күткен нәтижеге қол жеткізе алмадық.
Жоспарланған шара уақытында өтті, – күткен нәтижеге қол жеткізе алмадық.
Назарда ұста!
Құрамындағы жай сөйлемдердің біріндегі іс,оқиға екіншісіндегі іс,оқиғаға қарама-қарсы болатын салаластың түрі – қарсылықты салалас.
Қарсылықты салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің іргелес тұрып не жалғаулық шылаулар арқылы байланысына қарай ол жалғаулықсызы қарсылықты салалас және жалғаулықты қарсылықты салалас деп екіге бөлінеді.
Жалғаулықты қарсылықты салалас сөйлемінің баяндауыштары көбінесе антоним сөздерден және болымды-болымсыз формадағы сөздерден жасалады.
Жалғаулықсыз қарсылықты салаластың аражігі үтір мен сызықша арқылы ажыратылады. (өз мысалың).
Жалғаулықты қарсылық салалас бірақ,сонда да,дегенмен,алайда,әйтсе де,сөйтсе де деген қарсылық мәнді жалғаулық шылаулардың қатысуы арқылы жасалады.Бұл жалғаулықтар құрмаласқан жай сөйлемдердің арасында қайталанбай,бір-ақ рет келеді.Мұндай жай сөйлемдердің арасы үтірмен бөлінеді (өз мысалың).
Жаттығумен жұмыс: 154-жаттығу.
Шығармашылық жұмыс: 157-жаттығу.
Білімді бекіту: 155, 156-жаттығу.
Бағалау.
Үйге тапсырма: Әдеби шығармалардан 4 сөйлем мысал тауып, талдап келу.
Жалғаулықсыз, дауыс ырғағы арқылы іргелес тұрып байланысуы
Жалғаулықты байланыс
Күні:
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Түсіндірмелі салалас
Сабақтың мақсаты:а) Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем туралы ақпаратты меңгере отырып, теориялық білімді сауаттылық пен қажеттілік негізіне айналдыра білуге ықпал ету;
ә) өзіндікойлау ерекшелігі мен сезімталдық қасиеттерін дамытуға бағдар беру
б) ой даналығы, сөз салмағын зерделеп, тануға баулу.
Сабақтың түрі: шығармашылық-ізденіс сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ізденіс, шығармашылықпен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: деңгейлік тапсырмалар, қосымша материалдар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру. Оқушыларды меңгерілетін тақырыпқа ынталандыру мақсатындағы сұхбат.
Қарсылықтан соң түсіндіруді қажет ететін өмірдегі кейбір жағдайлар болады емес пе? Сондай реттілік сақталған сияқты. Енді түсіндірмелі салалас сөйлемнің сипатына тоқталамыз, ынта қой, алғыр дос!
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы тексеру, талдау. Орындалмаған жағдайда өз мысалын қосуға мүмкіндік тудыру.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысына нұсқап (түсіндіруді талап етіп), кейінгісі алдыңғы сыңарының мазмұнын ашып, талдап-түсіндіріп тұратын салаластың түрі түсіндірмелі салалас деп аталады.
Жай сөйлемдері жалғаулықты шылаусыз іргелесе байланысады
Бірінші жай сөйлемде көбіне сілтеу мәнді сөздер мен сілтеу есімдіктері (сондай, сонша, сол, мынаны, мынау, соншалық)келеді.
Балалар ол ұяға барудың да әдісін табады: сирағын қияққа тілдірмеу үшін олар аяғына жас қоғажайдан етік өріп алады.
Менің де ойлап жүргенім сол – енді біз татуласайық.
Сөйлемдердің аражігіне қос нүкте немесе сызықша (көбіне сондай, сонша, соншалық баяндауыштарынан кейін) қойылады.
Зейін қойып қарасаң, бірінші сөйлемді түсіндіріп тұрған сөйлем өз сырын сенен бүгіп қалмайды. Жаттығулармен жұмыс барысында жақсы түсініп, меңгеруге бар күшіңді сал, жігерлі жас.
