Просмотр содержимого документа
«" Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз" сайыс»
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы
Медвежка орта мектебі
«Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз»
тіл сайысы
жауапты: Досова Ж.С.
Кембаева А.Т.
Сапаров Т.М.
2015-2016
Тақырыбы: «Тіл тірегіміз,соғып тұрған жүрегіміз» Мақсаты: 1) оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен білімдік деңгейлерін байқау, саралау; 2)оқушыларды еңбексүйгіштік, адалдық борыш, ар-ұят секілді адами қасиеттерге тәрбиелеу; 3) ана тілі арқылы оқушылардың рухани дүниесін, шығармашылық қабілетін арттыру; Мұғалім сөзі:-Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың… Алтын күннен бағасыз бір белгі боп, Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!-деп Мағжан ақын жырлағандай, құрметті ұстаздар мен оқушылар бүгінгі күні 9 а сынып оқушыларымен өткізілетін «Тіл – менің мәңгі тақырыбым» атты тіл сайысымызға қош келдіңіздер!
— Сайысқа төрелік айту үшін қазылар алқасымен таныстырып өтейін.Биология пәнінің мұғалімі: Досова жамила Садуқызы және тарих пәнің мұғалімі Сапаров Темирбек Мақсадұлы. Әр бөлімнен кейін қазылар алқасы яғни, опайларың бағалап, түсінік беріп отырады. — Ана тілі қазағымның қаймағы, Тілің сенің өміріңнің айғағы. Бүгін міне, тіл туралы сайысқа, Медвежка орта мектебінің білгірлері шығады.
-Бүгінгібіздіңсайысымыз 3 бөлімнентұрады:
1.Сұрақ-жауапбөлімі. 2. Мақал-мәтелдердіңекіншісыңарынтабу 3. Тұрақты сөз тіркесінің мағынасын ашу
Ібөлім. Сұрақ-жауап: — Тақтада «ҚАЗАҚ ТІЛІ» деген жазу бар. Әр оқушы кезектесіп, бір – бірден әріп таңдайды. Әр әріптің ар жағында тақырыптар белгіленген. Әр тақырыпқа үш сұрақ немесе тапсырма беріледі. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Жауап нақты, толық болуы керек.
Қ . Қазақ тілі 1. Көп тілді білетін адам кім? (полиглот) 2. Дауысты дыбыстар қалай бөлінеді? (жуан, жіңішке, ашық, қысаң, еріндік, езулік) 3. Сөз таптарын атап бер (Зат есім, Сын есім, Сан есім, Есімдік, Етістік, Үстеу, Шылау, Одағай, Еліктеу сөздер.)
А. Қазақ әдебиеті 1. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі кім жазды?. 2. Абай атамыз айтқан 5 дос пен 5 дұшпанды ата (5 дос-ақыл, білім, терең ой, қанағат, рахым; 5 дұшпан-өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ) 3. Өлең түрінде жазылатын шығарма қалай аталады? (поэзия)
З. Қазақстан тарихы 1. Ата Заң қашан қабылданды? (1995 жылы 30 тамызда) 2. Тәуелсіздік күні қашан тойланады? (16 желтоқсанда) 3. «Алтын адам» қайдан табылған (Есік облысынан (курган))
А. География 1. Қазақстанның ең биік тауы (Хан тәңірі) 2. Қазақстан неше мемлектпен шектеседі (5 — Ресей, Қытай, Өзбекістан, Қырғызстан, Түрікменстан) 3. Қазақстанда қанша облыс бар (14)
Қ. Халық ауыз әдебиеті 1. Мақал мен мәтелдің айырмашылығы неде? (мақал 2-3 сөйлемнен тұрады, мәтел қысқа болады) 2. Тіл туралы мақал – мәтел айт. 3. Жаңылтпаш айт.
Т. Қасиетті сан 1. Қазақ халқының қасиетті сандарын ата. (3, 7, 9, 40) 2. «Үш бәйтеректі» ата. (Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин) 3. «Бес арысты» ата (Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Жүсіпбек Аймауытов)
І. Сен білесің бе? 1. Қазақтың атақты палуаны кім? (Қажымұқан) 2. «Айша бибі» кесенесі қайда орналасқан? ( Таразда) 3. Шыңғыстауда (Семейде) қандай атақты адамдар туған? (Абай, Шәкәрім, Мұхтар)
Л. ”Полиглот” жұмбақ жасыру (Жұмбақтың шешуін сайыскерлер шешіп, оны қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтады.) 1) Асқар тауда, қара орман (шаш — волосы –hair хеия ) 2) Қимылдаса қос шебер, Қыруар –қыруар іс өнер (қол – рука – hand ханд) 3) Жүзіне салсаң көзіңді, Көрсетеді өзіңді. (Айна-зеркало-mirror мирроу)
І. Математика 1. Алғашқы есептеу құрылғысы ….. (саусақ). 2. 8 пен 6
3. қандай саны айналдыруға болады? 8
ІІ бөлім. Мақал-мәтелдердің екінші сыңарын табу:
1.Батырды намыс өлтіреді (Қоянды қамыс өлтіреді). 2.Қыз – елдің көркі (Гүл – жердің көркі). 3.Оқу – білім азығы (Білім – ырыс қазығы). 4.Еңбек етсең ерінбей (Тояды қарның тіленбей). 5.Ақыл жастан шығады (Асыл тастан шығады). 6.Жаңбыр жауса – жер ырысы (Батыр туса – ел ырысы ). 7.Батамен ел көгереді (Жаңбырмен жер көгереді). 8.Қорқақ мың өледі (Батыр бір өледі). 9.Білекті бірді жығады (Білімді мыңды жығады). 10.Туған жердей жер болмас (Туған елдей ел болмас). 11.Арпа, бидай ас екен (Алтын, күміс тас екен). 12.Батыр майданда шынығады (Құрыш қайнауда шынығады
ІІІ бөлім. Тұрақты сөз тіркесінің мағынасын ашу: 1.Тонның ішкі бауындай (тату). 2.Тайға таңба басқандай (анық, дәл).3.Бетінен оты шығу (ұялу).4.Қырғи қабақ болу (араздасу). 5.Бармағын тістеді (өкінді). 6.Төбе шашы тік тұрды (қорықты). 7.Төбесі көкке екі елі жетпеді (қуанды). 8. Беті бүлк етпеді (ұялмады). 9.Кірпік ілмеді (ұйықтамады). 10.Өріп ауызға салғандай (әдемі).11. Көрермендерге «Қызықты граматикадан» сұрақтар қойып шешкіземіз
1.Қаңтар айы жылдың нешінші айы? – он бірінші ай 2. Алланың елшісі кім? – Мұхаммед 3.Қазақтағы үш арсыз не ? – ұйқы, тамақ, күлкі 4. Жер бетіндегі екі мәңгілік не? – ай мен күн 5. «Салмақты» сөзінің синонимі – байсалды, ұстамды, сабырлы 6.Қазақтың жыл қайыруында мешін жылы нешінші орналасқан? – тоғызыншы 7.8-наурыз қандай мереке? – Халықаралық әйелдер күні 8.Жеті қазынаға не жатады? – ер жігіт, сұлу әйел, ақыл, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы 9. Фонетика нені зерттейді? (дыбыс пен әріп) 10.Ақмешіт қаласының қазіргі атауы – Қызылорда 11.Көкек яғни, сәуір айы жылдың нешінші айы – екінші ай 12.Он сегіз мың ғаламды жаратушы кім? – Алла , бір құдырет 13.Қазақтағы үш қонақ – 1.арнайы қонақ, 2. Құдайы қонақ, 3.Қыдырма қонақ 14. «Жабағы жүн» дегеніміз не? – қойдың көктемгі жүні 15. «Сұлу» сөзінің синонимі – ажарлы, көрікті, келбетті, дидарлы 16. Қара сөзбен жазылатын шығарма қалай аталады? (проза)
17. 30 тамыз қандай мереке? – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні 18.Он екі мүшеге не жатады? – бас, екі көз, екі құлақ, мұрын, ауыз, екі қол, ден, екі аяқ 19. Дыбысталуы мен жазылуы бірдей, мағыналары әр түрлі сөздер қалай аталады? (омоним) 20. Отырар қаласының ескі атауы – Фараби
-Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне де келіп жетті.Келесі сөз кезегін қазылар алқасына беріп, сайысымыздың жеңімпазын анықтайық.
-Осы сайыс жеңімпазы «Тіл білгірі» атағына лайық деп, ________
ортаға қол соғып, шақырайық. Сонымен қатар сайыста ерекше өнер көрсеткен оқушыларымызға да рақмет айтамыз. -Біздің тіліміз – ең қымбат мүлкіміз. Оны қорғау, қолдау, өркендету – біздің міндетіміз. Әр адам өз ана тілінің болашағына жауапты. Тәуелсіз еліміздің ертеңі – сендер өз тілдеріңнің мәртебесін жоғары көтереді деп сенеміз.