kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тіл - татулықтың тірегі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тіл үйренушілердің мемлекеттік тілді қаншалықты меңгергендігін тексеру, әр түрлі тапсырмалар арқылы тыңдаушылардың алған білімдерін бекіту.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тіл - татулықтың тірегі»



Сабақтың мақсаты: 

1. Білімділік: Тіл үйренушілердің мемлекеттік тілді қаншалықты меңгергендігін тексеру, әр түрлі тапсырмалар арқылы тыңдаушылардың алған білімдерін бекіту; ағылшын, орыс тілдері әлемдік тілдер қатарына жататындықтан тіл үйренушілрге олардың маңыздылығын сезіндіру, ана тілінің қадір қасиетіне, болашағына қамқор болып, дамыту үшін өз үлестерін қосуы керек екендігін ұғындыру.

2. Дамытушылық: Тыңдаушылардың шығармашылық қабілеттерін, шешендік сөздер, мақал-мәтелдерді ұтымды пайдалана білуге үйрету; тіл үйренушілердің ой-өрісін дамыту. Тілдің көркемділігін, байлығын көрсету. Тілдерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Тілге құрмет жайлы мағлұматтарды тіл үйренуші ұғымына сай түсіндіру. Олардың мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін қалыптастыру, адамгершілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ (жалғастырушы деңгей өзге тілді аудитория)

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: тіл туралы жазылған қанатты сөздер, музыка, шарлар, көрнекілік, сұрақ – жауап, өз ойын айту, шығармашылық жұмыс, үлестірме дидактиқалық материалдар.

Пәнаралық байланыс: орыс, қазақ тілдері, елтану, шешендік өнер.

  • Өнер алды – қызыл тіл.

  • Знай 7 языков

  • Know 7 languages.

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру.Түгендеу

Жүргізуші: Құрметті тіл үйренушілер мен әріптестер! Қазақстан халқының «Тілдер мерекесіне» арналған отбасылық сайысымызға қош келдіңіздер!

«Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер»

«Тіл – татулықтың тірегі» атты отбасылық сайыс сабағын өткізгелі жатырмыз. Сабағымыздың соңында қай отбасы қазақ тілінің білгірі болатыны анықталады. Сайысқа екі команда қатысады. Әр команда өзін таныстырады.

  • Топ «Білгірлер»

  • Топ «Тапқырлар»

Енді әділ қазылар алқасымен таныстырайық:

Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы: И.Н. Бонова

Ағылшын тілі пәнінің оқытушысы: М.А. Габдулина

Куратор: Д.Е. Нургазинова

Сайыс 5 кезеңнен тұрады. Сайысымызды бастаймыз.

Білгірлерді, қарсы алайық!

Көшбасшысы тілдердің – қазақ тілі,

Тағы басқа тілдермен достасайық!

Ортаға сайыскерлерді шақырамыз.

Ойнымыздың бірінші кезеңі – «Бәйге». Мұнда қазақ, орыс, ағылшын тілдері бойынша сұрақтар беріледі. Берілген сұрақтарға тез, шапшаң жауап беру керек. Белгі картасын бірінші көтерген жұп жауап береді.

І - кезең «Бәйге» – 10 сұраққа әр топ жауап беру керек

«Білгіштер» командасының сұрақтары

  • Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?

  • Көп тілді білетін адам кім?

  • Лексикалық қарама-қарсылықты сөз қалай аталады?

  • Ұлыбританияның мемлекеттік тілі қай тіл?

  • Дауысты дыбыстар қалай бөлінеді?

  • Қазақ тілінде неше тән дыбыс бар?

  • «Әке-шеше» синонимин атаңыз.

«Тапқырлар» командасының сұрақтары

1.Қазақ тілінде неше жалғау бар?

2.Қазақ тілінде неше септік бар?

3.Дауыссыз дыбыстар неше топқа бөлінеді?

4. «Family» сөзі қалай аудырылады?

5. «Туыс» сөзінің синонимин атаңыз?

6. Тілдер мерекесі қай айда тойланады?

7. Жазылуы, айтылуы бірдей, бірақ мағынасы басқа

лексикалық сөз қалай аталады?

ІІ – кезең. «Полиглот» Мақал – мәтелдерді жалғастыру

( Мақал- мәтелдердің жалғасын сайыскерлер қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтады.)

1.Адам басшысы-……..(ақыл, ум,intelligence)

2. Нет дыма без ……… (от, огонь,fire)

3. Лучше ……. чем никогда (кеш, поздно,late)

4. Ана сүті бой өсіреді,…..ой өсіреді. (ана тілі, родной язык,language)

5. Чистота залог …….. (здоровье, денсаулық,health)

7. Жердің сәні егін, ердің сәні ……. (білім, знание,knowledge )

8. Дерево крепко корнями. Человек …… (друг, дос, friend)

Әділ қазылар алқасы сайыскерлерімізге тиісті ұпайларын берулеріңізді сұраймыз.

Жүргізуші:

Өнерліге кім жеткен,

Әр салада небір өнер көрсеткен.

Үшінші кезеңді біз бастайық,

Өнерлінің әрқашан да өрісі кең.