Шығармашылық-ізденіс бағыттары:
Құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы ..., ал соңғысы алдыңғы сөйлемнің ... тұратын құрмалас – түсіндірмелі салалас
Түсіндірмелі салаластың жай сөйлемдері жалғаулықты шылаусыз,іргелес байланысады.Бірінші жай сөйлемде көбінесе сілтеу есімдіктері мен сілтеу мәнді сөздер (мынаны,мынау,сол,соншалық,сондай) болады. Өз мысалың:...
Түсіндірмелі салаластың аражігіне қос нүкте не сызықша қойылады.Сызықша сонша,соншалық,сондай деген баяндауышы бар сөйлемде жиі кездеседі. Мысалы: ...
Осыған дейін тоқталған салалас құрмалас сөйлем ьүрлерін түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлеммен салыстырып, ерекшеліктері мен ұқсастықтары туралы өзіндік пікірін негіздету.
Жаттығумен жұмыс: 158-жаттығу.
Шығармашылық жұмыс. 159-жаттығу.
Білімді бекіту: Жұптасып түсіндірмелі салаласқа мысал келтіріп, келесі жұптың талдауына ұсыну.
160-жаттығу.
Бағалау.
Үйге тапсырма: 161-жаттығу.
Күні:
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Талғаулы салалас
Сабақтың мақсаты:
а) оқушының талғаулы салалас сөйлем туралы жан-жақты түсінік алуына жағдай тудыра отырып, игерілген ақпаратты тиімді пайдалана білуге бағдар беру;
ә) пайымды ой, ұстамды пікір қорытындылау дағдыларын дамытуға ықпал ету;
б) белсенділік, талғамдылық қасиеттерін ашуға қолдау көрсету.
Сабақтың түрі: зерттеу-ізденіс сабағы.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтастыру, дамыта оқыту
Сабақтың көрнекілігі:, семантикалық карта, қосымша материалдар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, ағылшын тілі, орыс тілі
Өмірде өзіңе қажет нәрселерді таңдап, талғап алатының сияқты, талғаулы салаластар да талғам, таңдау немесе қажетті пікірді тану қажеттілігіне назарыңды аударады. Зерделі жаннан талғамын, сырын жасырмайтын салалас – талғаулы салалас. Сырын түсініп, меңгеруге ұмтылайық, қайсар дос!
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген 164-жаттығуды тексере отырып, өткен тақырыпқа қатысты бірнеше сұрақ қоямын
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Құрамындағы жай сөйлемдерде тәуелсіз, дербес әрекеттер баяндалып, тек біреуіндегі ғана іс-әрекет, қимылдың жүзеге асатындығына болжам жасауды білдіретін салаластың түрі талғаулы салалас деп аталады.
Талғаулы салалас құрмалас
Мағынасы
Байланысу тәсілі
Сөйлем сыңарларын-дағы іс не оқиғаның біреуі ғана жүзеге асады.
Мазмұнында дүдәмалдылық, күмәндану, сенер-сенбестік тұрады.
Жалғаулықтар (не, немесе, болмаса, не болмаса, я болмаса, я, яки, өйтпесе, әлде, әйтпесе) арқылы ғана байланысады.
Сені не әкең келіп алып кетер, не нағашың жеткізіп салар.
Я ауыл мектебінде оқырсың, я әкең аудан орталығындағы мектепке орналастырар.
Сен қазір жұмысқа кіріс, әйтпесе мен сені бұл маңайдан қуамын.
Талғаулы салалас сөйлемдер сыңарларының арасына үтір қойылады. Егер екі жай сөйлем арасында не, немесе шылаулары бір рет қана келсе, онда үтір қойылмайды.
Мысалы: Бұл істің шындығын көзімен көрген айтар немесе құлағымен естіген айтар.
Білім тексеру бағыты:
Талғаулы салаластың құрамындағы ... бір-біріне тәуелсіз, дербес әрекеттерді баяндайды, олардың ... ғана жүзеге асады.
Жай сөйлемдер (қалай?) салаласа ғана және тек жалғаулықты шылаулар арқылы байланысады, араларына ... қойылады.
Сөйлемге талғаулық мағына беретін және жай сөйлемдерді бір-бірімен құрмаластыратын жалғаулықтар:...
Өз мысалдарың: ...
Жаттығумен жұмыс: 162-жаттығу.
Тақтамен жұмыс. 163-жаттығу.
Шығармашылық жұмыс: 164-жаттығу.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты топтар мен жұптар арасында сұрақтар алмасу.
Бағалау.
Үйге тапсырма: өткенді қайталай отырып, Венн диаграммасы жүйесімен түсіндірмелі салас пен талғаулы салаласты салыстыру..
Күні:
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Кезектес салалас
Сабақтың мақсаты:а) кезектес салалас сөйлем туралы ақпаратты толыққанды түсінуге, өзіндік мәнін айқындауға жағдай тудыру;
ә) оқушылардың зерделеу, сезіммен қабылдау қасиеттерін дамыту;
б) әдемілікті аялау, сезімге құрметті дәріптеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтастыру, деңгейлеп оқыту
Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар , қосымша материалдар.
Бойыңдағы бар өнеріңді бір сәтте көрсете салмай, кезі келгенде көрсетесің бе? Бұл салалас түрі де аты айтып тұрғандай, кезектескенді жөн санайды...
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұрай отырып, талғаулы салаласқа мысалдар келтірту, талдату.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Кезектес салалас құрмалас сөйлем – құрамындағы жай сөйлемдер білдіретін ойдың, істің, оқиғаның кезектесіп келуін көрсететін салаластың түрі.
Кезектес салалас құрмалас сөйлем
Тыныс белгісі
Құс қанатын жазып, бірде көкке самғады, бірде төменге құйылды.
Кейде бұлтпен бірдей боп көзге шалынбайды, кейде нақ төбеге кеп қалықтайды.
Құрамындағы жай сөйлемдер тек салаласа байланысады.
Жай сөйлемдер арасына үтір қойылады.
Кезектес салаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен кейде, бірде, біресе деген кезектес мәнді шылаулардың қайталанып қолданылуы арқылы құрмаласады.
Жаттығумен жұмыс:165, 168-жаттығу.
Игерілген білімді пысықтау:
Құрамындағы жай сөйлемдері арқылы берілген істің,оқиғаның ... кезектес салалас .
Кезектес салаластың құрамындағы жай сөйлемдер тек ... байланысады.
Құрамындағы жай сөйлемдер... деген кезектес мәнді жалғаулық шылаулар арқылы байланысады,араларына үтір қойылады.
Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар , қосымша материалдар.
Ой қозғау:
Салалас құрмалас сөйлемдер тақырыбын аяқтап келеміз... Қазақ шешені от ауызды, орақ тілді десек, шешен тілмен шиырлап кеткенде салаласып өрілген сан сөйлем табиғатын таныған боларсың?!
Әрі салаластың сен зерттейтін қырлары көп екенін де байқаған шығарсың? Бәлкім, жас дарындар байқауына ғылыми жұмыс жазарсың?..
І. Білгенімізді еске түсіреміз:
1.Топтастыру стратегиясы:
Ыңғайлас себеп-салдар
Салалас құрмалас сөйлем
қарсылықты талғаулы
түсіндірмелі кезектес
Топтарға бөлініп (ұстаз даярлаған) мәтіндерді талдау жұмысын жасау.
Жұппен жұмыс.
а) салалас құрмалас сөйлем түрлері бойынша сұрақтар
б) берілген жауапты талдау.
ІІ. Шығармашылық ізденіске бағдар:
«Тілтаным» айдарымен жұмыс. Танысқан ақпарат бойынша қазақ тілінің зерттелу жайы туралы ой толғау.
ТІЛ БІЛІМІНІҢ ТҰЛҒАЛАРЫ
К.Аханов (1928–1978)
Кәкен Аханұлы – жалпы тіл білімі мен қазақ тілінің лексикологиясы, грамматикасы саласында қажырлы еңбек еткен тiл бiлiмiнiң маманы, ғалым.
К.Аханов қазақ мектебiне «Қазақ тiлi» оқулығын да жазған. «Қазақ тiлi лексикасының мәселелерi», «Қазақ тiлiндегi омонимдер», «Тiл бiлiмiне кiрiспе», т.б. еңбектердің авторы.
Қазақ тіл білімі салаларының зерттелуі, мәні мен маңызы туралы еркін пікір жазғызу.
Салалас құрмалас сөйлем туралы зерделеу жұмысын жүргізу.
Салалас құрмалас түрлері
Мысал
Өзіндік ерекшеліктері мен айырмашылықтары туралы ой толғау