ІІІ – кезең «Отбасылық ән орындау»

«Білгіштер» тобының өлеңі «Менің елім»

«Тапқырлар» тобының өлеңі «Армандастар»

IV – кезең «Жаңылтпашты жаңылмай айтып көр» Бұл сайыста бүгінгі таңда өте кең таралған тіл мәселесі жайындағы сөзді «Мемлекеттік тілді үйрену әрбір азаматтың қасиетті борышы» тақырыбында қозғай отырып, сайыскерлерімізді жаңылтпаштарды жаңылмай, тыңдаушыларын баурап алу, өзін-өзі ұстай білу өнерін тамашалаймыз.

Сайыскерлер қазақ тілінде жаңылтпаштар оқиды. «Білгіштер» тобы

1.Екеуінің жасы шамалас , 3.Арқада алты арқар бар,

Бірінің шашы қара шаш , Алты арқар ішінде

Бірінің шашы – ақ шаш аралас. Марқа арқар бар.

2.Атам : «Балама ат аламын », - дейді. 4. Байқап бақсақ,

Апам :«Балама ала мата аламын», дейді . Қасқа баспақ -

Атасы ат ала ма ? Қашқақ баспақ.

Аапасы ала мата ала ма?

«Тапқырлар» тобы

5.Арқада алты арқар бар , 6. Тау бар, тау бар,

Қырқада қырық арқар бар . Тауда бау бар,

Қырық арқарда қарт арқар бар , Бауда ара бар,

Алты арқарда марқа арқар бар . Ара барда, бал бар.

7.Торта қойдым, 8. Топ-топырлап,

Орта қойдым. Топтасқан тоқылдақ,

Орта қойдым, Тоқтамай томарды

Жорта қойдым. Тоқпақтап тоқылдат.

Жүргізуші: Білекті бірді жығар,

Білімді мыңды жығар.

V –кезең «Жорға» Ойыншыларымыз 1 минут ішінде 1сұраққа жауап беру керек.

(14 сұрақ)

«Білгіштер» тобының сұрақтары:

1. «Абай жолы» роман- эпопеясының авторы кім? (М.Әуезов)

2. Название какой птицы образовано от звукоподражательного междометия? (Кукушка)

3. «Рождество» қарсаңында ағылшындар қандай тамақ әзірлейді? (Индейка)

4. Шоқан Уалихановтың шын аты кім? (Мұхамедқанафия)

5. Как называются устойчивые сочетание слов? (Фразеологизмы)

7. Қазақ халқының алғашқы ағартушы педагогы кім? (Ы.Алтынсарин)

«Тапқырлар» тобының сұрақтары

1. Қазақ әліппесінде қанша әріп бар? (42 әріп бар)

2. Какое наречие «предлагает» кусок ткани на пальто или на костюм? (наотрез – на отрез)

3. Ағылшын тілінде қанша септік бар? (2)

4. Абай Құнанбайұлының шын аты (Ибраһим)

5. В каком наречии 4 раза употребляется буква «Н» (Несомненно)

7. Зат есімнің көпше түрі қалай жасалады? ( -лар ,-лер,- дар ,-дер,-тар ,-тер жалғауын жалғайды.

 Сабақты қорытындылау.

Бүгінгі «Тіл – татулықтың тірегі» атты сайыс сабағымыз осымен аяқталды. Бұл сабақта өздеріңіз көріп отырғандай көптеген тіл туралы мақал-мәтелдер, тапсырмалар, өлеңдерде орындалды. Сіздерге бүгінгі сайыс сабаққа қатысқандарыңыз үшін алғысымды білдіремін. Енді келесі сөз әділ қазылар алқасына беріледі. Әділ қазылар шешімі бойынша «Білгіштер» отбасы жеңімпраз болды.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Тіл - татулықтың тірегі

Автор: Батырханова Салтанат Сарсеновна

Дата: 24.02.2022

Номер свидетельства: 601104

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) "Т?рбие са?аты:   "Тіл татулы?ты?  белгісі" "
    ["seo_title"] => string(41) "t-rbiie-sag-aty-til-tatulyk-tyn-bielghisi"
    ["file_id"] => string(6) "245024"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1446047157"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(185) "Мырзабай  Диас  7 А сынып  о?ушысы  "Татулы?ты?  тірегі,  бірлікті?  белгісі - Т?уелсіздік" (шы?арма  бай?ауы)"
    ["seo_title"] => string(106) "myrzabai-dias-7-a-synyp-ok-ushysy-tatulyk-tyn-tirieghi-birliktin-bielghisi-t-uielsizdik-shyg-arma-baik-auy"
    ["file_id"] => string(6) "309759"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1458850863"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "«?рпа? т?рбиесіні? тірегі-отбасы»"
    ["seo_title"] => string(35) "u-rpak-t-rbiiesinin-tirieghi-otbasy"
    ["file_id"] => string(6) "251395"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1447240023"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "сыныпта?ы т?рбие са?аты"
    ["seo_title"] => string(21) "synyptagytrbiiesagaty"
    ["file_id"] => string(6) "278066"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1453033152"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "Т?ра?ты тіркестер. "
    ["seo_title"] => string(23) "tu-rak-ty-tirkiestier-1"
    ["file_id"] => string(6) "200245"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1428757119"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства